1923 жылы Петропавл қаласында әскери қызметшінің отба-сында туған. 1929 жылдан бас-тап Свердповскіде турып, орта мектепті, кейін Троицк ұшқыштар мектебін тамамдаған.
1943 жылдың наурызынан бастап майданға қатысқан. Воронеж, Харьков, Орел-Курск бағытындағы ұрыстарда шайқасып, Корсунь-Шевченко, Яссы-Кишинев операцияларына, Ру-мынияны, Югославияны, Вен-грияны азатетуге қатысты.
1943 жылдың 11 шілдесінде оның ұшағына оқ тиді, Александр Федоровичтің өзі ауыр жараланды. Соған қарамастан, ұшағын қондыра білді. 28 та-мызда жауынгерлік тапсырма кезінде тағы да оның ұшағына оқ жаудырылып, ұшқыш қолынан жараланды.
Бұл жолы да ол тап-сырманы орындады.
1943 жылдың қазан-қараша-сында ол 38 рет жаудың бекінісі-нің үстінен ұшып етті. 3 қараша-да Киев қаласының солтүсті-гінде 5 танкті, 8 автомашинаны, отыз шақты фашисті жойып жіберді.
Ленин, екі рет Қызыл Ту, Александр Невский, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, Югославияның II дәрежелі "Партизан жұлдызы" орде-німен және көптеген медальдар мен марапатталған.
167-ші гвардиялық шабуылдаушы авиациялық полкінің (10-шы гвардиялық авиациялық дивизия, 2-ші әуе армиясы, 1-ші Украин майданы) эскадрилья командирі, гвардия лейтенанты А. Карушинге 1943 жылғы 15 наурыздан бастап, 1944 жылғы 20 шілдеге дейін 104 рет жауынгерлік тапсырмамен көтеріліп, ерлік пен батырлық, тапқырлық танытқаны ұшін Кеңес Одағының Батыры деген атақберілді.
1951 жылы Әскери әуе академиясын аяқтады.
Авиацияның запастағы генерал-майоры 1993 жылы қайтыс болып, Мәскеу қаласында жерленді.
"Североказахстанцы: Герои Советского Союза.
Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).
//Солтүстік Қазақстан.-2015. -29 қантар.-4бет.