История, археология

Сортировка записей:
Поиск по ключевому слову "X" (совпадений: 1) Отменить поиск
XX ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орталық Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ босқындары: Ұжымдық монография
  • Автор: A. И. Құдайбергенова, М.М. Қозыбаева, С.Н. Мамытова
  • Библиографическое описание: XX ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орталық Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ босқындары: Ұжымдық монография / A. И. Құдайбергенова, М.М. Қозыбаева, С.Н. Мамытова, З.К. Курманов, Ө.И. Исенов, A С. Мұсағалиева, Р.Ж. Байдалы, Р.Д Кубеев. - Алматы: «Мадияр» ЖК, 2022. - 259 б.
  • Аннотация:

     Ұжымдық монография 1929-1933 жж. ашаршылық пен сол кезеңдегі қазақ халқының мәжбүрлі көші-қоны - босқыншылық тарихын қарастырады.
    Еңбекте XX г. 20-жж. соңы - 30-жж. басындағы Қазақстандағы ашаршылық пен босқыншылықтың алғышарттары, барысы, Қазақстанмен шектес аймақтардағы босқындардың ахуалы, босқыншылықпен күрес тарихы нақтыланады. Қазақстандағы 1929-1931 жж. шаруалар көтерілістері мен қазақтардың ауа көшуі халық наразьшықтары тұрғысынан қарастырылып, көтерілісшілердің шекарадан өтуі мен «ауа көшу» мәселесі де жаңа деректер негізінде ашылады.
    Морафияда босқыншылық тарихының аймақтық ерекшеліктері қарастырылады. Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтары бойынша Батыс Сібірдегі босқын қазақтардың бейімделу мәселелері, қазақтардың Алтай өлкесіне мәжбүрлі түрде қоныс аударуы, Еділ бойындағы босқын-қазақтар деген бөлімшелер негізінде көрсетілген.
    Орта Азия республикалары бойынша қазақ босқындарының тарихы аштықтан Қырғызстанға қашқан қазақтардың жасалған көмек негізінде аман қалуы, Өзбекстанда қазақ босқындарын орналастыру мәселелері, Қарақалпақстандағы қазақ босқындарының тағдыры, Тәжікстандағы қазақ босқындарының тағдыры, орналасу ерекшеліктері және Түрікменстандағы қазақ босқындарының тарихы жаңа архивтік құжаттар мен естеліктер негізінде ашылады.
    Монография гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандарға, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, оқытушылар қауымьша, сондай-ақ ел тарихын сүйер көпшілік қауымға арналған.

  • Читать полностью (47)
  • Предоставлено: Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им. Сабита Муканова
  • Подробнее...