Знаменитые земляки |
Алдымен үйіңе жақ, сонсын ауылыңа жақ дейді халық даналығы. |
|
Төрт жыл бұрын түлеп ұшқан мектебіме мұғалімдік дипломмен оралған кезім. Қүш-қуат мол, білім де жетерлік. Қандай тапсырмаға жексе де жылпылдап тұрамын. Алғашқы айлардың қызығы мен қуанышы әлі басылып болмаған шақ. Өртше қаулаған қалпың, лаулап жана бергің келеді. Тіпті, кейде ол-пұл қағазбен түртініп үйде отырып қалсам, дүниеде осындай тыныштық сәт болатынына таңғалғандайсың. |
|
Анамыз көп құрсақ көтергенімен, жарық дүниені көру бақыты бесеумізге ғана бұйырыпты. Бәріміз құлын-тайдай тебісіп, шұрқырасып өстік. Жолымыз жіңішке болғандықтан, үшеуіміз де ағамыз – Ермекке арқа сүйедік. Біз оған қиындықта да, қуанышта да иек арттық. Ол да бізді әрдайым демеп, жақсылығымызды асырып, қайғыда қасымыздан табыла білді. |
|
Северо-Казахстанский казахский музыкально-драматический театр имени Сабита Муканова представил зрителю новый спектакль, сыграв постановку «Улпан» по известному роману Габита Мусрепова «Улпан ее имя». |
|
Голубым островом в бескрайнем океане Сары-Арки поднялся Кокшетау - родина Кенесары и Наурызбая, место, где прежде стоял дворец их деда -хана Аблая. Он, Кокшетау, был родиной и великих поэтов Алаша. Большинство их, прославленных по всему Алашу за последние 50-60 лет, вышли отсюда, из Кокшетау, жили и создавали свои поэтические произведения на этой благодатной земле. |
|
Биыл ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында өзінің шығармашылығымен қалың елге танылған жырау-ақын жерлесіміз Шал (Тілеуке) Құлекеұлының туғанына 250 жыл толып отыр. Кезінде Шал жырларының халық арасына кен тарауы, оның есімінің жұрт аүзында зор сүйіспеншілікпен аталуы жыраудың ардагер ақын, қоғамдық мәселелерді келелі сөз еткен азамат болғанын байқатады. Оның шығармаларында қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, заманның өзгерісі, әйел тендігі, адамгершілік мәселелері, табиғат, тіршілік тынысы жан-жақты сөз болады. |
|
Қазақтың кеңдігінен кемдігі бар ма, шіркін! Соңғы асым етін қонағына сақтап, сұрағанға аузындағысын жырып беріп, өзі аш жүруге әзір мұндай мәрт халық бұл жалғанда жоқ та шығар. Алты күн дым сызбай ашқұрсақ жүрсе де жүгін арқалап балп-балп күйіс қайтарып тарта беретін нағыз нар сияқты ғой, нар сияқты. Біздің ауылда сондай бір Алпысбай деген нар азамат болды. Өзі он саусағынан өнер тамған ісмер әрі әйдік етікші еді. Сол өнерімен сонау аштық жылдары бүкіл әулетін асырап аман сақтап қалды. |
|
Ақан туралы білгендерін айтып һәм жазып берген Мырзалыұлы Баялы, Шыңғысұлы Қокыш, Бозайұлы Ысмағұл ақсақалдарға һәм Самыратұлы Қазыға көп рақмет айтамын.
|
|
Ақан серілік құрып жүргенінде Тінәлі қажының қызы Ұрқияға ғашық болады. Ұрқияның атастырылып қойғанына қарамастан алып қашады. “Мұның арты кейін үлкен дауға айналып, сол кездің Тулақ дейтін батыры Ақанды атып өлтірмекші болған екен”, – деген әңгімелер де бар. Алайда, ел жақсылары ара түсіп тоқтатып, “Серінің аты сері ғой. Осымен дау бітсін”, – деп, ақыры Ұрқияны Ақанға қосып, қалың малын Қорамса төлейді. |
|
Қазақ халқының әдебиеті мен өнерінің ең озық өкілдерінің бірі ақтангер ақын, дана композитор, үздік әнші Ақан сері Қорамсаұлының туғанына биылғы күзде 165 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстан үшін асыл мұраларымызды жаңаша көзқарастармен ұлттық тұрғыдан қарап, үлағаттай түсу ел қуанарлық дәстүрге айналды. Жан дүлдүлі Ақан серінің аты аталғанда, мал дүлдүлі Құлагерді ұмыта алмаймыз. Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, Ақан сері "өмірін өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен де суреттей білді". Махаббат лирикасының кереметі десек артық болмайды. Құлагердің трагедиясы бір төбе, нақыл сөздері мен философиялық тебіреністері, әзіл-қалжыңдары, қағытпалары, айтыстары сол асыл аңыздай өмірдің айғағы. Ад сегіз қырлы, бір сырлы дарындылығы талай ұрпаққа сабақ болып, салт-дәстүрімізді байытты. |
|
Бәйшешектің басы толған уақыт. Сырлы тау Сырымбеттің етегіндегі ат тұяғы тимеген, жайқалып өскен қалың шалғын, көк майса түкті кілемдей жайқалып тұр. Құмдыкөл жақтан жанға жайлы салқын самал жел еседі. Жел желпіп өткен сайын ауада мың сан шөптің, жүз сан гүлдің мұрынды жарар алуан иісі бұрқырап, жұмақтың хош иісіндей әдемі леп еседі. |
|
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. |
|
Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған. |
|
Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) – қазақ поэ-зиясының өрісін кеңейтіп, көшпенділер топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына алғышарттар жасаған ақберен ақындарымыздың бірі. Бозбала шағында-ақ ақындық өнердің тұлпарын тізгіндеп, даңқы қалың елге жайылған Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы уақыт сынына төтеп беріп, ғасырлар қойнауынан нұрын шашып тұр. Бүгін біз оқырмандар назарына саңлақ суреткердің бір топ өлеңін ұсынып отырмыз. |
|
Есіл өзенінің жарқабағындағы Аютас шыңы әудем жерден мұнартып көз тартады. Ел аузындағы аңыз бойынша, осынау өрнекті құздың «Аютас» аталуы қазақтың белгілі де беделді батырларының бірі — Күлекенің есімімен байланысты. Тарихи дерекнамаларға қарағанда, ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында ұланғайыр қазақ жерін жатжұрттық жаулардан Корғаған Құлеке, Тілеке атты ағалы-інілі батырлар өмір сүрген. Күлеке батыр Абылай ханның жаугершіліктегі үзеңгілес серігі болумен қатар, көрнекті саясаткер ретінде ел мен ел арасын бітістіріп, елшілікте де жүрген. |
|
Шал ақын - XVIII ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Біздің қолымызға жеткен қазынасына қарағанда Шал Құлекеұлы қазақ әдебиетінде Бұқардан кейінгі жарық жұлдыздардын бірі екендігінде шек жоқ. Мұндай халық тұрмысына, тіршілігіне жақын тұрған табиғи төкпе ақындар табиғатта сирек ұшырайтын құбылыс санатына жатады. Өлеңдері ауыздан ауызға, ғасырдан ғасырға тарап кеткен Шалдың шеберлігі хақында қалай айтсақ та, жазсақ та ірі мақтанға сиятын секілді. |
|
Қазақтың ұлы ақыны, дана композиторы, әншісі Ақан серінің қазаққа аңыз болған өмірі мен таңғажайып шығармашылығы жайында аз жазылған жоқ. Осы орайда кейінге көз тастасақ, көлемді зерттеулер, арнайы мақалалар өмір озған сайын молая береді және де ол еңбектердің бойында қамтылған мәселелер ұлғая түсіп, құндылығы, нақтылығы жағынан да шыңдала бергені қуантады. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Есқали, Ө. Әдебиеттану ғылымының білгірі / Ө. Есқали // Егемен Қазақстан. – 2018. – 29 мамыр.- Б. 11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақтың тұңғыш саяси-демократиялық "Алаш" партиясының құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалыескелі төл тарихымызда жабық тақырыптареа жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, зымиян саясаттың бет пердесі ашылды. |
|
Бәйкен Әшімұлы Әшімов - XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихындағы санаулы ірі тұлғалардың бірі. Ол кісінің халық, мемлекет алдындағы қызметі сан-салалы,ұлан-ғайыр. |
|
Қуандық Қасымов - облысымыздың руханиятына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалардың бірі. Бар саналы ғұмырын өнерге арнаған азаматты есте қалдыру мақсатында былтыр өнер фестивалі бастау алған болатын. Сол игі бастама биыл да жалғасын тауып, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мадениет қайраткері Қуандық Қасымовты еске алуға арналған "Өнерді ұлықтаудан шаршмаған" атты фестиваль өтті. |
|
Исполнилось 100 лет со дня рождения Виталия Ивановича Сакуна, заслуженного учителя Казахской ССР, более 20 лет руководившего Северо-Казахстанским областным отделом народного образования, участника Великой Отечественной войны. |
|
Сельский учитель, защитник Родины, партийный работник, государственный и общественный деятель, глава правительства республики Байкен Ашимович Дюймов. Он жил в пору великого напряжения физических и духовных сил, потребовавшихся от советского народа для победы в Великой Отечественной войне, для восстановления разоренного ею народного хозяйства, освоения новых земель, строительства гигантов индустрии, и всегда был на переднем крае свершений, на которые был далеко не скуп минувший 20-й век. В эти дни отмечается 100-летие со дня рождения Байкеиа Ашимовича. |
|
Бауыржан Момышұлы Ғабит Мүсіреповке 1955 жылы 20 сәуірде жазған бір хатында Оянған өлке романын оқып шыққанын, жорғаға мінгендей, ұзақжол жүрсе де шаршамағанын айтады. Кібіртіктеп, сүрінген тұстары да болғанын жеткізе келе: "… Жалпы айтқанда, тілің жақсы. Оған қазақ түсінеді. Қазақтан шыққан министр мен миллионерлер түсінбейді. Е, бақытсыз жазушы — мен сені аяймын!.. деген екен. |
|
Алаштың арыстары бейнеленген осы суретті газетімізде бұрын да пайдаланған едік. Сол сәтте Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды тұлғаларды жазбай танысақ та, Абдолла Байтасовқа келгенде көңілімізді күмән торлап, басты кейіпкерімізді дөп басып көрсете алмағанымыз рас. |
|
Жиырмасыншы ғасырдың бастапқы кезеңінде Ұлы далада жасындай жарқ етіп жанған, кешегі солақай саясаттан жазықсыз жапа шеккен Алаш жұртының аяулы да ардақты азаматы Мағжан Жұмабаевтың есімі күллі түркі әлеміне мәлім. Кемел Қарашаұлы,ақынның туып-өскен, кіндік кескен жерінде үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан "Мағжан көктемі" өнер фестивалінің маңызы туралы айтсаңыз. - "Мағжан көктемі" өнер фестивалін ұйымдастыру тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен және облыстық әкімдіктің қолдауымен қолға алынған болатын. Фестиваль екі жылда бір рет өткізіліп келеді. |
|
Қара сөзді орып айтатын, кемел ақыл-парасатпен толқыта айтатың озық ойлы, заманынан озып туған Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденов 1987 жылғы 23 мамыр күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қатысып отырған Қазақстан Жазушылар одағының пленумында қас батырдай қасқайып, жанартаудай лапылдап тұрып сөйлеген еді. |
|
В Петропавловске во второй раз провели областной фестиваль искусств «Өнері ұлықтаудан шаршамаған», посвященный памяти заслуженного деятеля РК, обладателя почетного знака «Мәдениет кайраткері ветерана сферы культуры Куандыка Касымова. В фойе казахского музыкально-драматического театра им. С.Муканова подготовили выставку о жизни и деятельности Куандыка Касымова. Это фотографии из семейного архива, личные вещи и награды. |
|
У Какимбек Салыкова есть строки, фактическим подтверждением которых стала его яркая жизнь: Как не гордиться мне судьбою, Которой не знаком покой... Завтра, 22 января, исполняется 85 лет со дня рождения автора этих строк - известного государственного и общественного деятеля, видного казахского поэта, нашего земляка. Какимбек Салыков родился в ауле Енбек (теперь это район Шал акына). Детство и юношеские годы его прошли в ауле Укили Ибрая (Айыртауский район), где все напоминает о великих казахских поэтах и певцах, таких как Биржан сал, Акан серэ, Укили Ыбырай. В 1950 году Какимбек окончил с серебряной медалью Казгородскую (ныне Сырымбетская) казахскую среднюю школу у подножия знаменитой горы Сырымбет, в 1955-м - горный факультет Московского института цветных металлов и золота. Мы познакомились с ним в 1954 году в Алматы. Тогда я учился в КазГУ им. С.М.Кирова, а Какимбек после четвертого курса института направлялся на практику в рудный город Текели и на несколько дней заехал в столицу республики. В те дни в книжные магазины Алматы поступил двухтомный сборник произведений Абая. Какимбек подарил мне этот сборник с дарственной надписью. Сам он начал сочинять стихи еще в школьные годы, публиковаться стал в 1960-е годы, когда уже работал на Жезказганском горнометаллургическом комбинате. В то время и родились строки признания: |
|
1980 жылдың жазы болатын. Дәл сол жылы қызылжарлықтар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 80 жылдығына арналған мерейтойды өткізуге кірісіп кетті. |
|
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бір ғасырдан асатын тарихы бар. 1972 жылдың желтоқсанында театр заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көшті. 2014 жылдан бері театр тізгінін ұстап келе жатқан өңірімізге есімі жақсы таныс өнер саңлағы Спартак Рамазановтың айтуынша, 2016 жылдың басты жаңалықтарының бірі - жаңа мұражайдың ашылуы. |
|
Қазақ елінің кең байтақ даласында «дворян» деген сөз таңғаларлық болып естіледі. Ғасырлар қойнауына енген бұл түсінік қазіргі заманғы адамның құлағына тосын сөз секілді.
|
|
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бір ғасырдан асатын тарихы бар. 1972 жылдың желтоқсанында театр заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көшті. 2014 жылдан бері театр тізгінін ұстап келе жатқан өңірімізге есімі жақсы таныс өнер саңлағы Спартак Рамазановтың айтуынша, 2016 жылдың басты жаңалықтарының бірі - жаңа мұражайдың ашылуы. |
|
Мағжан шығармалары әлі толық жиналған жоқ |
|
Жылдар бедерінде талай-талай өлең көз алдымыздан өтті. Соның ішінде біреуі менің енжарлық инерциямның тұсауын үзіп, уздік көріністерімен көзге түсті. Ол - ақын Кәкімбек Салықовтың өлеңі болатын Осыдан бірнеше жыл бұрын жазған мақаламда "Қос кеменің ақыны" дегенім бар, олай деуім Кәкімбек шығармашылығының ауыз әдебиеті дәстүрі мен жазба өдебиет жаңалығына байланысты болуында еді. |
|
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, даңқты жерлесіміз Кәкімбек Салықов тірі болса 85 жасқа толар еді. |
|
Қазақ халқы үшін алмағайып заман болған ХІХ-ХХ ғасырларда талай шоқтығы биік тұлғалар өмір сүрген. Солардың бірі - халық ақыны Молдахмет Тырбиев. Шал ақын ауданы Еңбек ауылының тумасы Молдахмет Төребекұлы - өз заманында ақын, әнші, термеші ретінде танылған тұлға. Өнері, шығармашылығы, адамгершілік қасиеттері әлі күнге дейін ел арасында айтылып жүрген бабамызды тағы бір еске алу үшін ақынның қызы Сәуле Әбілмәжіновамен кездесіп, әңгімеге тартуды жөн көрдік. |
|
Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында ұлттық сананы оятып, қазақ халқын рухтандырған кинолардың бірі — ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың поэмасының желісімен түсірілген "Батыр Баян" тарихи фильмі еді. Сәл әріректен бастайын. Балалар жазушыларының ішіндегі шоқтығы биік тұрған қаламгерлердің бірі — Сапарғали Бегалинді бәріңіз білесіздер. Атом жарылыстарының нағыз ортасында орналасқан Семей өңірінің Қайнар деген ауылында туып-өскен. Кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезде ол ішкі істер саласының комиссары болып қызмет атқарды. Бір таңғалғаным, осындай қызмет атқара жүріп, жастығының ішіне Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жасырып келген екен. Үйінен кеткенде жастықты кемпіріне тыққызып қояды, кешке келгенде алдырып, өзі ғана жастанған. Міне, сол азамат Мағжанның көп шығармаларын аман сақтап қалды. “Батыр Баян” поэмасы, “Шолпанның күнәсі” әңгімесі, басқа да көптеген шығармалары сол жастықтың ішінен шықты. Бұл -нағыз ерлік, ұлтқа қызмет етудің үлгісі. |
|
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында Алаш зиялылары туралы айта келіп, "сол айтулы есімдердің білімдарлық пен азаматтық тәлімдерінде кейде көріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. Бұл — тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары”,- деп жазды. |
|
"Қарашығым! деп өзі жырлағандай, Қызылжар өңірінің перзенті, ерке Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін сермеген қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. |
|
|
|
В гуманитарно-техническом колледже Петропавловска по инициативе его директора Александра Мерка торжественно открыт музей-аудитория казахстанского переводчика, прозаика, публициста, литературоведа и просто очень честного и порядочного человека Герольда Бельгера. Теперь у каждого из нас есть возможность познакомиться с жизнью и творчеством нашего великого земляка. |
|
2 августа 2016 - Administrator
| Подробнее
| 0 комментариев
| 959 просмотров
Теги: шухов, черемисинов, серкебаев, морозов, бургаев |
|
|
|
Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын. ГерольдБельгердейіріталант, іргелісуреткерқайдада, қайзамандадаешкімніңқолтығынасыймайдығой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынанкешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.<o:p></o:p> |
|
Жазушы-жерлесіміз Герольд Бельгердің баспадан шыққан кітаптарың газет, журналдарға басылған очерктері мен мақалаларың әңгімелері мен эсселерін оқып отырып, мен оның терең де жан-жақты біліміне, орасан зор еңбексүйгіштігіне тәнті боламыy Сол қасиеттерін көрсету үшін оның шығармаларының бірқатарын ғана атап өтудің өзі де жеткілікті. |
|
Қазақтардың болашағы бар ма?-деп сұрама. Одан да мынаған жауап бар: "Адамзатта болашақ бар ма?". Егер адамзат аман болса, иншалла, қазақ та сау-саламат бола бермек. Қазақтарға америкалық, ағылшын, неміс, француз болу тіпті де шарт емес. Оларға қазақтығын сақтай білу маңызды. Өзіңді жоғалтқанмен, өзге бола алмайсың. Сталин ұрыларды былай жіктеген: "үйге кіретін ұры" және "үйден шығатын ұры". Соңғысы мейлінше қауіпті. Қазақстанда ұрылардың осы түрі белең алулы. |
|
Соғыс кезі тап болған соң дауылға |
|
Теңбіл-теңбіл әлеміш конвертті олай да, былай да аударыстырып, ұзақ қарадым. Бейтаныс жазу, бейтаныс ел, бейтаныс біреуден келген хат. Венесуэла. Каракас. Унгефуг. Бұл кім болды екен? Алессандро Унгефуг? Аты — испанша. Фамилиясы -немісше. Сәл-пәл таныстау естіледі. |
|
Мен білер қазақ әрдайым өсіріп айтуға, көпіртіп сөйлеуге бейім, оңтайлы тұрады. Баяғыда, бала кезімде, ауылдың шалдары жиналып, сөз жарыстыратын. Ал солардың әңгімесін тыңдап отырған мен Еділ бойынан жер ауып келген жүгірмек, таңғалатынмын апырай, мына шалдардың айтып отырған ауылдары таяқтастам жердегі аңғал-саңғал мекендер. Марьевка дегені, көп болса, жиырма бес шақырым маңайындағы аудан орталығы. Соны дабырлатпай-ақ, сол қашықтықты неге дәл айтпасқа деп, неміс басыммен аң-таң болатынмын. |
|
Герольд Бельгерді білгелі жетпіс төрт жылдың жүзі болыпты. Оның отбасы Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы Волга жағалауынан біздің елге — Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Шал ақын ауданының Қабайтұяқ ауылына қоныс аударды. Сонда Гера мектеп жасына жаңа толған қаршадай сары бала еді. Әкесі Карл фельдшер болып жұмыс істеді. Бүкіл бір ауылдағы жалғыз неміс отбасы болды. 7 жасар Гера сол төңіректегі жалғыз қазақ орта мектебінде білім алды.
|
|
Қызылжар өңірінің перзенті, ерке Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін самғаған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. "Қарашығым! Ән тербеп өскен елдің баласымын, Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе, Сырларымның саф таза, саф асылын. Сағым далам Сұлулықты жырлаудан жаңылмағам. Махаббатты анамдай әлдилеген, Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам", — деп жырлаған ақын.
|
|
|
|
Ақын да — өз дәуірінің, өз заманының, өз уақытының перзенті. Өзегін жарып шыққан өлеңдерінде ақыноқырманымен сырласады, мұңдасады, үндеседі. Осытұрғыдан келгендеақынЕсләмЗікібаевты бұрын жақын араласып, біргеқатар жүрмеген адамныңда танып-білуіөміршеңөлеңдері арқылы мүмкінболмақ. Солтүстік өңірінде сонауҚожаберген жырау, Сегізсері, Біржансал, Шалақындардан тамыр тартқан, кешегіМағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Ермек Қонарбаев, т.б. жалғастырған ақындық, жазушылық өнердің көш-керуенінде алашқа аты белгілі ақын, аудармашы Есләм Зікібаевтың да қалдырған ізі сайрап жатыр. |
|
Бір-бірімізді ежелден дос санап, сол шынайы адами қасиетті күні бүгінгі дейім қадірлеп-қастерлеп келе жатқан бұл адам жайлы жазу мен үшін бір жағынан жеңіл болса, бір жағынан өзіндік салмақ салатындай ауыр саналады. Жеңіл дейтінім, — онымен балалық шағымыз бірге өткендіктен ол жайлы көрген-білгенімді ой орамынан өткізсем жеткілікті ғой деп өзіме сенім артамын. Бірақ, солай ойлай тұра күдіктенемін. Себебі, ол осал адам емес-қой! Мұндай тағдыры сан қилы, көрген бейнеті кез-келгенді мұңайтатын, соған қарамастан тамаша тұстары қабаттасып, таңқалдыратын адам жайлы толық пайымдап, жеріне жеткізе жаза алар ма екенмін деп жүрексінесің. |
|
Лебіздер "Есләм менің ойымда жүрген дәмелі, үміт артатын інілерімнің бірі болғандықтан, оның "Ақ қайнар" деген атпен топталған өлеңдерін шын ықыласпен оқып шықтым. Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар. Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын. Бірақ бізге мәлім тақырыптардың өзі де Есләмша жырланып, жаңғырып отырады. Өйткені, талантты ақынның өлеңді поэзиялық дәрежеге көтеретін өнері көп, аспаптары мол". Евней Букетов: "Ақ қайнарыңды" алғалы недәуір болды, кітаптың ықшамдылығы қандай жақсы — бірді-екілі қалтама салып жиналыстарға да бардым — сөйлеушілердің сөзі жалпылама болса, "Ақ қайнарға" үңіліп отырдым. Үлкен рахмет! Жазғандарыңды жүрекпен, тебіреніспен жазады екенсің, бұл ақындықтың шын белгісі ғой. Талабың өсіп, шабытың ұлғая берсін! Ақын інім табылғанына қуанып та жүрмін". |
|
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қаламы қарымды журналист, ұлтжандылығымен "ұлтшыл" атанған абзал азамат Өмір Есқалимен ең алғаш 1990 жылы сырттай танысқан едім. Өзге ұлттар басым тұратын теріскейде Супрунюк, Ачкасов cияқты айтаққа ерген мүшелері бар шовинистік, экстремистік топтар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына өршелене қарсы шығып, арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысып баққан. |
|
Есть что-то неповторимое и таинственное в живописной красоте зеленых холмов, тенистых и дышащих освежающей прохладой в летний зной березовых лесов, окружающих аул Актас. Кажется, и люди здесь по-особому открытые, приветливые. |
|
Облыс орталығындағы зәулім ғимараттардың бірі — "Қызылжар" қонақ-үйінің Кеңес одағы дәуірлеп тұрған кезде қазақша атауды қалай иеленгенін көпшілік біле бермейді. Сол тұста ономастикалық комиссияның жетекшісі болған Жақсылық Ысқақовқа К.Ушинский атындағы педагогикалық институттың ректоры Қанаш Шәкенов бой көтеріп жатқан жаңа нысанға "Қызылжар" атауын беруді ұсынады. Әрине, комиссияның бұл шешімін құптай қоймағандар да болды. Дегенмен, "Золотой колос" деп атауды жөн көргендердің ұсыныстары қабылданбай, қонақүй осы көркем әрі келісті атауды иеленген екен. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойы және Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы қарсаңында біз қажырлы еңбегімен ел құрметіне бөленген Жақсылық Ысқақовпен кездескен едік. Ағамыз сағынышқа айналған сол күндер жайлы әңгімесін әріден бастады.
|
|
"Бірде Н. Погодин театрының жанынан өтіп бара жатып, Пушкин мен К.Сүтішев көшелерінің қиылысындағы екіқабатты көк ғимаратқа көзім түсті. Қазақтың талай атпалдай азаматтары осы мекеменің ішінде жазықсыздан жазықсыз ату жазасына кесіліп кетіп жатты. Алақандай ауылдан аттап шықпаған жігіттерді өңі түгіл түсінде көрмеген Жапония елінің жансызы деп айыптағанын қайтерсіз? Қан сасыған сол ғимаратқа кейінгі жылдардың өзінде көбіміз кірмек түгіл маңына жолауға жүрегіміз дауалай бермейтін. Енді, міне, шынжырлы трактор сенің де төрт қабырғаңды төрт жаққа айырып, күл-паршаңды шығаруда. Бұл өмірде мәңгілік ештеңе жоқ екені ақиқат", — деп бастады әңгімесін Болат Мағазұлы.
|
|
|