Литературоведение. Художественная литература 
�������� 44
![]() |
|
![]() |
Бұл кітапқа облыстық және аймақтық деңгейде өткен айтыстар іріктеліп енгізілді. Кілең жастардың бұл айтыстары сөз өнерінің қызынасын байыта түсері сөзсіз. Сондықтан осы кітаптың шығуына қаржылай демеушілік жасған, облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің орталығының директоры Жанболат Темірболатұлы Мұқановқа алғысымды білдіремін. |
![]() |
Халқымыздың аса көрнекті жазушысы Ғабит Мүсреповтың жаңа жазылып біткен туындысы бұдан ширек ғасыр бұрын жарық көрген «Оянған өлке» романының заңды жалғасы, яғни екінші кітабы болып табылады. Бұл шығармада жазушы қазақтыц ұлттық жұмысшы табының туып. қалыптасуын езушілерге қарсы саналы күреске жұмылуын және социалнстік революция жеңісіне жетуін дәйектілікпен тебірене толғайды. Өз тағдырының қожасы болуға ұмтылған ұлттық жұмысшы табының саяси саналы күрескер дәрежесіне көтерілуі үшін орыс жұмысшылары мен революционерлерінің тигізген игі ықпалы шебер түйінделген. Ұлттар достығы жарастықты суреттеледі Бұланбай, Сүгірәлі. Байжан, Зуев, Кенжеғара, Айғанша, Қарлығаш, Анар образдары жарқын даралығымен есте қалады. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Қазақ, әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі Сәбит Мұқаноа (1900—1974) кемеңгер ақын Абай Құнанбаев туралы көлемді монография, бірнеше зерттеу еңбегтер жазған. Жинаққа солардың тандаулылары енгізілді. Жазушы Абайтану мәселелеріне, ақынның ата-тегіне, өмірі мен дүниеге көзқарасына, поэтикалық шеберлігіне тоқталады. Кітап студенттерге, кепшілік оқырмандарға арналған. |
![]() |
Бәздің бұл кітапта сөз кылғалы отырғанымыз — қазактың алғашкы демократтары мен ағартушыларының өмipi және ко-ғамдық қызметтері Бұлардан толық тоқтайтынымыз — Шокан мен Абай. Өйтетін себебіміз: бұл eкi адамның өмipi мен iciн бірталай жылдар бойы зерттедік те, Ыбырай Алтынсарин туралы ондай зерттеу жасауға қолымызды тигізе алмадық |
![]() |
Сексенінші жылдардың басында Қарағанды кооперативтік институтында оқып жүрген кезінде-ақ балауса жырларымен әдебиет сыншыларының назарына іліккен Тоқтар Зікірин -қазір облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде шығармашы-лық топтың жетекшісі. Қырық жылдай қолынан қаламы түспе-ген ақын сыр-сезімдерге толы толғанысты сәттерін жыр жолы-на түсіруден жалыққан емес. Реснубликалық және аймақтық жыр мүшәйраларының біриеше дүркін жеңімпазы Т. Зікіриннің бұл жинағын оның ұзақ жылғы еңбегі мен ізденісінің жемісі деп таныған жөн. |
![]() |
Қазақ лирикасында «Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп (школ) ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ... Орыстың бейнешілдігін қазаққа аударды, өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді...». М.Жүмабаевтың ақындығы жөнінде бүдан сексен екі жыл-дай уақыт бүрын Жүсіпбек Аймауытов айтқан осы пікір-байлам қазір де өз ақиқатын жоғалтпағанына мына кітапты оқыған адамның көзі анық жетеді. Әсіресе, махаббат лирикасы мен ға-жайып дастандары әлем поэзиясының інжу-маржаны қатарынан орын алуға әбден-ақ лайық. |
![]() |
|
![]() |
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, танымал әдебиетші, түркітанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбековтын бұл кітабында XX ғасырдың Гомері атанып жүз жыл жырлаған жыр алыбы Жамбылдың қайталанбас шығармашылығы мен халқымыздың ұшантеңіз байлығы - поэзиямыздың кешегі, бүгіні жүріп өткен жолына жан-жақты талдау жасалған. Сондай-ақ, мұнда Жәкеңнің ұстаздары мен шәкірттері хақында берілген аса кұнды мағлұматтар да мол. |
![]() |
Жамбыл Жабаев шығармаларының оқырмандарға ұсынылып отырған жаңа басылымына әр жылдары жарық көрген туындылары іріктеліп енгізілді. Жыр алыбының айтыстары, жырлары, дастандары - ақындық өнердің, шеберліктің айқын айғағы. |
![]() |
Әдеби сынға елеулі үлес қосқан Айқын Нұрқатовтың бұл кітабы көркем әдебиеттің леннндік принциптері, партиялығы мен халықтығы тұжырымдалған «Басты бағдар, ұлы ойлар» атты мақаламен ашылады. |
![]() |
Белгілі сыншы, әдебиеттанушы Айқын Нұрқатовтың бұл кітабына автордың қазақтан шыққан алғашқы ғұлама ғалым Ш. Уәлиханов, Ұлы Абай, Ұлы Әуезов шығармашылығына жасаған талдау мақалалары, көрші өзбек халқының біртуар ақыны Ғафур Ғұләм, украин халқының ұлы перзенті Т. Шевченко, орыс жазушысы Н. Островский туындыларына байланысты ой-пікірлері жинақталып ұсынылып отыр. Сондай-ақ оқырман қауым сыншының Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин, И. Байзақов туралы жазған сараптама мақалаларын оқи алады. |
![]() |
Кітапқа Солтүстік Қазакстан облысының Шал ақын ауданындағы Жалтыр ауылының шежіресі мен тарихы еніп отыр. Кітап қалың оқырманға арналған. |
![]() |
Самрат Құскенов қазіргі қазақ поэзиясының дамуына өз үлесін қосып журген ақындардың бірі. Ақын тек лирикамен шектеліп қалмай, азаматтық поэзияға да бет бұрғанын осы «Жала мен жаза» кітабын оқи отырып көз жеткізесіз. Әр өлеңін жүрекпен жазатын жігіттің өлеңдерінде тазалық бар. Алғаш шыққан «Іңкәр жүрек» өлеңдер жинағы оқырмандар қауымына жол тартып, қолында бір де бір кітап қалмады. Кітап барша оқырмандарға арналған. |
![]() |
Еліміздің өсіп-оркендеуіне, экономнканы нығайтып, мәденнеті гүлденуіне елеулі үлес қосқан ірі мемлекет және қоғам қайраткері Сақан Құсайыновтың өмірі мен қызметіне арналған естеліктер жинағының құрастырылып (құрастырушы Рүстем Уәйісов) жарық көруі оте орынды. |
![]() |
Қазақстан журналистер одағының сыйлығын екі мәрте алған журналист Бақыт Мұстафиннің «Жайнаған жер» очерктер жинағында негізінен тың өңіріндегі дала еңбеккерлерінің тұрмысы мен еңбек тынысы сөз болады. Мұның кай-қайсынан болсын оқырман қауым жапан дүзге жан беріп, тың өңірін тулеткен, бұл күнде тоғызыншы бесжылдықтың әрбір жылын татымды табыс көзіне айналдырып, қорытындылағалы жұрген жасампаз еңбектің майталман жандарымен жолығады. |
![]() |
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Жетпісқалиев бұл шығармасында белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтың азаматтық ұстанымы, шығармашылық жолы, сөз бастаған шешен болып қалыптасуы туралы тереңнен толғап сыр шертеді. Шындыққа құрылған қисынды әңгіме көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
Эта книга, написанная в жанре эссе, о памятниках, творчестве и жизни А.С.Пушкина. Автор - филолог и педагог по образованию, исследователь и журналист по жизни - рассказывает о своих разыс¬каниях и наблюдениях, размышляет о жизни прошлой и современ¬ной. |