Қаратаев, М. Туған жер түлегі
Қазақстандық белгілі орыс жазушысы Иван Петрович Шухов — 1906 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Пресновка станциясында туып өскен үздік талант иесі. Ол өінің осы тамаша талантымен халқына, Отанына қалтықысыз қызмет етіп, өте құнды творчестволық мұра қалдырған қажырлы қаламгер, қайраткер еді.
Пресновка станциясы екі жүз жыл бұрын қазақ даласына жайғасқан қазақ-орыстардың мекен-жайы екен. Шухов туған осынау станица — XVIII ғасырдың басында Оралдан Ертіске, одан әрі Усть-Каменогорскіге дейін созылған ен даладағы оннан астам станицаның бірі бол-са керек. Бұл жолды қазақ-орыстардың өздері "горькая линия" /"хасірет белдеуі"/ деп атапты. Шухов та өзінің тұңғыш романын осылай атаған көрінеді.
Бұдан бұрын рабфакта оқып жүрген бала жігіт алғашқы творчестволық талабын өлеңнен бастап, көп үзамай прозаға көшеді де "Пресновские страницы" /"Пресновка беттері"/ дейтін үш тарау өмірбаяндық повестерін жазып жариялайды. "Пресновка беттері" Шуховтың балалық шағынан бастап көрген-білгенін бойына сіңіріп, поэзиядан, журналистикадан бірте-бірте прозаға ауысқанын көрсетеді. "Пресновка беттерінің" үш тарауының өзінде кеңбайтақ қазақ даласын мекендеген қазағы бар, орысы бар, көп үлтты, көп тілді халықтардың өмір жағдайын, тұрмыс жайын көз алдынан еткереміз. Онда көшпенді қазақтар мен отырықшы орыстардың өзара қарым-қатынасы мен ішкі таптық қайшылықтары жайлы, атап айтқанда, қазақ байлары мен кедейлерінің аражігі, казак-орыстардың Россия самодержавиесінің отаршылық саясатын қорғайтын әскери топтармен қатар егін, мал шаруашылығымен айналысатын қара шаруалар жайлы және мұның ішіндегі кулактар мен кедей шаруалар жайлы нақты шындық картинасы жайылған. Ауыл мен селоның өмір құбылыстарына жасынан жетік Шухов езінің бірінші "Горькая линия" атты романында дәуір шындығына батыл, терең барып ауқымды кәркем шешімдер жасайды. Сондықтан да ұлы Горький осы романды ете жоғары бағалап, авторын бүкіл Одаққа танытты. Шуховқа әдейі арнап жазған хатында ұлы ұстаз: "Сіз өте жақсы кітап жазыпсыз — бұл даусыз. "Горькая линия"ны оқығанда алатын әсерің - авторы дарынды адам екен, ісіне ұқыпты қарайтын кісі екен, өзі казак бола тұра казактарды суреттеуге келгенде, оларға өздерінің қылығына қарай, аяусыз, шын қатал қарауға ез бойынан батылдық та, еркіндік те табады екен дейсің" — депті. Сонда Шухов 25 жаста.
Ұлы Октябрь революциясының қанатында халықтың совет үкіметімен бірге есіп қалыптасқан жас жазушы отызыншы жылдары қабындаған әлеуметтік қайшылықтардың сырын аша білген: бір жағынан, казак-орыстар ортасының колхоздастыру тұсындағы алалықтарын аша білсе, екінші жағынан, көшпелі қазақ арасындағы сол секілді кереғарлық күресті керсете отырып, қазақ кедейлері мен орыс кедейлерінің таптық бірлігін, ұлттық, интернационалдық достығын алға жаяды. Шуховтың өз басының замандас қазақ жазушыларымен өмір бойы ажырамас достығы да жай емес. Ол орыс пен қазақ халықтарының мызғымас берік достығының белгісі болса керек.
Михаил Шолохов 1932 жылы "Тынық Дон" эпопеясын уақытша тыя тұрып, дәуір талабына сай колхоздастыру тақырыбына арнап "Көтерілген тыңның" бірінші кітабын шығарса, И.П.Шухов та онымен жарыса, осы тақырыпқа "Өшпенділік" романын жариялады. Саяси әлеуметтік жағынан актуальды, көркемдік жағынан кемел туынды деп танылған "Өшпенділік" колхоздастыру кезеңіндегі қабылданған таптық қайшылық пен қаһарлы күресті жанжақты және терең алып көрсеткен нағыз социалистік реализм дәрежесіндегі роман боп табылды.
Қалың оқырман қауым мен әдеби-көркем сынның берген бағасы бойынша, И.Шуховтың бұл романы Одақ әдебиетінде ең жақсы аталған М.Шолоховтың "Көтерілген тың", Ф.Панферовтың "Бруски", А.Твардовскийдің "Страна муравья" туындылары қатарында бағаланды. Көп сыншылар бүл романды Ф.Панферовтың "Бруски" романынан жоғары қойды.
"Өшпенділік" романы тез уақыттың ішінде көптеген туысқан республикалар мен шетел мемлекеттерінен - неміс, француз, испан тілдеріне аударылды. Аз уақыттың ішінде орыс тілінде әлденеше рет басылды. 1935 жылы роман "Жаулар соқпағы" деген атпен экранға шықты. "Өшпеңцілік романы женінде де Горький 1931 жылы жарияланған романның саяси-әлеуметтік маңызына, колхоздасу үшін күрескен серпінді күрес рухына, әсіресе керемет көркемдік құнына мықтап риза болған оқырман жүртшылық пен әдебиет сыны Шуховтың қос романын / "Горькая линия" мен "Ненависть"/ колхоздастыру кезеңінің өмір шындығын ақиқат негізінен дәл тауып суреттеген құнды туынды деп қабылдады.
"Өшпенділік" романының ізінше жазып шығарған "Родина" романы алғашқы романның жалғасы іспетті. Осы екі романын біріктіріп, Шухов оны 1958 жылы "Өшпенділік" деген атпен жариялады.
Колхоздастыру кезеңіндегі шұғыл өзгерістерге байланысты шиеленіскен таптық күресті Шухов бұл романында ұлғайта да, тереңдете түскен. Өшпенді күрестің бір жағында жойқын мал иеленуші ірі кулак Епифан Окатов пен оның мұрагер ұлы Иннокентий тұрса, екінші жағында — колхоз үшін күреске шыққан Каргополов, Фешка, Аблай, Елизар Дыбин сықылды жаяу-жалпы кедейлер мен батрактар. Колхоз жауларының қанқұйлы өшпенділігі, ауыл мен станица кедейлерінің колхоз үшін жанкүйді күресі романда керегендікпен көркем суреттелген. Орыс, қазақ еңбекшілерінің оянған таптық санасы, қанаушылардың халыққа қарсы өршіген өшпенділігі суреткерлік шеберлікпен жеткізе бейнеленген. Қай образын алып қарасақ та типтік характерді, шыншыл детальдарды көреміз. Шухов творчествосынан мін тапқан сыншы да болды. "Литературный критик" журналында Л.Федоров деген біреу В.Новинскийдің Шухов романдарын мақтап жазған мақаласына қарсы шыққан болды. Бұл ретте ол Новинскиймен емес, Шухов романдарын жоғары бағалаған Горькиймен таласып отырғанын білмейді. Шуховтың "Поединок" дейтін жаңа повесін оқығаннан кейін Горький оған арнайы хат жазып былай депті. "Сіз өте жақсы жаза аласыз. Мұны мен "Горькая линия" мен "Ненависть" романдарын оқығанда-ақ білгенмін. "Поединок" менің көзімді мынаған жеткізеді. Осы кітабыңызбен сіз екі кітабыңыздан кейін алға қарай тым үлкен қадам жасар едіңіз және сол екеуінен де асып түсер едіңіз. Ол қолыңыздан келер еді, бірақ - оны істемедіңіз". Бұл жерде Горький сөзінің құндылығы "Поединок" повесінің мінін тауып айтқандығында ғана емес, ұлы ұстаздың игі ролін қалай ғажап күйде атқарғандығында болып отыр.
XX ғасырдың басында туып, революция рухына бөленіп, жас совет үкіметімен бірге жасаған әрі ақын, әрі публицист, әрі прозаик-художник барлық қажыр-қайратын, от шашқан қаламын социалистік құрылысқа, Отан қорғауға, халықтар достығына жұмсаудан қайтқан емес, қажыған емес.
Сонау революция қарсаңындағы майдан мен тылдағы жағдайды суреттеген "Действующая армия" романы атап айтарлық шығарма. Әсіресе Қазақстан тыңына арналған "Золотое дно" кітабы айрықша туынды. Мұнда бүгінгі өмір мен өткен тарихты ұштастыра жазған әрқилы очерктер, портреттер, новеллалар тізіліп, байсалды публицистика мен айдынды әдебиет арнасына ерекше үлес қосқан туынды боп табылды.
1957 жылы шыққан "Золотое дно" болсын, 1960 жылы шыққан "Дни и ночи Америки" дейтін сапар очерктері болсын, кітап боп шығудан бұрын "Правда" мен "Казахстанская правда" да, өзі көп жыл бас редактор болған "Простор" журналында да жарияланып, қалың көпшіліктің назарын аударған көркем — публицистикалық актуальды очерктер боп танылды.
Өмір бойы газет, журналдан қол үзбей әман редакторлық, корреспонденттік қызмет атқарып келген журналист Шухов үсті-үстіне роман, повестер жаза жүре, өзінің сүйікті жанры — деректі очерк, новеллалар жазуын тиған емес. 1931 жылғы "На Казахстанском ветру", 1940 жылғы "Поэма о взращенном зерне", 1948 жылғы "Жаркая битва", 1957 жылғы "Золотое зерно" кітаптары — осының айғағы. Шухов жасаған образ, портреттердің ішінде "республиканың бірінші сталевары" аталған Социалистік Еңбек Ері Алтынбек Дәрібаевтың және тағы басқа қазақ, орыс, украин, белорус адамдарының портреттері елеулі де есте қаларлық.
Енді бір елеулі жай: 1968 жылы Иван Петрович өткен отыз - қырық жыл ішіндегі жарияланған және кітапқа енген очерк, новеллаларын жинастырып, кебін қайта жендеп, жетілдіріп, жаңа очерктермен толықтырып, "Родина и чужбина" деген атпен қомақты кітап етіп шығарды. Бұл үшін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Ең ақыры, бастапқы сез болған "Пресновка беттері" Шухов творчествосының толысып, көркемдік тәжірибесінің жетіккен шағында өте құнды, қызық кітапқа айналғаны белгілі. Мұның "Колокол", "Трава в чистом поле", "Отмерцавшие марева" дейтін үш бөлек повесть тарауларын Шуховтың өмір баянына қатысты керген-білгендерінің көркем шежіресі десе болады. Сонымен бірге автордың жөндеп үлгірмеген бір кемшілігі - "Колокол" мен "Трава в чистом поле" повестерінде патриархалдық ескілікті дәріптейтін романтикалы бұлдыр беттердің сақталуы деп едік. И.П. Шухов көпқырлы талантты жазушылығымен қатар, белгілі қоғам қайраткері еді, партиялық принципке берік тұрақты коммунист еді, патриот, интернационалист еді.
Қазақстанның көп ұлтты совет эдебиетінің жарты ғасыр бойындағы барлық буындарымен Шухов қатар өмір сүрді, қайсысымен болса да достық творчестволық қарым-қатынас сақтады, Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мүстафиннің прозасын орыс тіліне аударысты.
"Простор" журналы үйымдасқаннан бастап, өмірінің ақырына дейін редколлегия мүшесі, 1963 жылдан 1974 жылға дейін осы журналдың бас редакторы болды.
Көп жыл бойы сіңірген қоғамдық, творчестволық еңбегі үшін Халыктар достығы Орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталады.
Туған Қазақстан жерінің түлегі, жарқын талант иесі Иван Петрович Шухов халқына, Отанына үздіксіз қызмет етіп, көпүлтты совет әдебиетінің алдыңғы қатарынан өзіндік ерекше орын алды. Ұлы ұстазы Горькийден үлгі алып, Шолоховпен үзеңгі қағысып өскен қазақстандық орыс совет жазушысы артына өшпес үлкен мәдени мұра қалдырды.
1986 жыл
Қаратаев, М. Бетбұрыс Белестері. – Алматы. – 2005. – б.59 - 64.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |