Ақ тілектер аясындал : Деректі повесть, естеліктер, өлеңдер.
  • Автор: Хамзин Қобылан Хамазаұлы
  • Библиографическое описание: Хамзин, Қобылан Хамазаұлы. Ақ тілектер аясындал: Деректі повесть, естеліктер, өлеңдер. / Қ.Х. Хамзин. – Петропавл: 2003. – 240 б.
  • Аннотация:

     Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ұзақ жылдар бойы облыстың ішкі істер басқармасында басшы қызметте болған милиция полковнигі, «КСРО ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері» Қобылан Хамзиннің есімі оқырман қауымға жақсы танымал. Осыған дейін «Көктерек», «Асыл арыстар», «Ақиқат» атты естеліктер мен нақтылы тарихи деректі повестер жазып өз оқырмандарына ұсынған қаламгер тынымсыз ізденіс пен шығармашылық өрлеу үстінде еңбек етуде. Соның нәтижесіндей болған «Ақ тілектер аясында» деп аталатын жаңа деректі повесть пен естеліктер және өлеңдерді топтастырған бұл кітабы өзінің іскерлігі мен еңбекқорлығына қоса үлкен азаматтық парасат және жауапкершілік жүгін көтере біліп, қатардағы бөлімше агрономынан облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне дейін көтерілген қоғам қайраткері, еліне кеңінен танымал азамат Құдайберген Қалиұлы Қалиев туралы жазылған еңбек. Повесть желісін баяндап, оқиғалар мен өткен жолдар тізбегін нақтылы деректерге сәйкес ұластыра жалғастырып, кітап кейіп-керінің атқарған қызмет жолдарындағы саяси-әлеуметтік ахуалға шебер үштастыра шерткен сырымен оқырманын өзіне баурап отыратын кітаптың тілі жеңіл ойы ұғымды. Көпшілік оқырман қауымға арналған бұл кітап автордың еліміздің тарихы мен мәдение-тіне қосқан бір үлесі болмақ.

  • Читать полностью (22)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
Рейтинг: 0 Голосов: 0 Ваша оценка:
Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий