Гавриил Кирдищев
1919 жылы Ақмола облысының Алексеев ауданындағы Приозерное ауылында туған. Содан кейін ата-анасымен бірге Петропавл қаласына көшіп келіп, 7 сыныпты бітірді. Петропавл станциясының депосында еңбек етті.
1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.
1944 жылдың шілдесіндегі ке-ңес әскерлерінің Белоруссиядағы шабуылдары діттеген жерден шығып жатты. Шілденің 1-інде кіші лейтенант Гавриил Кирдищевтің заставасы Рудница селосында тынығып жатқан-ды. Майдан алдыңғы жақта, алыста еді.
Қалжырағаныңда қиын-ақ, десе де шекара әскер-лерінде қызмет іетеу Гавриил Федотович пен оның жауынгерлерін сақтыққа, кез келген жағдайда және кез келген жаумен тайсалмай айқаса кетуге дайын тұруды үйреткен болатын. Күзет орындарын аралап өткен зас-тава бастығы селоға қарай келе жатқан немістер тобын байқап қалды.
Шамасы, бір ротадан кем емес, ал Кирдищевтің застава-сындағылардың саны - 30. Ұбақ-шұбақ болып келе жатқан не-містер сәлден кейін тізіліп, қоршай бастады.
Застава, ұрысқа! - деп Кирдищев бұйрық берді.
Тыныштықты автоматтар мен пулеметтердің бытырлаған оқтары бұзды. Фашистер жерге жабыса қалып, мылтықтарына кезек берді. Немістер сан жағынан әлдеқайда басым еді және де өздері аянбай, табан тіресе атысты.
Гавриил Федотович шекарашылардың бір шоғырын іріктеп алды да, немістерді айналып өтуге кірісті. Олардың бүйірінен келіп тиген бұлар айқасты өз пайдаларына шешті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылдың 24 наурызындағы Жарлығымен күші басым жауды жеңуді қамтамасыз еткен жеке өжеттігі, қасарлығы мен ерлігі, әскери шеберлігі үшін кіші лейтенант Гавриил Кирдищевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
//Солтүстік Қазақстан.-2015. -29 қантар.-4бет.