15 жасында Мұгалем болған

Міне, Маңғыстау ауданының орталығы - Шетпе ауылында тұратып Ахай Ахметова деген қарт ана осылай деп толғанады. Оның жасы биыл сексеннің жетеуінде. «Сыры кетсе де, сыны кетпеген» дегендей, сөзі пысық, қара сөззге шешен, қимылы да ширақ. Ягни, Ахай сонау Ұлы Отан соғысы жылдарының қиындығын көз көрген көнекөз қариялардын бірі. 

Ол кісі неміс-фашистері елімізге тұтқиылдан опасыздықпен шабуыл жасаған жылдың жазында Шайыр деген ауылдың мектебінде жетінші сыныпты ғана бітірген он бес жасар қыз бала екен.
Бірде оны ауданның білім беру саласы басшылары өздеріне шұғыл шақыртады. Олар бірден Ахайға қолқа салып, «елде мұғалімдер жетпей жатыр, осы Таушықтан үш айлық мұғалімдік курсты оқып, бізге көмек бер», деп өтініш тастайды.

Сонымен, ол үш айлық курсты үздік бітіріп, Жыңғылды ауылына мұғалім болып келеді. Бастауыш сыныптарга сабақ бере бастайды. «Бас көгерер ер-азаматтар майданға кетіпі жатыр. Мектеп балалары ашкұрсак, жүдеу-жадау күйде оқып жүрді. Балалар да, мұғалімдер де үстеріне табылған бір нәрсені киіп сабаққа келетін. Бар болғаны бес-алты бөлмеден тұратын мектеп үйі қимен, тезекпен жылытылатын.

Балалар күнделікті сабаққа отын тезек арықалай келіп, сағаттар бойы дірдектеп оқитын.
 Оқулық жетіспеді, дәптер деген атымен болмады. Олар ескі-құсқы газет беттерінің шетіне жазатын. Ал сабақтан тыс кезде күні-түні майдандағы жуынгерлер үшін жүн қолғап, шұлық тоқитын. Арагідік оқушылардан құрылған «тимур-шылар командасы» жағдайы қиын қариялар мен әкерилердің от-бастарын қолдагі, көмектесіп тұратын», дейді А.Ахметова әжей.

Сол кезде мұғалім жетіспегендіктен, ол бірінші және үшінші сынып оқушыларын бір бөлмеде қатар оқытады екен. Сонда да балалардың сабаққа деген құштарлығы кемімепті. Олардын ішінде экесіне ағасы майданда қаза тапқандықтан, сабақ үстінде өксіп жылап отыратын жетімдер де аз болмаған көрінеді. «Біз сондайлардын жылы сөзімізбен желеп-жебеп, тіршілік толқынына еруге талпындырып отырдық. «Бұл -тек сенің отбасыңа ғана емес, ел басына күн туған қиын заман», деп жұбату сөздерімізді айтатынбыз. Иә, талай бір килы заман өтті ғой», дейді Ахай әжей.

Ол 1948 жылдан бастап мұғалімдікті өзге мамандыққа ауыстырады. Сөйтіп, 1986 жылға дейін әртүрлі мекеме кәсіпорындарда есепші қызметін абыроймен аткарады. Жұбайы марқұм Орысбай Нүрболатов екеуі ұлағатты ұл мен қыз өсірді. Бұп күндері немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғүмыр кешуде. Оның омырауында «Тылдағы еңбегі үшін» және «Күміс алқа» медальдері жарқырайды. отырмыз. Қашанда тілейтініміз тыныштык, ел бірлігі мен ынтымағы, - дейді қарт ана Ахай Ахметова.Ұлы жеңіске 70жылдығын да көргелі отырмыз қашанда тілейтініміз тыныштық ел бірлігі мен ынтымағын дейді қартана Ахай Ахметова.

Аллабсрген ҚОНАРБАЕВ, Қазақстаи Журналистер одағының мүшесі.
Маңшстау облысы,
Маңгыстау ауданы,
Шетпе ауылы.


//.Егемен Қазақстан .-2015. -5 ақын. -8 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий