Зәуренбаев,Қ. Әлем таныған Абай тойы/ Қ.Зәуренбаев//Сақшы На страже.-1995.-31 тамыз.-C.5

25 марта 2020 - Садыкова А.

Абай — ұлты үшін күйінген де, сүйінген де акын. Оның тұңғиық ойлары күллі адам баласының мұрат-мүддесімен қабысып жатады. Қашанда ұлылардың ойлары адамзатқа қызмет етеді.
Қазақ елінің тәуелсіздікке қолы жетіп, өзін-өзі билеп, ілгері адымдай бастаған кезінде, Ұлы Абайдың мерейтойы тұспа-тұс келді де, қазақ халқы зор мақтаныншен атап өтудің шараларын жүзеге асырды.
Үш жыл бойы әлем күткен айтулы сәт те келді. Қазақтын бір ақыны өркениет дүниесін дүр сілкіндіреді деп кім ойлаған. Әлемде Абай бас иген тұлғалар да аз емес. Бірак жұмыр жердің бір жылы бір адамға арналғанын мен де білмеймін, қазақ та білмейді. Бұл да болса тәуелсіз еддің бағы ашылғаны шығар...
Абай тойы астанада тамыздың алғашқы күндерінен басталды. Мәртебелі мекемелерде, рухани ұйымдарда, ғылым, өнер орындарында даналық, данышпандьқ туралы сөз болып жатты.
Тамыздың сегізі күні Абай даңғылы ұзына бойына акын, өнерпаздар ауылы көшіп келгендей әсер қалдырды. Осы заманғы қала көшелерінің акшаңқан ауылдарға айналып кеткенін бұрын ешкім көрмеген болар.
Ұлы ақынның дүбірлі тойы оның туған жері — Қарауыл — Жидебайға да жетті. Абайдың ақындығын қалыптастырып, даналыққа жеткізген Шыңғыстау өңірі өз ұлының талантына бүкіл әлем тәнті екенінің куәсі болды. Жер шарының жиырма төрт елінен келген әйгілі адамдары Абай- дың ата жұртына аяк басқанда ерекше бір тебіреніске түсіп, Абай ұлылығының алдында айрықша сезімге бөленгендері күздерінен байқалып тұрды.
ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор мырза: «Ұлы Абайды, — деді өз сөзінде, — ұлы далаға табаның тигенде ғана, оның туған жерінде болғанда ғана нақты түсінеді екенсің. Осы қысқа мерзімді сапардың өзі мені Абайдың ақындығы мен кемеңгерлігіне тәнті етті. Бүкіл әлемді тітіренткен Шыңғысхан әскерлеріне қазақтын осы сайын даласында алғаш тосқауыл қойылған болатын. Ал, сол далада — сол дала болғанда Еуразия кіндігі болып табылатын Шыңғыстауда өмірге келген Абай қаһарлы хан қылышының жүзімен бағындыра алмаған әлемді қаламымен, сөз кұдіретімен жаулап алды».
Жидебай. Таңғажайып екі ак күмбездің ашылу рәсімі болды. Президент Н. Назарбаев ұлы ақьшын ардақтаған еліне, отандастарьша жүрек жарды сөзін арнап, дүние тарихында бірінші рет жасалған «Зерде» атты күміс кітапқа қолтаңба түсірді.
Ұзындығы — 200, көлденеңі — 100 метрлік, биіктігі 5 метрлік тұғыр-платформа үстіне орналасқан 6 қырлы Абай мұнарасының биіктігі 35 метр. (Абай кабырының оң жағында: «Казак халкының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі — Ұлы Абайдың аруағына басымды идім. Қазакстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаев», — деген жазуды оқи аласыз). Ал 8 қырлы Шәкерім мұнарасың биіктігі 31,5 метр. Ескерткіш тұғыры қызыл гранитпен, мұнарасы ак мәрмәрден қашалып жасалған. Абайдың мына кесенесі, ғалам ғұламаларының қағыбасына айналмаса нетсін!
Қарауыл. Жусанды-селеулі ақ жазықта мың жарымға таяу ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұтас қала пайда болған. Тойға келген мыңдаған адам. Тарихта бұдан бұлай қайталанбас ұлы жиын, ұлы той. Халық өмірінің көрмелері, ел ардақтыларына арналған мұражайлары, дала сахналары, алтыбақан алаңы, серуен   соқпақтары..       


Ағаш уықпен, киіз туырлықтан да осындай қала тұрғызуға болады екен-ау.
Әр үйде он бес-жиырмадан мейман болды десек, қаншама адам дәм татты деңіз. Мынау дархан Абай дастарқанынан дүние жүзінің бар халқының өкілі дәм татты. Қазақ дәмі өркениет елінің таңдайында қалды ғой, шіркін!
Қарауылтөбе — жаратылыс жаратқан табиғи сахна тәрізді. Оның етегінде алып стадион. Меймандарға арналған трибуна. Айнала шапқан бәйге де, қыз қуған қызық та, теңге ілген жігіт те, аударысқан алып, күрескен күшті де, айтысқан ақын да көз алдында. Делебең қозады, денең қызады. Өз өмірінің үрдісіне айналған өнерге қазақтың өзі терісіне симағанда, дала тіршілігін таңсық көрген шетелдіктер көкірегінде қандай күй күмбірлеп кетті екен.
Ұлы ақынның әлемдік тойы оның туған жері — Қарауыл — Жидебайда, аса салтанатты жағдайда, ұлттық бай дәстүрімізге сай жоғары деңгейде өтті. Әлемнің төрт құбыласынан арнайы келген меймандары да, өз адамдарымыз да осынау ұлы дүбірден көптеген ұлағатты сәттерді көңілге түйді.
Бірнеше күн бойы той-думанның тыныштық жағдайда өтуін қамтамасыз еткен сақшылар еңбегі айрықша атап айтуға лайық-ак. Жүздеген киіз үй бой түзеген қалашықтың, онда болған мыңдаған адамның тойға байланысты алуан түрлі қызықты оқиғаларды алаңсыз көріп, тамаша әсер алуын қамтамасыз еткен ішкі істер қызметкерлеріне айтар алғыс мол. Аса жауапты істің басы-қасында жүріп, оның ұйтқысы болған республика ішкі істер министрінің орынбасары милиция полковнигі Назымбек Әкімбеков, қатардағы үлкен-кіші шенді сақшылар — С. Омаров, М. Сабырбаев, Д. Ыбраев, С. Кәрімов, А. Өтегенов, М. Ерімбаев, тағы басқалардың еңбегін айрықша атап өтуге болады.
Мұндай мықты тәртіп, үлгілі істер жақсылықтың ырымы,игі істердің бастауы данышпан Абайдың қасиетгі аруағының әсері іспетп.
Қазак мұңдайда шығынмен санаспайды, намысты ойлайды. Мына өтпелі кезенде тиын санап, миын ашытатын күншілдер де табылар. Елдіктен, даналықтан, намыстан аяған тиын кұрьш кетсін. Аруақ жебесе, Алла жар болса, бір тойдың бодауы Абай ұрпактарының бір еңбегімен-ак өтелер. Тілегі дұрыс, ак көңіл қазақты ниеті дұрыс әлем жұртшылығы колдап отыр ғой. Абайы бар қазаққа, құдай қуат берсін.
Талай уақыт өтер, заман өзгерер, бірак Ұлы Абайдың дүниені дұр сілкіндірген мерейтойының даңқы жыл өткен сайын арта берер.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий