Литературоведение. Художественная литература
�������� 7
Жарты ғасырдай редакцня қабырғасында қызмет істеген жылдарымда талай-талай жасы үлкен ағалармен де, өзім тетелес құрбы-құрдастарыммен де ізімізді басқан өкшелес іні-қарындастарыммен де бірге жүріп, бірге сңбек еттік. Қиындығы мен қызығы мол журналистік жолда басымыздан бірталай жәйттерді де өткердік, «Ештен кеш жақсы» дегендейін, сәл болса да езу тартқызарлық есте қалған сол оқиғалардың біразын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдім. |
Қазақтың дәстүрлі сәулет өнерінің көрнекті шебері, ақын Сайын Назарбекұлы бұл кітабында көшпелі өмір салтқа бейімделген қазақтың киіз үйінің халық талгамындағы көптеген қасиеттерін ашып көрсетуге көбірек мән берген. Сондай-ақ, киіз үй туралы тарихи деректер, алғышарттар, бітім-құрылымы жайындағы этнографиялық пайымдаулар жан-жақты қарастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған. |
Бұл кітап Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының 20 жылдығына арналып отыр. Баспа жобасы аясында кітапта еліміздің әр аймағындағы білікті де, беделді, белсенді де, танымал әйелдердің қоғамдағы орны, олардың рөлдерін арттыру, мемлекетіміздегі гендерлік саясаттағы жетістіктер туралы баяндалады. Жастары да, тұратын мекендері де, қоғамдағы орындары да әрқилы болғанымен олардың бәрінің мақсаттары бір. Ол — өмірде өздерінің лайықты орындарын тауып, бақытты өмір сүру, еліміздің дамуына өз үлестерін қосу. Книга посвящена 20-летию Ассоциации деловых женщин Казахстана. В рамках издательского проекта известные, успешные, самодостаточные, авторитетные, активные женщины из разных регионов страны рассказывают о достижениях в области тендерной политики и о необходимости повышения их роли в обществе. Разных по возрасту, статусу, уровню признания, месту проживания, их объединяет одно: стремление сделать свою жизнь счастливой и качественной, а Родину — процветающей. |
Әйел-ана тағдыры — Социалистік Еңбек Ері, Қазак ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик-жазушы Ғабит Мүсреповтің сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана — тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһармандықтың да үлгісі. Қазаң халқының тарихын терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел-ананың әлеуметтік ролін, ко-ғамдың мәнін, гуманистік, патриоттық биік қасиеттерін зор шабытпен бейнелеген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы» «Ашынған ана», «Ақлима», «Атаңты әнші Майра» және тағы басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр. |
Әйел-ана тағдыры — Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик-жазушы Ғабит Мүсреповтің сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана — тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһар-мандықтың да үлгісі. Қазақ халқының тарихың терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел-ананың әлеуметтік ролін, қоғамдық мәнін, гуманистік, патриоттың биік қасиеттерін зор шабытпен бейнелөген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы» «Ашынған ана», «Ақлима», «Атақты әнші Майра» және тағы басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр. |
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көшбасшыларының бірі, академик-жазушы Сәбит Мүқановтың "Қазақ қауымы" атты бұл еңбегі осыдан біраз жыл бұрын көптеген қысқартулармен жарық көрген еді. Біз сол олқылықтын орнын толтырып, жазушы мұрасын толық күйінде қайта ұсынып отырмыз. Кітап көпшілік қауымға арналады. |
Қолыңыздағы шағын шежірені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көп жыл бойы халық арасынан, ел аузынан інжу-маржандай жиып-теріп қағаз бетіне түсірген екен. Сол еңбекті бүгінгі окушыға жеткізуші — филология ғылымының кандидаты, ақын Сәрсенбі Дәуітұлы. Халықтың өткенінен өзінше сыр шерткен шежіренің мән-мағынасы өзгеше екені даусыз, оның үстіне ара-арасында Мәшһүр Жүсіптің ой өрістетіп, өз көқіл күйінен хабар беріп отырғаны да бір ғанибет. |
Белгілі жазушы және әдебмет зерттеушісі М. Мағауиннің «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты еңбегі көп томдык қазақ әдебиеті тарихының үшінші кітабы. Ғалым жаугершілік, үлы жиын, той-думан күндерінде, ел абыржыған, халық толқыған, хан дағдарған кездерде жүрт алдына шығып, көсемдік танытқам жыраулардың жыршылық өнерін саралай зерттеп, толғаулардың ойшылдық, сыршылдық сипатына барынша кең тоқталады. Жыраулардың ерте кездегі халық поэзиясын дамытушы өнегелі ақың, әрі елдің ақылғой ақсақалы ретіндегі бейнесін ашып көрсетеді.
|
Оқу құралында қазақ тілі стилистиканың теориялық мәселелері, әдеби тіл нормаларының, функционалды стиль түрлерінің даму тарихы мен қазіргі жайы және лексика-грамматикалық стилистика туралы түсініктер беріледі. Әрбір бөлімнің мазмұнына сай сұрақтар мен тапсырмалар, өз бетімен орындауға арналған тәжірибелік тапсырмалар, тест үлгілері беріледі. |
Герольд Карлұлы Бельгер, жазушы, аудармашы, публицист, ұлты неміс, тілі орыс, қазақ және неміс, дүние танымы, түйсік-түсінігі қазақ десе де шындыққа саяды. Жеті жасынан қазақ ортасында өскен. Мына кітапшада қзақтың тілі, ділі, рухы, табиғи ерекшелігі, әдебиеті сөз болады. |
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырған, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосқан Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл жинағына нақты өмір суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен, сондай-ақ ақылгөйлік, әлеуметтік-ағартушылық сипаттағы өлеңдерімен бірге «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Қодардың өлімі» және «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты эпикалық поэмалары берілген. |
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі коғам және мемлекет қай-раткері, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтын бұл жинағында Еңбек Ері, Отан соғысының ардагері, Ел абызы атанған кемеңгер ақса-қалымыз Бәйкен Әшімовке арнаған шығармалары топталған. Қазақстан Үкіметін он төрт жыл басқарған ұлтымыздың ар-дақты азаматы Б. Әшімовтің бейнесі — поэма, реквием және өлеңдерде кең ашылған. Парасатты нар тұлғаға арналған ақиқат лирикасында заман лебі де аңқып тұр. |
Оқу-әдістемелік құралда қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәнінің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес дәріс материалдары, практикалық сабақтардың жоспары. бақылау сұрақтары мен тапсырмалар, тест және жүйелі фонетикатық талдаудың үлгілері беріледі. |
Айтыстың бірінші кітабына соңғы он бес жыл көлемінде Республиқалық жөне Халықаралық деңгейдегі өткен айтыстар енгізіліп отыр. |
|
Бұл кітапта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, талантты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде еліміздің экономикасы нығайып, өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосқан парасатты азамат Мақтай Сағдиевтің өмір жолы мен қызметі жан-жақты, кеңінен толғап, кестелі тілмен баяндалады. |
|
Халқыыыздың ерлік дастандары туралы ой толғаған «Жыр қайнары». «Терең тамырлар», «Толғандырар тағдырлар» атты кітаптарымен қалың оқырман қауымына танымал болған автордың солардың заңды жалғасы іспетті бұл еңбегінде қазақтың эпикалық дәстурі туралы ғылымның даму тарнхына, сол дәстүрді дамытуға қазақ совет ақындарының қосқан үлесіне тың тұжырымдар жасалады. Ақындардың жазғандары, шығарғандары Октябрь революциясына дейінгі ақындардың қолжазба, жарық көрген баспа нұсқаларымен қатар алынып, салыстырмалы талданады. |
Халқымыздың ерлік дастандары туралы ой толғаған «Жыр қайнары». «Терең тамырлар», «Толғандырар тағдырлар» атты кітаптарымен қалын окырман қауымына таныыал болған автордың солардың заңды жалғасы іспетті бұл еңбегінде қазақтың эпикалық дәстүрі туралы ғылымның даму тарнхына, сол дәстүрді дамытуға қазақ совет ақындарының қосқан үлесіне тың тұжырымдар жасалады. Ақындардың жазғандары, шығарғандары Октябрь революциясына дейнгі ақындардың қолжазба, жарық көрген баспа нұсқаларымен қатар алынып, салыстырмалы талданады. |
«Мәдениет университетінің тыңдаушыларьша көмек» атты серияда шығарылып отырған осы кітапша қазақ халқының абзал ұлдарының бірі Шоқан Уәлихановка арналған, онда Шоқан жайында автордың көптен жиып, түйіп жүрген пікірлері берілген. Жас ғалым Айқын Нұрқатовтың бұл еңбегінен оқушылар көптеген пайдалы материалдар табатыны сөзсіз. |