Бәдіғұлұлы,Н. Абайға арналған күнтізбе/ Н.Бәдіғұлұлы//Сақшы.-1994.-№48.-3 желтоқсан.-С.

24 марта 2020 - Садыкова А.

Қазір басылым, баспаларға еркіндік тиген кез. Осы тұста сұңғыла азаматтарымыз, қалам қайраткерлеріміз мүмкіңдікті барынша пайдаланып қалуға жұмыла кірісуде. Көптеген басылымда: жұртшылықтың күнделікті қажетіме жарап, ой-пікірлеріне жаршы болып келеді. Сөйтіп, қапың-қауымның талабы деңгейінен шығып жүргені белгілі,
Соңдай-ақ, алғашқы қадамынан бастап сәтті өнімдерімен көптің көкейіндегісін тап басып, күңделікті қажетіне жарайтын істер тындыра бастаған баспапар да бар. «Жібек жолы» — солардың бірі. Жұмыс жасай бастағандарына онша көп болмаса да мақсаткерлікпен шаруасын жинақы жүргізудің арқасында олар үстіміздегі жылы қабырғаларға іліп қоятын әсем безендірілген түрлі- түсті гүлжайнақ күнтізбе жаймаларын шығарды. Барлығы да көпшіліктің сұранысына ие болып тез тарап кетті. Сәтті басталған іс баспа үйінің қызметкерлерін жігерлендіре түсті. Сөйтіп, көпшілік қажетсінген шағын кітапшалар, анықтамалық, методикалық мәні бар дүниелерді басып таратты. Әсіресе, іскерлерге таптырмайтын бес тілдегі тілқату сөздігін ерекше атап айтқан орынды. Орысша, қазақша, қытайша, ағылшынша, французша, испанша сәлемдесуден басталатын сөздік аптаның соңғы күні жексенбімен аяқталады. Бар болғаны отыз беттік сөздікті меңгерген кісі жоғарыдағы бес тілде де өзінің мақсатын айтып жеткізіп әріптесінен едәуір жайдың жапсарын түсіне алатын болады. Мұндай ықшам, әрі жеңіл пайдаланылатын кітапшапар алдағы уақытгта да үнемі қажет болары сөзсіз. Сондықтан «Жібек жолы» баспа үйінің қызметкерлері бүл игілікті істі жалғастыра береді деп сенуге болады.
Баспа үйінің ұжымы таяуда тағы да бір игілікті іс тыңдырды. Алдағы 1995 жылы әр мекеме, кәсіпорын, отбасы, әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен қатар, барлық оқырман пайдаланатын аудармалы, екі тілде бірдей ұғым беретін күнтізбе шығарды. Бұл жай күнтізбелердің бірі деуге келмейтін ерекшелікке ие. Өйткені алдағы жыл ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абайдың құрметіне «Халықаралық Абай жылы» деп жарияланганы белгілі. «Жібек жолы» баспасы ұлы ақынның туғанына 150 жыл толуына арнап өздерінше тарту әзірлеуге ізденіс жасаған. Күнтізбеге Абайдың өлеңдерімен қоса XIX—XX ғасырдағы классиктердіің қазіргі қазақстаңдық қазақ, орыс ақындарының өлеңдері де берілген. Күнтізбенң әрбір күніне берілген өлеңдер — авторының туған күніне сәйкестірілген. Сондай-ақ, іскерлік үшін пайдаланылатын болғандықтан бұл күнтізбеге поэзиямызды жыл бойы, әр күн сайын насихаттап отыратын арнаулы альманах деуге де болады. Немесе дәмді шумақтардан құралған нәрлі өлең кітабы десе де жарасады.
Күнтізбе Абайдың суретімен ашылады. Оның сыртына 1995 жылдың күтізбесінің толық кестесі жасалған. Қатарынан екі бетке қазақша-орысша «Жібек жолы» баспа үйінің президенті, ақын Бақытжан Қанапияновтың алғысөзі берілген. Әр беттің жоғары жағында Абай бейнесі күнтаңба болып алынған. Сөйтіп күнтізбе поэзиялық мазмұны дана Абайдың ақыңдық парасатымен өндесіп жатыр.
«Жібек жолы» баспа үйі ұжымының алдағы уақытта да халқымыздың рухани игілігіне айналар тартымды осындай дүниелерді көбірек шығаруына тілектеспіз.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий