Литературоведение. Художественная литература 
�������� 6
![]() |
Поэзия — ақынның қан қысымы, жүрек қызуы десек, өмірден өткен өрелі қаламгер Е. Зікібаевтың келешек ұрпактарға қалдырып кеткен мол мұрасы соның айқын көрінісі іспетті. Ол тірлігінің соңғы жылдарында тынымсыз іздену арқылы көркемдік қиырларына шарқ ұра көтеріліп еді. Әсіресе, өмір мен өлім, махаббат пен ғадауат шарпысқан шақтардан туғандай сезілетін жырларынан айрықша қуат, шабытты рух лебі еседі. Соның бәрінде де Ел ертеңіне елең көңіл, өзі айткандай «бір беті мұң, бір беті ән» ғұмырнамасынан өрнектеген адами-философиялық ой-толғамдар, жан толғаныстары мен тұнық акыл, сергек сезім сүзекісінен өткен ғибрат бар. |
![]() |
Көп жасадым, көп көрдім. Өмірден оқығанымды, көңілге тоқығанымды, сырымды, мұңымды, өмірге көзқарасымды, ұрпаққа айтарымды аманат етіп жаздым бұл жинақта. Әрбір қарттың айтары да жазары да бар. Мен де олардың бірімін. Жан-дүниемді осы жинақта тарқатқандай болдым. Мұның бәрін оқушыларым бағалар. |
![]() |
Библиотека Журнала «Amanat». Выпускается по программе Комитета информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан
|
![]() |
Кітапқа республикаға танымал ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Шияп Садықов туралы оның әріптестері мен шәкірттері жазған. естеліктері еніп отыр. |
![]() |
Қазақтың дәстүрлі сәулет өнерінің көрнекті шебері, ақын Сайын Назарбекұлы бұл кітабында көшпелі өмір салтқа бейімделген қазақтың киіз үйінің халық талгамындағы көптеген қасиеттерін ашып көрсетуге көбірек мән берген. Сондай-ақ, киіз үй туралы тарихи деректер, алғышарттар, бітім-құрылымы жайындағы этнографиялық пайымдаулар жан-жақты қарастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған. |
![]() |
Әйел-ана тағдыры — Социалистік Еңбек Ері, Қазак ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик-жазушы Ғабит Мүсреповтің сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана — тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһармандықтың да үлгісі. Қазаң халқының тарихын терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел-ананың әлеуметтік ролін, ко-ғамдың мәнін, гуманистік, патриоттық биік қасиеттерін зор шабытпен бейнелеген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы» «Ашынған ана», «Ақлима», «Атаңты әнші Майра» және тағы басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр. |
![]() |
Әйел-ана тағдыры — Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик-жазушы Ғабит Мүсреповтің сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана — тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһар-мандықтың да үлгісі. Қазақ халқының тарихың терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел-ананың әлеуметтік ролін, қоғамдық мәнін, гуманистік, патриоттың биік қасиеттерін зор шабытпен бейнелөген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы» «Ашынған ана», «Ақлима», «Атақты әнші Майра» және тағы басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр. |
![]() |
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көшбасшыларының бірі, академик-жазушы Сәбит Мүқановтың "Қазақ қауымы" атты бұл еңбегі осыдан біраз жыл бұрын көптеген қысқартулармен жарық көрген еді. Біз сол олқылықтын орнын толтырып, жазушы мұрасын толық күйінде қайта ұсынып отырмыз. Кітап көпшілік қауымға арналады. |
![]() |
Қолыңыздағы шағын шежірені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көп жыл бойы халық арасынан, ел аузынан інжу-маржандай жиып-теріп қағаз бетіне түсірген екен. Сол еңбекті бүгінгі окушыға жеткізуші — филология ғылымының кандидаты, ақын Сәрсенбі Дәуітұлы. Халықтың өткенінен өзінше сыр шерткен шежіренің мән-мағынасы өзгеше екені даусыз, оның үстіне ара-арасында Мәшһүр Жүсіптің ой өрістетіп, өз көқіл күйінен хабар беріп отырғаны да бір ғанибет. |
![]() |
Оқу құралында қазақ тілі стилистиканың теориялық мәселелері, әдеби тіл нормаларының, функционалды стиль түрлерінің даму тарихы мен қазіргі жайы және лексика-грамматикалық стилистика туралы түсініктер беріледі. Әрбір бөлімнің мазмұнына сай сұрақтар мен тапсырмалар, өз бетімен орындауға арналған тәжірибелік тапсырмалар, тест үлгілері беріледі. |
![]() |
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі коғам және мемлекет қай-раткері, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтын бұл жинағында Еңбек Ері, Отан соғысының ардагері, Ел абызы атанған кемеңгер ақса-қалымыз Бәйкен Әшімовке арнаған шығармалары топталған. Қазақстан Үкіметін он төрт жыл басқарған ұлтымыздың ар-дақты азаматы Б. Әшімовтің бейнесі — поэма, реквием және өлеңдерде кең ашылған. Парасатты нар тұлғаға арналған ақиқат лирикасында заман лебі де аңқып тұр. |
![]() |
Оқу-әдістемелік құралда қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәнінің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес дәріс материалдары, практикалық сабақтардың жоспары. бақылау сұрақтары мен тапсырмалар, тест және жүйелі фонетикатық талдаудың үлгілері беріледі. |
![]() |
Айтыстың бірінші кітабына соңғы он бес жыл көлемінде Республиқалық жөне Халықаралық деңгейдегі өткен айтыстар енгізіліп отыр. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Монографияда Ғалым Малдыбаев шығармаларының ұлттық танымдық болмысы мен тілдік табиғаты айқындалады. Ақынның поэзиялық шығармаларының табиғатын тіл ғылымының жаңа қырынан танытып қоймай, әлемнің ұлттық тілдік бейнесін жасаудағы қаламгердің шеберлігі, сөз қолдану даралығы мен концептілер өрісі талданады. Зерттеуде Ғ. Малдыбаев дискурсының когнитивтік мәні сараланып, көркем мәтінді жүйелі-семантикалық талдау негізінде тілдік тұлға түсінігі сипатталады. Конңепті, оның құрылымы мен түрлері, әлемнің тілдік бейнесі туралы түсініктер когнитівтік лингвистика тұрғысынан түсіндіріледі. |
![]() |
|
![]() |
XX ғасырдағы қазақ көркемсөз өнерінің аса көрнекті өкілі, үлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алыптарының бірі, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтің жарқын бейнесі оның өзі жазып қалдырған шығармалары арқылы біздің жадымызда әрдайым сақталуымен қоса, қазақ ақындарының атақты сөз зергеріне арнаған әралуан өлең-жырлары арқылы да қайта жаңғырады. Бұл кітапта өлеңмен өрілген, жырмен қашалған ғажайып Ғабең бейнесімен сағына қауышамыз. |
![]() |
Кітап үш бөлімнен түрады. Біріншісінде академик — жазушы Ғ. Мүсреповтің ана тіліміздің мәдениетіне қатысты әр кезде айтылған ойлары талданады. Зерттеушінің Ғ. Мусрепов шығармаларының ерекшеліктеріне көзқарасы екінші бөлімді құрайды. Үшінші бөлімде кітап авторы тың мәселені сөз етеді. Дәлірек айтқанда, Ғ. Мүсреповтің шешендік өнерін зерттеу ісіне бастама жасалып отыр. Монография Қазақстан Республикасы мемлекетгік тілінің жанашырларына арналады. Бұл еңбекті орта, жоғары оқу орындарында дәріс беру процесінде пайдалануға болады. |
![]() |
Кітапқа қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұрасы, атап айтқанда, проза, драматургия саласындағы кесек туындылары туралы ангордың әр жылдары жазылған әдеби-публицистикалық толғамдары енгізілді. Олардың кейбір түстары қаламгердің жүз жыддық мерейтойына орайластыра және тарихи жаңа дәуір түрғысынан ішінара қайта қаралып толықтырылды. Кітап Ғ. Мүсірепов талантына тәнті қалың оқырман қауымға арналады. |