Литературоведение. Художественная литература 
�������� 10
![]() |
Жарылқап Бейсенбайұлы көп жылдар бойы Шоқан өмірін зерттеп, оның Ыстыққөл сапарының ізін қайталай жүріп өткен, ұлы тұлға ғұмыр кешкен мекендерді аралап, осы тақырыпқа арналған «Шоқан ізімен» (1977), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987) атты кітаптары, көптеген мақалалары жарық көрген белгілі журналист-зерттеуші, жазушы. Автор сол кездерден үзбей жинаған мол деректерін кейінгі жылдарда «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарияланып жатқан жаңа тарихи, мұрағаттық құжаттармен, ғаламтор (интернет) аясына орналастырылған дәйекті материалдармен, анықтамалық мағлұматтармен байыта отырып, Ш. Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қолдарыңыздағы көлемді тарихи-ғұмырнамалық деректі хикаятты бітірді. Кітапта қазақтын ұлы ғалымынын өмірі мен оның заманына катысты бұрын беймәлім боп келген көптеген тұстарға жаңаша барлау жасалынады, тиянақты байыптаулар түйіледі. |
![]() |
Книга посвящена жизнедеятельности, научному и педагогическому творчеству, наставничеству супругов Шот-Амана Едрисовича и Зинаиды Каримовны Валихановых. Эта творческая семья соединила человека искусства и организатора высшей школы. Чета Валихановых многие годы связана с важными государственными архитектурными культурными проектами и ведущим университетом республики КазГУ (ныне КазНУ им. аль-Фараби). |
![]() |
В данной книге автор поведает читателю о своей дружбе с великим писателем, классиком и гением советской литературы М.А. Шолоховым, с человеком, который оставлял яркий и добрый след в сердцах всех, кто с ним встречался, видел, слушал и дружил. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Кітапқа есімі әйгілі Бұқар жыраудан кейін аталатың аузы дуалы сөз сайыпқырандарының бірі Шал ақын бабамыздың саф жырлары еніп отыр. Ақынның өлмес мұраларымен бірге қазақ, орыс тілдерінде жазылған зерттеу мақалалар және оның кейбір орыс тіліне аударылған туындылары аталмыш жинақтан орын тепті. Жинақ жалпы жырсүйер қауымға арналған. |
![]() |
Сандаған ғасырлық жыраулық поэзияның өнеге — үлгісімен өмірге келген — ақындық дәстүрдің төлбасы, көшбасы болып танылатын Шал ақын Құлекеұлы творчествосы — қазақ поэзиясының жарқын да жаңа беттерінің бірі болып есептеледі. Өткен жылы туға-нына 250 жыл толған арқалы ақын, адуын таланттың тұңғыш рет өз атымен шығарылып отырған бұл жинағына әртүрлі басылымдарда жарық көрген, сондай-ақ, осы күнге дейін оқырман кауымға мәлім емес шығармалары толықтай еніп отыр. Сонымен бірге Шал Ққлекеұлының 250 жылдағы құрметіне өткізілген халықаралық ғылыми конференцияның материалдары мен ақынның өмірі мен творчествосы жайлы әркездерде жазылған белгілі ғалымдардың еңбектері де тұтасымен бұл жолы осы жинаққа топтастырылды. Кітап көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал (Тілеуке Кұлекеұлы) - қазақ поэзиясынын өрісін кенейтіп, көшпенділер топырағында реалистік дәстүрдін өркен жаюына алғышарттар жасаған акберен ақындарымыздын бірі. Бозбала шағында-ак ақындық өнердің тұлпарын тізгіндеп, данкы қалың елге жайылған Тілеуке Құлекеұлынын артына қалдырған мол мұрасы уақыт сынына төтеп беріп, бүғін де ғасырлар қойнауынан нұрын шашып тұрса, оны оқырманның олжасы деу орынды. |
![]() |
Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал (Тілеуке Құлекеұлы) қазақ поэзиясының өрісін кеңейтіп, көшпенділер топырағында реалистік дәстүрдін өркен жаюына алғышарттар жасаған ақберен ақындарымыздын бірі. Бозбала шағында-ақ ақындық өнердін тұлпарын тізгіндеп, даңқы қалың елге жайылған Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы уақыт сынына төтен беріп, бүгін де ғасырлар қойнауынан нұрын шашып тұрса, оны окырмаиның олжасы деу орынды. Назарларынызға ұсынылып отырған кітаіпа ақын туралы әдеби зерттеулер мен оның қолда бар өлеңдері топтастырылған. |
![]() |
О Шал-акыне (настоящее имя - Тлеуке Кулеке-улы) нет пока твердо установленных данных. Даже даты его жизни и смерти спорны. Если ранее считалось, что он родился в 1760 году, теперь принято считать, что он жил где-то в промежутке с 1748 по 1819 годы. Тем не менее, Шал-акын настолько популярен на своей родине, в Северо-Казахстанской области, что бывший Сергеевский район носит имя знаменитого земляка, чье поэтическое искусство по праву считается гордостью этого края. |
![]() |
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының алтыншы томына енген мақалалар мен көсем сөздер, түрлі жиындар мен конференцияларда, ресми шараларда сөйленген сөздер мен жасалған баяндамалар, ғылыми-көпшілік талдаулар автордың атқарған қызметтеріне орай тәуелсіздік жылдарында шешуге тура келген мәселелерге қатысты көзқарастарын танытады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, Парламенттің баспасөз қызметінің жетекшісі, Мәдениет және ақпарат министрлігі департаментінің директоры, комитетінің төрағасы бола жүріп, ұлы өзгерістер кезеңін көзбен көруші ғана емес, солардың тікелей қатысушысы ретіндегі жан тебіренісі мен күйзелісін жұртшылық алдына жайып салады. Кітап еліміздің таррихын білгісі келетін, тәуелсіз даму кезеңінде қоғамда шешімін тапқан мәселелердің жай күйіне қаныққысы келетін оқырман қауымға арналған.
|
![]() |
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының екінші томына 1995 жылы шыққан «Көңіл суреті», 2004 жылы шыққан «Жүректегі жазулар» жыр жинақтарынан «Сенемін саған, жарық күн», «Тербеледі ой-бесік», «Жалғаса бер, жолдарым», «Жанымның жайып жапырағын» атты тараулары, 2006 жылы толықтырылып, қайта басылған «Жүректегі жазулар» кітабы және өмірінің соңғы жылдарында жазылған, еш жерде жарияланбаған жырлары еніп отыр. Ақынның өлеңдері, дастандары мен поэмалары айшықты азаматтық үнімен, ақ адал сыршылдығымен оқырманды баурап, адам мен қоғам туралы, өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстары шынайылығымен тәнті етеді. Өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспеген ақынның жарияланбаған өлеңдері өзі реттеп қойған күйінде ұсынылып отыр |
![]() |
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының бірінші тамына 2012 жылы шыққан «Қазақ афоризмдері (Ақыл-ой антологиясы: бағзыдан бүгінге дейін)» атты кітабы еніп отыр. Қазақ афоризмдерінің көне замандардан бүгінге дейінгі әралуан үлгілерін жинақтаған антологияны құрастырушы автор көшпелілер мен олардың ұрпақтары ой мұхитының «құмдағы ізін» қармап, «сайдағы тасын» теру арқылы жиырма бес ғасырлық тарихи кезеңді көктей шолып өткен. Бұл кітаптан қазақ сөзінің небір жауhарларын кездестіруге болады. Оны, автордың өзі атап айтқанындай, «сұлу сөздің қадірін білетін, шешен сөйлеуді өнерге балайтындар үшін шеберлік шыңдау мектебі десе де болады» |
![]() |
Ербол Шаймерденұлы шығармалар жинағының төртінші томына 2004 жылы шыққан «Ақиқат айнасы» кітабы, 1989 жылы шыққан «Тыңда тоғысқан тағдырлар» атты очерктер жинағы және 1999 жылы шыққан «Әз Астана» кітапшасы еніп отыр. Бұл том автор шығармашылығының санқырлылығын, оның терең зерттеулер мен өмірге етене араласуының нәтижесінде көтерілген тақырыптарының саналуандығын айшықты танытады. Тың игерудің 35 жылдығы қарсаңында жарық көрген очерктер жинағынан уақыт табы бай-қалғанымен, еліміздің өсу, өрлеу кезеңі тартымдылықпен әрі шынайлықпен су-реттелген. «Әз Астана» еңбегі еліміздің жаңа байтағына арналған тұңғыш дүниелердің бірі болып табылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған |
![]() |
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының бесінші томына автордың мемлекеттік рәміздер туралы жазған жиырма еңбегінің ішінен 2001 жылы шыққан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» кітабы негіз етіп алынып отыр. Ал мемлекеттік рәміздердің түрлі-түсті суреттері 2005 жылы шыққан «Елтаным», 2008 жылы шыққан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны» кітаптарынан пайдаланылды. |
![]() |
Автордың бұл томына оқырман қауымға кеңінен таныс «Мезгіл», «Қарғаш», «Жыл құсы», «Өмір нұры», «Ит ашуы», «Мәжнүн тал» повестерімен бірге әр кезде жазылған портрет-әңгімелері енгізілді. Жазушының ардақ тұтары — адам, ту ғып көтергені — адамгершілік. Міне, осы бір асыл қасиет С. Шаймерденов шығармаларынық өн бойына өзек болған. |
![]() |
Белгілі жазушы Сафуан Шаймерденовтың бұл томына бұрыннан жүұртқа таныс «Инеш» романы мен әр жылда жазылған әңгімелері еніп отыр. «Инеш» казақ әдебиетінде тың тақырыпқа тұңғыш рет түрен тартып, студенттер өмірін жырлаған көлемді шығарма. Кітаптың тілі көркем, оқиғасы тартымды да қызық. Рецензент С. Ордалиев |
![]() |
Қазақтың көрнекті жазушысы Сафуан Шаймерденовтың бұл жинағына көрермен жұртшылықтың ілтифатына іліккен таңдаулы пьесалары енгізіліп отыр. Кітапқа енген шығармалардың тілі жеңіл, тақырыбы да сан алуан. |
![]() |
Қазакстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сафуан Шаймерденовтың бес томдық шығармалар жина-ғының төртінші томына әртүрлі тақырыптағы ой-толғаныстары мен пікірлері, сондай-ақ сыр-сұхбаттары енгізілді. |