Абылайдың ақ үйі.

 Қызылжар қаласындағы тарихи маңызға ие сәулет ескерткішітерінің ішіндегі ең құндысы да, ең -көріктісі де - Абылай ханның ақ үйі. Үш жүздің басын қосқан, ханға арналып салынған үй туралы алғашында ел аузында аңыз-әңгімелер көп болатын, кейін ақиқатқа айналды.
2008 жылдың 21 тамызы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашып берген мәдени ескерткіш содан бері елдің рухани ірдасына айналып, халық игілігіне жұмыс істеп келеді.
Кейінгі жылдарға дейін "Қызылжар қаласында үш жүздің басын біріктірген ұлы ханның резиденциясы орналасқан" дегенде жұрт елең ете қоймайтын. Нақты дерек болмаған соң, әрине. Ал ақсақалдар Абылайдың ақ үйі туралы аңыздарды көп айтатын.
Ғимараттың талай зұлматтан аман қалғаны жайында сыр ақтаратын. Бұл мекеннің киелі екені де тілге тиек етілетін. Ол жайында ақын-жазушыларымыздың шығармаларында да көп кездеседі.
Бірақ бәрі ел аузындағы аңызға негізделгендіктен, оны дерек ретінде қабылдау мүмкін болмады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді төре Жәңгірұлы, Үкілі Ыбырайдың жазғандарында бар.
"Абылайдың ақ үйі
Қызылжар деген қалада.
Жарға жақын салынғаң
1824жылында...".
Үкілі Ыбырайдың бұл өлеңі 1926 жылы "Бостандық туы" (қазіргі "Солтүстік Қазақстан") газетінде басылған екен Ақын бұл үйде кейін қазақ балалары оқығанын да айтқан. Ал Шәді төре Жәңгірұлы өзінің "Тарихат" атты дастанында "Бұл кезде Қызылжарда бір сарай бар, "Абылайдың ақ сарайы' деп айтылар" деп жазады. Жазушы Сәбит Мұқанов та "Өмір мектебі" кітабында "Ол - үшқабатты, бір орамды тұтас алған үлкен үй, іші толған бытықы-шытықы көп бөлме" деп жазады.
Нақты дерек Ресей мұрағаттарынан табылды. Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі арқылы жеткен хатта Абылай ханға 1762-1765 жылдары үй салынғаны туралы айтылып, оның жоспары және тағы да басқа құжаттар жіберілген болатын.
Халық арасында "Ақ үй" аталып кеткен ғимарат Ресей патшайымы Екатерина ІI-нің бұйрығымен салынған екен. Ханның сарайымен бірге кеңсе, монша, қонақтарға арналған бөлмелер болған. Алайда, дөң үстіндегі бірқабатты беренеден өрілген ғимарат өртеніп кетіп, кейін оның орнына екіқабатты тас үй бой көтіереді. Бізге жеткені сол.
Абылайдың ақ үйі "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша қалпына келтірілді. Бас мердігер"Құлагер" құрылыс компаниясы болса, көркемдік өңдеу жұмыстарын "Дара" фирмасы атқарды. 2005 жылы сол кездегі облыс әкімі Тайыр Мансұров қалпына келтіру жұмыстарына қаржылай демеу сұрап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдайды. Кейін тарихи нысан Президенттің қолдауымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарамасына енгізіліп, 606 миллион теңге бөлінеді. Хан ордасының алдына "Ат үстіндегі Абылай хан" мүсіні қойылған. Ескерткіштің авторы - мүсінші Қазыбек Сатыбалды.

Ақ үйді қалпына келтіру жұмыстары 2008 жылы аяқталып, 21 тамыз күні халық ашылу салтанатына жиналды. Шамамен үш мыңдай қызылжарлық қатысқан шараға Астанадан Нұрсұлтан Әбішұлы да арнайы келді.
Ескерткіштен бастап, ақ үйдің алдына дейін "алтын адам" киімін киген сарбаздар сап тузеді. Ақ түйенің қарны жарылған қуанышты сәтті көп күткен облыс тұрғындарына жылы лебізін білдірген Елбасы:
Біз бүгінде Тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген батырларымыз бен тарихта аты қалған тұлғаларға арнап ескерткіштер салып келеміз. Солардың ішіндегі бірегейі, әрине, Абылай хан резиденциясы екені даусыз", -деген болатын.
Абылай ханның ақ үйінің қалпына келтірілуінің мәдени және саяси мәні бар еді. "Қазақта қала болмағаң Қызылжар Петр мен Павел бекінісінен кейін пайда болған" деп кеуде ұрушылардың аузына құм құйылғандай болды.
Нұрсұлтан Әбішұлы резиденцияның ішіне кіріп, төрт залын тегіс арапап шыққан еді. Елбасын мұражай-кешеннің жәдігерлерімен таныстырған экскурсия жүргізуші Әсемгүл Қыдбекова сол сәтті бүгінде ерекше тебіреніспен еске алады.
- Елбасын мұражай жәдігерлерімен таныстыру үшін көп дайындалдым. Әрбір жәдігер туралы мәліметтерді жаттап, айтатын сезімді мың мәрте қайталадым. Нұрсұлтан Әбішұлы төрт залды асықпай аралап, әрбір жәдігерді мұқият қарап шықты. Кей жерлерде мені тоқтатып, өз пікірін де қосып отырды. Есімде қалғаны, ол кісі маған үшсауал қойды.

Мұражайдың алға қойған мақсатын сұрады. Мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде таптырмас мұра екенін жеткіздім. Абылайдың қанша жыл билік құрғанын және алдағы жоспарларымызбен бөлісуді өтінді. Мүдірместен айтып бердім. Менің азды-көпті облыс мұражайларында өткізген экскурсияларымның ішінде осы кездесу ешқашан да есімнен кетпес,-дейді ол.
 Президент мұражайды аралап болған соң құрметті қонақтар кітабына өзінің лебізін жазып қалдырды. Нұрсұлтан Әбішұлының сол қуанышты сәтте өз қолымен жазған бір ауыз сөзі бүгінде жәдігер ретінде мұражай сөресінен орын алған. "Қазақтың ұлы ханы Абылайды еске алу тарихымызға тағзым ету болып табылады.
Абылай хан армандарын орындаған біздің бұрын өткен тарихтан тәлім алып, қазақ халқының бірлігін мәңгі сақтауымыз қажет. Сонда ғана ел тәуелсіздігі мәңгі болмақ. Бабалар әруағы әрдайым бізді қолдасын!" деп жазылып, қол қойылған бір ауыз сөзде қаншама мән жатыр деңізші?! Абылай ханның орындай алмай кеткен өсиетін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іске асырып, тәуелсіз Қазақстанды төрткіл дүниеге танылғаң өркениетті елге айналдырғанының куәсіміз. Астана сияқты әсем қала салу да - ұлы ханның өсиеті.
Мұражай-кешен төрт залдан тұрады. Абылайдың туғанынан бастап, сұлтан атанғанға дейінгі, яғни 1711 жылдан 1770 жылға дейінгі аралықты қамтыған зал ханның тынығу бөлмесі, тақ залы және 1771-1780 жылдар аралығында хандық құрған кезеңді бейнелейтін жәдігерлер топтастырылған зал бар. Мұндағы кез келген бұйым қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінең әдет-ғұрпынан, батырлық-ержүректік қасиеттерінен сыр шертеді. Ашылғаннан бергі сегіз жыл ішінде залдар өзгермегенімен, жәдігерлер жыл сайын жаңарып тұрады. Соңғы уақытта этнографиялық заттар және көне кітаптармен толыққан.
Кіреберісте бірден кезге түсетіні - Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағынан алынған қазақ хандарының шежіресі. Барақ ханнан басталып, Абылайға дейін таралатын шежіреде ханның ұрпақтары туралы да мәлімет бар. 12 әйелінен отыз ұл қырық қыз тараған деседі.

Суретші Сергей Пожарскийдің Абылай ханның жоңғарлармен 1747 жылғы шайқасын бейнелеген диараммасы ерекше әсерлі шыққан. Тұтас бір қабырғаны алып жатыр. Мыңдаған әскер қырылған, қазақ елі үшін шешуші шайқастардың бірі - Аңырақайдағы соғысты суреттегені анық.

Келушілерді ерекше күйге бөлейтін -тақ залы. Бас сұққан адамды тақта отырған Абылай ханның мүсіні қарсы алады. Ортаға ханның мөрі, жүзігі, қанжары мен семсері қойылған. Бұл заттардың сапалы жасалғаны соншалық, түпнұсқа емес екенін көзбен керіп, айыру мүмкін емес. Үш жүздің басын қосқан хандық дәуірге арналған белмеде Әбілмәмбет дүние салып, Абылайды ақ киізге отырғызып, хан көтерген сәтін көруге болады. Ал ең кене жәдігерге келетін болсақ, ол осыдан екі ғасырдай бұрын жасалған дулыға. Моңғолия жерінен табылып, мұражайға табыс етілген бұл жәдігерге тамсанушылар көп. Дулығаның жанында қазақ жауынгерлері қолданған ескі қылыш, сауыт пен найза да тұр.
Мұражай-кешен ашылғаннан бері ішінен адам қарасы үзілген емес. Аптаның алғашқы бес күні экскурсиялар ұйымдастырылса, демалыс кундері жаңа отбасын құрған жас жұбайлар мен қалаға келген қонақтар арылмайды.

"Абылай ханның резиденциясы" мұражай-кешенінің экскурсиялық-кепшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Қыдбекованың айтуынша, жыл басынан бергі 10 ай ішінде 20 мыңдай адам келген екен Дені - тарихтан тағылым алғысы келген мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттері.
Ақ үй жәдігерлерін ашылған күннен бастап, жыл сайын орта есеппен 17-20 мың адам тамашалайды. Және шығарында бәрі рухани нәр алып, жеңілдеп қалғандарын айтып кетеді екен. Мұражай қызметкерлері Абылайдың ерліктері, тарихи шешімдері мен арман-мақсаттары туралы айтқан кезде көзіне еріксіз жас алғандарда болыпты.

Ербақыт Амантайұлы, "Солтүстік Қазақстан".Суреттерді түсіргендер Амангелді Бекмұратов,


Абылайдың ақ үйі. Амантайұлы.Е. Солтүстік Қазақстан Суреттерді түсіргендер Бекмұратов.А. // Солтүстік Қазақстан. – 1 желтоқсан.- 2016. – 8 б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий