Айтшы, құрбым
Батыл сөйлеп тіл қатсам,
Қызарып төмен қарайсын.
Дөрекі-ау осы дейсің бе,
Әлде кімге санайсын.
Үндемей қалсам қысылып,
Қорлағандай күлесің.
Кездесе калсақ бетпе-бет,
Бұрылып өтіп жүресің.
Күнде тосып жолынды,
Ізден өрмек өремін.
Айтшы құрбым, жаныннын
Жалынын қашан көремін.
Жазғы кеште
Кеші еді жаздың жайлы мұнарлатқан.
Тыныстап ел орынға жаңа жатқан.
Жүр едім таза ауада серуендеп,
Кенеттен бір үн жетті көрші үй жақтан.
Жақындап барсам отыр бір қарындас,
Көзінің оты толған мұн сарындас.
Қолында домбырасы үкі таққан
Айға көзін тігеді, дірілдеп қас.
Шертеді домбырасын жайлап басып,
Кетпейді дүбірлетіп күйше тасып.
Сызылып сыр айтқандай сағыныш бар
Қалғандай алде неден көңіл жасып.
Қыз көзі айға қарап күлімдейді,
Домбыра әлде кімге «күнім» дейді.
Маңайға тоқтай алмай, қырдан асып.
Алыстан жігіт салған әнді іздейді.
Қарамашы
Қарамашы, қара көз, мрамашы,
Мені бір ерекше жан санамашы.
Жас баладай сүйкімді болсамдағы
Кеше оны, бүгін мені қаламашы.
Ұмытпашы сен оны тосқанынды,
Бетінді кеудесіне басқанынды.
Алғашқы рет сүйем деп ұмтылғанда,
Дуылдап екі бетің сасқанынды
Қарындасым көзіңді жүгіртпеші
Жүрегінді басыл деп үгіттеші,
Жігіттің сүйдім деген жас сезімін,
Сыртынан сатқандай боп түңілтпеші.
Ермек ҚОНАРБАЕВ.
Қонарбаев Е. // Ленин туы.- 1961.- 2 шілде.