Жарқырап келе жатқанда

31 января 2024 - Administrator

  ЖҮРЕГІНІҢ мәңгі асыл арманы да, өмірінің алтын арқау ақык мұраты да әдебиетке арналып, көркемсөздің киелі құдіретін қымбат қастерлеп өткен қалам иелерінің бірі Ермек Қонарбаев еді. Ол кұлашты кеңге сілтеп құрсақты- құрсақты қалын кітаптар жазып, көлбеңдеп көзге түскен де жок, артында қалған әдеби мұрасы да шағын. Бірак сол аз дүниеліктерінің өзімен-ақ мол мүмкіндігін тереңде тұнған талантының құлпырма қырларын танытып үлгерді. Арамызда аман жүрсе Ермек елу жаска жаңа ғана толады екен. Әттең мейірімсіз ажал осыдан бірер жыл бұрын енді бой жазып, биікке самғап келе жатканда дарынды қаламгердін өмірін үзіп, кеткені окінішті. Енді міне жазушынын өмірін жалғастырған кітаптарын қолға алып отырып, арманды творчестволық жолын еске түсіреміз Ермек бізбен бірге жүрген достарымен, әдебиетті ерекше сүйген қалың оқырман жұртымен бүгінде кітаптары аркылы тілдеседі, өмір жайлы толғанады, көкірек түкпірінде кілкіген сырларын ақтарады. Ол әлі де бізбен бірге жүрген сияқты, ұмытылмайды, әр үйдің кітап сөрелерінде тұрып, қоңыр үнмен қилы-қилы кептерін шертеді.
Ермек Қонарбаевтың творчестволық жолы алғашқы қадамымен сәтті басталды. Әрине бұл сәттіліктің арғы сырында әдебиетке келер жолдағы мол әзірлік, талай түндерді ұйқысыз өткізіп, сарыла іздену, көп оқу, тынымсыз жазү сияқты азапты толғақ тұға ны да түсінікті. Қалам ұстаған адамның бірден сырылдатып сырлы дүниелерді дөңгелете беруі сирек кездесетін құбылыс. Ал жазу өнері ежелден ерекше еңбексүйгіштікті талап ететіні айнымас ақиқат. Еимек дегенде-ақ осы талаптан табыла білді. Сәтті деуміздің де тағы бір сырын айта кетейік. Алпысыншы жылдардың басында қазақтың көрнекті жазушысы Ғабдол Сланов «Қязақ әдебиеті» газетінің бетінде жас қаламгерлер творчествосына арналған мақала жариялап, сонда Ермек Қонарбаевтын үш- төрт әңгімесіне талдау жасады да, оларға жоғары баға берді. Осы жылы лебіздің өзі жас жазушыны қанаттандырып жібергені анық еді. Қазіргі белді қаламгерлеріміздің бірі Сайын Мұратбеков сол кезде «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әңгімелерге шолуында былай деп жазды: «Ермек Қонарбаевтың «Туған жер» деген бас-аяғы төрт беттей ғана шапшағын әңгімесін оқыған сайын қайта-қайта оқығың келе береді. Жас автордың ой-түйіні салған жерден көңіліңе ұялайды. Сол көңілді болар көрікті ойды төкпей шашпай, сылап-сырлап, әп-әдемі, жеткізгені үшін Ермекке қатты риза боласың. Қызыға да қызғаңа қарайсың. Кызғанатының — сол тақырыпты сенен бұрын, тауып жазып қойды, қызығатының— жас талапкердің жіті байқағыштығы, сезімталдығы».
Тұңғыш, туындылары осылай қарақты көзге ілініп, оңды пікірлер айытылған соң Ермектің де қаламы жорғалай жөнелген сиякты болды, әңгімелері республикалық облыстық газет-журналдарда жиі жарияланып жатты. Біз екеуміз Алматыда бір тұста оқысақ та (ол—ҚазПИ-де, мен Қаз-ГУ-де) студенттік жылдарда жолығыспаған екенбіз, алғаш рет «Ленин туы» газетінің редакциясында таныстық. Оның Сергеев аудаңындағы Көктерек ауылында туғанын, Ленин орта мектебін бітіргенін, Алматыдан педагогика институтын тәмамдап келген соң туған ауылында мұғалім болып істейтінін сырттай білетінмін. Ермек танысқан адамына бірден - ұнамды әсер- қалдырады екен. Орта бойлы, дөңгелек жүзді, шалқасынан қайырған қою қара шашы мен қасы, қоңыр үні, кі-шіпейіл мінезі—бәрі жарасымды.
Ілезде шүйіркелесіп, бір- бірімізді көптен білетін адамдарша табысып кеттік. Содан кейін ширек ғасырдай кездесіп, сырласып жүрдік. Әр кездесу сайын Ермекті жаңа қырынан танығандай боламын, ол жаңа бір жаксы қасиетімен, көкірегінің кең сарайымен ашыла түседі. Ол сан алуан өнер иесі: әнші, күйші, әңгімешіл, қулықшы еді, жаны жомарт азамат еді.
Күнделікті өмір тірлігінің ағымы, қызмет бабы Ермектің әдебиетпен шындап айналысуына мұрша бермеді. Ол туған ауылында мұғалім, комсомол қызметкері, кейін «Новопокровка» совхозында партком секретары, «Ленин туы» газетінің Сергеев ауданындағы тілшісі, соңғы кезде Белоглинка сегізжылдық мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. Оның өмірді терең зерттеп, өзінің болашақ кейіпкерлері арасында жаңа туындыларын толғатып жургені анық еді. Қолы босаған сәттерде әңгімелер жазудан танған жоқ.
Ермек Қонарбаевтың артында қалған мұрасы үш кітап әнгімелер жннағы. Біріншісі—«Туңгі от» 1969 жылы, ал одан кейінгі — «Жол басы» —1977 жылы, «Тиек»—1980 жылы басылып шықты. Ал, биыл «Жазушы» баспасынан оның бүкіл шығармалары топтастырылып, үлкен кітап болып оқырманға ұсынылғалы отыр. Жазушы еңбектерін екшей қарап, зер сала сараласақ Ермектің көзі тірісінде жариялап үлгерген әңгімелерінің өзімен-ақ әдебиетімізде елеулі із қалдырғанын аңғарамыз. Ол соншалықты талғампаз, өз-өзіне талапшыл болатын жазғандарын бірден жариялауға ұсынбай қаламының астында ұстап біраз толғанатын мінезі бар-ды. Орыс классиктерінен Чеховтың мәнерін ал қазақ қаламгерлерінен Бейімбет машықтарын жаны жақсы көріп, ұнататыны соларға еліктейтіні бесенеден белгілі болып тұратын.
Белгілі ақын Кәкімбек Сялықов 1977 жылы Ермекке СССР Жазушылар одағының мүшелігіне етерде кепілдеме бергенде былай деп жазды: «Оның алғашқы әңгімелерінің өзі көркем де шұрайлы тілімен ойландырып тастайтын баяндау тәсілімен оқырман назарын бірден әударды. Ермек өмірді жақсы біледі, осы заманғы қазақ ауылы тақырыбын жақсы игере алады. Патриотизм, туған жерге, оның адам дарына сүйіспеншілік, интернационализм, еңбекке құрмет оның барлық шығармаларына жібек желі болып тартылған. Ермек өмірдің ұсақ детальдарын жіті көре біліп, соны жылы юморға көмілдіре, ғибратты ой түйе алады».
Жазушы қоғамда болып жатқан түрлі құбылысты, келеңсіз көріністерді басқадан бұрын көреді, ілгерілеуімізге кедергі болар қырсықтарға қаны қайкап қалам сермейді. Бойда бұлқынған дарынның тазалықты, тәртіптілікті аңсаған арыны осылай брлары әр дайым. Ермектің әңгімелерін оқып отырып та біз бүгін оның күрескерлік, жат қылықтарға ымырасыздык қайратын танимыз. Тоқырау кезеңінде етекжеңімізді кеулеген қырсықтарды жазушы сол кезде көре білген. Мәселен, «Бір айыр сабан» әңгімесін оқып отырғанда қазіргі қайта құру рухы сол кездін өзінде қатардағы еңбек адамдарының іс- әрекетіне дем бере бастағанын аңғару қиын емес. Алғашқы абзацты оқып көрейікші. «Трактордың кабинасында екеу. Бірі — тракторшы Жақсылық екіншісі—шөпші Майқара. Жақсылық жиырма жасар бала жігіт. Майқара қырықка келіп қалған. Жақсылық дөңгелек болбыр бетті, тамағында сәл тыртық дағы бар. Майқара қара өңді, бет терісі сүйекпен сүйек боп жабысқан. Жақсылықтың көзқарасы байсалды. Майқараның көзі бүкіл әлемді қармап қалғысы келгендей тынымсыз». Көріп отырсыздао жа зушы сөзге тым сараң, бірақ оқырманның көз алдында әкелген екі кейіпкерінің бейнесін барынша бедерлі жеткізеді. Екеуін алдағы қақтығысқа күмәнсіз әзірлеп тұр. Оқиға жайымен өрбіп барады да, ширығу шегіне жеткенде кейіпкерлердің тұлғасы бар болмысымен ашылады. Майқара өз есебі ішінде, біреуді алдап кеткісі, қоғам мүлкінен қымқырып қалғысы келіп тұратын пысық. Совхоздың сабанынаң он центнерге қағаз жаздырып алады да. Жақсылықты алдап-сулап, арқадан қағып жиырма центнер сабанды сүйретіп әкеткісі келді. Бірақ алғашқыда анқау көрінген комсомол мүшесі Жақсылықтын намысы тұтанып теңкиме бір арба сабанды совхоз қорасынан бірақ шығарады. Оқиғаның өрбуі, кейіпкерлер қақтығысы, түйінді шешімі— бәрі де нанымды, шыншыл суреттелген. Ауыл өмірінде күнде кездесіп жататын осындай елеусіз дерлік оқиғадан Ермек қоғамдық үлкен ой түйіп. Майқара сияқты суыққолдыларға қарсы күреске шақырады. «Жұт жеті ағайынды», «Қыздар өсіп келеды», «Куәліктегі бір сызық», «Сәулең сөнбесін» атты, әңгімелерде де жазушы оқырманын сел соқ қалдырмай ой өрісіне жетелеп отырады, ара-арасында езу тартқызар жып-жылы юморы, санаға сәуле түсірер салмақты ойлары баурап толқытады, Талантты қаламгердің сөз саптасына, көрікті кестелеріне тамсана отырып, ризалықпен бас шұлғырыз да аян.
Ермектің таланты , жинақтан-жинаққа асқан сайын толысып әңгімелерінің ажары да, нәр-сөлі де түрленіп, жарқырап көрінгені қуантып еді оқырман достарын. Ол «Ленин туы» газетінің редакциясына келген сапарының, қайсында болсын қолына жаңа туындысын қыса келетін. Көбі әңгімелер еді. Соңғы кезде жаңа жиңақ әзірлеп. Алматыға баспаға жиі-жиі барғыштап жүрді. Әрине, ол сапарлардың бәрі бірдей сәтті бола бермейтің. Ренжіп те қайтқаны барды. Жаңа жинағын баспа қабылдамай едәуір әңгімелерге сын айтыпты. Сонда Ермек: «Өмірдің қыртысың қопарып жазсаң жақпайсың кейбір бастық тардың жат қылығын ашып көрсеткің келеді, ал бастықтар туралы жазғанды тіпті ұнатпайды жұқалатқан болады, сызып тастайды. әйтеуір жақтырмайды. Қызық болып барады Кітап шығару қйяметтің қияметі. Айнала тамыр-таныстық, баспаңы баспалау. Бұл өмірге де бір тузету болатын шығар!»— деп күйзеліп тұрды. Ал бұгін жазушының сол көрегендігіне таң қаласың, сірескен тоңдарды сөгіп сықырлататын бір өзгерісті күткеніне қайран боласың. «Жазушы заман тынысын тамыршыдай сезеді»,— деп осындайдан айтылса керек сірә.

Өмірінің соңғы кезінде Ермек жазуға сондай құлшыньш, көп ойларға шомылып жүргенін айтушы еді. Әңгімелермен бірге ірі дүниеліктерге қол созьш, «Соңғы жылдың жүгі», «Қайрақ» атты екі повесті нобайлап қойғанын айтқан-ды. Өзі тұрған Белоглннка селосының жанға жайлы, нағыз творчестволық еңбекке таптырмас мекен екенін разылықпен әңгімелеп бір көріп кетуге шақыратын ұдайы.
Соңғы кездесу әлі есімде, 1984 жылдың күзі. Алдында Ермек ауырыңқырап жүргенін, Алматыға барып келгенін жүқалап жеткізген, бірақ жанға батқан күйзелісін аңғара алмадым. Сыр шашпады, Кездескен сайын әдебиет жайлы, өзінің творчествосы туралы, жаңа туындылар хақында кенесіп жүрдік. Бір күні:
— «Қайрақ» деген повесть жазып едім соны көрші, газетке басылғанын көрсем,— деп қалды күрсініс аралас үнмен.
—Аты қалай? — дедім мен қай талап сұрап. Шығарманың атына көңілім толмай тұрғанын аңғарып қалса керек езу тартқан болды.
—Өзім комсомолда қызмет еткен күндерден елес қой. Оқып көрші, атын артынан ойлануға болады ғой, — деді. Келістім де, повесті іле оқып шықтым. «Қайрақтан» үзінді кешікпей «Ленин туының» бірнеше санында жарияланды. Арада бірер күн өткен соң Ермектен хат алдым. Бұл жазушының редакцияға жолдаған соңғы хаты болған соң толық келтіре кетейін. «Нансаң осы хатты жазуға ІІетропавлда жатып төрт күн күштендім. Диспансерге жатуға келін едім врачтар қабылдамады, осы бір ай ішінде мен қатты жүдеп әлсіреп кеттім, тамаққа көңіл шаппай қой ды. Енді Сергеевкаға барып соның ауруханасында сиптомичное лечение алып шама жетсе күшею керек. Автобуспен кетуге күн суық әрі менің халім келмеген соң ертең бір машина тосып жатырмын. «Қайрақты» оқыдым. Көп рахмет. Осы үзіндінің өзінен повестің аңысын аңдауға болатындай етіп, жақсы берілді. Және автордын тексіне қол сұғылмай сол қалпында берілгені де қуантты. Әттең осы денсаулық мені қатты алаңдатып тұр-ау Бақыт! Нағыз жазатын кезде аурумен әуреленіп жүрген түрім мынау. Ал сау бол. Тынайсам Сергеевкадан хат жолдармын. Сәлеммен Ермек. 1 декабрь 1084 жыл». Арада шамалы күн откенде суық хабар да жетті. Талантты жазушы Ермек Қонарбаев өзі айтқандай «нағыз жазатын кезінде», шабыт құсының томатясып тартып қияда қанат қяғып, шырқау биікке самғар шағында дүние ден өтті.
Ермек Қонарбаев арамызда жүрсе елу жастың табалдырығын жаңа ғана аттайды екен. Кемелдік асуына енді бет алып талант тұл пары енді бауырын жазып көсіле сілтеп келе жатқанда қаламы мәңгі қаңтарылып қалғаны өкіндіреді әрине. «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырғаң» деп Абай айтқандай бүгінде талантты жазушы Ермек Қонарбаев өзінің кітаптарымен бірге ортамызда жүрген тәрізді. Оның елу жылдығын әдебиет сүйгең қалың қауым оқырман достары атап өтеді. Осы атаулы күнге орайластырылып «Жазушы» баспасынын Ермектің шығармаларының бір томдығы шыққалы жатыр. Оны шығаруда жазушының жұбайы Мәйкен көп еңбек сіңірді. Сонымен бірге көрнекті жазушы Сафуан Шәймерденовтың ерекше қамқорлығын атаған ләзім. Қаламгер ағамыз Сәкең Ермектің артында қалған мұрасын жиыстырып жарияланбаған әңгімелерін өзі алғысөз жазып республикалық газет- журналдарға бастырды бір томдықты да қоғамдап баспаның қиын өткелінен өткізуде де білек сыбана белсенділік көрсеткенін білеміз.
Иә, жазушы Ермек Қонарбзевтың туғанына бүгінде елу жыл толып, ол қалың оқырмандарына шығармаларының беттерінен тіл қатып отыр. Көркемсөз иесі әрқашан ортамызда деген осы да.

Бақыт МҰСТАФИН.



Бақыт Мұстафин. Жарқырап келе жатқанда. Ермек Қонарбаевтың туғанына 50 жыл. / Б. Мұстафин // Ленин туы.-1988.- 22 қаңтар.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий