ӨМІРІ ӨНЕГЕ
ӨМІРІ ӨНЕГЕ
Біздің республикамызда жасақталған, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясының сапында менің әкем Шон Рахимов та соғысты.
Шон Рахимов 1916 жылғы 25 желтоқсанда Көкшетау облысындағы Чкалов ауданының Амандық ауылында көпбалалы отбасында туған Ол жасынан өжетте өткір, білімқумар болып өсіпті.
Оның әке-шешесі үш қыз, үш ұл бала тәрбилеген екен.
Әкем есеп сабағын ұнатыпты. Соның ықпалымен Красноармейский ауданындағы Ново-Сухатинское ауылындағы орта мектепте физика мен математикадан сабақ берген.
Бірақ оның одан арғы бейбіт еңбегіне аранын ашқан аждаһа - соғыс тұсау салып, 1939 жылғы финдермен шайқасқа қатысқан.
Оны 1940 жылы Краснодардағы артиллерия училищесіне оқуға жіберіпті.
Ұлы Отан соғысы басталғанда училищені тамамдап, лейтенант әскери атағын алған әкем 1941 жылдың қазан айында Мәскеуге аттанған.
Бұл жайында ол өзінің күнделігінде былай деп жазыпты: "1940 жылы мен Краснодар әскери артиллерия училищесінде оқып, Отанымызға неміс-фашист басқыншылары зымияндық-пен басып кіргенде біз училищені мер-зімінен бұрын аяқтадық та, лейтенант атағы беріліп, Москваға, Бас коман-дованиенің қарауына келдік.
Бұл Москва үшін шайқастың нағыз қызған шағы еді. Қарашаның басында Дзержинский атындағы әскери академияның жертөлесінде бір айлық оқуға қайта отырдық.
Бұл сабақтар ерекше маңызды еді. Өйткені, онда біз "Катюша" минометінен атуды уйрендік.
Ал 1941 жылдың желтоқсанында бізді Бас қолбасшының буйрығымен Апматыға жіберді. Сол кезде онда 100-ші бригада жасақтапып жатқанды.
Менің жанымда жас офицерлер Кенжеғалиев, Құттығулов және Серікбаев болды.
Әскери даярлықтан өткен соң 1942 жылдың шілдесінде 100-ші бригаданы майданға жіберді. Біз-бен бірге майданға өзі сұранып, болашақ Кеңес Одағының
Батыры Мәншүк Мәметова да аттанды. Ол бастапқыда штабта істеді де, арнайы курсты тамамдаған соң пулеметші болды.
Мен онымен бірге Ржев, Великие Луки, Невель қалалары үшін болған шайқастарға қатыстым...".
... 1943 жылдың қазан айында Калинин облысындағы Изочи станциясын жаудан босатуға бұйрық беріледі.
Бұл станцияның немістерге де, біздерге де үлкен стратегиялық маңызы болған Кеңес әскерлері таңғы сағат 5-те шабуылға шығады.
Кескілескең қиын шайқас өтеді. Станция қолдан-қолға көшеді. Көптеген жауынгерлер қаза табады.
Адам айтқысыз қан-төгіс. Осы шайқаста Мәншүк Мәметованың пулеметі бірталай жауды жер жастандырады.
Оның көмекшілері патрондарды беріп үлгере алмайды. Жаужүрек қыздың дәлдеп жаудырған оқтарынан жүздеген немістер мұрттай ұшып, соның арқасында біздің жаяу әскерлер жау қорғанысын бұзып өтеді.
Кеңес әскерлерінің жанқиярлығына өшіккен немістер ұшақтарын көмекке алдырады.
Ондаған жау ұшақтары аспаннан бомбаларын жаудырып, жердің астан-кестеңін шығарады. Осындай аласапыран кезінде Мәншүк қатты жараланады.
Жанындағы жауынгерлер оны санитарлық батальонға жібермекші болғанда ержүрек те қайсар қыз ауыр жарақатына қарамай, оқты жаудыра береді.
Осы шайқаста мерт болған Мәншүктің қазасына бүкіл дивизия жауынгерлері қатты қайғырады.
Сондай-ақ, бұл шайқаста дивизия командирінің орынбасары, подполковник Әбілқайыр Баймолдин де қаза тауып, Мәншүк Мәметова сияқты ол да Невельде жерленеді.
Ұрыста 100-ші атқыштар бригадасының автоматшылар батальонының командирі С. Қасымов та ерлікпен қазатабады. "1944 жылы Вильнюс қаласы үшін болған шайқас сурапыл қантегіспен өтті. Немістер бұл жерге өзінің қуатты.
дивизияларын шоғырландырды. Жаудың күшінің басымдығына қарамастаң үшінші Беларусь майданының жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Бір күннің ішінде біздің жауынгерлер жаудың 12 шабуылына тойтарыс берді.
Вильнюсті азат етуге қатысқаным үшін мен II дәрежелі Отан соғысы орденін иелендім. Марапаттарымның ішінде мен үшін айрықша қастерлісі -"Александр Невский" ордені. Оны мен 1945 жылы Манчжурияда жапондармен соғыста алғанмын".
Әкем 1939-1947 жылдар аралығында Москвадан бастап, Порт-Артурге дейін жорық жолдарымен жүріп өткен.
Ол жауынгерлік ерліктері үшін барлығы 18 рет марапатталса, соның алтауы - ордендер. Солардың ішінде жоғарыда аталғандардан өзге Қызыл Ту, I дәрежелі Отан соғысы, тағы бір мәрте II дәрежелі Отан соғысы, "Кызыл Жұлдыз" орденімен марапаттауға ұсынылады.
Ол 1945 жылдың 13-30 қаңтар күндері аралығында Пилькаллен қаласының маңынан Кенингсбергке дейін дивизионды білікті де қаһармандық-пен басқарудың үлгісін көрсетті.
Шайқас кезінде капитан Рахимов шабуылдаушы батальонның қурамында көзге түсті. Жаудың қорғанысын бұзу кезінде және оны өкшелеп қуған уақытта дивизион немістердің 200-ден аса солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды, үш 75 миллиметрлік қондырғысың алты 81 миллиметрлік минометің 16 пулеметін қуртты.
Шайқас кезінде капитан Рахимов әлденеше рет ерліктің үлгісін көрсетті...".
Соғыстан кейін әкем еліміздің халық шаруашылығын қалпына келтіруге белсене кірісті. Ол алғашқы тыңгерлердің бірі болып тыңайған жерлерді игерді.
Тың игерудің бастапқы жылдарында Көкшетау облысының Қызылту ауданында "Жаңаауыл" кеңшары ірге қалады.
Шон Рахимов 1964 жылға дейін осы кеңшарды басқарып, шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрлеуіне үлес қосты.
Ол одан кейінгі жылдарын да ауыл шаруашылығын өркендетуге арнады.
1970 жылы менің әкем Бүкілодақық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің дипломын иеленді.
Ал 1972 жылы Еңбекшілдер ауданы "Восточный" кеңшары бөлімшесінің бірін басқара жүріп, "Октябрь революциясы" орденімен марапатталды.
Жасы шау тартса да, еңбектен қол үзбей, облыстық "Госкомсельхоз-техника" бірлестігінде қызмет істеді.
Ш.Рахимов 1987 жылғы 2 ақпанда дүние салды. Майдангердің артында 6 баласы, 18 немересі, 17 шөбересі қалды. Біздің бәрімізге майданда да, бейбіт еңбекте де жан-тәнін аямаған әкеміздің өмірі мен қызметі - өшпес өнеге.
Болат РАХИМОВ.
Айыртау ауданы.
// Солтүстік Қазақстан. -2015. - 30 шілде. -7 бет.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |