Литературоведение. Художественная литература 
�������� 3
![]() |
|
![]() |
Баянғали Әлімжановтың Шығармалар жинағының он сегізінші томына орыс тілінде жазған «Сказ столетнего степняка» романы, «Разрешите жить!», «Аблай хан и его батыры» повестері мен «Доброжелательный Аскар» атты ертегісі жинақталып, ағылшын тілінде жарияланып отыр.Бұл шығармалардың барлығы да бұрын орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген еді. Ал биыл Лондонда ағылшын тілінде жеке кітап болып басылып шықты. Шетелдік оқырмандардың назарын аударып, жақсы бағасын алған туындылардың өрісі кеңейе түсіп, тұтас бір том болып оқырманға ұсынылуы заңды. |
![]() |
Бүкіл адамзаттық бағалы мәдени мұра саналатын, түрік халықтарының ортақ мақтанышы, бір туған қырғыз елінің дарынды жыршыылары сан ғасырлар бойы жаратып, бір арнаға қосып, бір биікке шығарған «Манас» эпосының негізгі мазмұнын қазақ оқырмандарына түсінікті қылып айтып беру - заман қажеттілігі сняқты. Бұрынғы,соңғы заманда өткен айтулы манасшылардан жазылып алынған мыңдаған, миллиондаған жол жырды арнайы зерттеуші ғалымдар болмаса, көпшілік оқырманның, әсіресе, бүгінгі һәм келешек жастардың игеріп, оқып шығуы аса қиын.Сондықтан, «Манасты» ықшамдал, негізгі оқиға желісін, қуатты рухын, көркемдік бояуын сақтай отырып, арасында қара сөзбен баяндап, бір кітапқа сыйғызып, қалың қазақ оқырманына ұсынып отырмыз. |
![]() |
Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов шығармаларының он алтыншы томы - қызық кітап. Қызық болатыны. қазақ акынының орыс тілінде жазған роман, повестері ана тіліне аударылып, тұңғыш рет жарыққа шығып отыр. «Сказ столетнего степняка» деген атпен Москвадан, атақты «Художественная литература» баспасынан жеке кітап болып шығып. іле-шала әйгілі «Роман-газетаның» жеке бір санында «Разрешите жить!» деген атпен жарияланып. Ресей оқырмандарына танылған роман, повестері енді өз еліміздің оқырмандарына жол тартты. Романда қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдағы жүз жылдық қилы-қилы қиын тарихын жүз жасаған қария Асанбай Бектеміровтың тағдырымен тығыз байланыста баяндаған автор өткен мен бүгін, болашақ туралы сан алуан сыр шертеді, ұлтаралык қарым-қатынастардың күрделі қатпарларына бойлап, «соғыс тарихы бізді бейбітшілікке, дұшпандық тарихы-достыққа үйретуге тиіс!» деп түйіндейді. «Өмір сүруге рұқсат етіңіз!» повесі соғыс мүгедегінің дүниедегі киянат атаулы күштілердің бойында әділдік сезімі мен ар-ұяттың жоқтығынан деген қорытындыға келіп, сол жолдағы фантастикалық күресін суреттейді. «Абылай хан және оның батырлары» - аталарымыздың аңыздары бойынша жазылған ерлік. батырлық жайлы тартымды повесть. |
![]() |
В пятнадцатый том собрания сочинений казахского поэта, писателя, драматурга. сказителя, манасчи Баянгали Алимжанова включен роман-сказание «Сказ столетнего степняка» - новое оригинальное произведение, написанное на русском языке. Герой произведения, ровесник века, простой степняк, столетний Асанбай Бектемиров, прошедший через горнило истории - национально-освободительного восстания казахов против царизма, революции и гражданской войны, голодомора тридцать второго и репрессии тридцать седьмого. Великой Отечественной войны, немецкого плена и сталинского лагеря, хрущевского волюнтаризма и брежневского застоя, развала СССР и ставший очевидцем нового времени независимости степи, рассказывает внукам и правнукам о себе и о времени. Умудренный жизненным опытом аксакал -старец делится сокровенными, выстраданными мыслями о войне и мире, о вражде и дружбе между людьми и народами. Перед глазами читателя проходят основные вехи вековой жизни человека, кровно связанного с историей двадцатого века. Роман и повести, сказки Б. Алимжанова были опубликованы в Москве « Сказ столетнего степняка», изд. «Художественная литература», 2019г. а также в «Роман-газете.» №7. 2019г. и встречены многочисленными восторженными отзывами читателей. |
![]() |
Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың бұдан бұрын 2015-201 б ж. он екі томдық шығармалар жинағы жарык көрген болатын. Оның сан қырлы еңбегі табиғи жалғасып, енді он алты томға айналып отыр. Шығармаларының он төртінші томына ақынның кейінгі жылдары жазылған, сан алуан тақырыпты қозғайтын, жанға шуақ құйып, ізгі сезімдерді оятатын мейірімді һәм қиянат, қысастыққа қарсылық танытатын өршіл рухты жаңа өлендері, поэмалары мен жыр-толғаулары, балаларға базарлығы мен қысқа қайырым - қостаған, үштаған, төрттаған, бестаған жырлары жинақталған. Ақынның жер-жаһан халықтарына арналған тартымды өлеңдері қазіргі қазақ поэзиясының ғаламға қанатын кең жайғанын айғақтай түседі |
![]() |
Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың бұдан бұрын 2015-2016 ж. он екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын. Оның сан қырлы еңбегі табиғи жалғасып, енді он алты томға айналып отыр. Шығармалар жинағының он үшінші томына кейінгі жылдары жазылған жаңа пьесалары мен киноповесі, зерттеу, мақала, сұхбаттары топтастырылған. Қазіргі заман тақырыбына арналған комедиялары да, балаларға арналған пьеса да қызық, тартымды. Оларға өзек болған оқиғалар да өзгеше, кейіпкерлері де ерекше, күлкіге қарық қылып, ойға батырады. Ал «Батыр болмақ сойдан-дүр» атты батырларға арналған еңбегі ата - бабалар аңыздарымен қоса, әлем халықтарының да тартымды хикаяларын қамтыған, дерегі де, берері де мол дүние. |
![]() |
Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағынын он екінші томына онын орыс тілді басылымдарға берген сұхбаттары, ақынның шығармашылығы туралы қазақ және орыс тіліндегі мақалалар, зерттеулер мен лебіздер, қызықты деректер топтастырылған. В двенадцатом томе произведений Баянгали Алимжанова собра-ны его интервью русскоязычной прессе, статьи и отзывы о твор-честве поэта, самые интересные факты из его творческой жизни на казахском и русском языках. |
![]() |
Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының он бірінші томына әдеби мақалалары, естеліктері мен лебіздері топтастырылған. Сондай-ақ, бала күнінде туған жерінде, ел аузынан естіген аңыз әңгімелері, көз көрген ескінің адамдары туралы, өткен заман мен бүгінгі өмірдің қилы-қилы оқиғалары жайлы кызыкты, тартымды жазбалары жинақталған. |
![]() |
Повесть «Разрешите жить!» - крик души нашего современника. Многострадальный инвалид войны пишет генералу-политику: «Господин генерал! Разрешите жить! Я вам разрешаю!» «О, люди! Живите сами, и дайте жить другим!» -восклицает он, считая, что все беды человечества - в потере совести и чувства справедливости. Блуждая по миру на своей уникальной инвалидной коляске Янгалибусе, он старается пробуждать у сильных мира сего совесть и справедливость своим фантастическим оружием. |
![]() |
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, айтулы ақын, шебер прозашы әрі дарынды драматург Баянғали Әлімжановтың бұл кітабына поэзиялық туындылары - әр жылдары жазылған таңдаулы лирикалық өлеңдері, толғаулары мен эпикалық жырлары және поэмалары топтастырылды. Сөз зергерінің өміршең өлеңдері мен поэмалары оқырманның жан сарайын жадыратып, туған елдің бар ажар-көркі шапақ атқан жазира жайлауға тап болғандай күй кештіреді. Жинақ қанатты қазақ әдебиетінің қазынасын толықтыра түсері сөзсіз. |
![]() |
Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының тоғызыншы томына бұрынғы кітаптарында жарияланбаған киноповестері мен ертеректе жазылған әңгімелері жинақталған. |
![]() |
Бұл кітапқа қай жанрда қалам тербесе де өзіндік қолтаңбасы мен оқ-шау мәнері айқын аңғарылып тұратын қаламгердің прозалық туынды-лары топтастырылды. Автор шығармаларында өмір шындығын, қоғам бейнесін шынайы әрі көркем кестелейді, күлдіре отырып күрсіндіреді һәм ойландырады. Алуан түрлі тағдырлар, ақ пен қараның бітіспес айқасы, сан түрлі өмір сынақтары шынайы бейнеленген көркемдік қуаты күшті жазбалар ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Кеудесіндегі сыр толы сандығын қалам арқылы жайып салатын ақын жүрек лүпілі ақтарылып қана қоймай, саналарға қозғау салып, ақын мен адамзат арасындағы алтын көпірді туындыларымен жалғайды. |
![]() |
Гүлнәр Сейтенқызы Қасым — ағартушы — ғалым, ұстаз жазушы Сейтен Сауытбековтін қызы, мамандығы — биолог. Алайда, "Ұяда ж көрсең — ұшқанда соны ілесің" демекші Гүлнәр Сейтенқызы да сөз өнерінен кенде қалмапты. Оның оқиғаны саралау, әсер — сезімді өрнектеп жазу машығын байқау қиын емес. Ең бастысы оқырманға адал сезім, періште пейіл, өмір өнегесі ұсынылады. Ал өлеңдерінде автор ақшуақ көңіл толқынын ақ моншақтай төгіп, әдемі өреді. |
![]() |
Абайдың сүйікті жары Әйгерімнен туған баласы Тұрағұлдың "Әкем Абай туралы" атты естелігі архив сөресінде ұзақ уақыт сақталып келін, енді ғана жарық көріп отыр. |
![]() |
«Әдеби толқындар» атты бұл кітапқа белгілі жазушы-драматург әр аудармашы Сафуан Шаймерденовтың қазақ әдебиетінің тыныс-тіршіліг мен көркем аударма ахуалы жайлы әp жылдары жазылған сын мақалалары еніп отыр.
|
![]() |
«Ұшқан ұя» романы көлемінің шағын болуына қарамастан аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбет өте шынайы суреттеледі. Шығарманы оқи отырып тегіміздің тереңде жатқанын сеземіз, даңққа балайтын даралығымызды көреміз. Ал «Курляндия майданы» кезінде жарық көрмеген романы. Сан қырлы қаламгерлігінің жаңа беттерін көрсететін бұл еңбегі де Момышұлына тән талғампаздықты, турашылдықты |
![]() |
Бул кітапқа Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, «Музей апа» әңгімесі мен нақылдары (2003) топтастырылған. Онда қаһарман қолбасшы-қаламгер ата-бабасының шығу тегін, ерлік салтын, ұрпақ тәрбиесін, қарапайым ауыл адамдырының кісілік келбетін, мінез-құлқын, сол кездегі қоғамдық ортаны, әлеуметтік жағдайды, ізгі дәстүрімізді шығарма өзегіне айналдырады. Кітап қалың оқырманға арналған. |
![]() |
|
![]() |
|