Шал ақынның туғанына 250 жыл толуына қарсаңында
Шал ақынның туғанына 250 жыл толуына қарсаңында
I. «АЮТАС»
Есіл өзенінің жарқабағындағы Аютас шыңы әудем жерден мұнартып көз тартады. Ел аузындағы аңыз бойынша, осынау өрнекті құздың «Аютас» аталуы қазақтың белгілі де беделді батырларының бірі — Күлекенің есімімен байланысты. Тарихи дерекнамаларға қарағанда, ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында ұланғайыр қазақ жерін жатжұрттық жаулардан Корғаған Құлеке, Тілеке атты ағалы-інілі батырлар өмір сүрген. Күлеке батыр Абылай ханның жаугершіліктегі үзеңгілес серігі болумен қатар, көрнекті саясаткер ретінде ел мен ел арасын бітістіріп, елшілікте де жүрген.
Құлеке, Тілеке ауылдары «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» зұлматында Сыр бойынан үдере көшіп, Арқаға ат басын тіреп, Көкшетау маңындағы Азат бекетінің түбіне қоныс аударады. Осы елді i мекенде 1748-ші. яғни жылан жылғы көктем — Күлекеi батыр шаңырағына қианыш ала келеді. Аппақ сазандай ұл туып, оған ақ тілекпен азан шақыртып, Тілеуке деген ат койылады. Кейін Шал ақын аталып, артына өшпес әдеби мұра қалдырған, міне, сол Тілеуке. Бұл оқиғаны кейінге қалдыра тұрып, Аютас хикаятын әрі қарай өрбітейік.
Арада екі жыл өткен соң 1750-ші қой жылы тағы да аласапыран шапқыншылық болып, Есіл бойын жайлаған қалмақтар мен естектер қазақ колдарынан соққы жеп, атамекеннен түре қуылады да, Құдайберді, Бәйімбеттен тараған елдер Қөкше атырабынан көшіп келіп, өзеннің екі бетіне қапталдай орналасады. Құлеке ауылы Есілдің сол жақ бетіндегі құздың маңындағы ну орман-тоғайлы жерде шаңырақ көтереді. Күндердің күнінде жылқышылар қанға боялып, жалба-жұлбасы шыққан киім-кешек пен домалап жатқан екі бас сүйегін көреді. Сұмдықтың апандағы аюдан келгенін іші сезген жылқышылар, жандәрмен ауылға шауып барып, көрген-білгендерін Құлеке батырға баяндайды. Делебесі дуда козар батыр қару-жарағын асынып, Балтабек дейтін балықшының салына отырып, өзен жағалауына келеді. Түсе қалады да, найзасың алға кезеп, тұра апанға тартады. Іздегенге сұраған дегендей, адам иісін сезген аю да апанынан ақырып шыға келеді. Қандай жау болса да беті қайтып көрмеген хас батыр қорбаңдаған жыртқышқа найза салады. Жан бермек оңай емес, аю да өзінше шалт қимыл жасап, алдыңғы аяғымен найзаны ортасынан омырып жібереді. Денесіне қарудың ұщы тиіп, ызаланған жыртқыш болаттай тырнағы мен қашаудай тістерін бірдей жұмсап, батырдың санын, иығын, оң қолын жаралайды. Намысқа тырысқан Құлеке тістеніп, бар күш-қайратын жинап, аюға сапыны қайта-қайта сұққылайды. Сөйтіп, бір өзінде қырық кісінің күші бар дейтін мақүлықтың жанын жәһаннамның түбіне жібереді. Өлген аюдың терісін сыпырып, екі қонжығын тұмылдырықтап алып, жанкешті жаралы батыр үйіне оралады. Содан бері, міне 250 жылға жуық уақыт бойы бұл шыңды жергілікті халық «Аютас» деп атайды.
II. ШАЛ АҚЫН
Бір сөзді бір сөз түртіп шығарады дегендей, енді Құлекеұлы Тілеукенің неліктен Шал ак/мн аталғанын баяндалық. Болашақ ак/лн жастайынан зейінді. үғым-тал больиі өседі. Шариіы топтарда қариялар айтқан клңенің нақыл сөздерін, ертеректеа ақын-жырау-лардың өлең-жырларын санасына сіңіріп, қүлағына қүя жүреді. Осындай білгімтігіне орай бірге ойнайтын' балалар, ззілкеш жеңгелері *сен кексесің, шалсың» деп қағытады екен.
Бірде Тілеукенің ағайындары квршілес елмен қүда түсіп, сөз байласады. Қалыңмалын да матап беріп, пәтуаласады. Уағдалы уақыт жетіп, басиіы-қосшыларымен бозбала қалыңдыққа аттанады. Жігіт жағы қаннен-қаперсіз жол-жоралғысымен келсе, бас құда — қыздың әкесі әлде бір себептермен айтқанынан айнып, қалыңдықты ұзатудан бас тартады. Жеме-жемге келгенде, қалыңмалдың беріліп қойылғаны да алға тартылады. Қыз әкесі өзі бай әрі сесті кісі болса керек, «төрт түлікке зәру емеспін, малдарыңды өздеріңе қайтарып беремін» деп, бет қаратпай отырып алады. Барған құдалардың мысы құрып, әбден тығырыққа тіреледі. Өзара ақыл-кеңес құрады.
Қыз әкесінің доңайбат көрсеткен тәкаппар сөзі делбе ұстап, атқосшы болып барған Тілеукенің де құлағына шалынады. 13 жасар бала қосшы ат күзетіп, далада арба үстінде түнейді екен. Қалың шық түскен сол бір күні алакөбеден өрісте қалып қойған ақсақ қозыны жалаң аяк, арқалап келе жатқан байды байқап қалады. Бас қүданың серттен тайып, өздерін әуре-сарсаңға салғанына зығырданы қайнаған албырт Тілеуке алты қанат ақ үйге сәлем бере кіріп келеді де тақпақтай жөнеледі.
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,
Қойға пана болмайды тал дегенің.
Таң атпай жалаң аяқ қозы арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенің?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,
Біреудің хақын жемес жақсы кісі
Тақтағы хан, топтағы биді еңкейткен
Хан ата, қалай екен малдың күші.
Қерігіп отырған бай-төре мірдің оғындай өткір сөз елге тарап кетер деп сескеніп, әрі орынды сөзге тоқталып, тәубасына келіп қызын ұзатқан көрінеді. «Тіл мен жағына» сүйенген Тілеукені бұрыннаң «а6ыз», «шал» деп қалжыңдайтын құралыптастары әлгі оқиғадан кейін біржола «шал ақын» дейтін 6олады. Сөйтіп ел арасында 13 жасар бала ақын Шал ақын аталып кетеді.
Көне құлақ қариялардан естіген осы әңгіме «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтағы пікірмен де токайласатын тәрізді. Бірінші кітаптың соңында берілген түсініктемеде мынадай сілтеме бар: «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің...» ақынның он бес жасында шығарылған туынды. Абылай хан әулегінен шыққан әлдебір төреге айтылса керек». Біз жинақты құрастырушылармен сөз жарыстыру ниетінен аулақпыз. Халық аузында сақталған сөздердің әр түрлі нұсқалары бола берегіні заңды да Айталып бірде бала 13 жаста делінсе, екіншісінде 15-те екендігі айтылады. Сөзіне салмақ беру үшін өзін әдейі «Шал» деп тұспалдаған жас пері бұл арада хан-төрені емес, малжанды бай адамды нысанаға алып отырған сыңайлы. Жығылса нардан жығылсын дегендей, оны «хан» деп дәріпте-уінде де астар жатқандай.
Ақиқатына жүгінсек, Шал ақынның бұрын көбіне жұрт аузында жүрген, тек тиіп-қашып қана баспасөз бетін көрген өлеңдері осыдан он-иіщты жыл бүрын жарыща іиык/уш аталмыш жинақта түңғыш рет біршама толайым күйінде оқырман назарына үсы-нылды. Сол үіиін ақынның үрпақтары бабамыздың асыл сөздерін уакрт татынан аршып алып, тірнектеп жинап, жариялауға квп еңбегін сарп еткен, ғылыми түсініктеме берген аса көрнекгі жазуиил зрі мзттағам ғалым Мүхтар Мағауинге риясыз көңілмен иіексіз алғыс айтады.
Арналы ақыннын мол мұрасы бір сөзі қалмай түгелдей халық кәдесіне асты деуге әсте болмайды. Біздің малданып жүргеніміз қисапсыз дүниенің жұрнағы ғана болуы ыктимал. Шал ақын кеңес дәуірінде керітартпа, дінді уағыздаушы ретінде бағаланып, қағажу көріп келді. Шынында да:
Өлімнен қүтылмайсың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дагы, ,
Алладам шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Жігіттер, ғибадах қыл маған нансаң,
Намаз оқы алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл қашқан ажалдан Корқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң, —деген сөздердің ол кездегі солақай саясатқа түрпідей тигені аян. Сондықтанда ақын шығармаларына тұсау салынды. Алпыс жылға жуық дертпен тең сөз өнерін қуған арналы ақын тудырған мол мұра көпшілік қауымга, әсіресе, қазіргі жастарымызға бимәлім. Осы олқылықтың орнын ілкім болса да толтыру әрі бүгінгі ұрпақтар мағлұмат беру мақсатымен оның кейбір мағыналы да мазмұнды өлеңдерімен оқырмандарды таныстыра кетуді мақүл көрдік. Мысалы:
Бүл күнде көңілім ауыр қоргасыннан,
Өткіздім жігіттікті мен басымнан.
Сауырдам су тігілмес боз жорга едім,
Тарлан тартса таябайтын жорғасынан.
Өткен еске түскенде құлазимын,
Aқ киіктей айырылған ордасынан.
«Сауырдан су төгілмес боз жорға едім», «Ак, киіктей айырылған ордасынан» деген көркем теңеулерден қандай сөз мәйегі тамып тұр десеңізші! Мұндай айшықты жыр-жолдары жеткілікті. Мәселен, жоғарыда байға айтқан: «Тақтағы хан, топтағы биді еңкейткен», немесе басқа бір жырларында ұшырасатын: «сиырдай, мұз жалаған мейірің қанбас», «кеудең — ана, бөксең — қыз зайыбым-ай», «нәпсің бір көкжал бөрідей, иманың бағлан қозыдай». «Мен бip жатқан жүйрік ат, бір желіксем басылман» сынды ұтымды ұйқастар ақынның ділмәрлігі мен шешендігін дәлелдейді.
Aқынның көп өлеңдері ғибратнама, нақыл түрінде келеді:
Саясы жоқ бәйтерек
Саздауға біткен талмен тең.
Ағайының көп болса,
Ұлық бір шеру қолмен тең.
Ақылсызга сөз айтсаң,
Алды бір тұйық жармен тең.
...Жақсы қатын алсаңыз,
Алладан жауған нұрмен тең,
Жаман қатын алсаңыз,
Маңдайга біткен сормен тең.
Уайымшыл жігіттің
Кең дүниесі тармен тең.
Уайымсыз жігіттер
Қара бұлан нармен тең...
Шал ақын шығармашылығының ауқымы кең. Ол қай тұрғыда — жақсылық пен жамандық, жастық пен кәрілік, адамгершілік пен ынсапсыздық, еңбекқорлык, пен еріншектік, қарапайымдылық пен тәкаппарлық хақында, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, бала мен келіннің мінез-құлқы туралы ой толғаса да, «қысылғаннан шығады ащы терімнің» кебін кимей, құлашын кең сермейді, емін-еркін көсіледі:
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Жалалы болғанда білерсің.
Дәулетіңнің қадірін
Мал кеткенде білерсің.
Маңайдағы дұшпанды
Түн жеткенде білерсің.
Қона берсе жерің тозар.
Шаба берсең елің азар.
Жасай берсе ерің азар.
Ерің азған кезінде елиң азар.
Ағайын арасының ынтымағы, отбасының татулығы, ауызбірлігі, баланық ата-анаға ықыласы — ақын шығармашылығының алтын арқауы міне, осылар.
Мынау бір-ақ шумақ өлең соның айғағы.
Меке менен Медине — жолдың ұшы.
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды қүрметтесең,
Меке болып табылар үйдің іші.
Осыдан екі ғасырдан аса бұрын өмір сүрген жыр дүлділінің өсиет-нақылдарының бүгінгі күннің талап-тілектерімен үндесіп жатуы, оның болащақты дөп басып болжағыш көрегендігі оқушысын тәнті етеді. Ел қамын жеген ақберен ақын бірде достықты, кішіпейілділікті уағыздап:
Пұт болдым деп мақтанба,
Одан да ауыр батан бар.
Би болдым деп мақтанба,
Aсқаp Ала тауменен
Ар жағында аспан бар.
Басыма бақыт қонды деп
Кемімеспін енді деп,
Зауалды жалған дүниеге
Біле білсең таспаңдар.
Қарсы жүрген адамның
Басын исе достық қыл,
Жеңілсе дұшпан достық қыл,
Аяққа салып баспаңдар, — десе, енді бір жолы «құдай берген» өткір тілімен керенаулық, еріншектік сияқты жағымсыз қьиіықтарды мінеп-іиенейді: Кенже үлы кедейліктің — үйцы мырза, Ерте жатып, кеш түрса жаны ырза. Бір азырақ бас қосып кеңесейік, Сзлем айт, еріншекке келсін мүнда.
Немесе:
Қазаққа пайда мынау: малым бақсын,
Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын.
Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,
Соқыр кісі мал жайын қайдан тапсын.
Ұлы Абайдың «есектің артын жусаң да мал тауып кел» деуі сияқты, Шал ақын да қол құсырып, қарап отырма, тырбанып, өз күніңді көр деп, ақыл-кеңес береді.
Біз Құлекеұлы Шал ақынның шығармашылық қырларын азды-көпті тілге тиек еттік. Оның өлеңдерінің қыр-сырын бір мақалада қамту әсте мүмкін емес. Бұл алдағы айтулы оқиғаға байланысты қоғамдық пікірге қозғау салу ниетінен туған тырнақалды бастама іспеттес.
Жуырда халқымыздың зиялы қауым өкілдері, тоқсан жастағы тарлан ақынымыз Әбділда Тәжібаев бастan. Шал Құлекеұлының туғанына биыл 250 жыл толуына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаевтың, ақынның кіндік қаны тамған өлке — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтың атына хат жолдағаны көпшілікке мәлім. Хатта ақын бабамыздың ұлт тарихынан алатын лайықты орнын айқындап, келер ұрпақ алдындағы баршамыздың перзенттік парызымызды өтеу туралы салиқалы ой, құнды пікірлер баяндалған. Атап айтқанда, биылғы халық бірлігі, ұлт тарихы жылы кезінде сергелдеңге түскен ата-жұртымыздың, ақын саналы өмірін сарп еткен, мәңгілік тыныс тапқан жері — Сергеев ауданын Шал ақын ауданы деп атау туралы нақты әрі орынды ұсыныс білдірілген.
III. АТАЖҰРТ
Біз ілгеріде Шал ақынның әкесі Құлеке батырдың Аютас түбінен қоныс тепкенін айтқанбыз. Енді кейінгі оқиғаларға тоқталайық. Осыдан аттай жүз жыл бұрын 1898-1899 жылдары ішкі Ресейден ауып келген қарашекпенділерді орналастыру үшін Аютастағы байырғы қазақ ауылы Есілдің оң жақ жағалауына, арғы бетіне ығыстырылады да, оның орнын орыс поселкесі басады. Кыстақ кейін келімсектердің ішіндегі бір адуыны Сергейдің есімімен аталады. Жаны жаннатта болғыр Қошан Жантілеуұлы бабасы Шал ақынның көптеген өлең-жырларын жинап-теріп, жадында сақтап, Ұлттык, Ғылым Aкадемиясының қорына тапсырған зиялы ел адамы болатын. Кошағаң бертін келе қайтыс болды. Марқүм Аютаста туғандардрың ең кішісі де, көзі тірісі де менмін деп айтып отырар еді. Бір жолы кімнің үйі қай жерде тұрғанын да жобалап көрсеткені бар-ды. Есілдің осы өңірінің атауы біз ес білгелі үш рет өзгерді. Әуел баста ол Төңкеріс ауданы еді. «Төңкеріс» сөзі «Революция» ұғымының мәнін айқын бермейді екен деген желеумен ол «Октябрь» ауданы болып қайта аталды. Одан соң бұрынғы аудан орталығы — Марьевка селосы түгелдей су қоймасының астында қалып, картадан да, өмірден де тып-типыл жойылған тұста, сол кездегі білгіштердің біреуі Қазақстанда «Октябрь» есімді аудандар тым көбейіп кетіпті деп сәуегейлік жасаған көрінеді. Сол себепті орталығы 12 шақырым жердегі Сергеев селосына ауысқандықтан, аудан да аяқ астынан қапелімде баяғы қара шекпеннің атын еншіледі. Әйтпесе әлдеқандай қылығымен қазақ даласына жер аударылған келімсектің ол топыраққа еңбегі де сіңбеген, тері де төгілмеген. Қадыр-қасиеті де сезілмеген, былайша айтқанда, үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Өмірде ақылға сыймайтын кездейсоқ қиғаштықтар болады ғой. Білімсіздің жаңсақтығын түзеу — білімдінің ісі. Туған жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен өнер алды — қызыл тілімен талай жатжұрттық жаулардан қорғап қалған батырларымыз бен ақындарымыздың есімдерін еске алып, жаңғыртсақ, аруақтардың рухын қастерлесек, нұр үстіне нұр болар еді.
Хамит Біржанұлы,
Шал ақынның ұрпағы. Қазақстан
Журналистер одағының мүшесі
Біржанұлы Х. Шал ақынның туғанына 250 жыл толуына қарсаңында // Солтүстік Қазақстан. – 1998. – 22 шілде.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |