Литературоведение. Художественная литература 
�������� 54
![]() |
Нәзік сырлы лирикалық әндерін көпшілік сүйсіне тындайтын белгілі композитор, жазушы, өнер зерттеушісі И. Жақановтың бұрынғы-соңғы өткен, бүгінгі күнгі өнер адамдары жайлы жазған повесть, әңгіме, эсселерін оқырмандар тұшына оқып, жылы қабылдап жүр. Автордың «Аққулар қонған айдын көл» атты бүл жинағы қазақтың кешегі өткен әрі бүгінгі совет заманындағы айтулы музыка саңлактары жөніндегі жаңа кітабы. |
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
Бұл жинаққа К. Салықовтың Қазақстан композиторларының әндеріне жазылған өлендері топтастырылды. Жинақ әң сүиір қауымға арналған. |
![]() |
Ақын Есләм Зікібаевтың есімі жырқұмар қауымға жақсы таныс. Оның бұдан бұрынғы «Ақ қайыңдар» жинағын оқушы жұртшылық та, әдеби сын да жылы қабылдады. Ақынның жаңа жинағына еңбеккер замандастарымыздың өмірінен алып жазылған өлеңдері мен толғаулары кірді. |
![]() |
Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың есімі қалың оқушы қауымға белгілі. Өткен жылы ғана оның Шоқан Уәлиханов жәйлі трилогиясының бірінші кітабы жарық керген еді, осы еңбек соның заңды жалғасы, екінші кітабы. Бұл шығар-мада Шоқанның оқу бітіріп, ел ісіне араласуы, қоғам дамуын түсінуі, орыстың даңқты жазушысы М. Достаевскиймен кездесуі әңгімеленеді. |
![]() |
Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Кенші ақын», «Жезкиік ақын» атанған қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстаннын еңбек сінірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың бұл жинағына еліміздің ерен тұлғасы, тәуелсіз Қазақстанның жана тарихының тас тұғырын қалап кеткен өз мектебі бар ғұлама тарихшы, өресі биік, өмегесі мол академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевқа арналған лирикалық шығармалары топтастырылды. Ғалым өскен өлкені, өріс алған ортаны қамтыған жыр маржандары ардақты ғалым-азаматтың дарабоз бейнесін аша түседі. Ғұлама ғалым М. Қозыбасв жарты ғасырдан астам ұстаздық және ғылыми өмірін қазақ халқының ұлттық мүддесін корғауға арнаса, жинақтын негізгі арнасы да сол бағытты ұстанған. Ақын жүректің асыл досына деген сағынышы мен жан тынысы оқырман қауымды сүйсінтер деп сенеміз. |
![]() |
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Асыл мұра» орталығының қызметкері Қайролла Мұқановтың бұл кітабына халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеу мақалалары енгізілді. Кітап оқушылар мен студенттерге, оқытушылар мен әдебиетшілерге, жалпы оқырман қауымға арналған. |
![]() |
|
![]() |
Ұзақ жылдар бойы қоғамдық тәртіп сақтау органдарында қатардағы тергеушіден бастап аудан, облыс көлеміндегі басшылық лауазымды қызметтер атқарған милиция полковнигі, ішкі істер қызметінің ардагері Қобылан Хамзиннің аталмыш кітабы оның үшінші шығармасы. "Ақиқат" деп аты айтып тұрғандай кітап негізінен өзі ұзақ жылдар бойы еңбек еткен милиция қызметі,оның қыры-сыры мен ерекшеліктерін ашуға арналған. Өз басынан өткен өмірдегі естеліктер, милиция өмірінен алынған әңгіме-хикаялар мен бірге соңғы жылдарда жазған жырлары оқырман қауымының көңілінен шығар туынды ретінде әріптес-терімен қатар қалың көпшілікке арналған. |
![]() |
Қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы асыл дүлдүлі Ақан Қорамсаұлының өлеңдері, әзіл-сықақ қағытпалары, нақыл сөздері мен айтыстары топтастырылған бұл кітапқа бұрынғы толық жинарына (1963) кірмеген өлендері және Орынбай Бертағыұлымен айтысы кіріп отыр. Жаңа кітап Ақан серінін ақындық асыл қазынасын аша түсетін көрнектілігімен оқушы жұртшылықтын сүйіспеншілігіне бөленеді деп сенеміз. |
![]() |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен «Сал-серілер» сериясымен шығарылып отырған «Ақан сері» атты алғашқы кітапқа қазақ халқы үшін аса қымбат және аса әспетті Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдері айтыстары мен бір айтқан қымбат сөздері топтастырылып беріліп отыр. Ақан серінің бай мұрасын кеңінен насихаттап, бүгінгі және келер ұрпаққа таныта түсу мақсатын көздеп отырған бұл жинақ көптің көңілінен шығар деген сенімдеміз. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. |
![]() |
Жинаққа әрі әнші-сазгер, әрі суырып салма ақындар қатарында есімдері елге белгілі Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі ЬІбырай Сандыбайұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлының түрлі жинақтардан, сонымен бірге мұрағаттардан алынған туындылары енгізілді. |
![]() |
Жас акқын Мүтәллап Қанғожинның «Ак қайындар аралы» атты бұл тұнғыш кітабына достық пен махаббат, ұлы Отанға сүйіспеншілік лебізі, туған жер табиғаты жайлы өлеңдері енді. |
![]() |
|
![]() |
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ұзақ жылдар бойы облыстың ішкі істер басқармасында басшы қызметте болған милиция полковнигі, «КСРО ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері» Қобылан Хамзиннің есімі оқырман қауымға жақсы танымал. Осыған дейін «Көктерек», «Асыл арыстар», «Ақиқат» атты естеліктер мен нақтылы тарихи деректі повестер жазып өз оқырмандарына ұсынған қаламгер тынымсыз ізденіс пен шығармашылық өрлеу үстінде еңбек етуде. Соның нәтижесіндей болған «Ақ тілектер аясында» деп аталатын жаңа деректі повесть пен естеліктер және өлеңдерді топтастырған бұл кітабы өзінің іскерлігі мен еңбекқорлығына қоса үлкен азаматтық парасат және жауапкершілік жүгін көтере біліп, қатардағы бөлімше агрономынан облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне дейін көтерілген қоғам қайраткері, еліне кеңінен танымал азамат Құдайберген Қалиұлы Қалиев туралы жазылған еңбек. Повесть желісін баяндап, оқиғалар мен өткен жолдар тізбегін нақтылы деректерге сәйкес ұластыра жалғастырып, кітап кейіп-керінің атқарған қызмет жолдарындағы саяси-әлеуметтік ахуалға шебер үштастыра шерткен сырымен оқырманын өзіне баурап отыратын кітаптың тілі жеңіл ойы ұғымды. Көпшілік оқырман қауымға арналған бұл кітап автордың еліміздің тарихы мен мәдение-тіне қосқан бір үлесі болмақ. |
![]() |
Есләм Зікібаев — бірнеше жыр жинақтарының авторы. Ақын бұл кітабына енген өлеңдерінде ата-бабамыздың игі дәстүрі, оны жалғастырып жүрген замандастарымыздың жасампаз еңбегі, бүгінгі уақыт тынысы, кіршіксіз махаббат, достық хақында сыр толғайды. |
![]() |
|
![]() |
Жазушы С Шаймерденовтің бұл кітабына М.Әуезов, С. Мұқанов, Г. Мүсрепов, Б. Момышұлы туралы эссе-естеліктарімен қатар, өмірбаяндык повестер мен әрі қысқа, әрі нұсқа әңгімелері енді. Бірқақпайларында танымал қаламгер көргсн білгендсрі мен естігендерін әңгімелей отырып, ұтымды штрихтармен адамның ішкі сыр, мінез-құлқын ашып, философиялық түйіндеулер жасайды. Жазушының бұл кітабы 1988 жылы Абай атындағы Қазақ. ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. |
![]() |
Кітапта аға буын мен жастардың, әріптестер мен достардың, мектептестер мен шәкірттердің автор туралы лебіздері мен ізгі тілектері берілген. Кітап қалың оқырманға арналған. В книге приведены теплые слова и добрые пожелания автору старшего поколения и молодежи» сослуживцев и друзей, одношкольников и учеников. Книга посвящена широкому кругу читателей. |