Көктеректің бір бұтағы, жапырағы – кітабы

30 января 2024 - Administrator

 Кіп-кішкентай Көктерек ауылын (Шал ақын ауданы) таптаурын болған тәсілмен көк терекке теңейтін болсақ, соның қадау-қадау бұтақтарының үшеуі, меніңше, мыналар: алдымен Ахметжан Нұртазиң сосын - тел қозыдай бірге өскен Ермек Қонарбаев пен Жарасбай Нұрқанов. Соңғы екеуі көктемде қайтқан құстардай ұшқан ұяларына оралды: еңбек жолдары өздері оқыған Ленин орта мектебінде басталды.
Сол тұста, - осыдан елу жыл бұрың -сауеақпен санарлықтай қазақ мектептерінің бірі емес, бірегейі болған бұл мектепті білім кемесіне ғана емес, әдебиеттің бір ордасына да теңеуге тиіспіз: онда Ермек пен Жарасбайға қоса кейіннен Ыбыраев халық театрының қабырғасын қалаған Жылгелді Мұқанов еңбек етті; "Қырым қызымен" Қазақстанға аты шыққан Ғалым Малдыбаев осы ауылда тұрды. Тіпті, белгілі бір деңгейде әдеби орта қалыптаса бастағандай болды: ересектеріміз аталмыш жайсаңдар мен жақсылар болса, әдебиет үйірмесі 8-сыныпта оқыған мен сияқты кекілділерді ғана емес, 5-сыныптың көген көздерін де тоғыстырды. Мектеп болса әдебиет деген киелі өнерді төріне шығарып, баршаны тамсандырды: мектептің радио торабы арқылы біз өлеңдерімізді оқығанда бүкіл оқушылар тік тұрып тыңдайтың екіншіден,-бәлкім, ең бастысы осы, -біздің төбелеріміз көрінгенде дәліздегі оқушылар: "Ақындар келе жатыр", - деп қақ жарылып, жол беретін Аядай ғана ауыл мектебін әдебиеттің бір ордасына айналдырған адамдар екеу болса, солардың бірі, әрине, Ермек Қонарбаев еді. Оның қарындасы -Әзкенмен бір сыныпта оқыған мен мұғалімімнің әке-шешесін де көрдім: сом денелі, тез-тез сөйлейтін Ләмали мен бәйбішесі екеуі есіктерінің алдындағы тақтайдан істеген орындықта қос шың сияқты ағараңдап отыратын. Үстібасына кіршік түсіріп көрмеген Ләкеңнің әкесі Алланың ақ жолынан айнымаған адам болыпты: қажы екен.
Міне, осындай текті кісілердің ұрпағы - еркек кіндіктіден жалғыз Ермек те ерекше еді: ондай жоғары мәдениетті адамды ешбір ауылдан көрген жоқпын Сондықтан оған ұқсағысы келгендер көп болды: ол сияқты қызыл аккордеонды құлаштай созу қызықтырмай қоймады. Басқаларды қайдам, Есен Садықов, Сағындық Ілиясов сияқты құрдастарым ұстазымыздың машығын меңгеріп алды. Ол жазушылығымен де жетелей білді: ақ қағазбен сырласып, сөзбен сурет салып жүрген талай журналист - Ерекеңнің түлектері.
Ол оқыған Ленин орта мектебіне теңдес оқу орны ол кезде болған жоқ шығар. Одан кейін Алматыдағы ол кезде Абайдың есімімен аталатын педагогикалық институттың тарих-филология факультетіне түсіп, оны ойдағыдай тамамдап шығады. Жас маманға мұғалімдік орын тие қоймады ма екен, ол бір жылдай сол кездегі кеңшар орталығы - Новопокровка ауылында комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарады.
Негізгі мамандығы бойынша өзі түлеп ұшқан Ленин орта мектебіне орналасып, мұғалімдікке кіріскені -1961 жыл Сонда 23 жаста ғана екен-ау. Ал маған - сол мектепте 8-сыныпта оқып жүрген оқушыға - ол үлкен кісі болып көрінетін (Ол кезде мұғалім мен оқушының арасы жер мен көктей болатын).
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берген оның жаратылысы жұмбақтау еді. Басы артық бір сөзін естіген емеспіз. Ілуде бір мұғалімге ғана бітетін сүйкімді дауыс. Ал кескін-келбеті сурет сияқты: көзі де, мұрны да - бір мүшесінде бір мін жоқ! Оның үстіне киімді де келістіріп киетін Велюр костюмінің немесе нарт қызыл көйлегінің маталары өз алдында, алдымен бояулары қанықты. Міне, осындай киім киісінең бір тал шашы қозғалмайтын байсалды жүрістұрысынан айнымаған адам. Ішкі сезімін сыртқа шығармайтын оның бет әлпетінен де бірдеңені аңғару қиын-ды.
Әдебиет әлеміне өлеңнен басталатын сапар оған да етене-тән болыпты. Әсіресе, студент кезінде жазған өлеңдері көп-ақ. "Тартады бір күш" деген бір өлеңін ғана мысалға келтіре кетейін:

"Сағынбайын десем де,
Көңіл шіркін қоймайды.
Жүрек былай тыпыршып,
Тынымсыз елді ойлайды.

Тағы бір күн, бір-ақ күн
Болсам деймін ауылда.
Келсе екен деп тезірек
Қайтатын кез ауылға.

Тартады бір күш сол жақтан,
Әлде қыздың көзі ме?
Қымсына күліп, қол созып,
"Қош болі" деген сөзі ме?"

Қарапайым сюжетке құрылған құба-төбел өлең. Есесіне осы өлеңде Еуропа поэзиясының сарыны бар.
Енді оның студент кезіндө жазған прозалық шығармаларына көз салып, салыстырып көрейік. Мәселең, "Шылым" деген әңгімесінің қолжазбасы, міне, менің алдымда жатыр. Мына кереметті қараңыз: міне, осы қолжазба 1957 жылы емес, 1977 жылы жазылған деуге болғандай. Неге десеңіз, оның өмірінің соңғы 16 жылында талай-талайы менің де қолымнан өткен қолжазбаларынан титтей де айырмашылығы жоқ. Ширек ғасыр бойы қалай жазса, салған беттен солай жазғаны қайран қалдырмай қоймайды. Торкөз дәптердің парақтары мен жасыл сия сол кездің өзінде қалаған қалпында. Стилінің де бірден қалыптасқанына көзіңіз жетеді. Мен өзім мынадай тұжырымға келдім: болашақ қаламгердің өзі де, сөзі де ерте бастан және де бірден қалыптасады өкен ғой.
Поэзия мен прозаның екі тізгінін тең ұстау мүмкін емес. Ерекеңнің оң жамбасына келгені - проза. Алғашқы прозалық шығармасы студент кезінің өзінде "Мәдениет және тұрмыс" журналында жарияланды. Болашақ жазушының стилін жақтырмау мүмкін емес еді. Жасандылықтан ада әзіл желі болып тартылған диалогтар... Әрісі -Чехов, берісі- Бейімбет Майлин аузына түкіргендей.
Нақ осы стилінен ол өле-өлгенше жаңылған жоқ. Ал ол сияқты жазатын басқа жазушы, меніңше, аз. "Аз" дейтінім, біріншіден, туабітті әзілі бар жазушылар жоқтың қасы. Екіншіден, диалогқа бара бермейтініміз және рас. Қазақ әдебиетіндегі, міне, осы екі олқылықтың орнын толтыра бастаған Ерекеңнің орны толмай тұрғаны да содан
Ол әсірөсе, "юмореска" деп аталған шағын жанрдың орнығуына мол үлес қосты. Осы салада әдебиетімізге салған олжасы да бар. Ол - Далбай деп аталатын кейіпкер. Бейімбеттің Мырқымбайын білсеңіз, дәл соның сыңары. Әттең, оны Мырқымбайдың деңгейіне жеткізуге ғұмыры шіркін жетпей қойды ғой.

Басқа мектепке ауысқан, одан кейін институтта оқыған мен араға жеті жыл салып, Ерекеңмен қайтадан қауыштым. Ол - автор, мен - "Ленин туы" газетінің қызметкері ретінде. Ұстазым өзгермепті. Аршылған жұмыртқадай баяғы Ерекең. Амандық сұрасқаннан басқа, "Құтты болсыннан" басқа артық сөзге бармады. Сөзге сараң екеуміз бір-бірімізге деген ілтипатымызды іштей білдірдік, әрине.
Сөйткен оның "Түнгі от" деп аталатын алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. Көңілдің нәзік қылын шертетін лирикалық және табиғи әзілмен тұздықталған қағытпасы бар әңгімелерден құралған кітабына менің жазған рецензиям осы газетте басылды. 1977 жылы екінші кітабы - "Жол басы" қолға тиді.
"Кәкімбек ағаға ұсындым
Жүректен ұшырған құсымды", -
деп "Жезкиіктің" авторына берген оның қолтаңбасының мәтіні де маған мәлім. "Тиек" деп аталатын үшінші кітабын да "Жалын" баспасы 1980 жылы шығарды-ау, әйтеуір. Сөйтіп, ол көзі тірісінде үш құсын жүрегінен ұшырды. Төртіншісін -"Қас қағым сәт" кітабын көре алмады: қайтыс болған соң шықты.
Оның кейіпкерлері мен сияқты адамдарға тіптен ыстық әрі қымбат. Өйткені, олардың дені тап басып, танитындай дәрежеде кескінделген. Ленин ауылының адамдары: мектеп директоры, марқұм Шияп Садықов та, фельдшер Карл Бельгер де, Көктеректің адамдары: "Туған жердегі" сақау жігіт те, басқалары да - бәрі де қымбат бейнелер.
Кез келген жазушы өз өмірін жазбай отыра алмаған. Бұл кісі де солай. Мәселен, "Сәулең сөнбесін" әңгімесін алыңыз немесе "Қайрақ" хикаятына қараңыз. Онда оның өмірбаянын оқып шыққандай әсер аласыз.
Ерекең 1984 жылы қайтыс болды. Мен оны 16 жыл ішінде ай сайын болмағанмең тоқсан сайын көріп, көңілге тоқ санап жүрдім. Тіршілігінің нуктесі қойылған 46 жасында ол маған 8-сыныпта сабақ берген 23 жасындағы кезінің сәл-пәл ғана үлкейтілген көшірмесі еді. Шашына-ақ, бетіне әжім түсірмеді. Опалап қойғандай аппақ беті шүберектей оңған жоқ. Киімнің сәнін де сақтай білді. Сырбаздығын және жоғалтқан жоқ.
Бұл кісі саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған еді: алдымен - Ленин, сосын -Новопокровка мектептерінде еңбек етті, ақыр-соңында Белоглинка мектебіне басшылық жасады. Міне, осылардың біреуіне мемориалдық тақта орнатылмай келе жатқандығы елдімізге сын дер едім мен.
Шынында да, жазушы деген бұтақ сияқты ғой. Оның қуармас жапырақтардай алақандай кітаптары талай кітапханада, талайымыздың сөремізде сақтаулы...


 

Қожахметов Б. Көктеректің бір бұтағы, жапырағы – кітабы // Солтүстік Қазақстан. - 2013. - 7 желтоқсан.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий