Негимов, С. Біліктілік өнегесі, өркен жаяр өрелі ісі

3 декабря 2020 - kamshat

Ақын, мәдениеттанушы, аудармашы Ербол Шаймерденұлы 1999 жылы Бүкіл дүние жүзіндегі түркі тілдес елдер өкілдерініқ VII құрылтайына Түркиянық Деңізлі қаласына делегация жетекшісі ретінде бастап барған еді. Делегация құрамында қазақ ғылымы мен мәдениетініқ көрнекті өкілдері шоғырланғанды. Олар: Салық Зиманов, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаев, Әбдімәлік Нысанбаев, Қалдарбек Найманбаев, Сәбетқазы Ақатай, Асқарбек Құсайынов, Марат Тоқашбаев,Үлықбек Есдәулет, Шәмшидин Паттеев, Жүсіпбек Қорғасбек жөне т.б. Өрі-қыры бірдей ілім-біліммен мұздай қаруланған Ербол Шаймерденұлы биік парасатты тұлғасымен, ғылыми-әдеби шығармашылық әлеуеті жоғары болмысымен, ұйымдастырушылық өнегесімен айрықша жарқырап көрінген-ді. Түркия Президенті қатысқан осынау VII құрылтайда шабыттана ой толғап, шарықтата жыр нөсерін төкті. Ол былайша еді:

Ақ жауынның астында

жеттік саган, Деңізлі,

Көңіліміздің кәусарын

төктік саган, Деңізлі, -

деп бастап, өрі қарай:

Өзің бүгін ой - мұхит,

тәмам ел - сең, Деңізлі,

Ала кетер едім гой,

маған ерсең, Деңізлі.

Намыс туын көтеріп,

намыс отын көсеген,

Кездескенше күн жақсы,

аман бол сен, Деңізлі.

Аман бол сен, Деңізлі! Аман болайық! 

Ербол ақынның шабытты көңіл-күй толқындарынан әсем тоқылған сырлы, сымбатты лебіз Деңізлі аспанын, Мамық тауын да дүр сілкіндірді. Дүр сілкіндірді демекші, Ерекеңнің «Астана» өлеңіне ән шығарған Марат Омаров та тамсандыра шырқатып, талайларды таңдай қақтырды-ау! Ардақты Ерекеңнің ақындығын қайраткерлігін, қайраткерлігі азаматтық бейнесі сұлуландырады. Оның үстіне ғылыми ой-топшылаулары, адамзаттық өркениет тарихына, көркемдік ой жүйесіне жүйріктігі қандай керемет десеңізші!

Қайраткер Ербол Шаймерденұлы Тіл комитетінің торағасы болған тұста, яғни 1999 жылы атақты оқымысты-филолог Қ.Қ. Жүбановтың туғанына 100 жыл толу мүшелтойын ұйымдастырып, конференция материалдарын жеке жинақ етіп шығарды. Сонда мені осы жинаққа ғылыми кеңесші етіп тағайындады. Бүл орайда айтайын дегенім, қоғамдық қызмет те болсын, ғылыми-шығармашылық жүмыс та бол-сын, айрықша тастүйін жинақылығы, ыждаһаттылығы, ойға, пікірге сақтығы, әсіресе, көңілінің, пейілінің ақтыгы-пәктігі көрініп тұратын еді. Қызмет бабында талапшыл, әділетті. Өзін-өзі ұстауы мейлінше мәдениетті, әдепті. Сөз саптауы қарапайым. Адамзат тарихындагы ойшылдардың, даналардың қағидаттарын, толғамдарын мөлдірете тәржімалап, төгілдіріп, жұтынтып жеткізсе де ауызекі сөзде қолданбайтын-ды. Білімдарлығын құпия ұстайтын-ды. Орыс тіліне де майталман. Ғабит Мүсреповтің әңгімелері мен афоризмдерін орыс тілінде жосылта сөйлеткен. Өлеңсөздің зергері тума дарын Өтежан Нүрғалиевтің «Афина мектебін» жариялатқан да Ерекең Ұлт тарихындағы кемеңгер көсемдер, қаһарман қолбасшылар, сал-серілер Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, Сегіз сері, Шәрке сал, Тоқсан би, Танаш би, Киікбай шешен, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Естай әншілердің «тағдырбаянын» шерткен, поэзия тілінде сұңқылдата сөйлеткен. Олар - «қазақтың рухының қоңырауы».

Негізінде, білімді-білікті, өрелі-өнегелі адам - өз ортасынық, қоғамының, заманының күндей жарық шамшырағы. Бір топырақта туып өскен «аталы жүрттың басы еді, алтын ердің қасы еді» дейтін атақты суреткер ағасы Ғабит Мүсреповтің:

«сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық бәрі де жеке адамның меншігі емес, ең алдымен, елдің, халықтың еншісі» дегені бар. Иә, марқұм Ербол Шаймерденұлының адамдық болмысы, ой-толғанысы, берекелі істері халықтың ойында, зердесінде сақталады. Ол - ел баласы, халық сүйіктісі. Дүниеден ерте озған Ерекеңнің ісін, қимыл-қозғалысын, даусын сағынасың. Көңіл айнасына сәулелендіресің, жүрегіңмен, қиялыңмен елестетесің, оның ұлы бейнесін, сөйтіп, тірілтесің! Ерболдың қолтаңбасы тайға таңба басқандай. Ол «Жүректегі жазулар» деген жыр кітабына мынадай сөз жазыпты: «Құрметті Секеңе - Серік Негимовке ниеттестік, тілектестік пейіліне деген өзгеше ықылас сезіммен ұсынушы - Ербол Шаймерденұлы. 8.01.2005 жыл»

Мұнда Ербол Шаймерденұлының сырлы, сап таза толғаулары мен «Бәйге», «Ән-ғүмыр», «Думат немесе тарихқа көзқарас» дейтін лирикалық-философиялық және тарихи поэмалары топтастырылған. Сондай-ақ «Аға сыры» дейтін балладасы бар. Мемлекеттік қызметтің қым-қуыт ортасында жүріп, ми-қазанда нешеме алуан поэзиялық суреттер, бейнелі ойлар, оралымдардың туындауы ғажайып құбылыс. «Жүректегі жазуларын» жүрек көзімен оқуға, «гүл-лебізін» құштарлықпен тыңдауға барымды салып отырмын.

«Туған ел» дейтін беташар жыры көңіл тербетеді, ойыңды сергітеді. Мәселен:

Ырғағы бар жанымда жыр-әніңнің,

Қылығы бар қанымда құланыңның.

Отан үшін от басса өкінбейтін,

Елін сүйген өр мінез ұланыңмын.

Перзенттік парызын түсінген абыройлы ердіқ тұлғасы терең көрініс тапқан.

      Ақынның «Көгілдір ту», «Аттила», «Абылай алаңындағы ой», «Адам» тәрізді жырлары философиялық тереңдігімен, сыршылдығымен, отаншылдығымен, рух құдіретін жырлағандығымен ерекшеленеді.
«Тіршілік қазанынан», «махаббат базарынан» мәңгі мекен етсін деген «жайсақ пейілмен», «ақ қанат періштедей аппақ ары бар», «көңіліне күн қонған» Күләшін:

Жүректе гул жарған,

Ақ уыз, ақ арман,

Аппақ махаббатым, -

Асыл жарым-ай, асыл жарым-ай.

Аққу тағдырлы,

Жолы - ақ нұрлы

Сыңар қанатым -

Асыл жарым-ай, асыл жарым-ай, -


деп, іңкәрлікпен сүйсініп үздігеді.

Ақын Ербол Шаймерденұлы мемлекет келешегін, ұлт тағдырын - Әз Астанасымен байланыстырады. «Астана Елбасынық бастамасы», «жаңа тарих парақтары», «әлемдегі ең сұлу» деп толғайды.

«Жүректегі жазулар» кітабында философиялық ойлар, сөйлемдер жеткілікті. Мысалы:

Жүйрік жүйрік дегенмен,

Хан тұлпары бір бөлек.

Құс төресі дегенмен,

Ақсұңқары бір бөлек.

Тіл орақша орғанмен,

Шыға бермес лағыл-сөз.

Сүйкімді көп болғанмен,

Хас сұлулық қарыр сөз.

(«Триптих» )

Немесе:

Кім біледі көп-азын бұл ғұмырдың,

Жандың бір күн, дәл солай сөндің бір күн.
Қанша жебеп-желеумен жүрер дейсің,

Қызығы мен қызуы гулдің, нұрдың.

(«Өмір»)

Ақынның сипаттауынша, «уақыт - сынап», «уақыт - керуен», оған өткіншілік, тұрлаусыздық тән. Дүние - жалғанды «арнаулы таусыншақ күн» екендігін танып-түйсініп, сөз өнеріне ден қойған, адамзаттық даналық мұхитына тереңдеген. Көркемдік өрі танымдық мәтіні де көңіл сүйсіндіреді, сипаттайды (Мысалы, «Үш» дейтін өлеңі).

Жыр іздесең - қыранның тұғырында,

Жыр іздесең - жақсының гұмырында, -

деп, өзі жазғанындай, нағыз жақсы атанды, білімдар атанды, қайраткер атанды, атан түйеге жүк боларлықтай афоризмдер қазынасын қалдырды.

Арыстай азаматтық асыл рухын айтулы еңбектерінен іздейсің. Сөйтіп, оның рухымен құпия сырласасың. «Ақиқат айнасы (философиялық афоризмдер)» атты кітабына мынадай лебіз жазыпты: «Құрметті Секе! Афористика жанрына жан-жақты ден қойғаныма біраз болғанын білесіз. Соның бір нәтижесі - осы аударманы қаперіңізге алып, қарап шығарсыз деген сенімдемін. Ізетпен Ербол Шаймерденұлы. 8.01.2005 жыл. Астана».

Ол - әлем ойшылдарының афоризмдерін қазақ тілінде шебер сөйлетті. «Интерактив Казахстана» компаниясы «Даналық әліппесі» оқу-әдістемелік кешенін (жобаның жетекшісі Нұралы Құдайбергенұлы) шығарды. Соның 9-кітабы нақыл сөздерге арналған. Бұл - «сөйлейтін» қаламның көмегімен дыбысталады. Алғы сөзін жазып оқыган зерттеуші Ерболдың өзі. Тап-таза, ап-анық лебізді сызылған қоңыр даусын қайта-қайта тыңдаймын. «Тарих төріндегі талай марқасқа бабалардың ғана емес, заманы бір талай заңғарлардың ойына ортақтастырады» дейді. Сөйтіп, сырлы кеңес, терең ағынға, «ой ұлылығына, сұлулық ұлылығына» ден қоясыз.

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - дейді Абай. Шын мәнінде, шынайы, дұрыс пікір. Тумысынан дарыған дара қасиеттер мен өсіп-өнген ортаның тағылым-тәрбиесімен қоса адам баласының рухани жетілуінде әлемге әйгілі ғүлама білімпаздардың оймақтай оюлы, меруерттей мөлтілдеген ой-түйіндерінің, тұжырымды толғамдарының, ғибратты кеңестерінің көркемдік-философиялық мән-мағынасы айрықша. Бұл орайда адамзаттың үш мың жылдық тарихындағы ақыл-ой шам-шырақтарының ұшан-теңіз афоризмдері мен қанатты ойларын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденұлы тиянақты жинақтап, мұқияттылықпен жүйелеп жіктеп, жанқиярлықпен тәржімалап «Даналық дидары» (2002), «Мәңгілік мұрат» (2003), «Ақиқат айнасы» (2004), «Ақыл-ой антологиясы» (2004), «Қазақ афоризмдері» (2012) дейтін тарихи-философиялық мұраларды ғаламат ғажайып еңбекқорлықтық, аудармашылық өнердің үздік үлгісі деуіміз керек. Және де автордық афористиканың тарихы мен тео-риясы туралы пайымдаулары, өмірбаяндық мәліметтері, анықтамалық сипаттағы мақалалары еңбектің құндылығын арттыра түскенін атап айтқан жөн. Ақын зерттеуші, аудармашы Ербол Шаймерденұлы «Ақиқат айнасы» кітабында XX ғасырдың көрнекті философтары К. Поппер, Ж. Деррида, Ж. Бодрийар, Р. Вальзер, Ж. Батай, П. Т - де Шарден, Ж. Делез, Э. Дюркгейм, А. Адлер, О. Шпенглер, Э. Канетти, М. Хайдеггер, А. Лосев, т.с.с. санаулы санаткерлердң сұлулық пен кемелдіктің кепіліндей, ақыл мен сезімнің айнасындай пәлсапалық ой-орамдарын шеберлікпен түсіндіріп, түңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, ғылыми айналымға қосқан. Мына бір афоризмдердің сырын миға жүгіртелік:

1. «Шындық дегеніміз - күннің күркіреуі тәрізді: ауаны тазартады да, әрі қарай кете барады. Шындық найзағай тәрізді жай түскендей соғуы керек: қорқуға тиіс адам - қорықсын» (Элиас Канетти).

2. «Тұлға атану деген - іс-қимылдық дара қайнар көзіне айналу деген сөз» (Эмиль Дюркгейм).

3. «Біз ашушақ, кекшіл, кесанатшыл тіршілік иелерінің бәрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек» (Альфред Адлер).

4. «Орыстың бетін тырнап жіберсеқ астынан татардың беті шыға келеді» (Олег Шестов).

5. «Зиялылық дегеніміз - күн сайын, тіпті сагат сайын ерлік жасау деген сөз» (А. Лосев).

Тілге, сөзге, пікірге өзгеше тапқырлық пен талгам бар. Бірегеи білімпаздардық қиял қанағаттандыратын қанатты оилары «дүниетанымдық әр алуандығымен және ой мен сезім фактісі ретіндегі айқындығымен, нақтылығымен» (Ербол Шаймерденұлының түсіндіруінше) ерекшеленеді, ақыл-ои аспанын тазартады. Әлбетте, әркім өзінің көзқарасына, дүниетанымына, білім-білігіне орай осынау ой теқізінен рухани нәр-қорек табады.

Ербол Шаймерденұлы афористиканың гармониялық заңдылықтарын, философиялық қырларын, логикалық сипаттарын терең зерделей отырып, түпнүсқаның рухын, сырын жеткізуге төселген кәнігі шебер аудармашы. Ол француз ойшылы Франсуа де Ларошфуконың (1613-1680) шығармашылық өнернамасына «көркемдік кемелдік пен интеллектуалдық тереңдік», «танымдық сипат, талдау тағылымы» тән дейді Ф. Ларошфуконың даналық мәйектерін тыңдайықшы: «Адалдық дегеніміз - жүректіқ тазалығы», «Ақылдың шегіне жеткендердің өзі жүректің түбіне жете алмайды», «Шын мөнінде текті адамдар ешқашан да елден ерен көрінуге ұмтылмайды».

«Мәңгілік мұрат» кітабында күрделі көркемдік-философиялық құрылымға, рухани болмыс бедерлеріне, саяси-әлеуметтік астарларға толы етек-жеңі жинақы афоризмдер мол. Оиыңды көркейтеді, танымыңды тереңдетеді, сезіміңді жетілдіреді, тіліңді түрлендіреді, рухыңды асқақтатады. «Ақыл ои - асыл алмас һәм хас тұлпар тәрізді», - деп Ербол Шаймерденұлы сипаттайды. Бұған Георг Лихтенбергтің: «Керек кезінде күш-жігерін тастүйін жиын ап, жай оғындаи атылуға қабілетті қайратты ұлт қана қашан да ең еркін және ең бақытты ұлт бола алады» деген лебізі айғақ. Ербол Шаймерденұлының жазуынша, Георг Лихтенберг (1742-1799) физика-математика бойынша жаңалықтар ашқан. Ойшылдығы мен суреткерлігіне Кант, Гете, Герцен, Л. Толстой ден қойган. Ойшылдық афоризмдерін 40 жыл бойы Мүзафар Әлімбаев ағамыз бойтұмардай сақтан, авторға сыйлапты. «Төрт жылдаи кілтін таба алмай жүріп, аударудың сәті енді түсті», - дейді Ерекең. «Жазу мөнерінен дәлдік, өткірлік, ойды түйіп айту, түрлендіріп айту, кекесінге, парадоксқа құру, астарлы ойлау, оқыс түйін жасау шеберлігі сезіледі. Метафора, гипербола, литота, аллегорияны кең пайдаланады. Шығармалардың өн бойынан интеллектуалдық биіктік байқалады» деп жазады Г. Лихтенберг афоризмдерініқ табиғатын нәзік саралаушы Ербол Шаймерденұлы.

«Мәңгілік мұрат» кітабында Франсуа де Ларошфуконың «Адалдық дегеніміз - жүректің тазалығы», Бальтасар Граспанның «Шындықты айту - қан шығарумен бірдей», Оскар Уайлдтың «Келешектен қашып құтыла алмайсың», Альберт Камюдің «Рух аспаннан түспейді», Унсур Кей - Кабустың «Адамзатқа аманат», Қожа Ахмет Иасауидің «Қам көңілдің қайғысына дауа бол», Джордж Бернард Шоудың «Театр пьеса жасай алмайды, пьеса театр жасайды» деген тақырыптармен таңдаулы нақыл сөздері топтастырылған.

Жалпы айтқанда, «бүкіл адамзаттық ұлы рухани қазынасы», «көсемдік дәрежесіне көтерілген аса ірі тарихи тұлғалардың», «таным энциклопедиясы деуге лайық» мәңгі жасампаз, өркендемпаз, алға басымпаз көркем философиялық тұжырымдары қамтылған. Атап өтерлік жайт, біріншіден, олардық жаратылыс, ғарыш, жаһан, қоршаған орта, замана, қоғам, болмыс жайында, екіншіден, адамның ішкі жұмбақ әлемі, рухы, сыры, сезім түйсігі, ой-қиял дүниесі, дүниетаным дәрежесі, тіршіліктегі мәртебесі, өміртарихы, тұрмыс-тіршілік талқысындағы іс-қимылдары, түрліше пиғылдары туралы толғаныстар барынша толық, терең, жан-жақты көрініс тапқан.

Ақын, публицист, аудармашы Ербол Шаймерденұлы даналық мәиектерді, адамзаттың көркемдік тәжірибелерін, хас асылдық ұшқындарын зерделеп тексергендігімен һәм қазақ тілінде жатық сөйлеткендігімен қуантады. Асыл сөз -«ақыл мен сезімнің», «ми мен жүректің» біртүтас құдіретті қызметінен туған ғаламат құбылыс. Өзге тілдің өзегін жарып шыққан асыл лебізді қазақ тілінде сұңқылдатып жұтынытып кестелеп жеткізу, мөлдір күйін сақтау, табиғи рухын, өзіне тән қасиетті, ой сапасын, бейнелілігін, индивидуалдық дыбысталуын, әуендік-мағыналық болмысын сипаттап беру тәржімашының дарын-қабілетін қажет етеді.  Олай болса, Ербол Шаймерденұлының аудармашылық шеберлігі мен өнерін француз ойшылы, афоризм туындатудың ұстасы Люк де Вовенаргтың (1715-1747) мұрасын алғаш рет қазақшаға аударғанын көруге болады. Ол «жүрек» туралы «Ең таза әрі орнықты ақылдың орны - жүрек», «Ең салиқалы ойды бізге жүрегіміз сыбырлайды» дейді. Ия, кемеңгердің шығармашылық өнернамасының арқауы - сұлулық пен ізгілік. Мәселен, "Ақиқат сөзден артық сыңғырлап тұрады, өйткені оған кез келгеннің қолы жете бермейді", «Адамды ойлануға үиреткен - құштарлық», «Ақылдың өзі ұлылық шыңына тек құштарлық қанатында ғана көтеріле алады», «Дәмдінің дәмдісі - өз еңбегінің жемісі", «Ақылдың күні - ақиқат», «Атақ - даңқ қуып ақымақтық жасайтын адамнан асқан ақымақ жоқ», «Жақсы қасиеттер: басымдар мен таланттарға жоғары лауазым сирек тиеді», «Бақ ауғанда ақыл емес, қайрат серік» т.с с Люк де Вовенаргтық ой-толгамдары - ар-ожданның айнасы іспетті. Қазақтың қария сөздеріндей әсерлі мәнерлі, әуезді естіледі.

«Даналық дидары» кітабындагы ақыл-ойдың үздік үлгілеріне, нақылдар мен қанатты ойларга, шынында, ой көзімен барлап көрсеңіз, небір ғажайып құбылыстарға, қилы-қилы тағдырларға, рухани болмыс бедерлеріне жолығасыз, ләззаттанасыз. 

Айталық, ғылым, ғалым, диссертация туралы пікірлер сан алуан. Орыстың атақты ғүлама тарихшысы Василий Ключевскийдің (1841-1911) «Мәңгілік майдан» деген атпен ұсынылған афоризмдеріне үңілейікші:

I. «Екі оппоненті бар және бірде-бір оқырманы жоқ диссертациялар да кездеседі». 

2. «Профессор студенттердің алдында - ғалым, көпшіліктің алдында - суреткер. Егер ол суреткер емес тек, ғалым болса, онда студенттердің алдында ғана сөйлегені жөн, ал, профессор емес суреткер болса, кімнің алдында болсын сөйлей берсін,тек студенттердің алдына шықпаса болғаны».

3 «Ғылымның қаңқасында қорбаңдап жүрген ғылыми мүгедектер болады». Көзбояушылық, екіжүзділік, жағымпаздық, арсыздық, жүгенсіздік деген пәлелерден құтылмайынша, бұларға тұзақ құрмайынша, мейлінше қымбат рухани құндылықтар, аңсар-мұраттар қанатын самұрықша кең жая алмайды.

«Ғылым дегеніміз - қазір оңды-солды диплом таратушыға айналды ғой», - деп, жалпақшешейлердің зардапты амалдарына  Л. Толстой да күйініп, зарлапты.

Ақын зерттеуші, тәржімашы Ербол Шаймерденұлының "Ақыл-ой антологиясы» дейтін қабырғалы, сүйекті еңбегінде б.з.б. сақ, ғүн, үйсін дәуірінен бастап Түркі қағанаты, Оғыз-қыпшақ, Ислам, Алтын Орда, Қазақ хандығы дөуірлерінде ғұмыр кешкен дала данышпандарының ой-маржандары, тұңғиық сырлы толғамдары, сөз шолпандары, меруерт толқындары тақта-тақтасымен, десте-дестесімен жинақталған. Мұның өзі ой мұхиты, сөз дариясы іспетті өзгеше бір алтын әлем, шексіз жарқын кеңістік. Сонымен бірге, ұлттық фольклордың әшекейлі бұйымдары, ақын-жыраулардың, ділмар-шешендердің, сал-серілердің, импровизаторлардың, Алаш қайраткерлерінің тобықтай түйінді сөздері бар.

Сондай-ақ көрнекті қаламгерлер Шерхан Мұртазаның, Қадыр Мырза Әлінің, Олжас Сүлейменовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Асқар Сүлейменовтың, Сағат Әшімбаевтың кемелдіктің, тереңдіктің сұлулықтың, ойшылдықтың айғағындай мінсіз ои-пікірлері тас бұлақтың суындай мейіріңді қандырады, ақылдың шырағын жандырады, жаңынды, көңіл сарайынды  сұлуландырып нұрландырады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақтың жері, тілі, ұлттық ой-санасы жөніндегі толғаныстары мазмұндылығымен, мағыналық тереңдігімен, биік парасатымен өзгешеленеді. Мысалға жүгінейік, жүрекке ұялатып, миға жүгіртейік: "Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп, ұлан-ғайыр жер берген, астарын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақкөңіл, адал ел берген, жан үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген». Немесе: «Ауыл дегеніміз халықтық тұрмыс-салтымыздың, ұлттық мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымыздың, рухымыздың алтын бесігі». Я болмаса: «Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы...", "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде". 

Жақсы лебіз, ізгі іс бірін-бірі көтеріп, Алланың құзырына жетеді", - деп Құран-Кәрімде жазылған. Ендеше Ербол Шаймерденұлының ұсынақтылығымен ретке, жүйеге түскен даналық қазынасының жөні бөлек. Ол - жүздеген материалдардан жидек тергендей афоризмдерді сүзіп тізген. Мыңдаған картотекалар жасап, маңдай терін төккен. Абай айтқандай, "табанынның" топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам тәрбиелеу де осынау ұлы мұраның, даналық ойлардың мәні орасан зор. 

Негимов, С. Біліктілік өнегесі, өркен жаяр өрелі ісі /С. Негимов //Шығармалары.- Астана: Фолиант, 2015.

Т.2: Зерттеулер, эсселер және ой-толғаныстар.- Б. 485-496



 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий