Асыл азамат
Алаштың арыстары бейнеленген осы суретті газетімізде бұрын да пайдаланған едік. Сол сәтте Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды тұлғаларды жазбай танысақ та, Абдолла Байтасовқа келгенде көңілімізді күмән торлап, басты кейіпкерімізді дөп басып көрсете алмағанымыз рас.
Бүгінде осы олқылықтың орнын толтырудың сәті түсіп отыр. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті Гүлсезім Теміртас өзінің редакцияға жолдаған мақаласында А.Байтасовтың екінші қатарда оң жақтан бірінші тұрғанын көрсетіп қана қоймай, суреттің қайжылы, қайқалада түсірілгенін де нақпанақ жазыпты.
Фотосурет 1991 жылы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланғанда онда кімдердің бейнеленгенін ажырата алмағандар көп болған. Жұмбақтың шешуін фотомұраны алғашқылардың бірі болып көрген Гүлнәр апай Міржақыпқызы Дулатова айтып беріпті.
Суретте халқымыздың ардақты перзенттері: алдыңғы қатарда (солдан оңға қарай): Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов; екінші қатарда (солдан оңға қарай): Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлаң Абдолла Байтасұлы бейнеленген
Гулнәр апайдың айтуынша, фотосурет 1926 жылы Қызылорда қаласында түсірілген. Республиканың сол кездегі астанасы, мәдени орталығы Қызылорда қаласы болғандықтан, алаш зиялылары сонда жиналып, ұлт мүддесіне қатысты мәселелерді шешу жолдарын бірлесе іздестірген.
Фотосуреттегі алаш қайраткерлерінің есімдері алаш жұрты үшін аяулы, ал мұралары ешқашан құнын жоймайтын асыл қазына. Сол себептен бұл суретке тағы да мұқият үңіліп, ұлы тұлғалардың тағылымды ғұмырнамасын еске түсіру артық болмас деп ойладық.
Суретте бірінші қатарда сол жақта отырған Халел Раббасов. Халел Ахметжанұлы 1888 жылы бұрынғы Семей облысының Семей уезіне қарасты Шаған болысында туған. 1898-1909 жылдары Семей-де приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыған. 1910 жыл Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, 1911 жылы студенттер ереуіліне қатысқан ушін оқудан шығарылған.
Осы жылы Мәскеу университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1915 жылы алтын медальмен бітірген 1917 жылы Семейдегі қазақ комитеті төрағасының орынбасары, "Сарыарқа" газетінің редакторы қызметтерін атқарған ол осы жылдың сәуір айында Семей облыстық съезін ұйымдастырушылардың бірі болды. Алаш партиясының Семей губерниялық комитеті қазан айында ашылды.
15 кісіден тұратын уақытша комитеттің төрағасы болып Халел Ғаббасов сайланды. 1936 жылдан бастап ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып тұрған кезінде 1937 жылы тұтқындалып, сол жылғы 3 қарашада атылды. Кейін ақталды.
Міржақып Дұлатұлы - Алаштың көрнекті қайраткері. 1885 жылғы 21 қарашада Торғайдың Қызбел деген жерінде дүниеге келген. 1906 жылы Петерборда мұсылман фракциясының және Еділ,Кавказ қайраткерлері ұйымдастырған жиындарға қатысады.
1907 жылы Петер-бордағы татар газеті "Улфаттың" жанынан қосымша тұңғыш ұлттық рухтағы "Серке" газетін шығаруға атсалысады.
1909 жылы Қазанның "Шарқ" баспасынан "Ояң қазақ!" атты кітабы шығады. 1910 жылы қайраткер-қаламгердің "Бақытсыз Жамал" романы жарық көрді.
1913 жылы жарияланған "Азамат", 1915 жылы шыққан "Терме" атты өлеңдер жинақтары да оның елге кең танылуына ықпал етті. 1913-1918 жылдары ол "Қазақ" газетін шығаруға атсалысады. 1917 жылы Торғай облысы қазақтарының, Бірінші, Екінші жалпықазақ съездерін ұйымдастырушылардың бірі. Алашорда өкіметінің мүшесі. Алаш милиция-сының жетекшісі. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Сарытүбек деген жерде туған Алаш қозғалысының көсемі,
ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы. 1905 жылдан бастап ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі болды. "Қырық мысал", "Маса" жинақтары қозғалыстың рухани ұранына айналды.
"Революция и киргизы" мақаласында ұлт-азаттық қозғалыс мазмұны ашылған 1913-1918 жылдры "Қазақ" газетінің редактор .Алашорда өкіметінің мүшесі. Ал шорданың оқу-ағарту комиссиясның төрағасы. Алашорданың кеңе басшыларымен жургізген келіссөздерінің жетекшісі.
Мұхтар Омарханұлы Әуезс 1897 жылы қазіргі Шығыс Қазастан облысының Абай ауданыңда туған. Атақты жазушы, қоғам қайраткері, ғалым, XX ғасырдың басында Семейдегі Алаш қозғлысына белсене қатысқан тұлға. Семей облыстық Алаш комитетіні мүшелігіне сайланған Жазушыны Алаш қозғалысына қатысуы оны 1930 жылдары айыпты болуын себеп болды.
Жүсіпбек Аймауытұлы - 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қызылтау ауылында өмірге келген. Алаш қозғалысына қатысушы, жазушы, драматург, аудармашы, публицист .1917 жылы көктемде Семей облыстық Қазақ комитетіне мүшелікке кандидат болып қабылданады Осы кезеңде Семей облысында ұйымдастырылған Қазақ съездеріне де қатысады. Алаш идеяларының ықпалымен М.Әуезовпен бірге 1918 жылы алашшыл бағыттағы "Абай" журналын ашады.
1930 жылы "Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар" деген жаламен абақтыға қамалып, 1931 жыілыі Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылған.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдыің 11 мамырында Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, профессор, ҚазақҒА-ныің академигі.
Суретте екінші қатарда оң жақта тұрған тұлға - Абдолла Байтасұлы. Егер жоғарыда аталған қайраткерлердің өмірі мен қызметіне қатысты деректер бәрімізге бұрыннан мәлім болса, ал Абдолла Байтасұлы - жалпақ жұртқа белгісіз, елеңбей келе жатқан есімдердің бірі.
Абдолла Байтасулы кім? XX ғасыр-да ғумыр кешкең Алаштың рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене атсалысқан зерделі әдебиетші, қарымды журналист, шебер аудармашы, парасатты сыншы, устаз, зерттеуші, Мағжан Жұмабайұлы,
Жүсіпбек Аймауытұлы, Халел Досмұхамедұлы, Қошке Кемеңгерұлы сынды алаш арыстарымен бірге ұлт муддесін қорғаған алаш қайраткері. Е. Тілошов, Д. Қамзабекұлы, И.Нұрахмет құрастырған анықтамалықта оның өміріне, өнегелі қызметіне қатысты мынадай деректер берілген "Абдолла Байтасов 1901 жылы Ақмола губерниясы, Петропавл уезінің Ортақшылдар болысында туған. Белгілі қоғам қайраткері, білікті ұстаз, талантты журналист "сегіз қырлы, бір сырлы" азамат. 1917 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген. Алаш қозғалысы тұсында белсенді жұмыс істеген, қазақ комитеттерін құруға атсалысқакн.
Алаш орда өкіметінің көркейіп-гүлденуі, іргесі бекіп, тұғырлы билік болуы үшін күрескен Қазақ қауымын бақытқа жеткізуді армандаған. Алаш-орда таратылған соң ол кеңес өкіметінің қызметінде болды.
1921-1923 жылдары Петропавл қаласында "Бостандық туы" газетінің редакциясында жұмыс істейді. Кейін "Жас алаш", "Жас қайрат", "Еңбекші қазақ" газеттерінің белсенді авторларының бірі болды. Ол редактор ретінде де, журналист ретінде де қазақ қоғамының өзекті мәселелерін қозғап, елдің дамуы мен халық тұрмысының жақсаруы үшін көп күш жұмсады.
1923 жылы Ташкенттегі жұмысшылар факультеті мен Қазақ халық институтында жұмыс істейді. Кезінде оқи алмағаң кейін кеңестік жұмыстарға тартылған қазақ азаматтарының білім алып, қоғамға бейімделуіне күш салады.
1924-1927 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінде оқыған. 1928 жылы "Ақ жол" газеті редакциясының ғылыми-техника бөлімінде меңгеруші болады. Алаш қайраткерлерімен бірге "Алқа" әдеби ұйымын құруға қатысқан. 1929 жылы қуғын-сургін кезінде тұтқындалған. 1930 жылы сәуірде ОГПУ "Үштігінің" шешімімен Архангельскіге жер аударылған Одан кейінгі өмірінен дерек жоқ".
Жазушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың "Ұраным -Алаш!.." атты зерттеу әфсанасында Абдолла Байтасов туралы: "1900 жылы Ақмола губерниясы Көкшетау уезінің Айыртау болысында (екініші бір анкетада - Қостанай округінің Бақбаққара ау-даны) туғак Мұғалімдер семинариясын бітірген 1921 жылдан кәсіподақ мүшесі. 1920 жылдан ма-мандығы бойынша қызмет істейді. Шетелде, әскерде, Қызыл армия қатарында болмағаң бұрын сотталмаған. Қоғамдық қызмет майды, дені сау, өзін істеп жүрген қызметіне лайық деп санайды, қазір мұғалім. Сын-ескертпесі жоқ. "Жас алаш", "Жас қайрат" газеттерінің белсенді авторы. Ағарту, сауат ашу, әр ғылымның саласындағы кітаптар жөнінде мақалалар жазған Саяси экономия қақында пікір қозғаған",- деп жазған.
Абдолла Байтасұлының ғұмырнамасына байланысты бұл деректерді саралай келе, Абдолла Байтасұлының Қызылжар өңірінің тумасы, қайраткерлік, қаламгерлік, аудармашылық қабілетімен дараланған, жан-жақты білімімен ерекшеленген, ұлтын сүйген тұлға екенін пайымдаймыз.
Бұл мәліметтерге толықтыру ретінде, Абдолланың есімі "Жас азамат" газетінде аталатынын айта кетуіміз жөн болар. Абдолла Байтасұлы көптеген ұлт-жанды азаматтар сияқты жас-тайынан оқу-білімге құштар, талабы таудай жан болса керек.
Оның арнайы шәкіртақыға ие болуы осы сөзімізге дәлел "Жас азаматта" жарияланған "Татарша спектакль" мақаласында былайша сөз сабақ-тайды: "Қызылжар. 20 ноябрьде қала театрында "Зылиха" атты Ғ.Ысқақ жазған драма қойылды.
Ғ.Ысқақтың бұл кітабын оқымаған һәм театрда қойылғанын көрмеген кісіге қызықсыз болған жоқ, қараушының көз алдына, миссионерлердің шоқындыру дәуірінде татар ұлтының көрген қысымшылық ая-ныш халдерін ашық суреттеп, елестетіп келтірді".
Аталған деректерден басқа Абдолла Байтасұлының өмірдегі болмысы, мінезі жайлы да Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың "Шындық шырағы" атты естелік-эссесінде жазылған:"Айналып соғамын" деген Жүсіпбек бес-алты күн еткен соң тағы келеді.
Үй іші қуанышпен қарсы алды. Бұл жолы жанына Абдолла Байтасовты ертіп келіпті.
Ол да Дулатовтарға бұрыннан таныс, тәтемнің жан досы, дәрігер Жұмағали Тілеулиннің бажасы болатын. Абдолла ұзын бойлы, талдырмаш келген, бұйра шашты, - ылғи күліп, көңілді жүретін әдеcсор биетші жігіт болатын.
Ахмет Байтұрсынов ағайдың "Оқу құралы", "Қырық мысалы", тәтемнің "Есеп құралы", "Оқу құралы" - (Қирағат) кітаптарынан, Мағжанның өлеңдерінең М. Әуезовтің "Қарагөз",
Ж. Аймауытовтың "Шернияз" пьесаларынаң И.Байзақовтың "Құралай сұлу", т.б. балаларға арналған ертегілерден Абдолла Байтасов үзінділер оқитын.
Ол нағыз әртістік шеберлікпен дауысын да, кескінін де мүлдем өзгертіп, кейіпкерлердің бейнесін келтіріп, сөз мәнерін салып құбылтып, жандандырып оқитын. Отырғандар ризашылықтарын білдіріп, сүйсініп қабыл алатын.
Ал біз үшін әр жазушыны көріп, олардың шығармаларын оқып, тыңдау үлкен бақыт, мәңгі естен шықпайтын мектеп болатын. Бұл Абдолланың жаңа ғана Айткешке (Айша) үйленген кезі еді. Олар бізге жақын Мальков көшесіндегі Латифа Қожықовтардың үйінде тұратын".
Гүлнәр Міржақыпқызының естелігінен Абдолланың адами келбетің әдебиет пен өнерге деген ілтипатын, көзқарасын анық байқай аламыз.
Сонымен қатар өз ортасында сыйлы, беделді азамат болғанын аңғарамыз. Бұл сезімізге Абдолла Байтасұлының Жүсіпбек Аймауытұлымен, Қошке Кемеңгер-ұлымен алысқан хаттарыда дәлел бола алады.
Аталған хаттардың мазмұны негізінен бір мақсатты, бір мүдцені кездеген асыл ерлердің ортақ шығармашылық жоспарлары мен пікір алмасуларынан құралғанмен, бір-біріне деген достық ықы-лас пен пейілдері де сезіліп-ақ тұрады.
Мәселен, Қошке Кемеңгерұлы Абдоллаға "Ғабдолла дос" деп хат жазған екен. Хат 1924 жылы сәуірдің 13-інде жолданыпты. Қысқа қайырылған амандық саулықтан соң Қошке Абдоллаға екі өтінішін айтады.
Екеуі де ұлт үшін маңызды мәселелер. Дәлелді болу үшін үзінді келтірсек: "Жыл басында Қазақстан мемлекеттік баспасы ауыл шаруашылығынан оқулық жаз деп қолқа салып еді.
Мен осыны ойластырып. керекті материалдарды қорытып жатырмын. Баспадағылар мұны қашан баса алады екен соны білші.
Екінші өтінішім: Госпланға соқ, Смағұлға жолық. Біз тараптан қандай көмек қажет екенін біл. Оның бізге қандай жәрдемі керек екенін де айт.
Смағұлда қабілет те, жүрек те бар. Менің бұған онымен "Жас азаматта" істес болған кезде көзім анық жетті.
Түркістан мәселесі туралы ондағылар қандай шешімге келгенін де сұрашы. Екі облыс Қазақстанға қосылса, қазақ мекемелерінің жайы не болмақ? Ташкентті астана ету мәселесі де көтеріліп еді ғой.
Хат жаз.
Жарайды, сау-саламатта бол!
Құшақтасып көріскенше".
Абдолла Байтасұлының Жүсіпбек Аймауытұлына жазған хатында да біраз өзекті мәселелердің басы ашылады. Атап айтсақ, әдебиет пен сынның жай-күйі, "Атқа" әдеби ұйымын құру жөнінде ортақ пікірлер қамтылады.
Хаттың жазылған уақыты туралы мәлімет Тұрсын Жұртбайдың "Талқы" еңбегінде берілген. "Жылы көрсетілмеген бұл хаттың шамамен 1924 жылдың аяғында жазылғандығы байқалады. Өйткені, Мағжан мен Мұхтар өзара пікір алысып, жаңа әдеби бағытты бағдарлайтын үйірме ашудың жоспарын талқылап жүргендігі туралы мәлімет соны растайды. Бұл кезде Мұхтар да оқуда жүрген болатын. Жүсіпбектің "Нұр күйі" дастаны да сол жылы жарық көрді". Енді хаттың мазмұнына қысқаша тоқталайық.
"Жүсіпбек!
"Көрмегелі көп айдың жүзі болды" дегендей, бір-бірімізбен көріспегелі көп уақыттар болып та қалды-ау!" - деген жолдармен амандық-саулық сұраудан бастайды.
(Соңы 10-бетте).
(Басы 9-бетте).
Асыл азамат
Әрі қарай Мағжанмен жолығып, әңгімелескенін баян етеді. Хатта Мағжан мен Абдолланың пікірінде өзара үндестік пен сабақтастық ерекше байқалады.
Бұған айғақ етіп мына үзіндіні келтіруге болады: "Мағжанға жолықтым. 15 күндей бірге болдық. Ол саған қатты разы.
Жалғыз сын жазғандықтан емес, сенің соңғы жазғандарыңа қанағаттанады. Осы күнге шейін айызым қанған саулетші қалам "Нұр күйі" болды. Қызыққандықтан әлденеше оқыдым дейді. Ақынның мұнысы сен туралы ойлайтын менің ойларымды нық бекітті.
Қуандым. Онымен түрлі мәселелер туралы көп кеңестім. Соны пікірлері бар, дүниеге көзқарасы нығайған сықылды. Мұхтар оған: "Түбінде жалғыздар тобы жасайды, біз жалғыздар тобының құрамасымыз", -деп жазады екен.
Бұл пікірді Мағжан да қуаттайды". Осы үзіндіден Абдолла Байтасұлы әдеби сын көзқарасы мен пайымын да байқай аламыз'. Абдолла Мағжан секілді Жүсіпбектің ақындығын сыншылдық қырын жоғары бағалайды.
"Нұр күйі" поэмасының әдебиетімізге қосылған жауһар туынды деп есептеп, бұған қатысты қуанышын жасыра алмайды.
Бұдан кейін хатта "Алқа" әдеби ұйымын құру туралы сөз қозғалады. Бұл ретте Мағжанның,
Мұхтардың ұстанымдары мен ойлары бір жерден өрбитіні аңғарылады. Себебі, сол алмағайып кезеңде зиялылардың жұдырықтай жұмылып, ұлт тағдыры мен болашағы үшін қызмет етуі ауадай қажет еді. Заманның талап еткені бірлік пен ортақ мүдде десек дұрыс болар.
Абдолла Байтасұлы ойын қорытындылай келе, сөз соңында Жүсіпбекке достық пейілі мен ыстық ықыласын білдіреді. Достық пен адалдықты бағалайтын абзал азаматтың шын көңілі мен ақ ниетін жеткізеді. "Абдолланың өз хатында ашып жазғанындай: "тар кезең, талма жер көрсететін" нағыз достықтың бәрі де бастарынан кешті.
Әрине, достықтың құнын мұндай күнде сынаудың бетін аулақ қылсын деңіз. Бұл сын емес, жаза. Әділетсіз жаза. Заманға да, адамға да, достыққа да қиянат. Бірақ кеңес өкіметінің өмір сүру "салтанатының" өзі тек қиянаттан, жазалаудан, құрбандықтан тұрды емес пе?!
Ендеше, оған таңданудың ешқандай да жөні жоқ". Абдолла Байтасұлының Қошке Кемеңгерұлымен, Жүсіпбек Аймауытұлымен алмасқан хаттарынан оның өміріне, шығармашылығына, қызметіне қатысты деректерді молынан кездестіре аламыз. Әсіресе, өмірдегі адами келбеті, адамгершілігі, досқа адалдығы, әдебиет пен өнерге деген биік талғамы, асқақ рухы мен ұлтжандылығы сияқты қасиеттері айрықша көзге түседі.
XX ғасырда Алаш ағартушылары оқулық жазу, ғылыми әдебиеттерді қазақ тіліне аудару жұмыстарына ерекше ден қойғанын білеміз. Себебі, халықты ағарту үшін керек басты құрал - оқулықтар тапшы еді. "Алаш оқулықтары -бұл салыстырмалы түрде өте кең ұғым.
Бұған Алаш тұсындағы оқу құралдары да, Алаш қайраткерлері жазған оқу құралдары да кіреді. 1920-1921 жылдары А.Байтұрсын-ұлы Халық ағарту комиссары болып тұрғанда оқулық жазу ісі бір-шама жүйеленеді.
Авторлар жоқ кезде "білікті оқығандарға жаздырту" деген ұғым шықты. Ахмет Байтұрсынұлының, Қошке Кемеңгерұлының - лингвистика, тарих, әдебиеттану, әдістеме; Міржақып Дулатұлының, Әлімхан Ермекұлының, Сұлтанбек Қожанұлының -математика; Жүсіпбек Аймауытұлының - психология; Мағжан Жұмабайұлының - педагогика; Телжан Шонанұлының - тарих, тіл; Мұхтар Әуезұлының - әдебиет; Жұмағали Тілеуліұлының - медицина ғылымына байланысты оқу құралдары жарық көрді. Әлихан Бөкейхан бастаған енді бір топ ғалым орыс тіліндегі дүниелік ғылымдарды танытатын оқулықтарды, ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аудара бастады". Аударма саласында өнімді еңбек еткен қайраткерлердің бірі - Абдолла Байтасұлы.
Аудармашылық қабілеті оның ерекше дарындылығын танытады. Қазақ тілі мен орыс тілін еркін меңгергендікген, сонымен қатар білікті тілші болғандықтан А.Байтасұлы аудармамен еркін айналысқан Ол Вагнерден "Жануарлар туралы әңгімелер" (Ташкент, 1924, 126 бет), профессор Гейкден "Физикалық география" (Ташкент, 1924, 204 бет), Г.И.Ивановтың "Бастауыш жағрафия", В.Семейкиннің "Күн қуатының құрылысы" туралы еңбектерін қазақшаға тәржімалады.
Осы кітаптарға сын жазып, лайықты бағасын берген алаш көсемі Әлихан Бөкейхан еді. Әлихан Бөкейханның өзі де көркем мәтін ғылыми мәтін мен ғылыми-көпшілік мәтіндерді аударып, аударма саласында мол мұра қалдырған.
"Қаламы жүйрік оқымысты балаларға арналған оқулық әдебиеттерді де, саяси әдебиеттерді де, ғылыми еңбектер мен публицистикалық әдебиеттерді де аударды. Оның аудармаларынан да "Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген өмірлік мақсатының айқын көрініс беріп тұрғаны аңғарылады.
Өзі де білікті қаламгер Әлихан Бөкейхан орыс тілінен аударылған кітаптарға сын айтқан Мәселен Абдолла Байтасұлының аудармасына айтқан сыны: "Абдолла жолдас орыс кітабын қазақшалауға шебер, кітаптың қазақшасы хат білетін қазаққа түсінікті.
Бұл кітап мектепте, мұғалімде болғаны оң. Мұны оқып алған мұғалім балаларға сабақ берсе, құрал болады. Орыс тілін білмейтін жастар бұл кітапты оқымаса болмайды", - деп жоғары дәрежеде бағасын бере кетеді.
Сонымен бірге қыр баласы кемшіліктерші де атап өтуді жөн көреді: "Абдолла жолдастың ақ саған жерлері мынадай: Абдолла "шар, шар" деп келеді (28-34 бет-тер) бұл доп қой! "Мысал үшін" дейді (27-бет) - бұл орыстың "для примерасы ғой!
Бұл қаламның тас басып, тасырқағанына куә! Мұнан жазушы қазақ құтылуы керек.."Яғни", "яки", "егер" дейді. Бұлар жазылған бет толып жатыр. Мұнда тізіп те керек емес. Қазақ "яғни", "яки", "егер" деп сөйлей ме? Бұда сөзге олақтылықты, қаламның шабандығының, қамшы тілегені ғой. Жазушы қазаққа бұл құрал емес".
Байқап отырғанымыздай, ғасыр басында зиялылардың аудармаға қойған негізгі шарттары - қазақ түсінігіне жеңіл тұрмысына, болмысына үйлескен болуы, ана тіліміздің табиғатына сәйкес келмейтін оралымдарды, стандарт тіркестерді қолданбау, т.с.с. болған.
Абдолла Байтасұлының аударма саласындағы мұрасын ұлт көсемі Әлихан Бөкейханнан кейін бірде-бір зерттеуші қарастыр-маған Сондықтан алдағы уақытта А.Байтасұлының аудармаларынан тілімізге қажетті көптеген терминдерді, ғылыми атауларды жүйелеп, сөздік қорымызға қосу жұмысы тілші ғалымдардың алдына қойылған міндет. Бұл тілімізде қап-тап кеткен шетел сөздерінен арыл-туға, сөздік қорымызды байытуға мүмкіндікберереді.
Қорытындылай келгенде, Абдолла Байтасұлының Мағжан Жұмабайұлы,Қошке Кемеңгерұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезұлы сынды алаштың ұлы тұлғаларымен бір мақсат пен мұратты кездеген, ұлттың қамын жеген, келешегін ойлаған алаштың асыл азаматы болғанына анық көзіміз жетіп отыр.
Гүлсезім Теміртас, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 4-курс студенті.
Теміртас.Г. Асыл азамат. // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 13 сәуір. -9 -10 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |