Солтустікқазақстандық Кеңес Одагының Батырлары

                                                       Солтустікқазақстандық Кеңес Одагының Батырлары
                                                                               Алексей РОЙ

1922 жылы қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Гаршино ауылында туған.
6-шы гвардиялық механикаландырылған бригаданың барлау ротасының взвод командирінің көмекшісі, гвардиялық старшина. Венгриядағы Дьер қаласының іргесіндегі ұрыстарда кезге түсті. Ол басқарған барлаушылар тобы 20 фашисті тұтқындады.

Оның жауынгерлік жолы қиындықтарға толы болды. Азов арқылы Кубаньға шегінді де, одан кейін Будапешт пөн Венаға жетті. Бірге туған бауыры Отан үшін мерт болды Жүздеген жолдастары жантапсырды.

Соғыстың соңы керіне бастаған кез, 1945 жылдың 14 сәуіріндө барлаушылар тобына Вөнадан Корнейбург қаласына апаратын жолдағы көпірді алуға бұйрық берілді.

Барлаушылар түн жамылып, ондағы сақшыны қалыда қалдырды. Блиндажда жатқан фашистерді де бір демде қырып салды.
Рой фашистерді кепірден еткізбеді. Танктерді де тоқтатты.Отқа оранған олар көпірді істен шығарды. 3 ганк, 11 бронетранспортер қиратылды. Жүз шақты фашист оққа ұшып, 12-сі тұтқынға алынды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы бвріл-ді. Екі рет I дөрөжелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейін Ростов облысында тұрды


//Солтүстік Қазақстан -2015. -21 ақпан. -4 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий