Рақымжан Қошқарбаевтың командирі
Рақымжан Қошқарбаевтың командирі
Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осы бүкіл халықтық мереке қарсаңында он сегіз жасында майданға аттанған әкемді, оның жауынгерлік жолын еске алғым келеді.Әкем өзінің өмір жолымен еліне, ауылдастарына үлгі-өнеге көрсеткен, "Ел ағасы" атанған құрметті азамат еді. Ауылдастары, әріп-тестері, туыс-бауырлары
"Директор аға", "Мұстақ аға", "Аға" деген сөзге ерекше бір жылылық сыйғызып, құрметпен атайтын.
Әкем Мұстақым Хасенұлы 1923 жылы Аққайың ауданының Аралағаш ауылында дүниеге келген. Аталары дәулетті, қайратты адамдар болған екен.
Бірақ ата-анасынан ерте айрылып, бала кезінен өмірдің ыстық-суығын көп көріп өсіп жетілген, жоғары білім алған. Өте білімді, жан-жақты, қарапайым, қайырымы мол, адамгершілігі зор, жаны нәзік, өмірге құштар, сұлулықты сүйе білген парасатты адам еді.
Өзі іргетасын қалаған мектеп мұражайының төрінде анам екеуінің суреті ілулі тұр. 2007 жылдан бері ардагерлердің қолдауымен ауданда тоғызқұмалақ ойынынан әкемді еске алуға арналған турнир өткізілуде.
2010 жылы облыстық газеттерде Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Алма Балтабаеваның әкемнің аузынан естіген деректері бойынша жазылған "Ардагер арманы" атты көлемді мақаласы жарық көрді. Бүгіндері әкемнің ізгі істерін жалғастырып жатқан шекірттері аз емес. Бұл әкем атының ұмытылмайтындығының белгісі іспетті.
Ол 1939 жылы Петропавл қаласындағы қазақ педагогикалық училищесін үздік аяқтаған соң мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы Хабаровск қаласында кіші офицерлер даярлайтын курсты бітіріп, лейтенант атағын алады.
Соғыстың басында атқыштар дивизиясының барлаушысы болады. Майданға атқыштар взводының командирі болып аттанады. Алғашқы шайқасқа 1942 жылдың жазында Брянск майданында қатысады.
Сол ұрыстардың бірінде қатты жараланып, контузия алады. Бірнеше ай Свердловск, Ташкент госпитальдарында емделіп, жарасынан сауыққаннан кейін Петропавл қаласына келеді.
Ел басына күн туған сұрапыл заманда Борки кентінде әскер қатарына жаңадан алынған жастарды әскери әдіс-тәсілдерге, жауынгерлік шеберлікке үйрететін әскери белімде барлаушылар взводының командирі болып қызмет атқарады. Сол күндерді әкем жиі еске алатын.
Менің взводымда 24 қазақ жігіті болды. Бәрі де ежет, майданға аттануға даяр еді.
Сен тұр, мен атайын" дейтін батыр жігіттер. Солардың ішінде Рақымжан Қошқарбаев деген ақмолалық жігіт болды. Батыр тұлғалы, отты кезді, қайсар мінезді, намысты қолдан бермейтін, нағыз қазақтың ер жігіті еді.
Қандай қиын тапсырма берсең де орындап шығатын. Әскери қаруды, тактикалық әдістерді тез меңгеруі мен құралайды кезден атқан мергендігі ешкіммен салыстыруға келмейтін Рақымжаннан түбінде бір ер шығатынына сенімім мол болды.
Менің тәрбиемде болған Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылдың мамырында Берлинде Рейхстагқа ту тіккендердің бірі болғаны әлемге белгілі. Мен командир ретінде өзімнің осы жауынгерімді мақтан етемін, — деп жүзі нұрланатын.
Кейін үлкен әпкем Баян ҚазМУ-де оқыды да, әкем Апматыға барған сапарында Рақымжан Қошқарбаевпен қалай кездескенін аңыздай қылып айтатын.
"¥шақтан түсіп, қызымды іздеп келе жатқанда алдымнан еңгезердей сымбатты жігіт шыға келді. Бір-бірімізге кез тоқтатып қарап үлгерген жоқпыз, бір сәтте "Командир аға", деп құшағын ашып, жерден тік кетеріп алды", — дейтін.
Міне, осы кездесу үлкен достыққа айналды. Рақымжан аға әкемнің құрметіне дастарқан жайып, қазақтың біртуар батыр ұлы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлымен дәмдес қылады.
Бауыржан Момышұлы әкемнен елін, жерін сұрап, "ертең елге барғанда қазақтың батыр ұлы Бауыржанның қолынан дәм таттым дерсің", — деп ақ батасын берген екен.
Батыр екеуінің соғыстан кейін 20 жылдан артық уақыт өтсе де, суымаған сыйластық, бауырмалдық сезіміне риза болған екен.
Сол кезден ескерткіш болсын деп әкем мен Рақымжан Қошқарбаев суретке түскен және Рақымжан аға "Қымбатты аға, туысқандық ізетпен ініңіз Р.Қошқарбаевтан" деп, өзінің қолтаңбасын берген.
Мектеп қабырғасында оқып жүргенде әкем соғыста болған қиян-кескі үрыстарды керкем, түсінікті етіп баяндайтын. Сын сағатта өзінің терең тылда барлаушылар взводының командирі болып жүргені жанын толғантып, маза бермейді.
Бір неше рет майданға сұранады, И.В.Панфилов басқарған 8-ші гвардиялық дивизия құрамында болуды армандайды.
(Соңы 8-бетте).
// Солтүстік Қазақстан. -2015. – 9 мамыр. – 7 бет.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |