Алексей Дмитриев

          

 

 

Алексей Дмитриев

1912 жылы Айыртау ауданындағы Қарасевка ауылында туған. 1938 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941 жылы майданға кірді. Әсіресе, 1943-1944 жылдардағы шайқастарда көзге түсті.

Алексей Дмитриев 1941 жылы Брянск майданында фашистермен шайқасты. Батыс майданда да болды, ал 1944 жылы Белорус майданының құрамында ұрыстарға қатысты. Ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен маралатталды.
Слизновозно селосы тұсында 214-ші гвардиялық артиллериялық полкінің екінші дивизионының командирі ерекше көзге тусті. Жаудың бір батальон жаяу әскері мен 35 танкі шабуылдап келе жатты.

Бақылау пунктінде тұрған капитан А.Дмитриев зеңбірекшілерге бұйрық берді. Қарсыластың бес танкісі бірден отқа оранды. Бірақ қалған танктер бақылау пунктін басып өтіп, дивизионның негізгі зеңбіректері тұрған тұсқа ұмтылды. Олар біздің артиллерияны таптап кетуі мумкін еді. Осыны ойлаған Алексей Федорович барлаушыларды және байланысшыларды ертіп алып, олардың жолын кесті. Фашистердің уш дуркін шабуылына да тойтарыс берілді.

Сөйтіп, олар фашистерді шегінуге мәжбур етті. Ат төбеліндей зеңбірекшілер біздің жаяу әскерлер келгенше сол жерді ұстап тұрды.
Жағдайдың қиындығына байланысты команда басшылығы капитан А. Дмитриевке шегінуге рұқсат берді. Бірақ ержурек ко-мандир орнынан қозғалған жоқ. Жалғыз өзі жаудың 15 сарбазын, үш офицерін өлтірді. 1944 жылғы 17қазандамертболды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төр-алқасының 1945 жылғы 24 мамырдағы Жарлығымен А. Дмитриевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Батыр Литва елінде жерленді. Айыртау ауданындағы Саумал-көл ауылының бір көшесі оның есімімен аталады.


//Солтүстік Қазақстан.-2015.-27 қантар.-3бет .
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий