Литературоведение. Художественная литература

Сортировка записей:

�������� 33

Мағжанды пір тұтқан ақын
  • Автор: Қангожина Тоғжан
  • Библиографическое описание: Қангожина Тоғжан, «Мағжанды пір тұтқан ақын». «Северный Казахстан» баспасы, Петропавл, 2017.- 276 б.
  • Аннотация:

     Белгілі ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мүтәллап Қанғожиннің 80 жастық мерейтойы қарсаңында
    жарық көргелі отырған кітапқа ол туралы әр жылдары жазылған пікірлер, мақалалар мен өлеңдер енгізілді. Оларда ұлы Мағжан
    ақынды өмір бойы пір тұтып келе жатқан қаламгердің шығар-
    машылығы және Қызылжар өңірінде кеңес заманында ұмыт болуға айналған анатілімізді, ата салт-дәстүрлерімізді қайта өркендетуге сіңірген елеулі еңбегі мен азаматтықұстанымы хақында салиқалы
    сыр шертіледі.

  • Читать полностью (12)
  • Предоставлено: КГУ «Централизованная библиотечная система района Шал акына Северо-Казахстанской области»
  • Подробнее...
    Мағжан: Өмірі мен шығармагерлігі
  • Автор: Елеукенов Шериаздан Рустемович
  • Библиографическое описание: Елеукенов, Шериаздан Рустемович. Мағжан: Өмірі мен шығармагерлігі. / Ш.Р. Елеукенов. – Астана : Астана-полиграфия, 2008. – 392 бет.
  • Аннотация:

     Филология ғылымдарының докторы, проф. Шериаздан Елеукеновтың «Мағжан» атты туындысы 1995 жылы жарық көріп, оқырман жұртшылық тарапынан жоғары бағаланып, кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болғаны мәлім. Уақыт өте келе тәуелсіздік заманының үздік ізденістерінің бірі саналатын кітаптың маңызы артпаса, еш кемімеген. Жанры жағынан филологиялык эссе түрінде жазылган бұл кітап бұрын-сонды айналымға түспеген бай матерналды ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау, ақынды тудырған тарихи ортаны, сол кездегі қоғамдық қатынасты терең сипаттау негізінде Мағжан Жұмабаевтың жарқын бейнесін зор шабытпен өрнектейді. Ұлтымыздың көкейтесті проблемалары жайлы ақын толғаныстары бүгін де актуальді: Мағжан осы қазір тәуелсіздік мінберінен сөйлеп тұрғандай әсер етеді. Ол Абайдан соңғы ақын-жазушылардың алдынғы қатарында қазақ елінің ендігі тағдырын жырына алтын арқау етті. Қазақтың кемеңгер ұлттық ақынының шығармагерлік ересен еңбегін барынша көрсете білген зерттеудің мәтіні жаңа басылымда өзгеріссіз, бұрынғы қалыбында толық сақталды.
    Кітап әдебнет зерттеушілеріне, жоғары оқу орны студенттеріне, жалпы әдебиет сүйер әлеумет үшін пайдалы құрал бола алады.

  • Читать полностью (21)
  • Предоставлено: С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
  • Подробнее...
    Мағжан Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер
  • Библиографическое описание: Мағжан [Мәтін] : Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер. – Петропавл : [баспасыз] , 2006. – 428 бет. - [Кітапты шығарған СҚО әкімдігі]
  • Аннотация:

     Қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген ұлы ақындарымыздың бірі Мағжан Жұмабаев заманында саяси көзқарасы, ағартушылық қызметі, эстетикалық-философиялық ұстанымы өз дәрежесінде қанатын кең жая алса, ақыл-ойга басқаша дір өріс ашып, халқының қолына ерекше бір әлемнің кілтін ұстатқан болар еді. Бірақ тағдыр оған жазбады, ол қугын-сүргіннің құрбаны болды.

    Қолдарыңызга тиіп отырған кітапта Мағжан жырларымен бірге оның өмірі мен шығармашылыгына қатысты тың деректерге толы әдеби зерттеулер де топтастырылған.

    Кітап көпшілік оқырманға арналған.

  • Читать полностью (18)
  • Предоставлено: Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им.Сабита Муканова
  • Подробнее...
    Мағжан әлемі: Әдеби зерттеулер
  • Библиографическое описание: Мағжан әлемі : әдеби зерттеулер. ; [құраст. Ж. Сүлейменов] . – Алматы : Асыл кітап, 2009. – 496 бет.
  • Аннотация:

     Мағжан Жұмабаев — өз шығармаларымен қазақ әдебиетін жаңа бір асуға шығарып, әлемдік кеңестікке жол салған, шашасына шаң жұқтырмаған жыр жүйрігі, сұлу сөз, кестелі ойдан күмбез қалаған нағыз дарын иесі. Бұл кітапқа сөзі қуатты, жыры шуақты жыр дауылпазының өмірі мен шығармашылық қызметі, әдеби мұрасы туралы әр жылдары жазылған материаддар топтастырылған.

  • Читать полностью (63)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырлары
  • Автор: Қанарбаева Бақыткамал
  • Библиографическое описание: Қанарбаева, Бақыткамал. Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырлары / Б. Қанарбаева . – Алматы : [баспасыз], 1995. – 155 бет.
  • Аннотация:

     Бұл зерттеу — қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларының фольклормен байланысын зерттеген алғашқы еңбек. М.Жұмабаев халық қайнарынан нәр ала отырып, шығыс, еуропа, орыс әдебиетіндегі жетістіктерді пайдаланып, тың да соны ұлттың поэзия тудырды. Осы мәселелерге ғылыми тұрғыдан талдау жасалады, Мағжанның қазақ әдебиетін Абайдан кейін жаңа тұрпатты әдебиет үлгісімен байытудағы жетістіктеріне баға беріледі. Ауыз әдебиетін пайдаланудағы шығармашылық қырлары ашылады. Сондай-ақ бұл еңбек, 1920 жылдардың басындағы қазақ әдебиетіндегі даму заңдылықтарын баяндайтын оқулықтар мен қолданбалардың қатарын толтырады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарын филология, журналистика факультетерінің студентерімен ғылыми қызметкерлерге, Мағжан мұраларына құштар кепшшік қауымға арналған.

  • Читать полностью (32)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Мағжан символист
  • Автор: Қанарбаева Бақыткамал
  • Библиографическое описание: Қанарбаева, Бақыткамал. Мағжан символист / Б. Қанарбаева ; ҚР білім және ғылым министрлігі, "Қайнар" ун-ті. – А. : Экономика, 2007. – 288 бет.
  • Аннотация:

     Бұл монографияда Шәңгерей мен Мақыш, Шәкәрім поэзияларындағы символизмнің Мағжан поэзиясында шарықтау шыңға көтерілгені жүйелі дәледенеді. Мағжанның қазақ әдебиетіндегі дараланып көрінген әдеби әдісі ашылып, оған ықпал еткен арналар анықталады. Сондай-ақ талас тудырып келген Сәкен поэзиясымен ара салмағы сараланады. Сөйтіп XX ғ. басындағы әдебиеттің бүгінге дейін белгісіз болып келген қалтарыстарын айқындап, оған жаңаша баға береді. Кітап жоғары оқу орындарының студентгері мен аспиранттарына, мұғалімдерге көмекші оқу құралы ретінде ұсынылады. Әдебиетті білуге құштар әлеумет үшін де пайдасы зор.

  • Читать полностью (39)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Мағжан Жұмабай. Өмірі мен шығармашылығының шежіресі: 1 Том
  • Библиографическое описание: Мағжан Жұмабай. Өмірі мен шығармашылығының шежіресі: 1 Том / Ахметжанова Г.Б., Мәлікова С.З., К.Қ. Оспанов., З.С. Тайшыбай.- Северный Казахстан» баспасы, Петропавл, 2018.- 384 б.
  • Аннотация:

    Кітапта Мағжан Жұмабай өмірі мен шығармашылығының шежіресі ақынның өлеңдерінің 1912,1923,1988 жылғы жинақтарына енген мәтіндерімен қоса берілген. Ақын өмірбаянын толық қамтитын ғылыми басылымда Санкт-Петербург, Мәскеу, Казан, Ташкент, Омбы, Петропавл мұрағаттарында сақталған құжаттардың басым көпшілігі тұңғыш рет жарияланып отыр, бірқатары түпнұсқадан көшірме түрінде дайындалды. Қазан қаласында шыққан тұңғыш жинақтың факсимил көшірмесі ұсынылып отыр.
    Кітаптар қалың оқырман қауымға арналған.

  • Читать полностью (19)
  • Предоставлено: С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
  • Подробнее...
    Мағжан Жұмабай. Өлеңдер жинағы: Т.2
  • Библиографическое описание: Мағжан Жұмабай. Өлеңдер жинағы: Т.2. / Ахметжанова Г. Б., Мәлікова С.З., К.Қ. Оспанов., З.С. Тайшыбай.-Северный Казахстан» баспасы.- Петропавл, 2018.-384 б.
  • Аннотация:

    Кітапта Мағжан Жұмабай өмірі мен шығармашылығының шежіресі ақынның өлеңдерінің 1912,1923,1988 жылғы жинақтарына енген мәтіндерімен қоса берілген. Ақын өмірбаянын толық қамтитын ғылыми басылымда Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Ташкент, Омбы, Петропавл мұрағаттарында сақталған құжаттардың басым көпшілігі тұңғыш рет жарияланып отыр, бірқатары түпнұсқадан көшірме түрінде дайындалды. Қазан қаласында шыққан тұңғыш жинақтың факсимил көшірмесі ұсынылып отыр.
    Кітаптар қалың оқырман қауымға арналған.

  • Читать полностью (49)
  • Предоставлено: С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
  • Подробнее...
    Мағжан Жұмабай өлеңдері - Әлем тілдеріндегі аудармалары
  • Библиографическое описание: Мағжан Жұмабай өлеңдері - Әлем тілдеріндегі аудармалары./ Құрастырып, баспаға дайындаған: А.Тұрғанбаев. - Анкара, 2018.-467 бет.
  • Аннотация:

     Бұл кітап Мағжан Жұмабайдың жылдық мерейтойына арналды

  • Читать полностью (8)
  • Предоставлено: С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
  • Подробнее...
    Мағжан Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдері: Оқу-әдістемелік құралы
  • Автор: Сеңкібаев Сабыр Тәлиұлы
  • Библиографическое описание: Сеңкібаев, Сабыр Тәлиұлы. Мағжан Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдері: Оқу-әдістемелік құралы / С.Т. Сеңкібаев . – Көкшетау : 2006. – 102 бет.
  • Аннотация:

     Еңбекте қазақ ұлттық педагогикасының негізін қалаушылардың бірі, М. Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдерін бүгінгі жастарды тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары мен мүмкіндіктері кеңінен қарастырылған. Еңбек жоғарғы оқу орындары мен колледж оқытушыларына, сондай - ак студент жастарға арналған. Педагогика кафедраларының оқытушылары мен тәрбие саласында еңбек ететін мамандарға пайдалануға болады.

  • Читать полностью (55)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Мағжан ізімен = По следам Магжана
  • Автор: Мұқанов Қайролла Мұқанұлы
  • Библиографическое описание: Мұқанов, Қ. М. Мағжан ізімен = По следам Магжана [Мәтін] / Қ.М. Мұқанов. – Петропавл : [баспасыз] , 2013. – 440 бет : 8 б. фото. Параллельді мәтін: қазақ, орыс тілдерінде.- Пайдаланылған ідебиеттер: б. 415-420
  • Аннотация:

     Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Асыл мұра» орталығының қызметкері, Мәдениет қайраткері, Қайролла Мұқановтың бұл кітабына халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеу мақалалары енгізілді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

  • Читать полностью (22)
  • Предоставлено: Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им.Сабита Муканова
  • Подробнее...
    Мағжан - поэзия падишасы
  • Автор: Дандай Ыскақулы
  • Библиографическое описание: Ысқақұлы Д. Мағжан - поэзия падишасы: монография / Дандай Ыскақулы. - Ал маты: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 256 б.
  • Аннотация:

     Мағжан Жұмабасв - қазак әдебиетін, оның ішінде ұлттык поэзияны түркілік, әлемдік деңгейге көтерген ұлы ақын. Елінің ертеңін ойлап, ойдан от болып жанған, сезімге оранып, жақынды жыр жазған Мағжанның өлеңжырлары, мұң-зары халқының жүрегіне нұр болып кұйылып, ұлттық рухына айналды. Ұлыларды жасайтын оның тарихи тағдыры десек, ұлт рухынан жаралған Мағжанды ұлы кылған - ол өмір сүрген отаршылдык заманныя «бұратана» халықтарды зар жылаткан тар капасы. Кітапта Мағжаннын ақындық тағдыры кеңестік кезеңнін шынайы шындығымен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылады.

    Кітап әдебиет, мәдениет зерттеуші ғалымдарға, докторанттарға, магис-трлерге, студенттерге, жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.

  • Читать полностью (94)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Материалдары халықаралық ғылыми-практиқалық конференция "С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман : 24-27 сәуір. 2 том.
  • Библиографическое описание: Материалдары халықаралық ғылыми-практиқалық конференция "С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман : 24-27 сәуір. . – Петропавл : [Баспасыз], 2000- 2-ші том.- 242 бет.
  • Читать полностью (47)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Материалдары халықаралық ғылыми-практиқалық конференция "С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман : 24-27 сәуір 1 том.
  • Библиографическое описание: Материалдары халықаралық ғылыми-практиқалық конференция "С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман : 24-27 сәуір. . – Петропавл : [Баспасыз], 2000- 1-ші том.- 178 бет.
  • Читать полностью (17)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Мастер чеканного слова
  • Библиографическое описание: Мастер чеканного слова [Текст] : (Биограф. сведения и избранные произведения) / Центр "Асыл мура"; сост. Г. Кадыралы, К. Муканов, С. Жумабаев. – Петропавловск : [Б.и.] , 2002. – 125 с. - 100 лет со дня рождения Г. Мусрепова
  • Аннотация:

     100 лет со дня рождения Габита Мусрепова (Биографические сведения и избранные произведения).

  • Читать полностью (30)
  • Предоставлено: Историко-литературный центр "Асыл Мұра"
  • Подробнее...
    Мартин Иден; Рассказы
  • Автор: Лондон, Джек.
  • Библиографическое описание: Лондон, Джек. Мартин Иден; Рассказы : пер. с англ.. / Д. Лондон . – М. : Худож. лит., 1972. – 543 с
  • Читать полностью (30)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Маргау: повесть
  • Автор: Шаймерденов, Сафуан
  • Библиографическое описание: Шаймерденов, Сафуан. Маргау: повесть. / С. Шаймерденов; пер. с каз. Т. Золотухиной; [худож. С. Каржаубаева]. – Алма-Ата: Жалын, 1981. – 112 с.
  • Аннотация:

     Герой этой книги — добродушный и преданный своему хозяину пастуший пес — Маргау. Действие повести происходит на горном пастбище и в городе, куда Маргау попадает вместе со своими друзьями — двумя мальчишками, сыновьями чабана.

  • Читать полностью (57)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Манас. Семетей. Сейтек. Қырғыз халқының эпосы
  • Автор: Әлімжанов Баянғали
  • Библиографическое описание: Әлімжанов, Баянғали. Манас. Семетей. Сейтек. Қырғыз халқының эпосы / Б. Әлімжанов. – Нұр-Сұлтан: Гласнр.- 2021.- 396 бет.
  • Аннотация:

     Бүкіл адамзаттық бағалы мәдени мұра, бауырлас қырғыз халқының «Манас» эпосын қазақ оқырмандарына түсінікті қылып айтып беру - заман қажеттілігі. Өйткені, жүз мыңдаған, миллиондаған жол жырды бүгінгі һәм келешек жастардың игеріп, оқып шығуы аса қиын. Эпосты қазақшалаған Баянғали Әлімжанов қырғыз жырының ырғақ, бояуын дәл жеткізіп, негізгі оқиға желісін, қуатты рухын, көркемдік ерекшелігін сақтай отырыт, арасында қара сөзбен баяндап, төрт есе ықшамдап, бір деммен оқылатын тартымды дүние жасаған. «Манас», «Семетей», «Сейтек» деп аталатын аталы - балалы батырлар туралы ұланғайыр жыр бір кітапта, бір мұқабаның ішінде тұңғыш рет жарияланып отыр.

  • Читать полностью (28)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Малыш и Карлсон, который живет на крыше
  • Автор: Астрид Линдгрен.
  • Библиографическое описание: Астрид Линдгрен. Малыш и Карлсон, который живет на крыше / А. Лингина. – М. : Ахбука-Аттикус, 2018. – 120 с.
  • Читать полностью (26)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...
    Маленький принц
  • Автор: А. де Сент-Экзюпери.
  • Библиографическое описание: А. де Сент-Экзюпери. Маленький принц / А. де Сент-Экзюпери. – М. : Эксмо, 2016. – 112 с.
  • Читать полностью (27)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
  • Подробнее...