Литературоведение. Художественная литература
�������� 13
Редакторы және алғы сөзін жазған Қайролла Муқанов Бұл кітаптің басты кейіпкері өңір тұрғындарына жақсы таныс жерлесіміз Социалистік Еңбек Ері Есім Шәйкіұлы Шайкин. Оның өмір жолы мен қызметі бүгінгі жэне келер ұрпақка үлгі-өнеге болуга лайық. Кітапта оның өмірі мен қызметі біршама толық берілген. Сонымен қатар онымен бірге қызметтес болган әріптестері, достары, туыстары, шәкірттері өз естеліктерінде асыл азаматтың еліне, халқына сіңірген ересен еңбегін, шынайы адамгершілігін әсерлі әңгімелейді. Кітап Есекеңнің туғанына 90 жыл толуына арналып отыр. Қалың оқырман бұл кітапты жылы қарсы алады деп сенеміз. В книге рассказывается о незаурядной личности - Герое Социалистического Труда Есиме Шайкеновиче Шайкине, выросшем от рядового колхозника до первого руководителя района, руководителя областного ведомства. В ней также представлены воспоминания родственников, друзей, коллег и учеников Есима Шайкеновича. Книга рассчитана на широкий круг читателей. |
Жазушы Нығмет Ғабдуллин оқырман қауымға әдебиет зерттеу, сын саласындағы еңбектерімен де таныс. Оның «Уақыт сыры» деп аталған мына кітабында туған әдебиеттің келелі мәселелері хақында әр жылдарда жазған сын-зерттеу жұмыстары топталған. Бұлардың қайсыбірін автор өзінің бұрын жарық көрген монографиясында ішінара пайдаланған-ды. Бірақ әр мақалада белгілі үақыттың сыры бар және әр қайсысында әдебиеттің нақты мәселесі көтеріледі. Автор ол еңбектерін ой елегінен қайта өткізіп, жүйелеп ұсынып отыр. |
Қазақтың көркем сөзінің бетке ұстары, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсрепов — саяси-әлеуметтік өмірімізге ерен талантымен ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан үлкен қоғам қайраткері. Ол әлемдік аса маңызды жиындарда өзінің сүйікті Совет елінң атынан талай-талай тегеурінді сөз сейледі, Отанының намысын қорғады, абырой-атағын көтерді. |
Стихи, что пишет Алма Шарипова, лиричны но, чтобы понять их, надо осмыслить каждое слово: фразы короткие, меткие. Она видит в природе то, что не замечают другие. |
Көрнекті жазушының бұл үшінші томының ауқымы аса кең. 40—45 жылға созылып келе жатқан әдеби де мәдени, әлеуметтік ғұмыр керуенінің қай тізбегінде болмасын автор үн қоспаған, ой толғамаған тақырып кем де кем. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты жастарды қорғап сөйлеген сөзі де осында. Қазақ халқының тағдыры, көші-қоң жөнінде де еліміздің егемендік алуына байланысты алғаш жан даусын қосқандардың бірі осы — Сафуан Шаймерденов. |
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовтін төрт томдық шығармалар жинағының бұл томына «Инеш» романы мен «Дөкей келе жатыр», «Әсия жағалар» т. б. драмалық шығармалары кірді. Бірінші томға енген «Инеш» романы - кезінде жазушының әдеби қауымның құлағын бірден елең еткізген көлемді туындысы. Бұл кітап - қала зиялылары мен соғыстан кейінгі қазақ жастарының, қазақ студенттерінің құралу, қалыптасу процесіне арналған. |
|
Бұл кітапқа қазақтың кернекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың "Тәттімбет" атты поэмасы, өлеңдері және "Жәнияның концертін тыңдағанда" атты толғауы еніп отыр. Бұл жинақтың үшінші рет басылуы болса да, поэма мен толғауға қосымшалар енгізілді. Қазақтың ұлы композиторы Тәттімбет Қазанғапұлы жайлы поэмасын қазақ поэзиясының табысы ретінде оқушы қауым жылы қарсы алды. Өзі де сазгерліктен құр емес К.Салықов ән мен күйдің нәзік сырларын шертуде үздіктігін "Отырар сазы" кітабымен де айқындады. Жинақ сұлу саз өнеріне құмар оқушы қауымға арналған. Сәт тілейміз. Бұл кітапты шығаруға демеушілік еткен қазақтың әдебиеті мен өнерінің, халық мұрасының үлкен қамқоршысы Амангелді Ермегяев мырзаға алғыс айтамыз. |
Бұл жинаққа енген әңгімелерде ауыл балаларының еңбек адамдарына, ата-анасына көмегі айтылады. Кітапта табиғат тамашалары, балалардың мінез-құлқы, достық қарым-қатынастары суреттелген. |
Қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы, Социалистік |
Абай дөуіріне дейінгі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып түр және көркемдік тәсілдері жағынан байытып жаңа биікке көтерген Дулат Бабатайұлының шығармалары «Өсиетнама» жинағы боиынша (Қазан, 1880) тұңғыш рет ұлы ақынның 200 жылдық мереитоиына орай толық нұсқасында ұсынылып отыр. Қос кітаптан тұратын бұл томдыққа біздің заманымызда бұрмаланған, қысқарған кептеғен туындылары, шумақ-жолдары қалпына келтіріліп, XIX ғасырдан бері жұртшылыққа беймағлұм қыруар толғаулары енгізілді. Мәңғілік мұра тағылымын әр қырынан талдаитын ғылыми таным ізденістері де кең қамтылған. |
Бұл жинаққа қазақтын көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтын Түркістанға арналған өлендері мен поэмалары енгізілді. Рухани төрімізге білдірген құрметі ұрпаққа үлгі боларлықтай азамат ақын қасиетті мекеннін барша киесін жырлап, ұлттық дәстүрге жанашырлығын танытады, нәзік лирика арқылы адамгершіліктің ең асыл қасиеттерін уағыздайды. Көрнекті ақынның жүйелі сөзге оранған киелі ойы ел жүрегінде сақталады деген сенім зор. |
|
Автор Қазақстанның солтүстік аймағында 1954-1964 жылдары «Тың және тыңайған жерлерді игеру» деген мемлекеттік бағдарламамен жүргізілген аграрлық реформаның тарихындағы көлеңкелі тұстарды ашып, КСРО жоғарғы билігі тарапынан қабылданған шараларға жаңа көзқарас тұрғысынан баға береді. Тарихта «Тың эпопеясы» деген атпен қалған ұлы науқанның салдарларын талдайды, нақты деректер негізінде оның зардаптарын жүйелеп көрсетеді. Кітап студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларына, ізденушілерге, кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан тарихына ден қойған көпшілікке арналған. |
Ахметжан Нұртазин 1908 жылдын маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Көктерек ауылында карапайым шаруаның отбасыыда дүпиеге келгн. Солтүстік Қазақстан облысының халық ақыны Ахметжан Нұртазиның бұл ЖИНағы оның туғанына 100 жыл толуына арналды. Кітапқа бұрынғы өлендері мен поэмалары, жария-ланбаған шығармалары және көзін көрген сыйласқан, 6іліскен біраз азаматтардың естеліктері енгізілді. |
|
Бұған дейін де ойлы өлеңдерімен оқырманга рухани азық сыйлаған ақынның бұл жолгы жыр жинағында өміршең онегеге толы жан сыры топтастырылган. Туган жер табигаты, оның баурайында күн кешкен көрнекті перзенттері, өмірдің кейбір сәттері жүрдек қаламының үшына іліккендігін аңгарар едіңіз. |
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын -Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы қай дәуірде болсын бағасын жоғалтпасы анық. Түркі әлемі мойындаған жыр пайғамбарының мол мұрасы мәңгілік жасай бермек. Өлендері мен дастандары топтастырылған жыр жинағы ұлы ақынның 115 жылдығына арналып отыр. |
Халық поэзиясы мен жазба әдебиетіміздің арасындағы алтын көпір сынды жүз жасаған жыр алыбы Жамбылдың тандамалы жинағына заманалық өлең-толғаулары мен Құланаян Құлманбетпен айтысы және елдікті, ерлікті толғаған екі дастаны енді. |
|