Алдымен үйіңе жақ...
Алдымен үйіңе жақ, сонсын ауылыңа жақ дейді халық даналығы.
Ғазез осының екеуін де қатар ұстанатын азамат.
***
Кейбір күйгелек мінезді мұғалімдердің «мектептегі шаң-шұңнан құлағың тұнып келгенде, өз балаңа қарауға да көңілің шаппайды» деп отыратындары бар. Мұндай сөз Ғазезден еш, жағдайда естілмекі түгіл, ойына кіріп те көрмеген. Сол әдетімен ол шымыр басталып, созалан аяқталатын ұстаздың жұмыс күні қанша қалжыратса да, өз балаларының оқу үлгірімін, білімінің кеңеюін қадағалап отырудан жанылған емес. «Өзі математик болған соң, балалары да математик» десетін болды жұрт. Онжылдықты үздік бітірген Сәулесі Алматы жоғарғы оқу орнына түсті. Еркесі сол Алматының математикаға икемділігі басым балаларды оқытатын арнаулы мектебінде оқығалы екінші жыл.
Тегінде, «алдымен үйіңе жақ» деген қарапайым да дана қағида семьяның, әсіресе семья басының бұлжымас заңына айналғанда, осындай жемісін ұсынатынына бұл даусыз ақиқат сияқты.
***
1951 жылы Алматы педагогика институтының математиктер даярлайтын факультетін тәмамдап, жолдамасын өзінің алтын ордасы Ленин орта мектебіне алып келген жас мұғалім Жахин Ғазез алғашқы жылдан-ақ жұртшылық назарына іліккен болатын. Алдымен өзінің бұрынғы ұстаздары Садықов Шияп, Қалиахметов Ахметжандармен тізе қоса жұмыс атқару қатаң талап та, қойды оған.
— Сізден алған алғашқы бестік баға математика жолына айнытпай түсіріп еді, — деді ол бірде Ахметжан ұстазына.
— Енді қызметіңде де бестік баға көрсет, — деген жауап алған-ды ол.
Білімсіз жігер өрбімекке тиіс емес қой. Бұл қылышты тасқа ұрғанмен тең. Ал Ғазез болса жастық жігерді жоғары біліммен ұштап, өзне үміт көзімен қараған шәкірттер қауымыңа араласып кетті. Атақты математиктер туралы кештер үйірме, әңгімелер сабақ үстіндегі катан тәртіп пен биік талап — осының бәрі Ғазездің ойынаң шыққан іс пен бойынан табылған қасиеттер.
Оқушы көп болса да, шәкірті аз. Сондықтан күнде қолтықтап әкеп, түнде отырып тексерілетін бақылау жұмыстарына әшейін жазуға толған дәптер беттері деп емес, келешек математика ғылымына беріле шығатын ізбасарлардың қолтаңбасы деп қарады ол. Сол дағдысы оны жанылпыруға тиіс еместі. Солай болды да. Сабақ үстінде берілген есептерді «қағып тастап отыратын» Ысмағұлов Шалбай. Сүлейменова Әсима, Жетпісова Ләйла, Шегенов Әлім сияқты балаларға қосымша тапсырмалар беріп, ғылыми мақалаларды да талдауға баулып отырды.
— «Екі жерде екі қанша болады?» дегенде- «Сізге қанша керек еді?» деп тұр-мауымыз керек біздің, — деп әзілдейтін Ғазез бұларға. — Біз математикаға ғалым көзімен қарап үйренуіміз керек.
Ерекше назарға алып, талмай баулыған шәкірттері Шалбай. Әсима, Ләйла, Әлімдер бүгінгі күнде осы мектепте ұстазымен бірге еңбек етіп, одан алған өнегесін ілгері жалғастыруда.
Сонсын аулына жақ дегеннің астары осы болар, сірә. Бірнеше жылдан бері оқу ісінің меңгерушісі қызметінде «ұстаздардың ұстазы» атанған Ғазез <Оқу ісінің озаты» значогін де кеудеге қадап үлгерді.
***
Ғазез — қиялшыл азамат. Ұстаздардың ұстазы болу үшін бұл таптырмайтын қасиет.
Әлі есімде: В. Й. Лениннің жүз жылдық мерекесі қарсаңында мектепте Ленин бөлмесін ұйымдастыруға шешім қабылданды. Бөлме жоспарын ойластырып тұрған топтын ішінде көпшіліктің дені Ғазез сөзіне ойысып тұр:
— Мына қабырғаға «жан бітіру» керек, - деді ол.
Келесі күннен бастап сол ұсынысын жүзеге асыруға өзі қолма-қол кірісіп кетті. Түрлі түсті бояу, қағаздар, қайшы, қыл қалам, плакаттар алма-кезек ауысып Ғазез қолыңан өтіп жатыр. Бірнеше күннен сон әлгі қабырғаға шын мәнінде «жан бітіп», сөйлеп қоя берді: жүрек іспеттес үлкен оюдың ортасына ұлы көсемнің өмірін бейнелейтін схема, плакаттар, суреттер орнап тұра қалды да, жан-жағын көмкерген гүлдер оған әшекей беріп мазмұнын аша түскендей болды. Білімді қиял жетелесе ғана, ол өнермен біте өрбитінін дәлелдеп шықты ол.
Сонда сырттан келіп жүрген қонақтардың бірі осы жағдайды естігенде:
— Ғазездей завучы бар мектепте тіпті мұғалім боп жүру ғанибет қой! — деп қалғаны барды.
Осының бәріне себепші — Ғазездің үзбей оқитындығы. Ол кітапхананың тұрақты қонағы жастардың көбі оқи бермейтін «Жалынның» досы әдебиетшілермен әдебиетші ретінде сөйлесе алатын білімдар, әлем жүзін қартамен шолып шығатын географ іспеттес...
Ол жалықпайды. Ұстаздық етуден жалықпайды.
Ермек ҚОНАРБАЕВ.
Сергеев ауданы, Ленин орта мектебі.
Қонарбаев Е. Алдымен үйіңе жақ... // Ленин туы.- 1973.- 7 жнлтоқсан.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |