Айтшы, ақ қайың
  • Автор: Әбжан Амандық
  • Библиографическое описание: Әбжан, Амандық. Айтшы, ақ қайың / А. Әбжан ; [құраст. Б. Қожахметов]. – Петропавловск: Северный Казахстан, 2016. – 152 б.
  • Аннотация:

     Елжірей қараған көзімен, шын жүректен шыққан сөзімен, ең бастысы-ак жолдан ауытқымайтын ісімен адалдыктың ескерткішіндей есімізде қалған белгілі қаламгер Амандық Әбжан (1946-1998 ж.ж.) өз саласының өрге сүйреген көк өгізіндей еді: ол облыстық газетте де, республикалық газетте де еңсере еңбек етті.
    Ол, әсіресе, очерк жазуға келгенде осы жанрға олжа салған жүйріктердің бірі еді. Сол кезде А-2 форматымен шығатын «Ленин туы» газетінің етектей-егектей беттерінін біреуін тұтас алып жататын оның көл-көсір мақалалары да аз емес болатын. Өмір бойы облыстық газетте корректор болып енбек еткен оның зайыбы-Роза қолжазбаларына құнтгы бола коймаған Амандықтың олқылығының орнын толтырған екен: ол жұбайының жазған-сызғандарын жинай беріпті. Бір емес, екі кітапқа жүк болар Амандықтың жарияланымдарын былай сұрыптадык: қаламгердің әдеби шығармалары ғана енгізілді. Сүліктей соратын газеттің жұмысына жегілсе де, қалам қарымын танытар көркем туындылар тудырған Амандық қаламгер ретінде елдің есінде қалуы хақ.

  • Читать полностью (25)
  • Предоставлено: Северо - Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова
Рейтинг: 0 Голосов: 0 Ваша оценка:
Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий