Шорабеков,Қ. Көпұлтты Қазақстан халқының рухани мерекесі/Қ. Шорабеков//Сақшы На страже.-1995.-17 тамыз.-C.3

26 марта 2020 - Садыкова А.

Тамыздың 9-ында Алматыда А. Құнанбаевтың мерейтойын мерекелеуге байланысты ең басты рәсім өткізілді. Республика сарайында ұлы қазақ ақыны әрі ойшылының 150 жылдығына арналған жұртшылықтың салтанатты мәжілісі болды.
Салтанат басталардан бұрын Абайдың сарай алдындағы секерткішіне Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЮНЕСКО, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан Өзбекстан, Ресей, таяу және алыс басқа да шет елдер делегацияларының, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының басшылары гүл шоқтарын қойлу.
Ұлы ақын, данышпан, ойшыл Абай Құнанбаевтың 150 жылдығының ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде салтанатгы аталып өтілуі, — деді мәжілісті ашқан Премьер-министр Әкежан Қажыгелдин — еліміздің өміріндегі орасан оқиға. Бұл шынында да егемендігіміз ертіп әкелген мереке. Әлемге Абайдай ұлы тұлғаны берген тәуелсіз ел сол данагөйі арқылы төрткүл дүниенің төрт бұрышына түгел танылу құрметіне ие болып отыр. Бүгінгі тойдың бар мәнмазмұнын біз осы ойдың астарынан іздеп табуымыз керек.
Тәуелсіздіктің төрт жылында Қазақстан саяси және экономикалық болмысын Елбасының арқасында дүние жүзіне танытып үлгерді. Әлем қазір бізді ынтымағы жарасқан, тұрақтылық тұтқасын мықтап ұстаған жұрт деп біледі. Әлем қазір бізді демократияның жарқын жолына еркін түсіп, нарықтық қатынастарға батыл көшкен көшелі мемлекет деп біледі. Енді міне, әлем бізді Абайды тану арқылы әдебиеті өркендеп, мәдениеті тамырын тереңге жайған рухани жан-дүниесі бай ел ретінде мойындап отыр.
Біз жай той тойлап жатқан жоқпыз. Біз Абай рухын асқақтату арқылы Қазақстанның әлем алдындағы мәртебесін өсіргіміз келеді. Шынайы ақындық және азаматтық тұлғасымен өз ұлтының шеңберінен шығып, адамзаттың Абайына айналған Абай әлемдік әдебиеттен ғана емес, әлемдік өркениеттен өз орнын ойып алды.
Ал енді мереке Абайдың отаны — қазақ жерінде жалғасуда.
Оған қатысу үшін Алматыға көптеген елдерден меймандар келді. Премьер-министр оларды барлық қазақстандықтардың атынан құттықтады.
Біздің бәріміз, деді Ә. Қажыгелдин, айтулы мерекемізге келген Әзірбайжанның Президенті Гейдар Әлиевті, Қырғызстанның Президенті Асқар Ақаевты, Татарстан Президенті Минтемір Шаймиевті, Ресей Федерациясы Президентінің жеке өкілі, РФ үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Яровты жылы шыраймен құтгықтаймыз.
Біз ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор басқарған ЮНЕСКО мен бас хатшының арнайы өкілі Самир Санбар басқарған БҰҰ-ның делегацияларын ерекше қанағаттанғандық сезіммен құттықтаймыз. Біз басқа елдер делегацияларының басшыларын:
Армения Ғылым академиясының президенті Фадей Саркисянды, Башқұртстан Премьер- министрінің орынбасары Халяф Ишмұрадовты, Беларусь Мәдениет министрінің орынбасары Иван Карендуды, Венгрия мемлекеттік жиналысының депутаты Андраш Келеменді, Франкфурттегі Гете атындағы университетінің шығыс және шығыс-азия филологиясын зерттеу жөніндегі институтының директоры Марсель Эрдальды, Грузия Парламентінің спикері Вахтанг Гогуадзені, Египеттің Гылыми-зерттеу және технологиялық академиясының президенті Әли Әли Хубейшті, Джавахарлал Неру атындағы Дели университетінің прафессоры Варям Сингх-ты, Иранның Сыртқы істер министрі Әли Акбар Велаятиді, Қытайдың Мәдениет министрінің орынбасары Чэнь Чэньбанды, Молдова үкіметінің мемлекеттік кеңсесінің консультанты Болдурат Софияны, Пакстанның Мемлекеттік министрі, әдебиет академиясының төрағасы Факхар Заманды, Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Яровты, Санкт-Петербург мерінің бірінші орынбасары Владимир Яковлевті, Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары, Бозгүл Додхудованы, Түрікменстан мәжілісінің Төрағасы Сахад Мұрадовты, Түркия Президентінің бас кеңесшісі, Түрік-қазақ достық қоғамының төрағасы Намык Кемал Зейбекті, Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулхашим Муталовты, Украинаның Вице-премьері Иван Курасты, Франциядан келген профессор Шанталь Лемерсье Келькежейді құттықтаймыз.
Премьер-министр салтанатты мәжілісті ашық деп жариялады.
Қазақстанның Мемлекеттік әнұраны орындалды.
Содан кейін Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абай туралы сөз» айтты. Мемлекетіміз басшысының баяндамасы зор ықыласпен тыңдалды.
Мәжілісте сондай-ақ Федерико Майор, заманымыздың аса көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматов, Ресей Федерациясы Ғылым академиясының әлем әдебиеті институтының дирек- торы Феликс Кузнецов және Намык Кемал Зейбек сөз сөйледі.
Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжіліс жабық деп жарияланды.
Қысқа үзілістен кейін Республика сарайында Қазақстан мен басқа елдердің өнер шеберлерінің концерті болып өтті.
Мерейтойлық салтанат тамыздың 10-ынан бастап Абайдың отаны — Семей облысында одан әрі жалғасады.
(ҚазТАГ).

Абай және ЮНЕСКО
1990 жылы Қазақстан үкіметі атынан ЮНЕСКО-ның Париждегі штабпәтеріне хат жолданған еді. Екі-үш айдың ішінде ол жақтан жауап та келді. ЮНЕСКО-ның тәртібінде атаулы мерейтойлар күнтізбесіне екі-үш нөлі бар дөңгелек даталар ғана енгізілетінін қысқа ғана хабарланыпты. Бұл — жалпыға ортақ ЮНЕСКО тәртібі бойынша 150 жыл аталмайды деген дау туғызбас кесімді сөз еді. Сейтіп, Абай тойының халыкаралық деңгейде аталмауы әбден мүмкін еді. Сонда енді қалай болмақ? Бар мәселе Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың беделімен, тікелей араласуымен сәтті шешімін тапты. Республика Президенті 1992 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Фидерико Майордың атына хат жолдап, Абай тойын осы ұйым тарапынан атап өту керектігін делелдеп, ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізу туралы ұсыныс жасаған. Осы мәселенің ең есте қалар қуанышты сәті — 1994 жылдың күзіндеЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 27-сессиясында Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жьи толуын 1995 жылы тойланатын мерекелі даталардың тізбесіне енгізу жөніндегі Қазақстанның ұсынысы қаралып, кепшілік дауыспен қабылдануы болды. Абай мерейтойының ЮНЕСКО- ның атаулы даталар тізбесіне енгізілуі — біздің тәуелсіз ел ретінде әлемдік үрдісте санатқа қосыла бастағанымыздың белгісі және мұндай зор мәртебе, құрметке тұңғыш рет қол жетті.
Ал, ЮНЕСКО штаб-пәтері қабырғасында өткен Абай күндері — қазақтың ұлы ақынының әлемдік мәдениетте алатын орнына лайық әрі барлық елдерге қатысты және халықаралық деңгейдегі жалпыға ортақ шаралардың жиындык көрінісі деуге болады. Абай күндеріне дейін де ЮНЕСКО өз тарапынан бірқатар ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізді. ЮНЕСКО-ның қаржысына қазақ, француз, ағылшын тілдерінде Абайдың өміріне арналған көркем безендіршген альбом-кітап Испанияда басылып шығарылды. Абай күндерінде қолға тиген осы бағалы альбом біраз елдерге жіберлімек. ЮНЕСКО-ның «Курьер» журналының шілде айындағы санында Абай туралы мақалалар жарияланған. Сондай-ақ осы халықаралық ұйымның баспасөз қызметі Абайдың өмірі мен ақындығына арналған бірқатар материалдарды ЮНЕСКО-ға мүше жүз сек-сенге тарта елдердің бұкаралық-ақпарат құралдарына таратыпты. Париждегі Абай күндері кезінде тағы да осы ұйымның қатысуымен ұлы ақын туралы жасалған арнайы хабар дүние жүзіндегі аса ірі телекомпаниялардың бірі — Си- Эн-Эн арқылы бір жарым миллиард көрерменді қамтитын кеңістікте көрсетілді. Абай шығармалары әлемнін негізгі тілдеріне аударылатын болады аударылып та жатыр. Сейтіп Абайды әлемге танытуға ЮНЕСКО көп үлес қосуда.
6 маусымда ЮНЕСКО-ның штаб- пәтерінде осындағы Абай күндерінің ең елеулі оқиғасы — казақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайға арналған халықаралық ғылыми симпозиум (кол- локвиум) өткізілді. Осы межіліске катысып, сөз сөйлеу үшін дүниежүзіне аты мәлім әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов Брюсельден Парижге арнайы келді.

Адамзат Абайы
Жүрегімнің түбін терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Иә, Абай данамыз осылай деген. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс. басқа, бірак жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақ болып сәуле төкті, халқына жарқын болашаққа апаратын сәулелі жол көрсетті. Енді, міне, бүгінде сол данамыздың 150 жылдық тойын туған елі ғана емес, дүниенің төрт бұрышы түгел тойлап отыр.
Біздің Ішкі істер министрлігіміз де салтанатты той рәсімін өткізді. Онда милиция қызметкерлері Абай шығармашылығынан үзінді оқып, оның өмірінен шағын сахналық көріністер қойды, сондай-ақ өздерінің данаға арнаған өлең-жырларын, әндерін жырлады. Бұл тойдың сәні де, салтанаты да акын атамыздың, дана бабамыздың рухын аялай түскен. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары милиция генерал-майоры Р. Қайдаров той салтанатын ашып, өзінің жүрек жарды лебізін білдірді.
— Бұгінде біз де тарихи көштің бір керуенінде тұрмыз. Біздің қазақ халқының Абайын төрткүл дүние мойындап, әлем болып оның рухына бас иіп отыр. Дүркіреген тойлар біздің ішкі істер және ішкі әскер органдарының барлық баспалдақтарында ұйымдастырылуда.
Баскаша болу мүмкін емес. Туған жерінің, елінің, халқының мақсат- мүддесіне, барлық адамзат өміріне өшпес азық, мұқалмас мұрат, таусылмас рухани қазына қалдырған ұлағат данамыздың рухына барлық адамзат баласы қалайша бас имес? Оның әдебиет, мәдениет, тәрбие істерінде мұра етіп қалдырған өнегелері қашанда біздерге азық, — дей келе Р.Қайдаров, —салтанатқа келгендерге дана рухынан шапағат тілейтінін білдірді.
Иә, адамзат Абайына деген құрмет қашанда шексіз.

Мерейтойлық мүшәйра
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қазақ мемлекетінің астанасы Алматыда ақын туған айдың бірінші жұлдызынан басталып кеткендігі мәлім. Күні кеше ғана Алматы қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Орталық концерт залында ақындар мүшәйрасының қорытынды шарасы болып өтті.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп данышпан атамыз айтқандай, өлеңге әркімнің де таласы барлығы анық. Сондықтан да республикалық деңгейде өткізілген бұл мүшәйраға екі жүзге тарта ақын тілек білдірген екен. Дегенмен, әділқазылар алқасы тапсырылған өлеңдердің авторына қарамай, ақылдаса келе 23 иесін мәреге жіберді. Бұған Қазақстан Жазушылар одағы да, Мәдениет министрлігі де белсене атсалысқанын айта кеткен жөн.
Адамзаттың Абайының үлкен мүшәйрасына Алматы қаласының әкімі Шалбай Құлмаханов бас бәйге ретінде «Волга» теміркөлігін тікті. Осынау зор құрметке белгілі ақын Есенбай Дүйсенбаев ие болды. Ал бірінші орынды, яғни 1000 АҚШ долларын әйгілі ақын Иранбек Оразбаев еншіледі.
«Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар» қатарында ақсақал ақындар Хамит Ерғалиев, Тұманбай Молдағалиев бар. Сонымен қатар Ғұсман Жандыбаев, Жәркен Бөдешов тәрізді орта буын өкілдерімен бірге Қайрат Әлімбеков, Ғалым Жайлыбаев, Болат Үсенбаев, Әділғазы Қайырбеков, Бауыржан Жақыпов тәрізді жас буын өкілдері де бәйгегер болды.
Басты мақсат— сыйлық алу емес, сыйлану. Міне, мерейтойлық мүшәйраның ұтқаны да осы. Шәйірлер шабытын қозғаған бұл мүшәйра қазақ әдебиетіне қазыналы туындылар қосқандығымен құнды.
Абай – әлем биігінде
Мадлин ГОБЭИЛЬ — ЮНЕСКО-ның өнер және мәдени өмір басқармасының директоры:
Абай, ең алдымен, қазақ мәдениетінің тамаша өкілі. Бірақ ол — ұлттық шеңберде шектеліп қалмай бар әлеммен араласқысы келген кемеңгер. Қазақ даласының бір түпкіріндегі киіз үйде туып, патриархалды ортада өмір сүрген Абайдың сөздері — мәңгілік. Оның рухы қазір де жауыздықпен күресуде. Абай біздің де көкжиегімізді кеңейтті. Абайды оқығаннан кейін біз сіздің халықты танып білгіміз, араласқымыз келеді. Абай дүниені тануға шақырған ғой.
Шыңғыс АЙТМАТОВ:
Мен — Абайға терең табынатын адаммын. Өзімнің қазақтармен тарихи тағдырлас, тамырлас туыс екендігім маған Абай әлемінде еркін қалықтап, оның ұлылығын көсіле айтуға ерік береді.
Абай өзі өмір сүрген уақыттағы ресейлік империя, одан кейінгі советтік империядан соң, міне қазір үшінші кезеңді өткеріп отыр. Сол кезде орталық езгіден құтылып, тәуелсіздік алып, дамудың дүниежүзілік демократиялық жолына түскен қазіргі кезде де Абай бізбен бірге. Осының өзі, яғни рухани ғұмырының ұзақтығы Абайдың кім екенін аңғартса керек. Осы кезеңдердің әрқайсысында Абай рухының потенциалды қуаты әр жолы жаңа қырынан ашылып отырды...
Абай ұлылығының және бір белгісі — адамзат ақыл-ойы мен рухының сан ғасырлық ізденістері мен көптеген бағыттары оның өз бойында тоғысып, үндестік тапты. Ақын, ойшыл, философ, композитор ретінде Абай осы көріністердің бәрінде аса жоғары деңгейде болды. Мен қазақ ағайындардың пафосын толық қуаттаймын. Олардың Абайды ұлттық рухтың бейнесі деп бағалауы да орынды. Абай ұлы тұлға, қазақ мәдениетінің аты мен заты ғана емес, Абай сол бір күрделі қиын кезеңдерде қазақ халқының ұлттық рухын сақтап қалды.
Профессор Ш. Лемерсье — КЕЛЬКЕЖЕЙ:
— Абай келер ұрпаққа сөзін арнап «... Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма» десе, бұл — оның жан айқайы. Абай поэзиясы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласына жарық сәулесі боп тарап, тұтас бір халықтың ақыл-ойын, санасын биледі. Абай адам ретінде және биік мұраттар тұрғысынан — мәңгі символ. Абай бүгін де бәрімізді өзіне тағзым етуге мәжбүр етіп отыр.
Тойбасылар лебізі
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан Республикасының Президенті:
Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.
Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН, Қазақстан Республикасының Премьер- министрі, Абайдың 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік мерекелік комиссияның төрағасы:
Тәуелсіздіктің төрт жылында Қазақстан саяси және экономикалық болмысын дүние жүзіне танытып үлгерді. Әлем қазір бізді ынтымағы жарасқан, тұрақтылық тұтқасын мықтап ұстаған ел-жұрт деп біледі. Әлем қазір бізді демократияның жарқын жолына еркін түсіп, нарықтық қатынастарға батыл көшкен көшелі мемлекет деп біледі. Енді міне, әлем бізді Абайды тану арқылы әдебиеті өркендеп, мәдениеті тамырың тереңге жайған рухани жан-дүниесі бай ел ретінде мойындап отыр.
Имаяғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Премьер-министрдің орынбасары:
Абай — біздің ұлттық мәдениетіміздің ұлы шыңы ғана емес, ол біздің ар-намысымызға, өмірлік өлшемімізге, ұлттық идеологиямызға айналған рухани абызымыз. Пікіріміздің пірі, рухымыздың туы. Әрбір қазаққа, шама-шарқынша, Абайды тану — мұрат, Абай шыққан биікке талпыну — парыз.
Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Мемлекеттік кеңесші:
Абайды түсінетін кез енді келді. Абайды ұлықтайтын заман енді туды.
Заңды Абайды туған халықпыз деп масаттанған әбден дұрыс қой. Алайда Абайды ұққан, Абайға құлақ асқан ұлтпыз деп мақтана алсақ, қандай ғанибет болар еді...
Шалбай ҚҰЛМАХАНОВ, Алматы қаласының әкімі:
Абайдың соңында қалған мәңгілік мұрасы ұлттық игілік шеңберінде ғана шектеліп қалмай, жалпы адами ұлылықты биіктете түседі.
Қасымжомарт ТОҚАЕВ, Сыртқы істер министрі:
Қазір Абайдың 150 жылдық торқалы тойын әлемдегі талай ел атап өтіп жатыр. Ұлы бабамыз өзінің өлмес мұрасы арқылы тәуелсіз мемлекеттер қатарынан орын алған жас республикамызды әлем жұртшылығына таныстырып, оның мерейін көтеруге үлес қосты дейге әбден болады. Абайдың ұлылығына қарап, басқа елдер біздің мемлекетімізді таниды.
Алтынбек СӘРСЕНБАЕВ, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі:
Абай есімі — қазақтың темірқазықтай бағдаршысы, дара жұлдызы. Осы уақытқа дейін Абайды өзіміз ғана танып, өзіміз ғана рухани сусындап келсек, енді Абайды төрткүл дүниеге танытатын, Абай арқылы өзімізді жалпақ әлемге жария ететін кез туып отыр.
Талғат МАМАШЕВ, Мәдениет министрі: — Абай атамыздың тойын абыройлы өткізу бәрімізге ортақ. Бәрімізге парыз. Бәрімізгі сын.
Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ, Семей облысының әкімі: — Дүниоге Абайды берген жер — оны мекендейтін әр пенде үшін айрыкша қасйетті. Өйткені, ол енді жай ғана географиялық нүкте болып қалмай, халықтың тәу етіп, бас иер киелі орынға, ұлттық тамырына қорек беретін мөлдір қайнарына айналады.


 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий