Тағдырлы талант

7 февраля 2024 - Administrator

  Қаламгер Зейнел-Ғаби Иманбаев қазақ әдебиетінде өзіндік айшықты қолтаңбасы бар дарынды таланттардың бірі еді. Ол 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Сергеевка ауданына қарасты Ортақкөл ауылыңда туды. Жасынан ауруға шалдығып, сырқатты өмірдің тауқыметін ғұмыр бойы азаппен кешкен Зейнел-Ғаби балалық, жастық шақтың қызығына да армансыз құлаш ұра алмады. Орта мектепті құрбы құрдастарымен қатар құлындай ойнақ салып жүріп бітіре алмаған өндір жас төсөк тартып, аурумен апысып жатқанның өзінде өмірге ғашық көзбен, құштар көңілмен ұмтылып, білім бұлағынан сусындауын тоқтатқан жоқ. Ол қалың-қалың кітаптарды түн баласында тынбай оқып, көкірегін қазынаға толтыра берді. Кітап оқу, жазуға құштарлықты оятты, қолына қалам алдырды. Алғашқы әңгімелерін жазды, талмай түзетіп редакциял арға жолдап жатты. Тынымсыз еңбек, сарылған ізденіс қашанда өз жөмісін берері анық.
Зейнел-Ғаби Иманбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына баға берер болсақ оның Николай Островскийдің үлгісімен, өнегесіне қатты елікгөп, "халқыма қайткенде қызмет қылсам" деген асыл арманды мақсат еткені аңғарылады. Ол иықтан батпандай басып, еңсесін серпілтпеген сырқат зілін ересен қайратпен жеңе біліп, шығармашылық ерлік жасады. 17 кітабын баспадан шығарып, оқырмандарына ұсынды. Ғұмыр бойы ауруымен алысып өткен адамның мұншама әдеби туындыны өмірге әкелуін нағыз ерлік, мына тәтті өмірді шексіз сүйген қаламгердің шығармашылық ерлігі деп бағалаған орынды.
Жерлес қаламгердің әңгімелерінің алғашқы жинағы "Бастама" деген атпен 1959 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрді. Осы жылы күзде мен университетті бітірген соң "Ленин туы" газетінің редакциясына әдеби қызметкер болып орналасқан едім. Қапа дүкендеріне жерлесіміздің тұңғыш кітабы түсті дегенді естіп, "Бастаманы" бір-бірден сатып алдық. Облыстық кітапханада оқырмандар конференциясын өткізіп, мен "Бастама" туралы баяндама жасаған едім. Қала жастары, студенттер, оқушылар кітапханаға жиналып, әңгімепер жинағы жайлы пікірлер, ойлар айтысып, жүректе сондай жылы әсер қалдырған қызықты кешті сырлы сұқбатпен өткізген болатынбыз. Менің жазушы Зөйнел-Ғаби Иманбаевпен таныстығым міне осы кештен басталды. Оның ауыл өмірінен алып жазылған шағын әңгімелері жанымызды баурап, ойларымызды тербетті. Біз әдеби өмірдің табалдырығын еркін аттап, дүниеге талантты қаламгердің келгенін анық аңғардық. Міне, сол естен кетпес кештен бастапған таныстық достыққа ұласты. Зекеңнің өмірінің соңғы сәттеріне дейін хат жазысып, хабарласып, байланысып тұрдық.
Өзіміз әрқашан мақтан етіп жүрегін біздің өңірдің тумалары, заңғар сөз зергерпері Сәбит Мұқанов, Сафуан Шәймерденов туған жерге келген әрбір сапарында Зейнел-Ғаби Иманбаевтың шығармашылық тірлігі туралы сұрап, қолынан келген жақсылықтарын жасауға ықылас білдіргендерін талай естідік. Олар баспасөз беттерінде жариялаған әдеби мақалаларында Зекеңнің де туындыларын жылы лебізбен сөз егіп отырды. Мұндай ағалық қамқорлықтар, ықыластар жазушының шабытына от дарытып, қиялын биіктерге ұшырғаны сөзсіз.
Зейнел-Ғаби Иманбаев алыстағы шағын ауыл Ортақкөлде тұрғанмен өз есімін республиканың әдебиет сүйер қауымына кең таныта білген қаламгер. Ол тұпа бойын талмаусыратқан сырқат сынынан сынып, шағылған жоқ, керісінше қаламын нық ұстап тағдыр тоспасына қасарысқан қайсарлықпен қарсы тұра білді. Өзімен бірге жүрген ауылдастары өмірінен шығармалар жазып, олардың әдеби бейнелерін жасады. Оның туындылары көркемдігімен, шыншылдығымен, нәрлі де бояулы тілімен ерекшеленіп оқырман достарын селсоқ қалдырмады. "Құстар қайтып оралғанда", "Қос қайың", "Атамекен", "Қыран түлегі", "Қадиша", "Солмайтын гүл", "Дала хикаясы" атты повестері, "Арлан", "Жас шыбықтар", "Кіреуке мерген", "Кішкене малшы" атты балаларға арналған кітаптары жазушының шығармашылық мүмкіндігі мол екенін, шеберлігі қадам сайын шыңдала түсіп келе жатқанын танытты.
Зекеңнің еңбеккерлігі бәрімізді таң қалдыратын. Күнделікті ауыл өмірі туралы суреттеме, очерктерді редакцияға жолдап жатады да, солардың соңын ала кесек дүниесін -повесть немесе ол ұзақ әңгімесін маржандай тізілген ұсақ жазумен мөлдіретіп қалың дәптермен жөнелтеді. Жазғандары көңілден шыққан көрікті, сапалы болғаны бізді қуантады. Редакцияға келген аракідік сапарларында арман-мақсаттарын да сабақтатып алға жайып салатын. Соңғы кезде таңдаулы шығармаларының екі томдығын дайындады, біраз әңгімелерін аудартып, орыс оқырмандарына жол табуды аңсады. Бірақ тағдыр оны бұл дегеніне жеткізбеді. Жазушының колға алған дүниелерін балалары ретке келтіріп, баспаға тапсырды. Зекең шынында бақытты жан еді, адал жары Кәмеш оның қаламгерлік қиын жолында қолдаушы, демеуші, көмекші бола білді. Оның он баласы түгелдей жоғары білім алып, бір-бір отаудың шаңырағын көтерді.

Бақыт МҰСТАФИН.



Мұстафин Б. Тағдырлы талант  // Қызылжар нұры.- 2023.- 29 желтоқсан. - 5 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий