Шорабеков, Қ. Халықтың мәңгі есінде/Қ.Шорабеков//Сақшы.-1995.-28қантар.-C.6

26 марта 2020 - Садыкова А.

Халқына рухани мол мұра, артына өлмейтұғын сөз қалдырған Абайдың қазақ елі ғана емес, әлем болып тойлайтын торқалы тойы қарсаңында барша ұйымдар мен мекемелер де мәдени- әдеби шаралар жүргізілуде.
Өткен аптада Қазақстан Республикасы ІІМ ғимаратының екінші қабатындағы кең залда Абайдың өмірін, шығармаларының мазмұнын бейнелеген суреттер көрмесі ашылды. Бұл көрмені Ішкі істер министрінің орынбасары А. Бейсенов құттықтау сөз сөйлеп ашты. ІІМ кадр жөніндегі басқарма бастығының орынбасары ішкі қызмет полковнигі В. Кочетыгов Абайдың ұлылығы, ақындығы, даналығы хақында жылы лебізге толы пікірін тебіреніспен ортаға салды. Сондайақ, ішкі қызмет майоры С. Қалмақбаев өзінің Абайға арнаған жүрекжарды өлеңін нақышына келтіре оқып берді. Көрменің ашылу салтанатын Алматы жоғары техниқалық училищесі курсанттарының Абай әндерінен қойған концерті ажарландыра түсті. Мұнан соң көрменің ашылу салтанатына жиналған қауым қойылған сурет, қолөнер туындыларын ұзақ тамашалады.
Бұл көрмеге қойылған шығармалардың авторлары — ішкі істер саласында қызмет ететін әуесқой суретшілер. Мұндағы әрбір сурет Абай- дың өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнына құрылған. Халықтың рухани қазынасына айналған Абай арқылы әуесқой суретшілер халқымыздың ой-арманын, болмысын ашып көрсетуге тырысқан. Жас Абайдың ал- бырт сезімдері, есейген кезіндегі Абайдың ақыл-ойы мен ісі, күрес-тартыстағы көзқарасы, халыққа қорған болуға тырысқан, еліне сын көзбен қараған Абай бейнесін әуесқой суретшілер өз
Суреттерде: көрмеден көріністер.
Суреттерді түсірген С. ПОЛЕЙ.
еңбектерінде көрсете білген. Қай суретке үңілсећіз де, бірінде Абай сезімтал жүрек, енді бірінде халық данышпаны, көреген көз. Алматы облыстық өрттен қорғау басқармасының қатардағы жауынгері И. Қазиевтің, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының қызметкері аға лейтенант К. Намазбаев жасаған Абай тұлғасы да өте сәтті шыққан. Сонымен қатар Абай бейнесін қоршаған ортамен, табиғатпен байланыстыра суреттеген № 6638 әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Л. Ұлбекәрімовтың «Туған Қазақстан», шығысқазақстандық А. Құрманәлиев салған ұлы ойшылдың суреті бірден көз тартады. Штрих техникасын асқан шеберлікпен меңгерген № 6697 әскери бөлім лейтенанты В. Коровников және қатардағы жауынгер И. Францев ағашқа ойып жасаған Абай шығармаларында әңгімеленген табиғат көріністерін ерекше нәзік сезіммен көрсете білген.
Сонымен қатар көрмеге қазақтың ұлттық өнерін паш еткен әсемдік, зергерлік бұйымдар да қойылған. Семей облысындағы Ленин аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Т. Қозбалинов асқан шеберлікпен зергерлік бұйым-дарға түрлі-түсті тастан қазақ-тың ұлттық ою-өрнегін келтіре білген. Ал сол облыстық ішкі істер басқармасы госпиталінің медбикесі 3. Төлеуғалиеваның көрме-ге жолдаған қоржын, жамыл-ғы, көрпеше, ши бұйымдары өте сәнді әрі автордың ұлттық өнерді қастерлейтінін білдір- еді. Семей облыстық ішкі істер басқармасының аға оперативті өкілі милиция подполковнигі Т.Сейтмұхаметов ұлттық бас киімді және киіз үйдің макетін шеберлікпен жасаған. Жалпы, көрмеге қойылған шығармалар Абай бейнесін және Абай бейнесі арқылы қазақ халқын, халықтың ұлттық болмысын, қазақ даласының табиғатын терең, жанжақты түсінуге жетелейді. Иә, ұлы Абайдың даналығы қашанда халық есінде.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий