Фольклор
Қазақтың атақты біртуар ақыны Сегіз сері (Мұхаммед -Қанафия) Баһрамұлының шығармалар жинағы түңғыш рет оқушы қауымға үсынылып отыр. Кітапка кірмей қалған өлең-жырлары да баршылық. Сондықтан бұл екі томдық басылымды шығармаларының толық жинағы деп қабылдауға болмайды. Бірінші томға ақынның өлендері мен толғаулары енгізілді. |
Сал-серілер поэзиясының көрнекті өкілдері — Сегіз сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Шөже, Арыстанбай, Орынбай т.б. қасиетті, киелі әншілік, ақындық өнердің дәстүрім жалғастырса, олардың өнерпаздық ерекшеліктері мен жолдарының негізінде шығармашылық мектептер де қалыптасқан. Соңынан ерген шәкірттері мен олардың туындыларын таратушылары да болған. Олар: Молдахмет Тырбиев, Игібай Әлібаев, Мұса Асайынов және тағы басқалары. |