Литературоведение. Художественная литература 
�������� 42
![]() |
Белгілі жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың шығармалар жинағының 5-томына бүрынғы одақтық және республикалық, кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі өткізген конкурстардың жүлдесін жеңіп алған: «Ажар мен ажал», «Қызым, саған айтам», «Өлара», «Жаралы гүлдер» т.б. ұлттық сахнамыздың сәні боларлықтай пьесалары топтастырылып берілді. Кітап көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
Жазушы Сәкен Жүнісовтың шығармалар жинағының 4-томына «Заманай мен Аманай» және «Ақ қасқырлар қамаған қызыл керуен» атты повестері енгізілді. |
![]() |
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, марқұм Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романының екінші кітабында халқымыздың ардагер ұлы Ақан сері заманының қат-қабат қайшылығы шебер суреттелген. |
![]() |
Көрнекті жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісовтің шығармалар жинағының 2-томына оқырман қауымға танымал «Ақан сері» романының бірінші кітабы еніп отыр. |
![]() |
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Сәкен Жүнісовтің шығармалар жинағының, 1-томына кезінде оқушы қауымнан жоғары баға алған, тың өмірінен жазылған тұңғыш шығарма — «Жапандағы жалғыз үй» романы енгізілді. |
![]() |
|
![]() |
Филология гылымдарының докторы, әдебиетші ғалым Нысанбек Төреқұловтың бұл кітабы жиырмасыншы ғасырдың Гомері аталған ұлы ақыңымыз Жамбыл Жабаевтың өмірінен сыр шертеді. |
![]() |
Мағжан — қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі жанашыл ақын деген тұжырымның дәлел-уәждері қандай? Бірегей білім-дарларымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен айтқанда «өленді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет туғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған», «нәзік сезімнін, тәтті киялдық ақыны», «сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа қарсы ұлт ақыны» болған Мағжан шығармашылығындағы ақындық қуаттың құпиялары неде? Журналист, зерттеуші ғалым Б. Қанарбаева осындай сауалдар өресінде ой толғайды. |
![]() |
Қазақстан және КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, публицист, аудармашы Жарасбай Нұрқанның «Көкжиек», «Қызылжар, «Қара көздер», «Арманым менің», «Буынсыз бала», «Терен барлау», «Замана үні», «Нұрлы терезе». «Алтын десте» және баска да жыр жинақтары оқырмандардың жоғары бағасына ие болған еді. Ақынның қаламынан туындаған гауһардай жарқыраған жырлары әуезділігімен, сыршылдығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, балаларға арнаған туындылары да бір төбе. Осы кітапқа ақын шығармаларына пікір білдірген, сондай-ақ Жарасбай Нұрқан туралы естеліктер мен оқырмандардың да лебіздері беріліп отыр. Көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
Бұл жинаққа ақын, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Ғ. Малдыбаевтың әр жылдары қалам тербеген таңдаулы жыр жолдарының топтамасы епді. Сонымен қатар тарихи сырға толы суреттерді көріп, Ғалекең жайында жазылған естелік әңгімелерді оқи аласыздар. Кітап ақынның туғанына 110 жыл толу құрметіне арналды. |
![]() |
Бақыт Әбділманова - ұстаз болумен бірге, жанына өнерді серік етіп, көңілін толқытқан сан сезімдерді өлең арқылы өре білген талантты жан. Өлеңдері аудандық, облыстық баспасез беттерінде жарық керген. Оқырмандарға ұсынылып отырған бүл кітап - автордың тұңғыш жыр жинағы. |
![]() |
Еңсем де көтеріліп елмен бірге, Кеңейіп келе жатыр көкжиегім, — деп өзі жырлағандай, өмірінің соңғы жылдарында өндірте жазып, ақтық демі біткенше шабыт пырағынан түспей өткен көрнекті шайырдың бұл жинағына тумысы көкейкесті төл туындылары және ЕСЛӘМ есімді Ел Ақынының азаматтық-адамгершілік һәм шығармашылық келбеті жайында қаламдастары мен замандастарының естелік-эсселері, толғаныс-толғамдары топтастырылған. Ол адалдықты ақтарыла жырлаған Ар мен Ақиқат жаршысы еді. Көсемсөз һәм әдеби көркем сын салаларында да көп тірлік тындарған көшелі қайраткер еді. Кісілік пен кішілікті ғана ардақтаған кішіпейіл Жүрек еді... Осы қасиеттерге ұсынылып отырған кітаптағы өз туындыларынан да, әріптес аға-інілері лебіздерінен де көңіл көзін жеткізуге болады. |
![]() |
|
![]() |
Сөз өнерін құрметтейтін жамағаттың назарына ұсынылып отырған бұл жинаққа Уәлиханов ауданының қасиетті топырағынан нәр алып, осы жерден шыққан қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларымен өскен, олардың өнегесінен сусындаған жерлестеріміздің туындылары енді. Ауданымыздың атын шығарар өнерлі қауымның жыр жолдарын жариялаудың бұл бастамасы ғана деп үміттенеміз. Бұл игі істің жалғасы болатынына сенім мол. |
![]() |
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Болат Қожахметов дәуір бейнесін көңіл күйімен кестелейтіндіктен уақытқа, оқиғаға тікелей сипаттама немесе баға беруден ада. Дәуірдің торешісі мсн ақылшысы болмай, замандастарымен сырласатыны да содан. Қуанышынан қайғысы басым өмір оның өлеңдерінде жылдың төрт маусымы тәрізді алмасып отырады. Ақынның нақ осы болмыс-бітімін паш ететін жаңа кітабы атына заты сай: сиясы әлі кеппеген, тақырыбы енді ғана қойылған тың туындылар көлдің құстарындай көп-ақ. Соңғы үш-төрт жылдың азды-көпті жемісі болып табылатын басқа да өлеңдері, әрине, ойып тұрып орын алады. Сондай-ақ ақынның XX ғасырдың соңғы ширегін қамтыған алуан-алуан аудармаларын поэзияның жәдігерлеріне балаңыздар. |
![]() |
Белгілі журналист, Президент Гранты мен Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жақсыбай Самраттың бұл жинағына кезінде мерзімдік басылымдарда, соның ішінде «Еге-мен Қазақстан» газетіне шыққан танымдық мақалалары, көркем эсселері, сұхбаттары ен-гізілді. Мақалалардың оқиғалары қызық, тілі тартымды, оқырманға берер ақпараттық дере-ктері мол. Кітап білімпаз, ізденгіш, ой-өресі биік оқырманның талғамына сай боларына кәмілміз. |
![]() |
Бұл кітаптың авторы - Қазиұлы Қани Тоқсанбаев - қазақстандық. Руы орта жүздің ішіндегі самай. Ата қонысы, өзінің кіндік кесіп, туған Жарқын ауылы Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданында. Қани ақсақал қатарынан қалмай жоғары оқу орнын Алматыда бастап, Ресейде — Тюмень қаласында бітірген. |
![]() |
«Жыл құсы» — Сафуан Шаймерденовтың жаңа туындысы. Мұнда автор шығармасына еңбек адамының өмірін арқау етеді. Жинаққа жазушының «Мезгіл», «Алғашқы махаббат», "Қыр гүлдері" атты повестері де енген. |
![]() |
Кітапқа автордың журналдар мен кітапта шыққан әр тақырыптағы мақалаларының және өзі жеке шығарған кітаптары мон басқа авторлармен бірлесіп шығарған кітаптарының және әр кезде жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері берілген. Сонымен қатар көптеген авторлардың сыйлаған кітаптарына жазылған автографтары және осы кітаптың авторы мен шығар-машылығы туралы мақалалар мен өлеңдер тізімі келтірілген. Кітаптың соңында автордың наградалары көрсетілген. Кітап оқушыларға, студенттерге, ұстаздарға, жалпы зиялы қауымға, қалың оқырмандарға арналған. |
![]() |
Кітапқа автордың журналдар мен кітапта шыққан әр тақырыптағы мақалаларының және өзі жеке шығарған кітаптары мен басқа авторлармен бірлесіп шығарған кітаптарының және әр кезде жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері берілген. Сонымен қатар көптеген авторлардың сыйлаған кітаптарына жазылған автографтары және осы кітаптың авторы мен шығармашылығы туралы мақалалар мен өлеңдер тізімі келтірілген. Кітаптың соңында автордың наградалары көрсетілген. Кітап оқушыларға, студенттерге, ұстаздарға, жалпы зиялы қауымға, қалың оқырмандарға арналған. |