Ғабит ғұмырнамасының жаңа парақтары

 Бауыржан Момышұлы Ғабит Мүсіреповке 1955 жылы 20 сәуірде жазған бір хатында Оянған өлке романын оқып шыққанын, жорғаға мінгендей, ұзақжол жүрсе де шаршамағанын айтады.

Кібіртіктеп, сүрінген тұстары да болғанын жеткізе келе: "… Жалпы айтқанда, тілің жақсы. Оған қазақ түсінеді. Қазақтан шыққан министр мен миллионерлер түсінбейді. Е, бақытсыз жазушы — мен сені аяймын!.. деген екен.
Осы сөздерде керемет бір астар бар. Аяп отырып, аялау бар ардақ тұту бар. Әсілі, Ғабит Мүсіреповтей сөз зергерінің, сөз шеберінің жазғандарын екінің бірі түсіне алмайды.
Оны түсіну үшін ана тілінің уызына жарыған, қазақ тілінің құдіретімен қасиетін терең сезінетш, рухани жан дүниесі аса бай оқырман болуы шарт.

Еліміз Тәуелсіздік алып, жаңа дәуір табалдырығынан аттаған ширек ғасырдан астам уақыт аясында Ғ.Мүсіреповтің көптомдық шығармалар жинағының 3 томы ("Жазушы", 2002), эксклюзивті "Таңдамалы шығармалары" (90 баспа табақ, 1150 бет, 200-ден аса фотосуреттермен, "Қазақпарат", 2012), "Ұлпан" романының"Жазушы" (2002), "Раритет" (2003), "Аударма" (2010), "Ан-Арыс" (2009), "ҚазАқпарат" (2012) баспаларынан қайта басылымдары жарық көрді. Ғүсіреповтің бірқатар шығармалары бұрын да көптеген шетел тілдеріне аударылып шыққаны мәлім.
Ал осыдан аз уақыт бұрын "Ұлпан" романы Түркияда, Анкарада, түрік тілінде жарық көрді. Аудармашысы — ғылым докторы, түркі халықтары әдебиетін зерттеуші Жемиле Қынаджы.
Түрік тілінде шыққан "Ұлпан" романының тұсаукесер рәсімі Анкара қаласындағы Гази университетінде әтті (2016 жыд 16 сәуір). Оған сол кездегі Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ЕуроАзия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Өміроғлы және Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы ретінде мен — арнайы шақыртумен барып қатыстық.
Түрік ғалымдары қазақ-түрік әдеби байланыстарыныһ қазіргі дамуына тоқталғанда Ғ.Мусіреповтіһ "Ұлпан" романының көркемдік-эстетикалық, танымдық-тәрбиелік мәніне айрықша мән берді. Осы орайда Дмитрий Снегиннің Ғабеңнен: "Ұлпан" не жайындағы роман?" — деп сұрағанында, ол: "Ұлпан" — меніһ Мона Лизам!" — деп жауап бергені жиі ойыма орала берді.
Алматыдағы қазақ әдебиетінің қос классигінің музей кешеніне келушілердің дені мектеп оқушылары және студенттер. С.Мұқановтыңда, Ғ.Мүсіреповтің де өмірі мен шығармашылығы мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатындықтаң, біз мектеп пен музей арасындағы байланыстардың ілкімді әдіс-тәсілдерін үнемі іздестіреміз. Мәселен, "Мұқановпен серуен" дейтін жобамыз Алматыда өткен музейлер проблемасына арналған Халықаралық конференцияда (2015) арнайы грантқа — бас жүлдеге ие болды. Академик-жазушы С.Мұқановтың 1930-1973 жылдар аралығындағы өмір тынысы Алматымен тікелей байланысты. Осында көптеген шығармалары дүниеге келді, қоғамдық қызметі өрістеді, ұрпақтары өсіп-өнді. Сондықтан біз Сәбең ең жиі баратын 14 нысанды таңдап алдық.
Бұлар — Қазақстан Жазушылар одағы, ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты, Ұлттық кітапхана, Мемлекеттік Орталық мұрағат, Ш.Уәлиханов атындағы №12 орта мектеп, хайуанаттар бағы, т.б. Ал енді осылардың қатарында Қонаев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы алып бәйтерек, Шевченко мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы тұшпарахана, "Астана алаңы" жанындағы гүлзардағы орындық та бар.
Алып бәй-терекке қараторғайдың ұясын ілдік. Ондағы темір тақтайшада мынадай жазу бар: "Бұл жерде С.Сейфуллиннің үйі болған Мына ағашқа Сәкен қолжуғышын іліп қойған. Сол қолжуғыштан М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б. ұлт зиялылары қолдарын жуған". Бұл мәтіннен төменірек музейдің мекен-жайы көрсетілген… Осындай жазулары бар тақтайша 14 нысанның бәріне де ілінген Ал тұшпараханаға неге ілдік? Өйткені, осы асханадан (қазір "Дастархан" деген мейрамхана) Сәбең жиі келіп тұшпара жегенді ұнатқан Сәбеңнің жары Мәриям апай: "Сәбит-ау, мұның не? Дәл сондай түшпараны үйде-ақ пісіріп берем ғой!"
дегенде, Сәбең: "Ол жердегі тұшпараның дәмі сен жасаған тұшпараға жетеғабыл. Сенбесең, жүрші, кешке асты сол жерден ішейік!" — дейтін көрінеді. Қазір "Дастархан" мейрамханасының ас мәзіріне "Мұқанов тұшпарасы" деген дәм енгізілген. Сенбесеңіздер, Алматыға барғанда арнайы соға кетіңіздер. Дәл осындай ізбен "Мүсіреповпен серуен" жобасы да әзірленуде. Ал "Алақай, апақай музейде балақай!" жобасы бойынша шығарылған "Ғабең әлеміне саяхат" жолнұсқаулығының да жөні бөлек.
Бұл өзі 11-13 жастағы балаларға арналған. Музейге келуші балалардың қолына бір-бірден жолнұсқаулық таратылады. Жолнұсқаушы (экскурсовод) рөлін жазушының Индонезияға сапары кезінде 1966 жылы алып келген сыйлық зат — елік атқарады.
Яғни, жолнұсқаулықтың бірінші бетінде мынадай ақпарат бар: "Қымбатты дос! Ғ.Мүсіреповтің музейіне қош келдің! Жазушы 1968-1985 жылдары осы пәтерде тұрған. Мен -елікпін. Осы үйде тұрғаныма 49 жыл болды. Мен бүгін сенің жол-нұсқаушың боламын Карта-сызбада 7 аялдама белгіленген Әр аялдамада сиқырлы алма бөліктері жапсырылған. Тапсырмаларды орындау арқылы алма бөліктерін құрастырсаң, жазушының ұлы сөзін оқисың". Әрбір аялдама әр-бір экспонаттың сырын ашады.
Мәселен, "Ойлаң тап!" аялдамасы. Жұмбақ: "Денесі бар, сөзі жоқ. Аяғы жоқ жүреді. Күнді, түнді өлшейді, Екі тілді жүрегі. Шешуін кім біледі?". Әрине, шешуі — сағат. Ал сіздің дәл алдыңызда — үлкен жар сағат тұр. Ғабеңе 1962 жылы бір топ жазушы інілері сыйға тартқа Ресейдің Саратов қаласында жасалған 23 жыл бойы жазушыға уақыт өлшеп, серік болған. Жазушы жүрегі тоқтағанда — бұл сағат та тоқтаған. Осы жерде тұрғанына 54 жыл! Міне, өстіп оқушы музейді аралап жүріп елік жолнұсқаушының көмегімен көп мағлұмат алады...
Жыл сайын Халықаралық музейлер күні аталып өтіледі (18 мамыр). Соған орайлас "Музей түнін" өткізу дәстүрге айналғалы да біраз болды. С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің музейлері көпқабатты тұрғын үйдің екінші және үшінші қабаттарында орналасқандықтаң көршілердің мазасын алмауды да ойластыруға тура келеді. "Музей түні" іс-шарасы кешкі 18.00-ден түнгі 11.00-ге дейінгі аралықта өтеді. Кезекті бір "Музей түнінде" біз Ғ.Мүсіреповтің "Екінші Би-аға" әңгімесі бойынша шағын скетч қойдық. Оған Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы интернат-колледждің шәкірттері қатысты. Режиссері — Мәдениет қайраткері, профессор Есім Сегізбаев.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Балауса Ағыман актерлік мамандықты таңдаған шәкірттерін талап пен талғам биігінде дайындады.
Біз жайшылықта: "Ғ.Мүсіреповтің қай әңгімесін оқыдың?" — деп мектеп оқушыларынан жиі сұраймыз.
Оқушылар көбінесе бұған күмілжіп, жауап бере алмай қалып жатады. Ал мына тәсіл арқылы біз бір түнде "Екінші Би-ағаны" төрт рет қойып, 200-ге жуық оқушыны қамтыдық. Тіпті, ересектер де келіп көрді.
Енді олардың жадында Ғабеңнің осы бір шуақты әңгімесі үзақ уақыт сақталарына күмән жоқ. Өркениетті елдерде сол елдің, ұлттың тарихында өшпестей із қалдырған көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте қалдырудың, рухани ескерткіш қоюдың бір көрінісі — тұлғалық энциклопедияларын шығару.
Бұл — тиянақты әрі түпкілікті ғылыми зерттеуді қажет ететін жұмыс. Күні бүгінге дейін "Абай", "Шәкәрім", "Жамбыл", "Сәкен Сейфуллин", "Мұхтар Әуезов", "Қаныш Сәтбаев", "Мұқағали Мақатаев", т.б. тұлғалық энциклопедиялары жарық көрді. Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми қызметкерлері қолға алуымен "Ғабит Мүсірепов" тұғалық энциклопедиясын дайындап жатырмыз. "Аңыз адам" журналында "Аңыз адам — Ғабит Мүсірепов": 2012 жылы қыркүйекте (№18 (54), "Аңыз адам — Сәбит Мұқанов": 2016 жылы қыркүйекте (№17 (149) жарық көргенін, оған да музей кешені қызметкерлері тікелей атсалысқанын айта кеткім келеді. Биыл Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына орай "Музейге мәдени жорық" жобасы аясында мектеп оқушыларың студенттерді музейдегі мақсатты іс-шараларға тартудамыз. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның, Талғардағы арнайы
мектеп-интернаттың оқушылары, Каменское плато санаторийінің демалушылары алғашқылар қатарында келіп үлгерді.

Таяуда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Жаһандану жағдайы мен білім беру жүйесіндегі Ғ.Мүсірепов шығармашылығы" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция етті. Осылайша, Ғабит ғұмырнамасының жаңа парақтары жазылуда. Жоғарыда аталған және атқарылатын іс-шаралар соның бірер дәлелі ғой деп ойлаймын. Биыл туғанына 115 жыл толып отырған қазақ әдебиетінің классигі, Еңбек Ері, академик, халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық ғүмырнамасы XXI ғасырда да жалғасын тауып, кітаптары жас ұрпақ — жаңа қоғам өкілдерінің игілігіне айналуда, оның рухани мұрасы Тәуелсіз Қазақ елімен мәңгі бірге жасай беретініне сенімдіміз.

 

Әділғазы Қайырбеков, Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдықмузей кешенінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты.


Қайырбеков.Ә. Ғабит ғұмырнамасының жаңа парақтары.//Солтүстік Қазақстан.- 4сәуір. -2017. – 5б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий