Қожахметов, Б. Жердің Жезкиігі /Б. Қожахметов //Мағжан.- 2007.- №1.- Б. 49-53

31 марта 2020 - kamshat

Кәкімбек Салықов... Онымен тұңғыш рет тiлдескенiмде тоқсаныншы жылдардын аякталым тұсы едi. Шашы күмiстей аппақ екен. Әсіресе, үстiндегi сарғылт пиджагы есiмде қалыпты. "Жез канат, күміс бауыр киiк көрдiм", - деп басталатын әйгілі әнінің осы жолын күбiрлей бергенiм бар. Ең ғажабы сол - мен оның өзiн жезкиiкке ұқсаттым. Әрине, наурыздың қарындай жалт-жұлт еткен кексе каламгердің ақиқатынан гөpi аңызы басым жезкиiкке еліктеуі мүмкін емес. Десе де сол жолы бiр аңғарғаным: жезкиiк Кәкімбек ағамыздың поэзиядағы пырағы екен. Және де ол арманына айналған персонаж болып шықты. Жезкиiк туралы жалғыз рет қана емес, оншақты өлеңнің басын кайырғанынан түйген топшылауым бұл.

Шынында да, кез келген ақынның жаратылысы жұмбақ. Мұндай жаратылыстан туған туындыға да осындай сипат етене-тән. Мұның классикалық үлгiдегi мысалы керек болса, ол, әрине, "Жезкиiк"! Кез келген адамның арманын арқауына айналдырған өлеңіңіз осы! Ондагы оқиға, әсіресе, ақынның аңсауы елжiретпей коймайды Айтпақы, ақынның айтып отырганы киiк пе, әлде басқа ма - ол жағына мән беруге мұршаңыз жоқ және аңгара да алмайсыз. Ақын ретiнде менің бiлетiнiм мынау: әңгіме киiк емес, қыз туралы болып отыр. Бірақ қарапайым оқырманның мұны түсіну тағы да қиындау. "Жезкиiктiң" өміршеңдігі де, міне, осында.

Бүгiн абыз жаска - 75-ке толғалы отырғган Кәкімбек ағамыз үшін "Жезкиiк" жауыр болган тақырып емес. Ал оқырмандарды жалыктырмау үшін әңгімені әртін-әріден тарқатуға болады. Мәселен, ақын туған топырақты қалайша атамасқа?! Әсіресе, ақынды балапандай баулыган Молдахмет Тырбиевтің тәліміне қалайша тоқталмасқа?! Болашақ қаламгерге ауадай қажет әдеби орта алыстан емес, өзінің туған ауылынан табылғаны қандай ғанибет?' Етжақын туысы болып табылатын, қу тақтайдан жасалған қкара домбыраны тiл мен жағы бар адамша сөйлететiн Молдакең сал-серiлердiң дәстүрі бойынша оған ән мен жырдың қос тiзгiнiн қатар ұстатты. Бөлесi болып табылатын Мұса Асайынов та өз "мектебiнен" өткiздi. Кәкімбек ағаның туған ауылы - Еңбек Ақан cepi мен Үкiлi Ыбырайдың атамекендерiнен алыста емес. Ең бастысы - олар жұптары жазылмайтын аққудың шоғырындай. Бәрінен бұрын өнердегі сабақтастықты айтсаңызшы?! Үкілі Ыбырайдын сарқытын Молдекең iшсе, ол өнегесін Кәкімбек аға сияқты кейiнгiлерге дарытты. Сондықтан да өнер мен өлеңнің екі тiзгiнiн тең ұстаған Кәкеңнің сал-серілердің өкiлi ретiндегi әмбебаптығы әбден қисынды.
Оның мектепте бiлiм алган жерi - Ақан мен Шоқан туған Сырымбет. Ондағы орта мектептi күміс медальмен бітіргенінде байғазы ретiнде тұтас жүз сомдықты ұсынған Молдахмет Тырбиев: "Мәскеуде оқығанда жұмсарсың", - дептi. Мәскеу демекшi, осы қалада жоғары бiлiм алуына "жолдама" берген де - Молдекең. Оның: "Қаныш Сәтбаевтың жолын қу!" - деген ақылын екі еткен жоқ: Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бiтiрдi. Кен инженерi мамандығына ие болысымен еңбек жолын бастау үшін Жезқазғанға аттанарында өлеңмен бата берген Молдекең едi. Және де батасы өсиетке пара-пар eді:
"Бiржан сал, Ақан аға, Үкілі Ыбырай
Қаларсың салтын сактап, мұрагерім".
Ұстазының өсиетiн орындай бiлген Кәкімбек аға сияқты адамдар санаулы ғана шығар-ау! Ол әдебиеттің қастерлі есігін ашқанда және де заулаған "Жезкиiгiмен" бүкiл елдi аузына қаратқанында кырык жаста едi. О, ғажап! Аумаған ұлы Абайдың тағдыры: жыр аспанына қанат қаққанында ол да осынша жаста едi-ау!

"Бәйгеге тұлпар кеш қостым ,
Ұзаққа жүрic созамын,
Не десең де, беу, достым,
Жұтпаймын мәстек тозаңын", - деп шынын айтты, ант бергендей сенiмдi айтты. Ақынның көрiпкелден несі кем: айтканы Айдай келдi! 1970 жылы жарық керген алғашқы жинағында:
"Құлагер жортқан құба бел,
Сүйемiн ceнi, Сарыарқа",-деп ағынан ақтарылса, келесi кiтабында:
"Сыңсып салған әніне тебiренiп,
Қамыс басы қамығып, су жылайды", - деп емiрендi.

Оның жыр сарайын тұрғызған кiтаптарын тiзбелей берудің кажеті шамалы. Калын оқырманын тапқан оның жинақтары "Бiр өзiм кең далама симай кетем", - деп аңсаумен ғұмыр кешiп келе жаткан ақынның нәзік жанынан сыр шертiп, талай сөрелерде тұруға тиiс.

"Өлеңді күн құрғатпай жазу керек" деген жазылмаған ережені бұлжытпастан орындайтын ақындар екеу болса, солардың бiрi - осы кісі, Күн сайын өлең тудыра алатын мұндай өнiмдi ақындар, егер есепке жүгiнсек, бiр жылда екі кiтапты толтыра алады. Айтты- айтпады, шыны да осы: сонғы уақытта ол жыл сайын бiр емес, екі кiтабын ұсынып, жүйткiген жырларымен жезкиіктей заулап жүр.
Сәбеңнің жүз жылдығы қарсанында "Сәбит аға" деген жыр кiтабын шыгарды. Бiр адам туралы бiр кiтап өлеңдер жазу, меніңше, екінің бірінің қолынан келмес шаруа. Ұлы Абайдың 150 жылдығына арнаған топтамасы да жұқа емес. Немесе "Отырар сазын" алыңыз. Нұрғиса Тілендиев басқарған осы аттас оркестрдің Мәскеудегі концертiн тамашалаған бiр түннің ішінде жазған поэмасы. Әйгiлі сазгер туралы қаншама өлеңдер жазып, осы поэманы тұтас бiр кітапқа айналдырғаны да ерен еңбек емес пе?!

Кәкәмбек Салықов - өмiрбаянын өлеңмен жарқыратып жазған ақын. Оның өмір жолы өлеңдерінде сайрап жатыр. Ал тыңдаңыз:
" ... Қуаныш күнде келгендей,
Бiз де бiр сәт кесiлдiк.
Екі студент Мәскеуде
Жас отау құрып қосылдық".
Немесе «Қос анам» деген өлеңiне қараңыз:
"Бiрің туып,
Бiрiң жастан бақтындар
Көкірегіме солмайтын
гүл тақтындар.
Екеуiңд жалғастырған жан едм,
Ақыры кеп бiр зиратка жаттыңдар",
Тағы да тыңдай түсейiк:
"Кенші болды Жезказган кенін қазған
Өскен бала көк түтін шошалада".
"Кеншiлiктен ақындыгым нашар ма?
Әлде ақындық кеншiлiктен
ас ар ма?".

"Ақшуда бұлттар балконда бiрге тұрғандай,
Зәулiм биiк Мәскеуде бiздңіц
үй қандай".
"Жаңбыр жауды Қарақалпақ жерiне,
Жел заулады желкен созып керіле".
"Мәскеудің қалын ағашы,
Жаңғырып дыбыс тараған".
"Неде болса Аралды аман сактар
Арпалысқа кірістім белді буып".

Таңдамалысы тәрізді "Көкжиек-ке тарткан көш" деген қалын кiтабынан бiр байқағаным: оның жартысына жуығы сонеттер. Қазақ әдебиетіне сiңiсе қоймаған тосын жанр ғой бұл өзі. Есет Әукебаев отыз жыл бойы сонеттер жазды, бірақ есте қалған бiреуі жоқ. Шындық осы.

Ал ол сонеттерін европалық деңгейге көтеруге күш салып келе жатыр. Әрбiр топтаманы бiр циклға бағындырып, "Сонеттен тiзген гүлтәждер" жазумен келе жаткандығы, міне, осыған мысал. «Венок из сонетов» деп топтап жазу берiсі орыс ақындарында да бар үрдiс ... Мұның себебiн түсiндiру үшін бiр сонеттен үзiнді келтiрейiн:

Жер-көкте ғажапқа жармасам,
Қыраным ақ түлкi iлсiн деп.
Сонетті тандадым, аңдасаң,
Қазақтың жырына сіңсін деп.
Айтарым жоқ емес мін тауып,
«Форма тар, ұйқасы шырмауық,»
- деп сөгiп, сонеттен безгенге:
- Әскери формада жүрiп те
Шоқандар кысыла бiлiп пе?!
Кім сөгер кен тапсам сөзден де!»

Шынында да, сонеттің формасы тар, ұйқасы шырмауық. Ол міндетті түрде 14 жолмен шектелуі керек. Қазақ ақыны үшін ең колайсызы сол - соңғы екі шумақ жапоннын өлеңдеріндей үш жолдан ғана тұрады. Айтар ойды оған сыйғызу қиын, содан да шолақ қайыра салуға тура келеді.

Міне, осының бәрін бiле тұра Кәкең бiлек сыбана еңбек етiп келеді. 1980 жылдан бастап сонетке кіріскен оның тәжірибесі тапшы да емес.
"Мұңын айтпас ақынның күні тумас,
Сонет болып оралды үмітім жас ", - деген кұлшынысы кандай!?
"Ащы, тұщы айырғыш ақ, қараны,
Сонет маған қызықты боп барады,
Формасы - заң, мағынасы - суреттірек», - деген ақиқаты кандай!?

Ширек ғасырдан бері бұл жанрды қалыптастыру үшін калам сiлтеп келе жатқан ақын мандай терінің нәтижелі болатындыгғына және шек
келтiрмейді:
"Өлең туса өмірдің таңбасы боп,
Шаттық пен мұң аралас
арнасы көп.
Сонеттерiм - жалыным
жер бетiнде
Жанып тұрар жүректің
жалғасы боп" .

Петрарканы пiр тұтып, оның өнерін қазақ топырағында дамытуды діттеген ақынымыздың қарышты қадамы құптарлы-ақ.
Кәкімбек аға - бүкiл Қазақстанды өлеңiмен құшақтап тұрган ақын, Салықтын ұлы ғана емес, халыктың ұлы бола бiлген ұлт перзенті.
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий