Есләм жыры - тұнған қазына
Берержауап, қойса уақытсұрағын,
Көкірегімде тынбай аққан жыр-ағын.
Қайкездеде соңғысөздіайтатын
ХАЛЫҚ дейтін Сыншым барын ұғамын!", -деп жырлапөткенақын, белгілі публицист ЕсләмЗікібаевтыңшығармашылық мұрасы— терең ойға, тәлім-тәрбиеге толы асыл қазына.
Бүгінде ақын ағамыз арамызда жоқ болса да, оның мерейтойына арналып өтетін кештердің әрқайсысында тебірене айтылатын жүрекке шуақ ұялатар жырларынан бойға қуат алып, жерлес дарынымыздың талантына бас ие түсесің. Есләм Зікібаевтың 80 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан осындай ой түйдік.
"Ерке Есілдің ақ толқын Есләмі" атты ақынды ұлықтауға арналған кешке зиялы қауым өкілдері, Есләм Зікібаевтың жары Рауза апай, балалары мен немерелері және оқырмандары қатысты.
Шара басталмас бұрын қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған "Жыры қалды жанының ұшқынындай" атты кітап көрмесін тамашалады. Конференцияны ашып, жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова алыстан келген қонақтарға өзінің және солтүстікқазақстандықтардың атынан ризашылығын білдірді.
Поэзияны, өнерді бәрінен жоғары қойып, саналы өмірінде туған еліне өлең сөзімен қалтқысыз қызмет еткен ақын Есләм Зікібаевтың есімі ерекше құрметпен аталады. Оның өлеңдерін оқи отырып, ақын бойындағы сүйіспеншілік сезімі туған табиғат арқылы келгендей күй кешесің. Есағаң ылғи оқырманын толғанысқа бөлеп отырады. Конференцияға арнайы келіп, баяндама жасаған ақын, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы ӘділғазыҚайырбеков осындай ойымен бөлісті. Оның айтуынша, Есләм Зікібаев туған жерін, туған елін қалай сүйсе еліменжерінің бүгіні менертеңіне болашағына да соншалықты алаңдап өткенақын. Сонымен қатар, халықтың ғасырлар бойына аңсап күткен асыл арман, үмітін, бар талап-тілегін айтуды да ұмытпаған.
"Перзент парызы деген, бәлкім, осы шығар", -деді баяндамашы. Ол, сондай-ақ, "Есләм Зікібаев өлеңдеріндегі уақыт тынысы" баяндамасында ақынның осы тақырыптағы өлеңдеріне талдау жасай отырып: "Ақыннын кешегі айтқан сөзінің салмағы бүгін ауырлап барады", -деді.
- Халықпен үні үндес, ұраны бір өнер жанашыры жұртшылық жүлдесіне ие, әрдайым ел ардағы қауым құрметтісі саналмақ. Есләм ағамыз осындай жанның бірі еді, -деді ақын Болат Шарахымбай.
Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, "Мағжан" журналының бас редакторы Жарасбай Сүлейменов Есләм Зікібаевтай туған ауылы туралы жырлаған ақындардың саусақпен санарлық екендігін айтып, кіндік қаны тамған жер — Өрнек елді мекеніне деген ыстық сағынышы шығармашылығының маңызды тақырыптарының бірі болғандығын сөз етті.
Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш ақын өлеңдерінің өзегі өмір шындығы екендігіне тоқталды. Ол Мағжан Жұмабаев, Кәкімбек Салықов, Ерік Асқаров сынды танымал ақындарды дүниеге әкелген Қызылжар өңірін қасиетті, киелі мекенге теңеді.
Ал Есләм Зікібаевтың туысқаны, досы Семетай Жусанбаев жерлес қаламгер туралы жүрекке жылы тиер жақсы естеліктерін ортаға салды.
Баяндамашы жыр алыбының есімін ұмытпайтын, туған жерінде оның асыл мұрасын паш етуші азаматтардың барына шын ризашылығын білдірді. Есләм Зікібаевтың жары Рауза апай да әулетінің атынан шараны ұйымдастырушыларға зор алғысын айтып, ақынның туған ауылы Өрнек мектебіне арнап әкелген сыйлығын табыс етті.
Конференциядан соң мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, жергілікті өнерпаздар оның сөзіне жазылған әндерді орындады.
Гүлбике Кубенова,"Солтүстік Қазақстан".
суретті түсірген Амангелді Бекмұратов.
Кубенова.Г.Есләм жыры — тұнған қазына // Солтүстік Қазақстан. — 9 маусым. -2016. – 2б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |