Бәйкен Әшімов феномені
Бәйкен Әшімұлы Әшімов - XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихындағы санаулы ірі тұлғалардың бірі. Ол кісінің халық, мемлекет алдындағы қызметі сан-салалы,ұлан-ғайыр.
Оған баға беру, республика алдындағы қызметін саралау - алдағы тарихтың үлесі.
Өз басымыз қиындық пен жетістіктерге, төңкеріс пен өзгерістерге толы заманымыздың куәгері ретінде Бәйекең туралы ғибраты мол бастамаға үн қоссақ деген ғана пікірдеміз.
Осыған байланысты Бәйкен Әшімұлының "феномені" неде деген сұрақ туындауы заңды. Республика көлеміндегі айтулы қайраткер, парасатты ақыл иесі, кемеңгер ұйымдастырушы қалай қалыптасты, қалай өрістеп, бүкіл Одаққа белгілі басшы ретінде танылды деген сауал әрбір көкірегі ояу, саналы азаматты толғандырары сөзсіз.
Бәйкен Әшімов "феномені" алдымен Бәйекеңнің ерекше қалыптасқан, заман тәрбиелеген адамгершілік болмысында, айналып келгенде ата қуалаған тектілігінде жатса керек. Оның айғағы -өткен ғасырдың 30-шы жылдары өмірге, білімге құштарлығын ФЗУ мектебінен бастап, өзталабымен, ынта-зердесімен өсу, шыңдалу сатылары.
Республиканың шағын елді мекендері, аудан, облыс шаруашылықтарының әр саласында,
партия-совет қызметінде тынымды еңбек етіп, тәжірибе жинап, оны бойына пайымды тірнектеп сіңіре білген Бәйкен Әшімұлы басшылық қызметтің үлкен мектебінен өтіп, қайраткер дәрежесіне көтерілген азамат ретінде танылғаны мәлім. Өзіне қатал талап қоя білуімен қатар, халықтың
мұң-мұқтажын етене сезіне білгені, оны өзінің табиғи міндеті ретінде түсінгені айдай анық.
Бәйкен Әшімұлы, әріптестерінің айтуынша, басқару жүйесінде халықты қандай да бір қысылтаяң жағдайда қыспаққа алмаған, ұраншылдыққа ұрынып, қуырып-шыжғырмаған басшы ретінде танылған.
Қандай шешім қабылдаса да, істің егжей-тегжейіне үңіліп, билік сойылының күнәсіз пендеге қаншалықты ауыр тиетінін терең түсіне білгендігін әр дәрежедегі азаматтар, қарапайым еңбеккерлер де растайды.
70-ші жылдардың басында Талдықорған облыстык, партия комитетінің бірінші хатшылығына жаңа келген кезі, ірі Киров қант зауыты өртеніп, өндіріс басшылары, партия, совет қызметкерлері бойларын қорқыныш сезіміне алдырып, "біріншінің" алдына келеді.
Жауапты адамдар жағдайдың қалай болғанын баяндағаннан кейін, Бәйкен Әшімұлы ойланып барып: "Өткенге байбалам салмай, үрейленбей, активті, жұмысшыларды іске жұмылдырып, аз мерзімде өнеркәсіп орнын қалпына келтіруге әрекет жасаңдар", - деп шешім қабылдағанын жергілікті азаматтар: "Иығымыздан бір батпан ауыртпалықты осылай түсіріп еді-ау", - деп көп жылдар кейінде еске алып жүргендеріне өзіміз куә болдық. Бұл Бәйкен Әшімұлының шешуші кезеңде біраз жауапкершілікті өз мойнына алып, бұқарамен жұмыс істеудегі машығының бір көрінісі, қағидасы еді.
Байкен Әшімұлының "феноменінің" кілті неде деген үлкен сауалға жауап-айғақ іздегенде: ол кісі талай өмір талқысынан өтіп, сала, өлкелерді басқарып, бойына баға жетпес тәжірибе жинап, Үкімет басшысы қызметіне кемел дайындықпен, ұйымдастырушылық қабілеті толысқан мемлекет қайраткері шағында келіп, 14 жыл бойы үлкен сенімді абыроймен атқарғаны белгілі.
Бұл Бәйекеңнің Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған аймақтарының ауыл шаруашылық өнеркәсібін егжей-тегжейін түгел сүзіп, басқару өнеріне жан-жақты машықтанып, нағыз дала мен қала "генералы" дәрежесіне көтерілген кезеңі болатын.
Мұндай тәжірибені, мүмкіншілікті табиғи мол парасатымен игеріп, Қазақстан үкіметінің төрағалығына келу Бәйкен Әшімұлына дер кезіндегі көрсетілген лайықты сенім еді. Бәйкен Әшімұлы өзіне жүктелген едәуір сенімін абыроймен, мол талант, қажыр, табандылықпен тарих алдында, Қазақстан халқының алдында орындап баққанын республика жұртшылығы кәміл мойындағаны әмбеге аян. 70-80-ші жылдар Қазақстан экономикасының, шын мәнінде, өрлеу жылдары болды. Республиканың көпсалалы индустриясы мен ауыл шаруашылығы қарқын алып, алға басқан кезеңі еді.
Әлеуметтік жағдай жыл санап жақсарып, ғылым мен мәдениет жаңа бір жаңғыру кезеңіне ілігіп, қанатын кең жая түскен. Бұл жылдары республикамызда жалпы Одақтық маңызы бар Европа деңгейіндегі ірі-ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылды.
Олардың қатарында Қарағанды металлургия, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары жаңадан жаңғырып, белгілі Павлодар және Шымкент өнеркәсіп кешендері, Маңғыстау өңіріндегі жаңадан ашылған мұнай кеніш көздері іске қосылып жатты. Қаратау мен Шымкентте ірі фосфор орталықтары құрылып, бүкіл КСРО мен шығыс елдеріне аса қажетті өнімдер жөнелтіп, Қарағанды-Екібастұз бассейні бірігіп атақты ГРЭС каскадтарының алғашқы блоктары іске қосылып, энергия қуатын пәрменді түрде молайтқаны белгілі.
Бұлар барлығы дерлік жаңа құрылыстар болатын. Сонымен қатар бұрыннан істеп келе жатқан, жаңа кезеңде құлашын кең жайған Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор, Ащысай полиметал, Зырян комбинаттары, тағы да сондай ірі-ірі кәсіпорындар Қазақстан Республикасының әлеуетін көтеріп, ІХ-ХІ бесжылдық мерзімінде республика Одақ, Еуропа шеңберінде өнеркәсібі дамыған айтулы елдер қатарында аталғаны мәлім.
Бұл кезеңде жылма-жыл бір-бір жарым миллиард пұтқа дейін астық өндіріп "Қазақстан - ел ырысы" деген ұғым қалыптасқан еді. Қазақстан астығы Мәскеудің бөлуі арқылы Одақтың түкпір-
түкпіріне жөнелтіліп, астық өндірудің жалпы деңгейі жөнінен еліміз сол тұста Италия, ФРГ, Англия жь сияқты ірі мемлекеттердің алдына шығып еді. Осы жылдары республиканың мал шаруашылығы да мықтап ілгері басқан. Ірі қара саны-9,5 миллион, қой-ешкі-39 миллион, жылқы мен түйе 1,6 ек миллионға жетіп жығылғанды.
Мал басы елімізде бұрын-соңды мұндай мөлшерде болып көрмеген-ді. 90-шы жылдардың орта шенінде экономист-ғалымдармен бір кездескенде Бәйекең менен: "Алматыдан Қызылжарға дейін пойызбен жүрдім дедің ғой.жолда м ерісте мал көріне ме?" - деп сұрағаны есімде. "Бұрынғы жөңкілген т мал шоғырларын көре алмадық", т - дегенде, Бәйкен аға үндемей біраз отырып қалған.
Республика экономикасы мұншалықты дәрежеде жан-жақты өркендеп, халық тұрмысының жақсаруы, әлеуметтік-мәдени саланың жетістіктері сол кезеңнің айтарлықтай айғағы болатын.
Бұл республика, әсіресе, Бәйкен Әшімұлы басшылық еткен үкімет, министрліктер, жергілікті басқару жүйесінің тынымсыз тіршілігіне тікелей байланысты болатын.
Күрделі басқару ісінің мамандары, қатардағы еңбеккерлер қызығы мен шыжығы мол еңбек майданында, жарғақ құлақтары жастыққа тимей дегендейін, күйіп- пісіп, біте қайнап шыныққан нағыз еңбек майталмандары,мамандар болатын.
Ол жылдары осы үлкен мемлекет басқару кемесінің басында Жаратушы, тағдыр үйлестірген екі ұлы тұлға тұрып еді - Дін-мұхамед Ахметұлы мен Бәйкен Әшімұлы.
Осы жағдайда қанатын кең жайған республиканың индустриялық-аграрлық кешенінің өнімі ширек ғасыр (1961 -1985 жж.) аралығында он екі есе өскен болатын.
Бұл жылдар, шын мәнінде, республиканың жұлдызды ия жылдары деп танылғанды.
Осы жетістіктер, ең алдымен, үкімет орындарының басшылығына, олардың экономиканы дұрыс бағдарлап, ұйымдастыра білуіне, тынымсыз еңбегіне байланысты екеніне шүбә келтіру мүмкін емес.
Бәйкен Әшімұлының ел басқарудағы рудағы жеткен заңды шыңы осы кезең еді деп тануымыз абзал.
Бұған сонау 30-шы жылдардан бастап өткен емір мектебі, алған білімі мен жылда сатылап атқарған небір шаруашылық, саяси, мемлекеттік қызметтері дәнекер.
Елі, халқы алдындағы міндеттерін азаматтық парызым деп түсініп, ұлы өзгерістерде шыңдалған Бәйкен Әшімұлының бір-туар қайраткер тұлғасы талай өмір белестерінен сүрінбей, нар тұлғаға лайық болмысымен айтулы күрескер бейнесінде танылуы заңдылық еді.
Әлбетте, Бәйкен аға Ғылым академиясымен, ғалымдармен тығыз байланыста болатын.
Ғылым академиясының жылдық қару қорытынды сессияларына ол кісі арнайы шақырылатын да, ұдайы келіп тұратын. Біз, Академия мүшелері, қарсы алып, Президенттің кабинетінде шай үстінде аспай-саспай әңгіме құрып, ол кісі тары ғылым жағдайына қанығатын. Соңғы бір үлкен жиын - Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына шартараптан келген қонақтар, оның ішінде Франция, Түркия, Ресей, басқа да ТМД ел-дерінен қатысушы зиялы қауым, жазушылар, әсіресе, Шыңғыс Айтматов, Давид Кугультинов, т.б. саңлақтар Бәйкен ағаға ілтипат білдіріп, ортаға алғандары көз алдымызда. Ол кезде Бәйекең құрметті демалыста болса да, беделі өз дәрежесінде, халық құрметі ортаймайтын.
Ең соңғы рет Бәйкен аға Ұлттық ғылым академиясы қоғамдық дәрежедегі ұйым болып қайта құрылар алдындағы сессияға қатысып еді. Жалпы ғылым жағ-дайын ол кісі бізден әрдайым сұрап отыратын:
"Не болып жатырсыңдар, жағдай қалай өріс алуда?" - деп. Өзі де хабардар болатын. Соңғы кездесулерде жарытатын жаңалық болмағанда, тіс жарып пікір айтпай, біраз үнсіз отырып, қоштасатын.
Үлкен азаматты тәуелсіздігіміздің негізгі арналарының бірі - іргелі ғылым тағдыры толғандыратын, мазалайтын. Ол кісі Ресей, Қазақстан, Украинаның белгілі ғалымдарымен, Сәтбаевтан бастап, Одақ ғылым академиясының президенттері Келдыш, Марчук, Лаврентьевпен қызмет бабында тығыз тікелей байланыста болып, олардың ұсыныстарына сүйенетін, соларды практикада жүзеге асыруға Қазақстан үкіметін бағыттайтын.
Бұл жағдай, әсіресе, 1973 жылы Апматы-Медеу шатқалындағы бұрын-соңды іс жүзінде болмаған жоба - сел апатына тос-қауыл жасалғанда атақты академиктер Лаврентьев, Марчук, Соболевтердің жасанды жарылысты басқарып, оның сәтті аяқталуын-да анық көрініп еді.
Содан ұзамай Іле Алатауында үлкен сел апаты қаупі туып, Медеу плотинасы сыр бергенде, бір жұма күн-түн демей тау бөгетін бекіндіріп, қауіпсіздендіру жұмысын республика атынан басқарып, Бәйкен Әшімұлы сол қауіпке тойтарыс бергендердің алғы шебінде болып еді.
Бәйкен Әшімұлының қоғам, мемлекет дәрежесіндегі қызметі отбасы бақытымен астасып, үйлесімін толық тапқан еді десек, сірәда жаза баспаспыз. Бәйкен ағаның Жаратушы қосқан өмірлік қосағы, талай өмір мектебінен бірге өткен, білімді де, парасатты, соңғы деміне дейін Бәйекең шаңырағыныңтірегі болған Бақыт апай еді. Ол кісі Бәйекеңе емірінің қай кезеңінде болмасын, шын мәнінде, ақылман, сүйеніш, тірек болып, отбасының, қалың жора-жолдастарының қарым-қатынастарында қазақ әйелінің шын мәніндегі жоғары үлгісі мен өнегесін, мәдениетін паш етіп өтті.
Бақыт апай мейірімді ықыласымен біздің семьямыздың да үлкен қуаныштары мен қиындықтарында тілекші болды. Өмірде кездескен қатерлі, екіталай тағдыр қиындығынан аман оралғанымызда алдымен хабарласып, Бәйкен аға екеуі қуанышты көңілдерін де білдіргенді. Бәйкен ағаға амандық сұрасып телефон шалғанда, алдымен Бақыт апай алып, Бәйекеңе ұсынатын биязы дауысы әлі күнге дейін құлағымызда. Бұл кісілердің өзара түсіністігі, қазақ ұғымындағы үлкен махаббат негіз болған шаңырақ үлгісі жалғыз біз емес, дүйім қазақ әулетіне тағылым болғандай.
Аманжол Қошанов, академик.
Қошанов.А Байкен Әшімов феномені. // Солтүстік Қазақстан. – 2017. – 27шілде -5б.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |