Литературоведение. Художественная литература 
�������� 5
![]() |
Жинаққа автордың көп жылғы өмір тәжірибесінде орын алған ірілі-уақты оқиғалар тізбегінен сұрыпталып алынған жәйттер енген. Кекірегі ояу, сезімі қағылез адам болмаса табиғатта жайшылықта көзге іліге қоймайтын болмыстарды қалт жібермеген автор нені айтса да сендіре айтқан. Жазушының «Сыр сандығы» көркем дүние, өмір дерекке құрылған повесть десе де болады. |
![]() |
Зейнел-Ғаби Иманбаевтың «Қыран түлегі» кітабына екі повесть, бірнеше әңгімелері енген. Шығарма тілі шұраилы, желісі тартымды. «Қадиша» атты повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы ауыртпалық-қиындықтарды қасқаиып қарсы алған еліміздің ер-азаматтары, олардың әсерлі беинелері көңілге жылылық ұялатады. Ал «Жасыбай атай», «Кішкене Құсайынның әңгімелері»— оқиғасымен қызықты да әсерлі. |
![]() |
|
![]() |
Бұл жинақтың авторы Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспа-нова — осы Қызылжарда туғал, мамандығы — дәрігер. Марал ақындықты кәсіп етпесе де, әрбір ақынжанды қазақ қызына тән мінез бен ойға келіп қалған шумақтарды қағазға түсіріп жүреді. Жинақтағы өлендердің риясыз шын жүректен шыққандығын оқырман өзі де байқар. Маралдың сыр сандығындағы өлеңдер тұңғыш рет кітап түрінде қалың оқырманға ұсынылып отыр. |
![]() |
Бұл жинаққа облыс қаламгерлерінің шығармалары топтастырылып отыр. Жинақ - облыс әкімдігінің қолдауымен ұлы жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың 110 жылдығына орай шығарылды. |
![]() |
Бұл Мүтәллап Қанғожиннің екінші жинағы. Оның жырларының негізгі арқауы — Сарыарқаның әсем табиғяты дала төсіндег алып құрылыстар, алтын дәнді сапыған диханшылар еңбегі. Ауыл адамдарының күнделікті тіршілігі, олардың рухани жан дүниесі Мүтәллап жырларынан ылғи да байқалып отырады. Өз қаһармандарының арасында тұратын жас ақын шеберлігін шыңдау үстінде екендігін танытады. |
![]() |
Жазушы және ақын Мәжит Дәулетбаев — 1920-30 жылдар ішінде қалам тартып, қазақ совет әдебиетінің өркен жаюына өзіндік үлес қосқан, артына үлкен мұра қалдырған көрнекті қаламгер. Жазушының «Қызылжар» романы, «Партизандар» повесі кезінде жоғары бағаланып, ұлт әдебиетінің елеулі табыстарының қатарында саналған. «Қызылжар» романы — революция алдындағы қала тұрмысын, қазақ жұмысшыларының таптық сана-сезімінің оянып, өсуін, Совет өкіметін орнату жолындағы табанды күресін, халықтар достығын шынайы суреттейтін алғашқы туындылардың бірі. «Партизандар» повесі де өзінің тақырып, мазмұн бітімімен ерекшеленетін шығарма. Бір топ ауыл кедейлері бірігіп партизандыіқ топ құрып, жақындап келе жатқан Қызыл Армияға іштен көмекшілік роль атқаруын автор бейнелі де бедерлі көрсетеді. |
![]() |
Қызылжар - қазақ әдебиетінің талай марқасқаларын құндақтаған касиетті өлке. Шалқар шабыт иесі Шал ақын, марғаска Мағжан, сөз зергері Сәбит, кемеңгер Ғабит, қара өлеңнің жезкиігі Кәкімбекті туған топырақ қазіргі таңда да қаламгерлерге кенде емес. «Қызылжар ақындар аитологиясы» жинағын өлең қонған өңірдің бүгінгі буынының жырлары еніп отыр. Алдыңғы толқын ағалар мен ізін басқан жалынды жастардың жүрек төрін жарып шыққан отты өлеңдері оқырманын бейжай қалдырмауы тиіс. |
![]() |
Ақын Жарасбай Нұрқанов «Қара көздер», «Нұрлы терезе», «Алтын десте», «Арманым менің», «Терең барлау», «Буынсыз бала» және тағы басқа жыр жинақтарымен оқырман қауымға жақсы таныс. Оның ел-жұртына арнаған өлеңдері көркемдігімен, соны теңеу, шебер ұйқастарымен ерекшеленеді. «Қызылжар» атты жинаққа ақынның әр жылдардағы таңдамалы шығармалары мен соңғы уақытта жазған өлеңдері, поэмалары, арнаулары мен толғаулары енгізілген. |
![]() |
|
![]() |
Қазакстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист Марал Зейнел-Ғабикызының «Қоңыр дәптер» атты кітабіне казак еліне, туған жеріне деген, Егемен Қазакстан тәуелсіздігіне арналған өлеңдер, ұрпак тәрбиесіне, адамның жан-дүние байлығы, адами асыл касиеттер мен құндылыктар туралы терең ойлы өлеңдер, өмірбаяндык деректер және көптеген өмір көріністері енгізілген. |
![]() |
Кеңестер Одағы және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Зейнел-Ғаби Иманбаев — 16 жинақтың авторы. Туған жеріне алтын қазық бола білген қаламгер ауыл өмірін, ел тарихын көп жыл бойы эерттеп, шығармаларына арқау ете білді. Бала тәрбиесі, адамгершілік тақырыбы, сондай-ақ туған жердің тылсым тіршілігі, аңшылық жайлы толғаған туындылары — келер ұрпаққа баға жетпес асыл мұра. Кітапты құрастырған — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, жазушының қызы — Алтын Иманбаева. |
![]() |
Қожаберген Толыбай сыншыұлы - (1663-1763) кең байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді қызғыштай қорғаған атақ-ты батырларымыздың бірі, 1688-1710 жылдары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған ордабасы, ірі тарихи тұлға. Атақты «Жеті жарғы» заңнамасын жазуға қатысқан Қожаберген қазақ халқының ерлігін, елдігін, жырлаған ақын, жырау. Бір өкініштісі, Қожаберген бабамыздың баға жетпес әдеби мұралары толық сақталмаған, осы уақытқа дейін халыққа жетпей, зиялы қауым және ғалымдардың назарынан тыс қалып келді. Батыр бабамыздың оқырмандарға ұсынылып отырған осы жинағы оны тереңірек танып-білуге жол ашады деген үмітті ойға жетелейді. |
![]() |
Еңбекте Солтүстік — Қазақстан өңірінің тумасы, қазақ халқының XYII ғ. екінші жартысы мен XVIII ғ. 6iрінші жартысында өмip сүрген ақын-жырау, әнші, күйші, сазгер және халық батырларының бipi — Қожаберген жыраудың мұрасы концептуалдық тұрғыдан талданып, шығармаларының лингвостилистикалық сипаты айқындалады. Жыраудың шығармашылық болмысы мен таным деңгейін, суреткерлік шеберлігін танытатын көркемдік тісілдер нысанға алынады. Монография филология мамандығының студенттері мен магистранттарына, оқытушыларға. жалпы көркем шығарма тілін зерттеуге кызығушылық танытатын ізденушілерге арналады. |
![]() |
Еңбекте Солтүстік - Қазақстан өңірінің тумасы, қазақ халқының ХҮІІ ғ. екінші жартысы мен ХҮІІІ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген ақын-жырау, әнші, күйші, сазгер және халық батырларының бірі - Қожаберген жыраудың мұрасы концептуалдық тұрғыдан талданып, шығармаларының лингвостилистикалық сипаты айқындалады. Жыраудың шығармашылық болмысы мен таным деңгейін, суреткерлік шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер нысанға алынады. Монография филология мамандығының студенттері мен магистранттарына, оқытушыларға, жалпы көркем шығарма тілін зерттеуге қызығушылық танытатын ізденушілерге арналады. |
![]() |
Жазушы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қобылан қажы Хамзаұлының баспадан шыққан бірнеше кітаптары қолымызда бар. Ұйыған көңілмен оқып, мән-мағыналарын ойға тоқып, ерекше риза болып журеміз. Жазушының ақындық туындыларымен де жақсы таныспыз. Өлең кітаптары нағыз ақындық шеберліктің туындылары деп қабылдаймыз Өлеңдері алуан түрлі өмір тақырыптарына арналған. Әсіресе елге, жөрге, елдің азаматтарына арналып жазылған шығармалары оқырманға ой тудыратын, әсерлі екенін атағанымыз орынды. Қолымыздағы «Қияда самғаған қырандар» атты еңбегі осы ойымыздың айғағындай терең мағыналы шығарма. Кітапта еліміздің біртуар азаматтарына арналған толғаулар топталған екен Әрқайсысының әрлі суретіндей, бейнесін, жан дүниесін жарқырата ашып түрған туындылар. Кітап сонысымен құнды, үлгілі, өнегелі еңбек. |
![]() |
Кезінде шаруашылыктың бас агрономынан бастап аудан, облыс, республика дәрежесінде басшы қызметтер атқарған елімізге белгілі азамат, ардагер аға Ғазиз Есмұқанұлы осы ғұмырбаяндық хикаяларында өзінің өнегелі өмір жольшан сыр шертеді, әрбір замана суреттерін, қазақ ауылының тыныс- тіршілігін әсерлі баяндайды. Кітаптың тағылымды жайлары көп. Әсіресе, шетелдегі қазақтардың туган елге қоныс аудару мәселелері зор тебіреніс- толғаныспен суреттелген. Азамат бейнесін толықгырып сомдай түскен замандастар әңгімелері де кызғылықты оқылады. |
![]() |
Бұл кітапта қазақтың көрнекті акыны, Қазақстан Реслубликасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек САЛЫҚОВТЫҢ айтулы азамат, '"Құрмст" орденікің иегері, Алматы қаласының оркендеуіне белсенді түрде ат салысқан қүрлысшы, қала МЭР-інің орынбасары, қалалық аудан басшысы болған қайраткер, бүгінгі тандаты белгілі кәсіпкер, Е.Мұқыжановқа арналған өлендері кіріп отыр. |
![]() |
|
![]() |
Ермек Қонарбаев өмірден де, өнерден де өз орнын тапқан талантты жазушы болатын, өкінішке орай, арамыздан ерте кетіп қалды. Мына кітапқа енген повестер мен әңгімелер марқұмның туған халқына айтқаи соңғы сыры секілді... Оқушы жүрегіне сара жол табады деп сенеміз. |