Литературоведение. Художественная литература
�������� 52
|
Жазушы Жақсыбай Самрат "Бітеу жара" атты романында елдікке ұмтылған саналы жастардың өршіл бейнесін жасау арқылы болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді. Қазақ халқының елдігі мен мемлекеттігінің қалыптасуындағы шешуші тарихи Желтоқсан оқиғасында жекелеген адамдар мен типтік тұлғалардың атқарған рөлін сипатау арқылы адам факторын алға шығарады. Роман туған халқының тағдыр талайына бейжай қарамайтың барша оқырман қауымға арналған. |
|
Кітапқа Біржан сал Қожағұлының бұрындары беймәлім болып келген өмірдеректері енген. Екінші бөлімінде Керей руынын Нұралы атасынын шежіресі жазылған. Кітаптың тарихи-танымдық мәні зор. |
|
|
Қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында алатын орны ерекше, даңқты халық, композиторы, асқан әнші, дарқан ақын Біржан салдың, ecімі мен тамаша шығармалары қа¬лың бұқараның, сүйіспеншілік құрметіне бөленіп, бүгінгі түрі ұлттық, мазмұны социалистік жаңа мәдениетәмәздәң сарқылмас асыл қазынасына айналып отыр. |
|
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының көркем өнерпаз ақындарының отан сүйгіштік сезімі, Ұлы Жеңістегі мақтанышы, кішкентай Отанға деген сүйіспеншілігі және өз халқының салт-дәстүріне ұқыпты қарау туралы өлендер мен әндер кітабы. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының көркемөнерпаз ақындарының отансүйгіштік сезімі, Ұлы Жеңістегі мақтанышы, кішкентай Отанға деген сүйіспеншілігі және өз халқының салт-дәстүріне ұқыпты қарау туралы өлеңдер мен әндер кітабы. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
|
Біздің Мағжан атты безендірілген мерейтойлық жинақ Ұлы дала елінің мақтанышы, Алаштың көрнекті қайраткері, атақты ақын, қазақ әдебиетінің классигі, түрік дүниесінің ірі тұлғасы Мағжанның 125 жылдық мерекесіне арналып дайындалған. |
Жазушы, ғалым, филологня ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің тұңғыш әңгімелер жинағы («Менің достарым») 1952 жылы жарияланды. Содан бергі жылдар ішінде оның «Жігер» романы, «Алғашқы сапар», «Белгілер, іздер», «Кестелі орамал», «Айығу», «Сарғайған жапырақ», «Өмір, қымбатсың маған», т. б. повестері мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. Жазушының «Біздің жігіт» атты жаңа романы бүгінгі интеллигенция өміріне арналған. Шығарма оқиғасы жаңашыл ой мен кертартпа көзқарастың, ғылымның қиын жолындағы ерлік пен ездіктің, адалдық пен арамдықтың күрес-тартысы негізінде өрістейді. |
Жазушы, ғалым, филологня ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің тұңғыш әңгімелер жинағы («Менің достарым») 1952 жылы жарияланды. Содан бергі жылдар ішінде оның «Жігер» романы, «Алғашқы сапар», «Белгілер, іздер», «Кестелі орамал», «Айығу», «Сарғайған жапырақ», «Өмір, қымбатсың маған», т. б. повестері мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. Жазушының «Біздің жігіт» атты жаңа романы бүгінгі интеллигенция өміріне арналған. Шығарма оқиғасы жаңашыл ой мен кертартпа көзқарастың, ғылымның қиын жолындағы ерлік пен ездіктің, адалдық пен арамдықтың күрес-тартысы негізінде өрістейді. |
«Аңызды ауыл - Айсары» тарихи-ғұмырнамалық жинақ. 1961 жылдан Айсары елінің 50 жылғы тарихын шолып жазған алғашқы көңіл толқытарлық , жүрекжарды туынды. Дөңгеленген дүниеде ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген аталар мен аналардың, жалғасқан жас ұрпақтың өмірдеректерін баяндап, ел тарихын еске саларлық естелік жинақ. Айсары елінде өмір кешкен, кешіп те жүрген адамдар тарихынан сыр шертеді. Туған әке, аяулы ана, ағайын-туыс бауырлар мен қадірлі көрші, қимас дос, еңбек жолында иықтас болған жандар жайлы құнды шежіре. Кітаптың жылдардан жылдар өте ел тарихын жалғастырып жазатындар мен болашақ ұрпақтың рухани кәдесіне жарайтындығына кәміл сенемін. |
|
Нәзік сырлы лирикалық әндерін көпшілік сүйсіне тындайтын белгілі композитор, жазушы, өнер зерттеушісі И. Жақановтың бұрынғы-соңғы өткен, бүгінгі күнгі өнер адамдары жайлы жазған повесть, әңгіме, эсселерін оқырмандар тұшына оқып, жылы қабылдап жүр. Автордың «Аққулар қонған айдын көл» атты бүл жинағы қазақтың кешегі өткен әрі бүгінгі совет заманындағы айтулы музыка саңлактары жөніндегі жаңа кітабы. |
|
|
Бұл жинаққа К. Салықовтың Қазақстан композиторларының әндеріне жазылған өлендері топтастырылды. Жинақ әң сүиір қауымға арналған. |
Ақын Есләм Зікібаевтың есімі жырқұмар қауымға жақсы таныс. Оның бұдан бұрынғы «Ақ қайыңдар» жинағын оқушы жұртшылық та, әдеби сын да жылы қабылдады. Ақынның жаңа жинағына еңбеккер замандастарымыздың өмірінен алып жазылған өлеңдері мен толғаулары кірді. |