Литературоведение. Художественная литература 
�������� 4
![]() |
Бұл кітап ХІХ-ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында біздің Солтүстік Қазақстан өңірінде өмір сүрген қазақтың білімді ғалым қызы Ұмсын Жұсыпқызының аянышты өмір жолы туралы және оның қызы Күләмай туралы. Сонымен бірге мұнда Ұмсынның туыстарының және Күләмайдың ұрпақтары туралы да айтылады. Кітап қалың оқырманға арналады. |
![]() |
Бұл басылымда алдымен автордың өмір белестері сөз болады. Одан соң ертеде өлкеміздің ел қорғаны болған батырлар, ел басқарған қайраткерлер, ақындар жайындағы автордың азды-көпті зерттеу жұмыстарының ой қорытындылары келтірілген. Кезінде өлкемізде еңбек сіңірген замандас абзал азаматтар да кеңінен сөз болады. Басылым көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
Kөpнектi мемлекет және қоғам қайраткері, бeлriлi турколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың бұл кітабына елу жыл бойғы жүйелі зерттеулерінің нәтижесінде жазылған ¥лы дала әдебиетінің көне дәуірдегі арғы тегі мен даму кезендері, кейіннен кемелденген жауһар мұра ретінде жаһанға танылып, жанрльқ турлері байып, жаңа заманға ұласқан сөз өнеріміздің алуан қырлы дәстур сабақтастығы туралы іргелі еңбектері енгізілді. Автор ¥лы дала әдебиетінің тасқа таңбаланған ежелгі мәтіндері, қағазға түскен орта ғасырдағы нұсқалары, сонымен бipre XX ғасыр бедерінде ауызша үлгіде дамыған төкпе ақын-жыраулық поэзияның тұңғиық табиғатын кешенді де жүйелі сараптайды. |
![]() |
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет кайраткері, халықаралық Қ.И. Сәтбаев қорының құрметті президенті, Солтүстік Қазақстан облысының, және Сәтбаев, Жезқазған, Көкшетау қалаларының Құрметті азаматы Кәкімбек Салықовтың бұл жинағында еліміздің ұлтжанды азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Тәуелсіздіктің қазанат қайраткері, әмбебап туған мырза мейір, парасатты тұлға Қуат Есімхановқа арнаған поэзиялық ұшқыр туындылары беріліп отыр. Академик Манаш Қозыбаев пен Қуат Есімхановтың, Ермак қаласын Ақсу атандыруға сіңірген еңбектері кітаптың тұла бойында толқындап жатыр. Ақиық ақынның қанатты жырларының ел жүрегіне «Жезкиіктей» жүйткіп жетеріне кәміл сенеміз, өйткені автор бейнелеп отырған азаматтың, өмірі ұрпаққа үлгі болады деп білеміз. |
![]() |
Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Ғ. Мүсіреповтің бұл романында ескі салт-дәстүр мен әдет-ғүрыпқа қарсы шығып, ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы суреттелген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. |
![]() |
Қазақ әдебиетінің классигі, қайталанбас сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы — қазақ әйелінің аяулы, ақылды, қажырлы, іскер, қайсар бейнесін сомдаған шұрайлы шығарма. Есеней биден ел басқару тізгінін тасырлықпен емес, талантымен қолына алған Ұлпан бейнесі жазушының аса ірі табыстарының бірі. Жазушы өзінің күнделігінде: «Ұлпан — менің Монна Лизам» деп жазғаны бар. Адам жанының тазалығын, ізгілік нұрын әспеттеген, әйгілі сөз шеберінің арман-аңсарынан туған туындының қай оқырманның да жүрегінен орын алары сөзсіз. |
![]() |
|
![]() |
Журналист Сәуле Досжанова осынау ғұмырнамалық баяны өміріміздің ең жұлынды тақырыбы — ұрпақ тәрбиесі мен тумысынан табиғаты бөлек дарынды адамның зайыбы болудың тауқыметі туралы. Жар көзіндегі өнер адамының бейне-болмы-сы сомдалған. Бейнеттен бойын тартпай, маңайына шуақ шаша жүріп, болсын деген ілгергі тілеумен даңқ биігіне шыққан адамның арпалысы мен күресі нақты өмірден алынған. Кітаптың тіл бояуы құнарлы, окырманды ой мен орқилы сезім иірімінде ұста-уымен ерекшеленеді. Жүрек шамы қайтсе жарқырап жанады, иықтағы тіршілік қабымызға зілдей етігі не салып арқалап жүрміз деген пәлсапаға жиі жүгінеді. |
![]() |
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш тұлғасы, әдебиетші, жазушы, көсемсөзші Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) шығармаларының 3-томына көркем аудармалары мен таңдамалы еңбектерінің қазақша-орысша нұсқалары (бүгінгі тәржіме) еніп отыр. Сондай-ақ мұнда қаламгердің бірсыпыра елшіл сөздері (баяндама, көсемсөз) ұсынылды. Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған. |
![]() |
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш тұлғасы, әдебиетші, жазушы, көсемсөзші Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) шығармаларының 2-томына танымдық еңбектері мен қоғам мәселесін саралаған еңбектері, баяндамалары, хаттары еніп отыр. Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған. |
![]() |
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш тұлғасы, әдебиетші, жазушы, көсемсөзші Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) шығармаларының 1-томына роман, повесть, әңгімелері және руханиятты саралаған еңбектері еніп отыр. Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған. |
![]() |
Үшінші томға жазушының «Өтелген парыз», «Шабуыл», «Дала жүлдызы», «Нүрлы тас», «Қөктем желі» т. б. пьесалары еніп отыр. |
![]() |
Жыр дүлдүлі, аса дарынды ақын Мұкағали Макатаев поэзия көгінен құйрықты жұлдыздай ағып түскенімен, оның өлең-жырлары-ның жарық сәулесі уақыт керуені алға жылжыған сайын жарқырай бермек. Ақынның жан-дүниесі, бітім-болмысы — бар жаратылысы өлеңнен өріліп, жырдан жаралғандай. Кітап мектеп оқушыларына арналған. |
![]() |
Сейтат Сауытбековтің "Үлес" атты осы жинағы "Жазушы" баспасынан 1978 жылы 5000 данамен жарық көрген. Кокшетау университетінің (ректоры профессор Жанат Қасым) баспахапасынан екінші рет шығарылып отыр. |
![]() |
Көрнекті қазақ драматургі IIIахмет Хұсаиновтың бұл жинағына соңғы жылдары жазылған, көрермендер көңілінен жылы орын алған пьесалар кіріп отыр. «Әбунәсір Әл Фарабиде» қазақ топырағынан шыққан тамаша ғалым Фараби өмірі сөз болса, «Алғашқы ұшқынбардан» біз революция күрескері Ғани Мұратбаевтың бейнесін көреміз. |
![]() |
Өнертанушы, киногер, әнші Ерлан Төлеутайдын бұл кіта-бында ұлы композитор Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы жайында егжей-тежейлі баяндалады. Шығармада ұлы әншінің өмір жолы тұтас қамтыла зерттелген, сондай-ақ композитордың барлық әндерінің шығу тарихы нақты айғақтарға сүйене отырып, ғылыми негізде сарапталған. Зерттеуші бұл еңбегінде Үкілі Ыбырай турапы хатка түскен барлық деректерді мұкият саралап, өнертану ғылымы тұрғысынан тың пайымдар, соны тұжырымдар жасаған және әншінің бізге жеткен мұрасының барлығын осы енбегіне жинастыра топтастырып, нота жазбалары бойынша жүйелеген. Кітап көпшілік кауымға және халкымыздың музыка өнерінің негізін салушы ұлы тұлғалардың өмірі мен өнер жолын тануға ұмтылған талапкерлерге арналған. |
![]() |
Мүтәллап Қанғожин — оқушы қауымға бұдан бұрын екі жинақ ұсынған автор. Ақынның бұл кітабына соңғы жылдары әр алуаз тақырыпта жазған өлең-жырлары енгізіліп отыр |
![]() |
Қайролла мен Күлзаги Мұқановтардың еске алуына орай қүрастырылған кітап. Қалың оқырманға арналған. |
![]() |
Есләм Зікібаевтың «Құс ғұмыр» атты бұл жыр жпнағына әр жылдары жарық көрген өлең кітаптарының ішінен таңдаулы өлеңдері іріктеліп алынды. Жасампаз өнірдің жарқын беттерін ашатын ақын өлеңдері анық бояуларымен ажарлы. |
![]() |
Бұл кітапшада журналист Бақыт Мұстафин Солтүстік Қазақстан облысының атақты диханы Социалистік Еңбек Ері Құрманғали Сұрағанов туралы сыр шертеді. Оның еңбек жолы, жастарға деген ыстық ықыласы мен қамқорлығы, еңбекке көзқарасы жылы да жатық баяндалады. |