Намыс қияға жетелейді

29 мая 2024 - Administrator

  ...Емтихандарды ойдағыдай гапсырған Ботагөз класс жетекшісіне келін сегізжылдық мектеп бітіргені түпалы куәлігін сұрағанда ұстазы:
— Тоғызыншы класты басқа жақта оқисың ба? — деп таңдана қараған.
— Әлде техникумға түспек ойың бар ма?
— Жоқ, еңбекке араласқым келеді.
Жүзіне күлкі үйіріліп, сәл жымиған ұстазы Богагөздің бұл сөздерін балалықтың белгісі деп бағалаған.
Уақыт жалына жабысқанды қас-қағым сәтте талай белден асырын тастайтын ұшқыр сәйгүлік емес пе, жазғы каникул күндері де зымырап өте шықты.
Бірнеше күн қеңсе маңын торыған Ботагөздің жолы болмай жүрді. Тіпті біреуі жылы қабақ танытсайшы! Алғашында қызының қалауына қарсы бодмағанмен әке-шешесі енді Богагөздің ұйғарымының дұрыстығына шек келтіре бастаған.
Бірде шешесі Нұржамал:
— Текке әуре болып қайтесің, саған ешкім жұмыс бермейді, уакытыңды босқа өткізбей мектебіңе бар, кұрбы-құрдастарыңнан қалыи қоясың,— деді.
Әкесінің ақылы да осыған саяды... «Көштен қалын жатқан жоқпыз, бізге алаңдама, жұмыс қайда қашар дейсің...» — деген ол да.
Әйтеуір, оған жұмыс істе дейтін бір адам жоқ. Тіпті соңғы кезде басшылар мұны көргенде бұрылын кететінді шығарды. Енді әке-шешесі де солардың сөзін сөйлеи отыр.
Бөлімше басқарушысы да шаршаған болу керек. Әлде жас қыздың қайсарлығы ұнап қалды ма, бұл жолы жылы сойлесті.
— Жұмыс істеймін деген ойыңнан қайтқан жоқсың ба?
— Жоқ, ағай, не тапсырсаңыз да істеймін, біздің жайымызды өзіңіз білесіз ғой, әкем тағы ауырып қалды, шешем кішкентай іні-қарындастарымнан шыға алмайды. Соларға көмектессем деймін.
— Сонда сенің қолыңнан не келеді?
— Бұзау күтуге де жараймын, сақманшы болып та істей аламын.
— Соның бәрі оңай дейсің бе?
— Оңай емес екенін білемін, бірақ қиындықтан қорықпаймын, уақытша болса да бір жұмыс тансырыңызшы, сізді ұятқа қалдырмаймын.
— Онда бүгіннен бастап қырманға барып, астық тазалауға көмектес, кейін тағы да көре жатармыз,—деді бөлімше басқарушысы.
Ол қырманға қалай жеткенін де байқамады. Содан қас қаранғанша тізе бүккен жоқ. Әйгеуір айтқан сөзді екі егуді білмейді, зыр жүгіріп жүрді. Осылай қызу еңбек қарқыны оны бірден үйірін әкетті.
Кеше ғана алаңсыз өмір кешкен Ботагөз еңбекке бел шеше кірісті. Өзіне жауапты жұмыс таисырылғанына мәз. Алайда алғашқы қуанышы жыл аяғында өткен бір жиналыстан кейін су сепкендей басылды.
Жыл қорытындысын шығаруға арналған жиналыста оның кош соңында қалын қойғаны белгілі болды. Сонда бөлімше зоотехнип Семейғазы Егеубаев сүт молшылығын жасаудың пайдаланылмаған резервтері жайлы сөз сабақтаған. Ол әлі де болса бірдей жағдайда еңбек ететін сауыншылардың көрсеткіштері әртүрлі екенін айтып: «мәселен, Абылаева басқаларға қарағанда әр сиырдан 753 килограмм сүтті аз сауды» дегенде, Ботагөздің екі беті дуылдп кеткен. Осындай көңілсіз күндердің бірінде фермадағы тәжірибелі сауыншылардың бірі Қаншайым Әділова жанына шақырын әңгімеге тартты.
— Ботагөз, артта қалып қойдым деи абыржып жүрсің бе, — деді ол.
— Рас, апа, бұлай болады деи ойламаған едім, аянып жүргешм жоқ, бірақ ісің онбеген соң, одан не пайда?! Сірә, менен жақсы сауыншы шыға қоймас.
— Олай деме, әр істің қиындығы мен қуанышы қатар жүреді, жан-тәніңмен беріле істесең, алынбайтын қамал жок, көп іздену керек. Мен де өзің сиякты еңбекке жастайымнап араластым. Білмегеніңді сұрауға ұялма, сауыншылардың каи-қайсысы болмасын қолдан келген көмегін аямайды.
Коллектив мақтанышы, көп құрметтісі Қаншайым Әділованың осы сөздері Ботагөздің жігеріне жігер қосқандай болды. Енді фермадағылар Абылаеваны үлгі-өпеге ете сөйлейтін болды. Шынында да, бұл жай әсіре мактау емес еді. Оның көрсеткіштері бұрынғыдай емес, қомақтана түскен. Сөйтіп ол бірте-бірте жүлдегерлер сапынан көрінді. Осы табыспен қанаттанған жас сауыншы қарамағындағы әр сиырдан кем дегенде 2500 килограмм сүт саууға міндеттеме қабылдаған.
— Халқымыз «Арық сөйлен, семіз шыққанды құнтайды»
— деді Қаншайым шәкіргіне. Ботагөз жауаптан тосылған жоқ.
— Мен де солай ойлап отырмын, — деді ол.
Жиналыстан соң фермадан үйге бірге қайтқан жарыстасы Гүлзада:
— Осы біз тым шырқап кеткен жоқпыз ба. — деп әрінтесіңен сыр суыртпақтаған.
— Меніңше көздеген межеден шығуға мүмкіндігіміз көп,
— деді Ботагөз нық сеніммен. — Өзің күнде оқын, естін жүрген жоқсың ба, көршілес шаруашылықтар бізден көп ілгерілеп кетті ғой. Солармен үзеңгі қағыстыратын мезгіл жеткен сияқты. Партия алға қойған жеделдету талабы да осыған саяды.
— Оның бәрі дұрыс қой, әйтеуір ұятқа қалмасақ болды да.
— Ұятқа қалмаймыз, қоян-қолтық ынтымақтаса жұмыс істесек, жүзден жүйрік дегендей, әлі-ақ талайларды таңқалдырамыз.
Қос жанарын әріптесіне қадаған Ботагөз Гүлзаданың өзіне сене алмай тұрғанын аңғарған еді. Ол қателеспепті. Жыл аяғында қарамағындағы әр сиырдап 3335 килограмнан сүт сауып, колхоз бойынша ғана емес, аудан сауыншыларының алды болған Ботагөзді еңбек жеңісімен бірінші құттықтаған Гүлзада.
— Көңіліңе қаран күдігімді айтпші едім, жарайсың, табысыңа шын жүректен қуаныштымын, — деді.
— Өзіңнің көрсеткішің қалай?

— Үш мың килограмм.
— Көрдің бе, биылдың өзінде бірнеше адам үш мыңшылар қатарына қосылды. Енді оны коллективтің орта көрсеткішіне айналдыруымыз керек.
Осылай еңбек жолын жаңа бастаған Ботагөздің айы оңынан туып, жұлдызы жарқырай түсті. Рас, оның табысын кездейсоқтық деп бағалаушылар да болған. Оларға не десін? Уақыт терелігін өзі айта жатар.
Облыс комсомолецтері ВЛКСМ-ның XX съезіне делегат етіп сайлағанда да жұрек қалауымен таңдаған мамандығы, қол жеткен табысы жайлы көп толғанған. Барлан қараса қол жеткенінен жетпегені басым. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда да қолбайлаулар көп.
Өзі фермаға келгенге дейін оның малшы еңбегі туралы ой-толғамы мүлде өзгеше еді. Мал жайғаудың, сиыр сауудың ешқандай құния сыры жоқ сияқты көрінетін. Ал фермадағы қазіргі жағдай мүлде басқаша екен. Бүкіл жұмыс механикаландырылған, жағалай толған техника. Осының бәрінің тетігі қаранайым малшылардың қолында. Осыған орай ол өз білімін жетілдіруге ден қойын отыр. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орындарының біріне сырттай түсіп, білім алмақ.
Алда шешімін күтіп тұрған істер аз емес. Жамбыл ауданы «Озерный» совхозының озат сауыншысы Ботагөз Абылаева әрбір еңбек күнінде жарқын жаңалық жасауға тырысады. Жастар сенімі, қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтыған қайта құру тынысы оны осындай тынымсыз ой сүрлеуіне жетелейді.

 Ж. СҮЛЕЙМЕНОВ.
Солтүстік Қазақстан облысы.



Сүлейменов Ж. Намыс қияға жетелейді. // Қазақстан әйелдері.-1988.-№6.-3 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий