Өнерді ұлықтаудан шаршамаған
Қуандық Қасымов - облысымыздың руханиятына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалардың бірі. Бар саналы ғұмырын өнерге арнаған азаматты есте қалдыру мақсатында былтыр өнер фестивалі бастау алған болатын. Сол игі бастама биыл да жалғасын тауып, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мадениет қайраткері Қуандық Қасымовты еске алуға арналған "Өнерді ұлықтаудан шаршмаған" атты фестиваль өтті.
Тамаша тәлімгер, тәжірибелі басшы, өнер жанашыры Қуандық Ишанғалиұлын еске алуға арналған кешке дос-жарандары, туысқандары, оның өнерін бағалайтын жандар, әртістер мен әріптестері жиналды. Кеш "Өнер деп соққан жүрегі" атты көрмемен ашылды. Онда қазақ өнерінде өзіндік орны бар тұлға, мәдениет қайраткерінің өнегелі өмірі, еңбек жолдарынан сыр шертетін фотосуреттер қойылды.
Жамбыл ауданындағы Баян ауылында дүниеге келген ол еңбек жолын Сергеев (қазіргі Шал ақын) аудандық Мәдениет үйінде бастаған. Кейін жеті жылбойы Жамбыл 12 жыл бойы Соколов, Қызылжар аудандары мәдениет бөлімдерінің меңгерушісі болған. Өмірінің 30 жылын ауыл мәдениетіне арнаған. Облыста бірнеше шығармашылық ұжымның іргетасын қалаған ол 1976 жылы Сергеев ауданының Мәдениет үйінің жанынан академиялык хор құрды.
1977 жылы қазақ ұлттық "Ақ бидай" ән-би ансамблін құрып, аталмыш шығармашылық ұжымның көркемдік жетекшісі болды. "Ақ бидай" ән-би ансамблі республикадағы белгілі шығармашылық ұжымдардың бірі болып, "Ленин комсомолы" атты үгіт пойызының құрамында Ресейдің Омбы, Пермь, Түмен, Қорған облыстарында қазақ өнерін насихаттап, 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында өнер көрсетті.
Айтулы шараға еліміз бойынша санаулы ұжым барып, солардың қатарында "Ақ бидай" ансамблінің болғандығы облысымыздың мәдени өміріндегі зор жетістік еді. Аз уақыттың ішінде ансамбль облысқа ғана емес, республикаға белгілі өнер ұжымына айналып, Алматыға екі рет гастрольдік сапармен барып, республикалық телеарналардан бірнеше мәрте көрсетілді. Өңір өміріндегі айтулы шаралардың барлығы "Ақ бидайсыз" өтпейтін. Бұл - іскер басшы, шебер ұйымдастырушы Қуандық Қасымовтың еңбегінің жемісі.
Қуандық Ишанғалиұлының облыста ақындар айтысының жаңғыртылуына тікелей қатысы бар.
1980-1986 жылдары Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен аймақтық айтыстар ұйымдастырған. 1989 жылы Ресейдің Халық әртісі Геннадий Заволокиннің қатысуымен алғаш рет "Ойна, гармонь, күмбірле, домбыра" атты облыстық фестивальді және әр ұлт өкілдерінің ойын-сауық мерекесін өткізіп, халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосты. 2002-2006 жылдары облыстық филармонияны басқарып, қазақ ұлт аспаптар
оркестрін, "Әдемі-ау" қазақ би ан-самблін, эстрадалық симфония оркестрін, камералық хор ұжымдарын ұйымдастыруға зор үлес қосты. 2006 жылдың желтоқсан айынан С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрын басқарды.
Өңіріміздегі қазақ өнерінің қарашаңырағы - қазақ театрының тізгінін ұстай жүріп, жас ұжымның шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейге көтере білді. 2008 жылы театр жанынан камералық симфония оркестрі мен би тобын ұйымдастырды. 2010 жылы балет группасы құрылды.
Кеште сөз алған халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжин Қуандық Қасымовтың өнегеге толы өмір жолы, еңбек баспалдағы, адамгершілік, кісілік келбеті, азаматтық қыры жайлы әсерлі сөз сабақтады.
- Ұлылардың ұлылығы, әсіресе, өнер адамдарының шыққан биігі көзі тірісінде замандастарына сезіле бермейді. Өзі өмірден еткен соң айтып жатамыз. Қуандық Ишанғалиұлы өзінің көзі тірісінде өнердің биігіне шығып, бүкіл өңірімізге, республикамызға танымал болды.
Ол өз ісінің хас шебері, жұмысына адал, жауапкершілігі мол, адами қасиеті жоғары азамат еді.
"Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін" асыл азаматтың еске алу кешіне жерлестері көптеп жиналды, бұл - марқұмның рухына деген құрметіміз, - деді Жангелді Тәжин.
Кеш барысында жазушы Дулат Исабековтың бейнетаспаға жазып жіберген жүрекжарды лебізі экраннан көрсетілді:
- Ол жастайынан өнер қуды. Ансамбль құрып, балет группаларын ұйымдастырды.
Егер Қуандық Қасымов болмаса, "Жаужүрек" шықпас еді, "Жүз жылдық махаббат" атты Мағжан өміріне арналған пьеса жазылмас еді.
Театр басшыларының автормен жұмыс істеуі тек саяси тапсырыс емес, шығармашылық тапсырыс. Және соған көндіре білу, идеяны жерге тастамай көтеру Қуандық Қасымовтың өнерге деген шын жанашырлығын танытады.
Ал автормен жұмыс істеуді Қуандықтан ешкім үйрене алмай жүр. Мен оны жер-жерде айтып жүремін және газеттерге де жазамын. Автормен жұмыс істеу – театрдың басты міндеті.
Оны көбі естен шығарып алып жүр. Сол тұрғыдан Қуандық жұртқа үлгі болды деп ойлаймын.
Егер әр театрдық Қасымов сияқты қаламермен бірігіп жұмыс істесе, репертуары бүгінгі күнінен байрақ болар еді. Қуандық Ишанғалиұлы елдің жүрегінде берік алған, достыққа адал, азамат. Артында қалған жүректеріне өнердің нұрын сепкен шәкірттері - осы екеуі аман тұрғанда Қуандықтың аты өшпес емес, даңқы аспандап, асқақтай береді. Оның атына фестиваль ұйымдастырылуы құптарлы дай. Елі ешқашан ұмытпай деген ой-толғанысын ортаға салады.
Шарада театр әртісі Болат Мамытбеков Қуандық Қасымовқа арналған композицияны көрермендерге тарту етті. Сан қырлыт иесі ән салып, бірнеше аспапта шебер ойнаған, суретшілік өнернде кенде болмаған азаматть алу фестивалінде әншілер , Д.Құрманкина, Ғ.Нұрпейісов, О.Сұраға нов және тағы да басқаларі көрсетті.
Қазағымыздың домбырасын күмбірлетіп өнер көрсетіп "Әлқисса" фольклорлық ансамблі де күйден шашу шашты. Сонымен қатар Айыртау, Мамлют, Шал ақын, Қызылжар, ауданнан келген өнерпаздар да көрмендерге ерекше әсер сыйлап ыстық ықыласына бөледі. Қуандық Қасымов атындағы "Өнерді таудан шаршамаған" атты облыстық өнер фестиваліне қатысшулар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие.Бұл игі шара дәстүрге айналып жыл сайын өткізіліп тұрмақ.
Айгүл Хамзина: "Солтүстік Қазақстан
Суреттерді тусірген
Амангелді Бекмұратов
Хамзин.А Өнерді ұлықтаудан шаршамаған.Солтүстік Қазақстан. - 25 сәуір. - 2017 . - 5 б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |