Ерлігін ел ұмытпас ерлеріміз Әбу Досмұхамбетов

                     

                             Әбу Досмұхамбетов
1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Приишим (қазіргі Мамлют) ауданындағы Үш-көл ауылында туған. Ферма меңгерушісі, комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет істеді. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Соғысқа 1942жылдан бастап қатысты.
Аға лейтенант шені бар Әбу Досмүхамбетов майданда 8-ші атқыштар дивизиясының 229-шы атқыштар полкіндегі ротаны басқарды.

1943 жылдың 22 қыркүйегінде түнде жау артиллериямен оқ боратып түрғанда өзеннен алғашқылардың бірі болып өткен Әбу Досмүхамбетовтың ротасы полктің басқа бөлімшелерінің өтуін демей отырып, бірден үрысқа кірісті. Үш күннен кейің 25 қыркүйекте дивизия Припять өзенінен өтіп, онда да Әбудің ротасы ерекше көзгетүсті.

Әбу Досмүхамбетовтың соңғы шайқасы екі апта бойы фашистермен кескілескен үрыс жүргізілген Припять плацдармында өтеді. Қарсылас жақ жаңа күштерін қоса отырып, бірнеше әрекет жасайды. 6 қазанға қараған түнде жау мотоколоннасы бірінші батальонның позициясына қайтадан шабуыл жасайды. Бірнеше танк пен броневик өртенеді. Сау қалған жау машиналарының бурылуға шамасы келіп, шепке жақындап, бірінші ротаның позициясына баса көктей кіреді.

Осынау сәтте жаралы командир Ә. Досмүхамбетов күшін жинап, қарсы келе жатқан танкіге еңбектей жылжып барады да, граната лақтырады. Жақын жердегі жарылыс әлі 23-ке толып үлгермеген жас офицердің өмірін қияды.

Ә.Досмүхамбетовты Кеңес Одағының Батыры атағына үсыну туралы марапат парақшада 229-шы атқыштар полкінің командирі, подпол-ковник Шишков: "Деснаның, Днепр мен Припятьтің айдындарынан өту кезінде өзін шапшаң шешім қабылдауға және оны іске асыруға қабілетті шебер командир ретінде көрсетті. Ешқандай жүзу қүралы болмағанның өзінде ол қарсыластың күшті артминомет атысы астында бүзылған көпірден алынған тақтайлардан сал жасап, ротаны өзеннен шығынсыз алып шықты және қарсыластың жағалауында шайқасқа кіріп, келесі бөлімшелердін өтуін демеді.

Припять өзенінен өту кезінде оның ротасы немістің мотоколоннасының атысына тап болды.
Досмұхамбетов жолдас бір топ жауынгерлерімен қарсыласқа білдіртпестен колоннаның тылына өтіп кетіп, оны қашуға мәжбүр етті...",- депжазады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрапқасының Жарлығымен 1943 жылдың 16 қазанында Днепр мен Припять сағаларындағы ерен ерлік, қаһармандық үлгісін көрсеткен қайсар офицерге Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Және Отан соғысы, "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен наградталады.

Бейіті Чернобыль қаласыньің саябағында орналасқан Оның қасында құрдасы, майдандас серігі Кеңес Одағының Батыры Петр Батрак жерленген.

("Североказахстанцы: Герои Советского Союза. Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).


//Cолтүстік Қазақстан.-2015.-17қанта. -3бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий