Бір үзік ой, Кәкімбек Аға, Ақынның соңғы жинағы, Күй тартамын, Ағаның өрге тартқан, Құтты өлке,Бір мін бар, Досыңның көзін ұғарсың, Перзентімін ардақты Жер-Ананың.

 Бір үзік ой

Жылдар бедерінде талай-талай өлең көз алдымыздан өтті. Соның ішінде біреуі менің енжарлық инерциямның тұсауын үзіп, уздік көріністерімен көзге түсті. Ол - ақын Кәкімбек Салықовтың өлеңі болатын Осыдан бірнеше жыл бұрын жазған мақаламда "Қос кеменің ақыны" дегенім бар, олай деуім Кәкімбек шығармашылығының ауыз әдебиеті дәстүрі мен жазба өдебиет жаңалығына байланысты болуында еді.
Кәкімбек өлеңдерінің құндылығы тарихи оқиғалардың өлең кестесіне түсіріліп жазылуында ғана емес. Әрине, оның езі оңай түспейтін үлкен ақындық шеберліктің көрінісі ғой. Әңгіме үлкен оқиғалардың жалаң хабарланбай, ақын жүрегінен өтіп, сан алуан әсерлі сырмен кестеленуінде.

Мұхаметжан Қаратаев.

Ол өмірге шын ғашық адам еді. Дала табиғатының сұлулығы мен адам жанының толғаныстары ақынның сыр сандығына айналды. Кәкімбектің "Аққуы", "Жезкиігі", "Ақмаралы" сұлулықтың бейнесіндей қазақ жанын тербеді. Оның сұлу әндері әркімнің-ақ жүрегінен жылы орын тапты.

Үлкен әріппен жазылатын адам, азамат, қайраткер, қоғамдық қызмет иесі - Кәкімбектің өмірі мен еңбегі де оның өлеңдерінде. Ол өз заманының ұлы сипаттарын сезіне білді.
Елі мен жерінің шын патриоты болды. Аңсаған арманың жеткізбей жүрген әнін тынымсыз қуды. Ғарыш пен ғаламды қазақ даласының кеңдігімен өлшеді. Сонысымен Кәкімбек бүкіл қазақтың сүйіктісіне айналды.

Серік Қирабаев,
қазақстан республикасы
ұлттық ғылым академиясының академигі.

Ұлытауда басталған достығымыз Қарағанды мен Мәскеуде, Алматы, Астана, Париж, Павлодар мен Семейде жалғасып, ұзақ емірдің небір қилы кезеңдерін бірге өткіздік.
Кәкеңнің ақылы, абырой-беделі мен өмірлік тәжірибесі менен кеш бойы озық. Оған енді кіршіксіз ақ пейілің адами тазалығың ақындық ұшқыр дарынын қосыңыз.

Медеу Сәрсеке, жазушы.

Кәкең көрген Жезкиікті біз де көрдік. Бірақ Кәкеңнің кезіне іліккен киіктің керемет кербез болмыс-бітімі мүлде белек. Бір езі - бір Жезқазғанның символындай, "Баяғы қызыл ішік киген қыздай, жез қамзол киік" бұл! Осынау ғажайып сиқыр өлеңнің авторы Жезқазған обкомының хатшысы екенін біл-генде таңғалған үстіне таңғалып едім. Сол "Жезкиік" әнге айналып, Атырау, Арқа, Алатау, Алтайдың арасын шарлап жүр! Кәкімбек Салықов қолда бүғау, аяқта кісен тұрған тоталитарлық қоғамда, жат-жүртқа кіріптар болған кезімізде қазақ жырына ғажайып бір құбылыс болып келді.

Серік Ақсұңқарұлы, ақын


Кәкімбек аға

Қызыл алаңда жүрсең де әкім боп, аға,
Ел-жұртың сені таныды ақын деп, аға.
Бабалар кеткен ауылға атыңды бұрып,
"Қош!" айтып кетіп барасың, Кәкімбек аға!

Жеңіл болса екең.. алдыңда сынақ тұр, аға.
Жаратқан Аллам мінгізсін бір Пырақ-Құлаға.
Құлагер жортқан құба бел құлазып бүгін,
Абыз даламның аспаны жылап тұр, аға.

Түсіңде Ақан серінің самғап қыраны,
Кісінеп келген керуші ең әруақ-құланы.
Өзіңді сүйген қазақтың бар сағынышы
Фәни мен бақи арасын жалғап тұрады.

Сырыңды терең ұғындық сөз түйініңнең
Қалың қазаққа ұн қаттың өз биігіңнен.
Боз ала таңда түсіңе жиі кіретін
Бірге еріп, аға, кеттің бе жезкиігіңмен?!

Біреуі өзің болсаң да "қос қолдың", аға,
Шалғайда жүріп ауылға кеш қондың, аға.
Бауырдың барын сездіріп, керуенін бастап,
Жұртта қап қойған Қалпаққа ес болдың, аға.

Өмірден озып барады бір кемел ақың
Өзіңдей енді жаныма кім келер жақын?!
Қаныштан кейін Жездінің кенін ақтарған
Қазақтан шыққан сен едің инженер ақың

Алыста жүріп түргенде білегіңді, аға,
Қазақтың қамы ауыртты жүрегіңді, аға.
"Кәкімбекбар" деп ауылдан мақтанатынбыз,
Бір езің билеп түрғандай Кремльді, аға.

Бірегейі едің бір Алла рахым еткеннің,
Бір өзің жайлы сыр шертіп жатыр өткен күн.
Мауқыңды басып, арманын тыңдаңыз енді,
Қасына кетіп барасың Ахметтердің.

Ақындар рухы елмейді, жасыма, халық!
Бір Алла шырақ жағады басына жарық.
Тәуелсіз елдің бүгінін айтады Кәкең,
Сәкен мен Мағжан ағаның қасына барып!  

Аманжол Әлтаев, айтыскер ақын.


Ақынның соңғы жинағы

Кәкімбек Салықов көзі тірісінде қазақтың ән атасы атанған әнші, ақын әрі композитор Біржан сал Қожаұлұлының өмірі мен шығармашылығын көп зерттеген, өлең-жырларын көзінің қарашығындай көріп жинап, кітап қылып шығаруды жоспарлап жүрген болатын. Алайда, беті қатталып, баспаға беруге дайын тұрған жинақты шығаруға дәм-тұзы жетпеді.
Бұл кітап 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауымен "Фолиант" баспасынан жарық көрді. Кәкімбек Салықов жаңа еңбегінде: "Біржан - қазақ халқының ұлттық мәдени-рухани өресінің өсуіне бел байлап атсалысқаң зердесіне ұлттық мүдде, ұлттық мінез сіңген әділдіктің жалауындай қайсар тулға. Ол - халқымыздың ұлттық санасын оята түсіп, ел
бірлігіне тұтқа болған, қайғысына қабырғасы қайысқаң озық ойлы ақыл иесі", - деп жазады.Кітап Кәкімбек Салыідовтың "Біржан сал жайлы толғаныс" деп аталатын мақаласымен ашылған. Ал соңғы сөз ретінде белгілі ғалым, әйгілі батыр Мәлік Ғабдулинніңмақаласы берілген.

Ербақыт Амантайұлы, "Солтүстік Қазақстан"


Күй тартамын

Күй тартамын таңертең,
Тыңдай қапшы, жан еркем.
Толқып-толқып қушағыңа қайтамың,
Күй тартамын іңірде.
Күйді жаным бүгін де
Көргенімді саған ғана айтамын.

Күй тартамын түсімде,

Жанған оттың ішінде.

Алаулаған ақжалынға шырмалған.

Күй тартамын кештетіп,

Күйді көкірек ес кетіп.

Қайда ғана бара жатыр сұм жалған?

Күй тартамын оңаша,

Қалың тұман ораса.

Ауылдардың абайладым тозғаның

Күй тартамын өрімтал

Күйді жүрек сезімтал

Ойран салған қайдағыны қозғадың.

Күй тартамын ертемең
Тарқамады шер-шемен
Қырда көрдім талапайшыл түлкіні,
Күй тартамын қанша күн
Тарта-тарта шаршадым.
Қоңыр күмбір бұзып кетті ұйқыны.

 

Ағаның өрге тартқаны...

Ағаныңөргетартқаны,
інісі бар ғой тыныстар.
Інінің сенім артқаны,
Ағасы бар ғой ту ұстар.

Баланың әйдік болғаны,
Әкесін етпес қайғылы.
Әкенің көңілі толғаны,
Баланың іске сайлығы.

Жақсы бажа тірлікте,
Бауырым болып кетеді.
Жақсы дос бастап бірлікке,
Іргені бұзбай өтеді.

Құдалар сыйлап тегіңді,
Мынжылдык бірлік сақтайды.
Жақсы көрші сенімді,
Туыстан артық ақтайды.

Келінің өз балаңдай,
Аталап адал сыйлайды.
Жеңешең туған анаңдай,
Келер деп барын жинайды.

Жігіттің серке болғаны,
Еңбегі мол ғой құндайтын.
Арудың ерке болғаны,
Сұлулық бар ғой бұлдайтын.

 

Бір мін бар

Тіршілік.сенде бір мін бар,
Шаттықтан қайғың көбірек.
Сайрамай, талмай бұлбұлдар,
Булықты үнсіз еңіреп.

Беу уақыт, сенде бір мін бар,
Жүрісің шымқай асығыс.
Қамығып өткен мың гүл бар,
Қауызын ашпай қапылыс.

Сұм ажад сенде бірмін бар,
Қайғыңа оқыс саласың.
Жургенде қаптап құзғындар,
Қыранды жедел аласың.
Бір мін бар асау тағдырда,
Өңешті өртеп өтетін
Кейде өкенің алдында,
Баласын алып кететін

Бір мін бар сенде інішегім,
Есерге жылдам ересің.
Қатса да қара тірсегің,
Еркелік ете бересің.

Жаттаған Абай сөзінің,
Қайталап көбін иланам.
Аз емес мінім өзімнің,
Кешірекуғып, қиналам.

 


Құтты өлке

Жер патшасы - Солтустік Қазақстан,
Саған ғашық ұмтылған таң алыстан.
Кербез Көкше, ерке Есід асау Тобыл,
Сұлулыққа малшынған жаралыстан.

Ырысты жер тасқыны қалмас тоқтап,
Даналарды еске алар талай жоқтап.
Торғын тоғай, ну орман-бәрі осында,
Майы қалың құйқалы қара топырақ.
Үкілі Ыбырай тербелткен сексен көлім,
Ақаң Біржан жайлаған сең-сең белім.
Салсамырсың көп шырша, күміс терек,
Қыз-бозбала секілді өңшең керім.

Ақындарға ежелден даламыз бай,
Ғалымдарға бұл кунде қаламыз бай.
Оқшау өрте көрінді жалғызтауым,
Дара туған Мағжан ағамыздай.

Ата мирас жалғасқан ел арасы,
Бәрі ортақ-өзен-көл кең даласы.
Тұтас елке - Солтүстік Қазақстаң
Бөле алмайды облыстар шекарасы.

 

Перзентімін ардақты Жер-Ананың

Ақ жаңбырдың тамшысын уыстаймың
Аппақ тәні мөп-мөлдір су ұстаймын.
О, адамдар, ақниет өздеріңдей,
Аппақ қанат құстарға туыстаймын

Аппақ Ай да аспаннан нұр төгеді,
Таң шапағы талмаурап бізді өбеді.
Тамаша ғой күн жайнап жел қулпырса,
Аппақ сезім жүректен жыр төгеді.

Аппақ қанат себелеп қар жауады,
Азайтады жүректе бар дауаны.
Тазартады көңілді желпінтеді,
Наз артқаны өзіңе арналады.

Мен өмірде ақ қанатжыр аулаймың
Аппақ қарға еркелеп бір аунаймын.
О, адамдар, желпінткен желді суйем,
Желсіз жерде тымырсық жүре алмаймын

Ақ көңіл жел мені іздеп қол бұлғайды,
Қарсы аламын қаулардай онсыз қайғы.
Жел де бар ғой тоғай мен тобылғы иісі,
Тазалық пен сұлулықтоңдырмайды.

Аққу сүйгіш болмаса менде тыным,.
Бергені бар сыбырлап көл бетінің.
Киік көрсем жалт қарап шақырамың,
Ақ тілекшіл Жер-Ана перзентімін.

 

Досыңның көзін ұғарсың

Көп жұлдыз кекте Ай болмас,
Сәулесі жерге жетпейді.
Қалтқысыз серік қай жолдас,
Адал дос тастап кетпейді.

Сүрініп кеттің-құларсың,
Таяныш таптың-тұрарсың.

Дәрменсіз күнде дәл келген,
Досыңның кезін ұғарсың.

Жүрсеңде қандай жұмақта,
Түссең де қанша сынаққа.
Досы жоқ өмір жұтпен тең,
Достықтың туын құлатпа.

Аңсаған гүлді жұларсың,
Алаңсыз сен де ұнарсың.
Ант еткен серттен жалт етсе,
Досыңның көзін ұғарсың.

Туыстың дос боп өтуі,
Некен-саяқ, неғайбыл
Туыс боп достың кетуі,
Сыйластық заңы санай біл.

Тауға да биік шығарсың,
Жалынды жеңіп тынарсың.
Ағайын сенбей тұрғанда,
Досыңның көзін ұғарсың.

Кәкімбек Салықов

Салықов.С. Бір үзік ой,Кәкімбек Аға, Ақынның соңғы жинағы,Күй тартамын,Ағаның өрге тартқан,Құтты өлке,Бір мін бар,Досыңның көзін ұғарсың, Перзентімін ардақты Жер-Ананың. // Солтүстік Қазақстан. – 19 қаңтар. – 2017 . – 5 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий