История, археология
Кітап Солтүстік Қазақстан облысының XIX ғасырдағы коғамдык-саяси тарихы туралы жазылған. Кітаптан Кеңестік саясатпен бұрмаланып келғен тарихи шындықтар, өлкемізден шыккан тұлғалар тағдыры нақты деректермен жазылғанын оқи аласыздар. |
«Тарих» — ерекше ұғым, қазақтар тарих деген кезде өткенді адам арқылы, жер-су, мекен-жайы арқылы елестетуді қолданған. Кобіңесе, қазақ халқы өткенді шежіре арқылы танып білген. «Шежіре» — арабшадан аударғанда «ағаш» дегенді білдіреді екен. «Қарға тамырлы қазақ» — деп, бекер айтылмаған. Яғни, ағаштың, тамыры, діңі, бұтақтары, ал одан жапырақтары жайылып кетеді, |
Кітапқа Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан батырлар мен билердің, Еңбек Ерлері мен генералдардың өмірдеректері енген. Кітап өлкетанушыларға, студенттер мен мектеп оқушыларына арналған. |
Бұл естелік - кітап есімі елімізге танымал азамат, ай-тулы тұлға Өмірзақ Ғайсаұлы туралы жазылған. Өмекең Солтүстік Қазақстан облысына қарасты (бұрынғы Ле-нин) Есіл ауданындағы Қараағаш ауылында туып-өскен. Оның өмір жолы Үлы Отан соғысымен, соғыстан кейінгі күйзелген елдің әл-ауқатын көтеру және тың жерлерді игеру кезеңдерімен тоқайласып жатады. Өмірзақ Ғайса-ұлы Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінде лектор болып үш төрт жыл істейді де, 40 жылдай Ақмола (Целиноград) облыстық партия комитетінде ғылым және білім мекемелері бөлімін басқарады. Ол қандай қызмет атқарса да өзінің ұлтжанды азамат екендігін танытып, ана тіліне, қазақ мектептеріне, қазақ жастарына деген қамқорлығын көрсетіп отырған. Республикадағы әріптестері Өмекеңді «біздің президентіміз» дейді екен. |
Кітапқа облысқа танымал көрнекті тұлға, мемлекет қайраткері Мәркен Ахметбекұлының өмір деректері мен ол кісі жайында жазылған естеліктер енген. Кітаптың тарихи-танымдық маңызы зор. |
Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі өлкетанушы, білім саласының ардагері Қайролла Мұқановтың әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған мақалалары мен очерктері енгізілді. Олардьң кейіпкерлері ел басқарған қайраткерлер, гұлама ғалымдар, білікті ұстаздар, ақын-жазушылар, өнер адамдары, заңгерлер, жазықсыз -сүргінге ұшыраған азаматтар. Кітап көпшілік оқырмаға арналған. |