Литературоведение. Художественная литература 
�������� 41
![]() |
|
![]() |
Поэзия - ақынның қан қысымы, жүрек қызуы десек, өмірден өткен қаламгер Е.Зікібаевтың келешек ұрпаққа қалдырып кеткен мол мүрасы соның айқын көрінісі іспетті. Ол тірлігінің соңғы жылдарында тынымсыз іздену арқылы көркемдік қиырларына шарк ұра көтеріліп еді. Әсіресе өмір мен өлім, махаббат пен ғадауат шарпыскан шақтардан туғандай сезілетін жырларынан айрыкша куат, шабытты рух лебі еседі. Соның бэрінде Ел ертеңіне елең көңіл, өзі айтқандай, "бір беті мұң, бір беті ән" ғұмырнамасынан өрнектеген адами-философиялык ой толғамдары жан толғаныстары мен тұнык ақыл, сергек сезім сүзекісінен өткен ғибрат бар. |
![]() |
Өлең - ақынньщ өмірі, сыры, шыны, қуанышы-сүйініші, реніші-мұңы, қысқасы қаламгердің сөзі-өзі. Бұл томда Е. Зікібаевтың соңғы он шақты жылдың жүзінде жаз-ған терең мазмұнды да текті жырлары оқырмандарына «Дүние жалған» деген атпен ұсынылады. Жыр сүйер қауымға арналған. |
![]() |
Е. Зікібаевтың таңдамалы өлеңдер жинағының бірінші томына оның туған елге, өсксн жерге деген перзенттік шынайы сезімі мен кіршіксіз махаббатты паш ететін өлеңері мен толғаулары топтастырылған. Қазақ әдебиетіне өз өрнегімен, өз бояуымен келген ақын жырлары әсем жырлар |
![]() |
|
![]() |
Оқырман қауымға ұсынылып отырған «Жұмағали Тілеулин» атты еңбек Алаш қайраткері, Қызылжар өңірінде білім және денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың бірі, өлке тарихы мен мәдениетінің жанашыры, көсемсөзші қалам қайраткері Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен қызметіне арналған еңбек. Басылым көпшілік қауымға арналған. |
![]() |
Ақын шығармаларының бұл басылымы екі томнан тұрады. Бірінші томға өлеңдері мен дастандары енгізілді. Өлеңдер, бұрынғы басылымдарындағыдан өзгеше түрде, алғаш жарық көрген немесе жазылған мерзіміне қарай реттелді. Кейбір та-қырыбы жақын жырлар бір жерге топтастырылып берілді. |
![]() |
М. Жұмабаев шығармаларының екінші томына ақынның «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі, «Педагогика» деп аталатын ғылыми еңбегі және мақалалары мен аудармалары, сондай-ак бұрын жарық көрмеген өлеңдері енді. |
![]() |
|
![]() |
Қайта оқыған сайын қазып оқуды қажет ететін Мағжанның маржан жырларынан түзілген бұл жинақ өлеңдер мен поэмалардан тұрады. Мағжан жыры, Мағжан мұңы — халықтың сыры, шындықтың шыңы. Ұлтын, жұртын өртеніп сүйген ақынның рухы — оқырманның көкірек көзіне шоқ, көңіл көкжиегіне шуақ берері сөзсіз. |
![]() |
Ақын шығармалары көп томдығының бірінші кітабына өлеңдері мен дастандары, әңгімесі еніп отыр. Олар Мағжанның көзі тірісінде жарық көрген жинақтары мен кейінгі жылдары шыққан басылымдары негізінде салыстырылып, мәтіндік «өндеу-жөндеуге» ұшырағандары, қысқарып кеткен тұстары қалпына келтірілді. |
![]() |
Ақын Қәкімбек Салықовтың «Жұлдызды жылдар тынысы» деп аталатын жаңа жинағына соңғы жыл-дарда жазған өлеңдері мен «Кенші жолы» атты поэмасы енді. Отанымыздың астапасы — Москва, халықтар дос-тығы, замана ұлылығы, біздің замамдастарымыздың жасампаз еқбегі жайлы ақын шабытпен толғанады. |
![]() |
Ақын Ербол Шаймерденұлының, жаңа жыр жинағы айшықты азаматтық үнімен, терец ой сарынымен, ақадал сыршылдығамен ерекшеленеді. Адам мен қоғам туралы, өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстар шынайылығымен тартымды. Отаншылдыққа, адалдық пен арлылыққа шақыратын ойлы өлең, отты жырлар жыр сүйер қауым жүрегіне жол табар деп сенеміз. |
![]() |
Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бұл кітабына таң-даулы әңгімелерінің бір тобы еніп отыр. |
![]() |
Ақын Ерік Асқаровтың бұл кітабындағы өлендер, поэмалар, айтыстар негізінен бұрын кітап болып шыққан жыр жинактарынан алынды және бұрын жарияланбаған өлендері де кіргізілді. Ақынның мұндағы жүрекжарды өлең-жырлары нәзікте сыршыл, көркем де кестелі тілмен өрнектелген. Кітап жырсүйер қауымға арналған. |
![]() |
Қазаңтың жезкиік ақыны Кәкімбек Салыңовтың бұл жыр жинағы өзінің сүйікті жары Мәриямға арналған. Шуаңты сезімдер мен жүрекжарды толғаныстарға толы лирикалың өлеңдері мен сонеттер жинағын махаббат күнделігі десе де болады. Бүгінде олардың қол ұстасып махаббат жырын жырлағандарына 60 жылдан асар еді. Әттең, ажал апаны ақынды да кісендеді. 1955 жылы отау құрған қос ғашық бірін-бірі үнемі толықтыра білетін. Ақынның музасына айналған Мәриям апай да отбасының мықты тірегі, танымал тұлғаның адал жары бола білді. «Сенің барың қандай жақсы қасымда, жұрегімде сенсіз өлең тасыр ма?!» - деп ақын ғашығына үнемі сыр шертетін еді. «Мен сүйген жұқа сары қыз төрімде төре болды ана....Өтіңдер оны ардақтап мен сүйген жаннан туғандар» деген өсиетін балалары мен немерелері ешқашан ұмытпақ емес. Шын ниетпен жазылран өлеңдері оңырманға ақынның жүрек лүпілін жеткізеді. Кітап көпшілік өлеңсүйер қауымға арналған |
![]() |
Бүл жинақта автордың әр жылдары жазган арнау өлеңдері, өзіндік ой-пайымдаулары, әріптес агалары мен замандастарының, туган- туысқандарының ол жайындагы пікірлері топ- тастырылган. |
![]() |
В состав группы поиска, обработки, восстановления и подготовки материалов к изданию вошли: Нина Бородавко, председатель районного Совета ветеранов Светлана Грамотеева, член Союза журналистов Республики Казахстан Нина Шледовец, Ольга Эркарт, сотрудники музея Боевой славы Жамбылского района Василий Лукьянченко, корреспондент районной газеты «Сельская новь» |
![]() |
Бұл кітапқа жазушының жасөспірімдерге арналған әңгімелері мен повестері енген. Әр шығарманың тақырыбы мәнді оқиғалармен суреттеліп, жеңіл де образ-ды тілмен жазылған. Кітап көпшілік оқырманға арналған. |
![]() |
Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісовтің шығармалар жинағының 7-томына «Әр үйдің еркесі», «Тұтқындар», «Құстар айтысы», «Төгілген қандар, шашылған жандар», т.б. пьесалары енген. Кітап көпшілік оқырманға арналған. |