Атадан аманат, ұрпаққа ұлағат
Қазақ елінің кең байтақ даласында «дворян» деген сөз таңғаларлық болып естіледі. Ғасырлар қойнауына енген бұл түсінік қазіргі заманғы адамның құлағына тосын сөз секілді.
Ол кезде Ресей державасына адалдыққа ант берген адамды ержүректігі, батылдығы, намыскерлігі айрықшаландырып тұратын. Сондай адамдардың бірі - подполковник Жылғара Байтокин болды. Император ағзам оны Жоғары мәртебелі аудиенциясына қабылдап, дворян атағын берді.
Оның шыққан тегі жайлы мәліметтер аз. Байтокиндердің ата-бабалары ғасырлар бойы қазіргі Есіл ауданының аумағында өмір сүргендігі ғана белгілі. Бұл адамның патша әскерінің қатарына қалай кіргендігі жайлы тарихта ешқандай мәлімет жоқ.
Оның шыққан тегінің кедей болмағандығы анық, өйткені ол «Дәрежелер туралы табельге» сәйкес қызмет сатысымен көтерілген. Жоғары мәртебелі аудиенцияға қабылданған кезінде Жылғараның 9 кластық шені болған.
1722 жылдан бастап ақсүйектердің ұрпақтары сарай жанында ең төменгі,
14-ші кластан қызмет етуі қажет болғанын айта кеткен жөн деп санаймыз. Оларға прапорщиктер, корнеттер, гардемариндер жатты.
Соған қарағанда Жылғараның мемлекет алдындағы жеке еңбектері марапатталу сәтінде жеткілікті болғанға ұқсайды. Мардымсыз өмірбаян деректері оның 1796 жылы поручик шенін алып, 1824 жылғы 29 сәуірде Қырғыз-Қайсақ халқымен Көкшетау Аймағына бұйрықпен қосшы би болып сайланғандығын растайды.
Осы жылдың 6 мамырында Александров лентасында алтын медальмен марапатталады. 1827 жылғы ақпан айының соңында майор, ал үш жылдан кейін подполковник атағын иеленеді. Сол кезде Владимир лентасында да алтын медальды иеленеді.
Бұл айрықша белгімен «ерекше ерлігі үшін және аса қауіпті тұлғалардан құтқарғаны үшін» марапатталады («О заслугах, награждаемых медалями» құжатынан алынды). 1824 жылғы қыркүйек айынан 1841 жылдың желтоқсанына дейін екі мерзімде бұйрықта айтылған Аға Сұлтан міндеттерін орындаған.
Ерекше белгілерінің ішінде алтын белдігі мен қылышы ерекшеленіп тұратын.
1852 жылдың тамызында Николай I Жылараны «қызметі мен мемлекетіне адалдығы үшін үрім-бұтағына дейін дворян шені берілген» дипломмен марапаттайды.
Бұл оған сарай ақсүйектерімен тең биік дәрежелерді қолдану құқығын берді. Көрсетілген мерзімнен бастап Байтокиндерде жоғары мәртебемен бекітілген жеке белгісі пайда болды.
Оларды жеке заттарында, күймелерінде, үйлерінде, мөрлерінде және тағы басқаларда бейнелеуге рұқсат етілген.
Ол келесі геральдикалық құрамадан тұрды:«Қызыл алаңда - төрт көлденең алтын жолақтар.
Қалқан алтын және қызыл түсті бурлет (соққыны жеңілдетуге арналған жүнмен толтырылған, матадан жасалған бұрау) бар дулығамен аяқталған.
Бурлеттің үстінде үш қызыл түйеқұс қауырсыны, ортасында - көлденеңінен тұрған екі алтын шақа. Дулығаның жабыны қызыл түсті, алтын мен зерленген».
Байтокиндердің белгісі Ресей дворяндарының Дипломды белгілердің жинағына енгізілген.
Жылғараның ұрпағы - екі әйелінен 10 баланы құрады. Олар да өздерінің әкелері билік еткен өңірде өніп-өсті.
Бұл елді-мекендер: Талапкер, Амангелді, Поляковка, Явленка жерлері. Үлкен ұлы Мұса әкесі қайтқаннан кейін Аға Сұлтанның міндеттерін орындағаны белгілі.
Ол ауданда «бай Мусин» атымен аталған. Оның иелігінің жанындағы көл кейіннен Мусино аталып кеткен. Жергілікті тұрғындарға Жылғарының табиғи межесі де таныс. Явленка селосының өзінде Байтокин көшесі бар. Мұсаның ағасы Шүкі де, оның баласы Сұраған да болыс болды. Атақты ұлы аталарының атын шөберелері: ағайынды Елеусіз, Ережеп, Тәшен Жәнібековтер де абыройынан айырған жоқ. Елеусізді халық «Ақ Бұзау қажы» деп атаған, өйткені ол Меккеге қажылыққа барған.
Қажылыққа дейін өзінің кіші інісі Ережеп секілді болыс болған. Тәшен халық сотының міндеттерін орындап, би болады. Содан кейін келген революция жылдарында байкулактарды тәркілеу мен жазалау легі басталады. Большевиктердің қолына түскен Жылғара Байтокиннің ұрпақтарын Арал теңізінің маңындағы бекініске қамайды. Бұл жерде Үргінші қамалы туралы айтылуы мүмкін.
Үкіметтің қуғынынан құтылу үшін аман қалған ағайын-туыстар тұрған жерлері мен шығу тегі туралы мәліметтерін ауыстыруға мәжбүр болған. Атақты бабасынан ұрпақтарына асқан дарыны мұраға қалды деп айтса да болады. Тәшен мен оның ұлы Рамазан әншілік қабілеттерге ие болған, музыкалық аспаптарда: қобыз бен домбырада ойнаған. Үйлену тойларының құрметті қонақтары болған. Тәшеннің тағы бір ұлы Ескендір атағы қазақ даласына жайылған әнші және композитор болады. Жылғарының ұлы Әлібек батыр да (1811 -1896 жж.) құрметті адам болған. Ол Ғ.Мүсірепов ауданының Шұқыр көл ауылында жерленіп, ескерткіш қойылған. Олардың бәрі де ұрпақ
тан-ұрпаққа өздерінің ұлы бабасы туралы естелікті мақтанышпенжеткізген.
Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей жеріне тарап кеткен ұрпақтарының ішінде өнер қайраткерлері, кәсіпорын басшылары, облыстық және аудандық бөлімдердің басшылары, әкімдер бар. Мысалы, Есіл ауданының Орталық ауылында Рамазановтар жанұясы әлі күнге дейін белгілі.
Шаңырақ басшысы Өмірзақ ауылдың Мәдениет үйін екі рет қайта тұрғызған, онда құрамына хор, оркестр және Рамазановтардың жанұялық ансамблі енген көркемөнер ұжымын ұйымдастырады. 1979 жылы бұл көркемөнер ұжымы «Орталық қазақ халық театры» атағын алады.
Өмірзақтың ұлы Спартак бес жасынан бастап Н.Погодин атындағы театрдың сахнасында ән шырқаған. Ол сол кезде жылдар өткенен кейін облыстағы ең ірі мәдени ұйымды басқаратынын білді ме екен?
Ол 2006 жылы еңбегі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталады. Спартак Өмірзақұлы Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайынан атақты бабасының қадыр-қасиетін куәландыратын грамотаны табу үшін көп еңбек етті.
Явленка селосы мен Есіл ауданында атақты дворян Байтокиндердің лайықты мирасқор өкілдері болып табылатын Рамазановтар, Азықановтар және Закирьяновтар отбасылары тұрады. Елеусіздің немересі Бекайдар Рамазанов 79 жаста, бірақ та соған қарамастан ол мерзімдері мен есімдерін көрсетумен өзінің ата-бабасының бар тарихын қайтадан қалпына келтіруге бар күшін салуда.
2004 жылы Бекайдар Рамазанов облыстық «Ақсақал сайысы» - «Атадан аманат, ұрпаққа ұлағат» байқауының жеңімпазы атанды. Ол өмірінің жартысын біздің ауданымыздың абыройын қорғай отыра, республикалық, облыстық сахналарда өткізді.
Оның ұлдарының бірі, Амангелді, төрт жасынан бастап сахнада домбырада ойнап, өнерін көрсеткен. Бірнеше рет республикалық байқауларға қатысады. ол Шымкент педагогикалық мәдениет институгын аяқтап, қазір музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Екінші ұлы Нұрлан кәсіпкерлікпен айналысқандығы үшін ҚР Министрліктерінің, облыс және аудан әкімдерінің бірнеше дипломдары мен грамоталарының иеленген. Атақты бабаның ұрпақтары ертедегідей байлықты аңсамайды, бірақ та өз атын тарихта қалдырған адам туралы ізгі естелікті көзінің қарашығындай сақтайды және ол өмір бойы алдына мақсат етіп қойған: «Мейірімді, әділ, қарапайым бол, үлкендерді құрметтеп, ешкімді де кінәсіз кінәлама» деген дана сөзін ұстанады.
Бекайдар Рамазанов
Рамазанов.С. Атадан аманат, ұрпаққа ұлағат. //Есіл таңы. – 3 ақпан. – 2017. - 6 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |