Туған жер. Әңгіме

17 января 2024 - Administrator

  «КӨКТЕРЕКТЕ» бір сақау бар. Әйтеуір өзі естімейтін болған соң, жұрт оны тап осылай Сақау деп атап кетісен. Шын аты — Әлилс. Денесін көтере алмағандай, тізесі сәл бүгіле, еңкейе басып, ентелей жүреді, Сақалды аратұра сәті түскенде ғана қырады. Басқаның иығынан түскен ескіқұсқы Сақаудікі. Белгілі жұмысы жоқ, кім жұмсаса, соған тартып жүре береді.
Сақаудың өз «тілі» бар. Әбенді жуан қарнымен, Көкенді быртық бармағымен, Мақанды иығынан көлденең тартқан милиция белбеуімен танытады. Не сөйлесе де, «уф, уф» деп ыстық сорпа үрлегендей бір дыбыс пен көмекей айғайы қатар жүреді.
Ол үшін ең үлкен бедел — милиция. Біреу жәбірлік етсе, «мен сені соған айтам» дегендей милиция формасын көрсетіп, қорқытар еді. Сақау өте шамшыл. Ашуланғанда не түссе, сонымен салып жіберуден тайынбайды. Анада бір төбелесте шарбақтың қазығын жұлып алып, бас-көз демей сілтегені бар.
Ал терезенің жақтауына шығып альш, күн көзіне шуақтап, алдыңғы аяғымен бетін жуып отырған мысықты көрсе, одан жібек адам табылмас. Ала мысықтың әдемі қимылын қызықтап, ыңырана күліп, ұзақ отыруға жалықпас еді, жанында біреу болса,«ананы көрдің бе? дегендей, қайта-қайта түрткілеп, мазасын кетірер еді.
Өзі оқымаса да, Сақау оқыған жсұртты ұнатады. Кішкене балалар оқуға бара жатқанда, оларды тоқтатып алып, сол қолының алақанын қағаз, оң қолының саусағын қалам іетіп, иректеп жазу жазған болар еді де, балаларды арқасынан қағып, бастарынан сипап, қоя берер еді, сонсын соңдарынан күле қарап, қызыққандай селтиіп ұзақ тұрар еді.
Арақ ішкенді Сақау да жек көрмейді. Сыра ішіп, сусындаған оған да ,теріс емес. Арақ ішіп, шекесі қызғанда, бұл да көңілденеді. Ерекше күлкішіл болып кетеді. Бірақ, мұның көңілді қалпы ұзаққа бара қоймайды. Жұрт көп жиналған жерде басқалар өзді-өзімен дабыр-дұбыр боп жатқанда, Сақау бос тұрған домбыраны алып, бір оңаша бұрышқа тығылып, көзін жұмған күйде баяу теңселіп, ыңырсып, домбыраны тартқан боп, шегін қағып, пернесін о жер, бұ жерінен басып отыратын. Әрі-беріден соң даусын қаттырақ шығарып, «ән» айтар еді. Ыңырсып-ыңырсып кеп, даусы қатты шыққан мезетте, туғаннан бері сөз қатып көрмеген сақау тілі «Апам-ай!» деп қалғандай боп, көзі қызарып, тамаш бүлкілдеп, домбыраны тастай салып, үн-түнсіз қалатын.
Сақау жақсылықты да, жамандықты да қатар сезеді. Осы ауылда оның бітіспей жүрген бір адамы бар. Ол — Қайыр. Анада бір тойда Сақау ет жеп, шөлдегесін сусын ішісісі келген. Жанында отырған Қайырдан ымдап, қолындағы стаканын сұраған. Оның не сұрағанын онша айырып жатпай, Қайыр ішіп отырған ыстық шәйін бере қойған. Сақау сыра екен деп, құмарлана жұтып қалғанда, бүкіл оңеші күйіп кеткен. Стақан сарт етіп, қабырғаға соғылып, быт-шыты шығады да, тарамыс сіңір саусақтар Қайырдың шашына шап етіп жабыса түскен. Сол түні Сақау үйге түнемей, ауыл іргесіндегі ағаш арасында ызалы, мұңды кейіппен ешкімге көрінбей жүріп алған. Сонан бері Қайыр түсіндіріп, ақтала алмайды да, Сақау мұны ата жауындай көріп, Қайырды көрсе, отты көзбен оқтай атып, теріс айналып жүре береді.
...Жазғытұрым жердің тоңы да, көңілдің тоңы да жіби бастаған мезгіл.
Бір күні ауыл іші дүңк-дүңк ете қалды: «Әлиясты іздеп бір туысы келіпті. Япырмау, сақауда да туыс болады екен!». — деп, біреулер таңырқады.
Оның туысы келгені рас еді. Әдейі машина жалдап келіпті. Нағашы жұртынан екен. Сақаудың туысы келді дегеннің анық-танығын білмек боп, сәлемдесе келген жұрт көп болды. Қонақ әнші, домбырашы болып шықты. Жасы өзі айтуынша елуге таяп қалған, бірақ ән-сауық қартайтпай, жастық қуатын бойында сақтаған болу керек, оңі жас.

Жұрт жан-жақтан Сақауға төсегі мен төсін нұсқап, құшағын көрсетіп әнші қонақ сенің туысың дегенді әрең түсіндірді. Сонда, түсіндім дегендей, басын қайта-қайта изеп, біраз отырды да, туысының қеудесіндегі бір, орден, екі медальді саусағымен нұсқап «біліп қой» дегендей жанындағы кісілерді шынтақпен түртіп қозғап, бас бармағын тіке қайқайтып көрсетті.
Қонақ домбыраны безілдете шерте, іліп-шалып тартып, ән салғанда, Сақау да жұртпен бірге әнді естіп балқығандай, үн-түнсіз отырды. Туысының қолына көз алмай қарап, ол тоқтай қалғанда да дауысын қаттырақ шығарып, құптағандай иығынан қағып-қағып қойды.
Туысы Әлиясты алып кете келіпті. Таңертең дүкенге барып, арзан-қолдау бешпет-шалбар әперді, аяғына етік кигізді. Жаңарған үстіне қызықтап, қуана қарай-қарай Сақау машинаға отырып, туысымен бірге өзіне белгісіз бір жаққа кетті де қалды.
Арадаайлар өтті.
Көк майса кілемді жаз кейін ысырылып, оның жайлауына көгалды жаздың гүлін солдыра, жапырағын сарғайта күз келіп қонуға таяу қалған. Егіс басынан қырманға қарай жөңкіген астықты машиналар. Жұрт шөбін шауып, отынын тасып, қыс қамымен қарбаласта.
Сондай шаруамен Қайыр бүгін биесін жегіп, тамызықтық қу жинап әкелуге Басағашқа қарай шықты. Даңғырлаған төртаяқтың үстінде қисайып жатқан қалпы божысын анда-санда қозғап қойып, «Көктеректің» табиғатын тамашалап келеді. Ол осы төңіректің көркіне құмарлана қанша қарағанмен тойым алар емес, тағы да, тағы да қарай берсем дейді.
«Көктерек» ауылы тұтасып созылған шоқтың бауырында. Сүйрік саусақтай сұлу, сымбатты ақ қайыңдар бір бірімен қабаттасып, қолдаса келіп тұтасып, ауылды сырт тұсынан қапсыра құшақтай алған қалыпта түра қалғандай. Ауыл орналасқан дөңнің асты Қарасу. Қарасудың маңайында оюдың бір мәнеріндей тізілген дөңгелек көлшіктер. Таңертеңгі тымықта жиегіне кеп тұра қалсаң, айнаға қарағандай өз суретіңді көресің. ЬІстықтасаң, су жиегінде биші қыздай иілген талдың салқын саясы және бар. Дөңнен тұрып, жап-жасыл «Кішкене, алқаға» көз жіберсең, құсқа толы қоғалы көлшік, құрылған ау, үйілген көпене-шошақтар, өрістегі мал, пісіп тұрған егін, тап-тақыр таспа жол — бәрі жұптасып келіп жанды бір суретті алдыңа әкеп қоя қойғандай болады.
Осылай әсерленіп келе жатқан Қайыр «Басағашқа» таянған кезде, алдынан қараңдаған бір жаяуды көрді. Қолында ұстаған таяғымен жерді шұқылап көріп келе жатқандай.
Белгісіздің жүріс-келбетіне қадала қараған Қайырға: «Япырмау, осы Сақау емее пе?» — деген ой сап ете түсті.
Сақау кеткеннен бері опы ешкім сұрамайтын да, атамайтын да. Көшеде көлеңкесі қалбалақтап жүрмеген соң, біржола ұмытқандай болған. «Жақсы киім, дәмді ас көрген соң, сол жаққа бүтіндей сіңісіп кеткен ғой» — дескен де қойған.
Жаяу жақындаған сайын Қайырдың күдігі растала түсті. «Бұрынғысын есіне алып айдалада жағаласып жүрмесе еді» деп, ол хауіп ойлап үлгергенше, Сақау мұны анадайдан танып, ентелей басып жетіп келді. Аузы ашылып кеткен, арсалаңдап, таяғын тастай беріп, Қайырға екі қолын бірдей ұсынды. Үстінде анадағы туысы әперген киім. Сақаумен түсінісуге тіл таба алмай жүрген Қайыр оның бұл қимылынан алғаш аңырып та қалды. Тек Әлияс қолын қатты-қатты қысқанда ғана:
— Е, бишара-ай, анадағы ызасын ұмытқан екен ғой, — деп, ойлады.
Сақау өзінше ымдап, дауыстап «Ұзақ жүрдім» дегендей алысты нұсқап, қолын сілтеді аяғым талды дегендей аяғын көрсетті. Сосын қолының быртығын көрсетіп Көкенді, қарнын көрсетіп, Әбенді сұрап:
— Солар қалай, аман ба? — дегендей ишарат қылды.
— Е, елді сағынған екенсің ғой, — деп Қайыр ішінен аяп та кетті.
Осы кезде жолмен жарыса созылған егін үстінен бір топ қара құр дүркіреп ұша жөнелді. Соны көзі шалған Сақау өмірі ұшқан құс көрмегендей қадала, қызықтай қарап біраз тұрды.
Қайыр әйтеуір тоқтадым ғой деп, атының көтермесін түсірін, оттатып қоя берді де, өзі шоқтың тұмсық жағынан өскен шие бұталарына беттеді. Мұны көріп Сақау да келді. Ол қып-қызыл шиені құмарлана сорып, жей бастады. Әрі-беріден соң Қайырды түртіп өзіне бұрып алды да бір шиені еппен қыса ұстап тұрып, бас бармағын көрсетті. Сонсоң өзі келген жағын нұсқап, «ол жақтың шиесі нашар екен» дегендей бетін тыржитып, шынашағын шілтитті.
Екеуі шиеге әбден тойын алған соң, Сақау кетуге айналды. Қайыр:
— Мен арбаға отып толтырып салып алайын. Сонсоң, жаяулап шаршамай, атпен барамыз, — дегенді ымдап білдірін еді, оған қараған Әлияс жоқ, жолға түсіп алды да, ауыл қайдасың деп асыға басып жөнелді. Ауылға жақын қалған сайын жүрісі ширай түскен сияқты.
Оның артынан қарап тұрған Қайыр:
— Ер туған жеріне,—деген осыдағы! — деп, атына қарай аяңдады.


 

Қонарбаев Е. Туған жер. Әңгіме // Қазақ әдебиеті.- 1962.- 18 мамыр.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий